Әбілқайыр хан(Мұқамбет Ғази Бахадүр хан)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

Әбілқайыр хан4

Қорытынды11

Қолданылған әдебиеттер тізімі13

Кіріспе

Ресейге қосылудың негізгі инициаторы Әбілқайыр хан екені белгілі. Ол болса ұлы хан болуды армандады, соған жетудің бірден бір амалы Ресей империясының көмегі деп ойлады. Сонымен бірге ұлы қолбасшы, тәжірибелі мемлекет қайраткері қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңді түсіне білді, амалын іздеді. Айналып келгенде Ресейге боданшылық - Әбілқайырдың дәрменсіздігі, мәжбүрлігі, амалсыздығы.

Қазақ Ресей құрамына өз еркімен енген жоқ, ол енуге сол заманада мәжбүр болды, қырда оны қалмақ қырды, ойда орыс олжалады, таудың екінші бөктерінде Цин империясы аңдыды, Орта Азиялық хандықтар қазақтың қанына жерік болды, оңтүстік өңірді бөксесіне басып алып, қандас ағайындарының қанын ішті, жанын жегідей жеді. Бұл күні Отандық тарихнама Ресейге "өз еркімен қосылу" емес, оның құрамына амалсыз ену концепциясын жан-жақты дәлелдеуде.

Қазақтың Ресейге бодан болуының отаршылдық болмыс дәрежесін әлсіретіп, оның экономикалық, мәдени саласында тап күресіндегі ықпалын әсірелеу мифі белең алды.

Қазақ сахарасында егін егу, темір жол салу, кәсіпорындарының өркендеуі, жұмысшы табының пайда болуы, капитализм ықпалының артуы, тап тартысының шиеленісуі, марксизм идеясының тарауы, қазақ-орыс мәдени байланысы жан-жақты ашылды. Әлеуметтік талаппен тарихшылар осы арқылы Қазақстанның Ресейге қосылуының прогрессивтік маңызын көрсетуі керек еді.

Сөз жоқ, бұл процестер тарихтан орын алды. Бірақ, бұл тарихи шындықтың бір жағы ғана еді. Ал, қазақ сахарасының әлеуметтік проблемалары - ұлтаралық қатынас, елдің рухани ахуалы өз деңгейінде қаралмады. Қазақ халқының күштеп шоқындырылуы, азаматтық правосының шектелуі, ұлттың рухын жаншуы, қазақ жерін бөлшектеп, ұлт территориясын орыс әкімшілік жүйесіне қосып, ыдыратуы, мұсылман қозғалысы, ұлт-азаттық күресінің үзілмей келген арқауы - бостандық, тәуелсіздік, ұлт болмысын сақтау, өркениетті елдер деңгейінде даму жолында ұлттық дискриминациядан, геноцид саясатынан құтылу жолы сияқты проблемалар ата тарихынан тыс қалды, не көмескі айтылды.

Қазақ халқына жеке орда таңдаған, жер бетінде шашыратып жоғалтпай, ұлт болмысын жалғаған, дәуір деңгейінен төмендемей, эволюциялық даму барысында бір бөктерде қалмаған, ұлт мүддесі үшін ғасырларға созылған күресте шаршап, шалдығып талмаған Әз Жәнібек хан, Керей хан, Қасым хан, Әз Тәуке, Әбілқайыр хан сияқты тұлғалардың дәуір тарихында шоқтығы биік-ақ.

Әбілқайыр хан

Әбілқайыр (Мұқамбет Ғази Бахадүр хан) 1693 жылы туды. Оның балалық бал дәурен шағы Жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының Қазақ хандығына шабуылдаған жылдарында өтті. Әбілқайыр - Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны - Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен ұйымдастырушылық қабілетімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710 - 12. 08. 1748) .

Әбілқайыр жастайынан қазақ хандары мен сұлтандарының әскери қимылдарына қатысты. Ол 17 жасында-ақ Бөгенбай батыр бастаған халық жасағының әскери басшыларының бірі болды. Бұрынғы дереккөздерден Әбілқайырдың жоңғарлардан Ташкентті, Түркістанды және Сайрамды қорғауға қатысқандығы байқалады.

Осы кезеңдерде Әбілқайыр Тәуке ханның қолбасшыларының бірі болады. Дәл осы шешуші уақытта орыс-қазақ қатынастары жандана түседі. 1715 ж. Тәуке қайтыс болды. Жаңадан сайланған Қайып хан Ресей империясымен жақындасуға ұмтылды.

Әбілқайыр мен Қайып хан арасындағы кикілжіңнен соң 1716 ж. ойраттарға жасалған жорық жеңіліспен аяқталды. 1717 ж. Жоңғарлар Орта жүз бен Ұлы жүз арасындағы қазақ хандарының қарама-қайшылықтарын оңтайлы пайдаланып қазақтарға соққы берді, бірақ жоңғарлардың бұл кезеңде цин империясымен екінші соғысы жүріп жатқан кезең еді. Сондықтан барлық күш сол соғыс театрына бағытталғандықтан қазақтар бұл кезеңде аман қалды.

Әбілқайыр қазақ-жоңғар қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716-1718 жж. Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М. П. Гагаринге Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге күш салды. 1718 жылы Әбілқайыр Кіші жүз ханы болып сайланды. Сол жылы Қайп хан екеуі бірлесе отырып ойраттарға қарсы жорыққа шығып Аягөз өзенінің бойында соққы берді. Бірақ бәрібір жоңғарлардың тегеуірініне қазақтардың төтеп берудің қиындығын байқаған Әбілқайыр Ресейдің Сібір әкімшілігімен ойраттарға қарсы әскери одақ құруға ниеттенді.

1720 жылы қазақтар ойраттардың Цин империясымен соғысып жатқандығын пайдаланып бірнеше ойрат ұлыстарына ойсырата соққы берді. Екі жақты соғыстың тиімсіздігін түсінген ойраттар Цин империясымен 1722 жылы бейбіт келісім жасасты. Бұл қазақтардың тағдырына кері әсер етті.

1723 ж. ерте көктемінде жоңғар қалмақтарының үлкен күші Жетісу арқылы Талас өңіріне, одан әрі Қаратауға жетіп, Түркістан мен Ташкенттен бір-ақ шығады. “Жұт - жеті ағайынды” дейді халық. Жұт әкелген ауыр қыстан соң, жайсыз көктемге енді ғана іліккен Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының біразы қырғынға ұшырап, бірнеше мыңы тұтқын есебінде қалмақ жеріне айдалып, қалғаны мал-мүлкін тастап Ходжент пен Самарқанға, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхарға жетіп паналайды. Демограф М. Тәтімовтың болжамы бойынша, осы трагедиялы кезеңде қазақ елі миллионнан астам адамынан айырылған. Осы оқиғаның ізін ала қазақ жұртына келген орыс елшісі А. И. Тевкелев елдің жағдайын білдіре келіп, “қазақтар ойрандалды, тоз-тоз болды, жүрдай болып жұтады” деп жазды. Оқиға қазақ елінің тарихына “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен енді.

"Ақтабан шұбырынды" оқиғасы туралы кезінде Мәшһүр Жүсіп, Мұқамбетжан Тынышпаев қалам тартып, деректер негізінде еңбектер жазғаны мәлім. Одан кейінгі ірі тарихи оқиға Ордабасындағы үш жүздің бас қосқан құрылтайы. Отан тарихында ел бірлігін баянды еткен бұл жиын туралы да ғалымдар ізденіс жасап бірсыдырғы зерттеулер жүргізді.

"Ақтабан шұбырындыдан" кейін босқын халықты Жиделі Байсын жерінен Шу асып, Арқаға жеткізген Шақшақұлы Жәнібек еді. Үш жүз қосынының қолбасшысы Қанжығалы Бөгенбай ұран тастап, Ұлытауда бас қосып, сарбаздарға темір қаздырып, Дархан ұстаның басшылығымен біздің жыл санауымыздан бұрын қалған балқыту пештерін қалпына келтіріп, темір балқытып, болат қорытады.

1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, кейін Бұқар мен Хиуа хандықтары шекарасындағы қазақтардың арасында көшіп-қонып жүрді.

Ордабасындағы шешім бойынша 1727 (1728) жылы көктемде Ұлытаудан басталып ағатын Бұланты (ертеде бұлан аулаған) және Білеуті (қайрақ тас) өзендерінің арасынан созылған Қарасиыр жазығында үш жүздің қолы қалмақ әскерін ойсырата жеңді. Бұл ұрыста қолбасшылық тізгінін қолында ұстаған осы Әбілқайыр хан болатын. Алғашқы "Қалмаққырылған" атанған төбе осы айқас даласында. Әубәкір Диваев "Көк кесене" атты еңбегіде Орта жүз қанға батып, қасіретке кездескен жылдары Кіші жүздің батыры Тайлақ, оның жиені, Ұлы жүздің батыры Саңрық үш жыл аттан түспей, егескен жаумен атысып, Бұланты шайқасында ерліктерімен көзге түскенін атап көрсеткен. Бұланты айқасы Отан соғысының тарихында түбегейлі бетбұрысты бастап берді. "Ақтабан шұбырындыға" ұшырап пұшайман болған қазақ халқы тұтасып, бірігіп қарсы тұрса жоңғарларды жеңуге болатынына, туған жерін қайтара алатынына көзі жетті.

М. Тынышпаевтың айтуынша, Аңырақай шайқасы 1730 жылдың көктеміне дейін болған. Аңырақай шайқасы туралы кезінде ел арасындағы аңыздарды Ә. Диваев жинаған. Ол аңыздың бірінде (Дулат арасындағы) Сырдарияның Шыршыққа құйылар тұсынан өтіп, Қазығұрттың батысынан Келес-Бадам жотасы арқылы Ұлы жүздің қолы, олардан терісірек Орта жүз қолы, Қаратаудың батыс беткейінен Кіші жүз қолы Iле бойына құлаған.

М. Тынышпаев осы аңызға сүйеніп, жергілікті топонимиканың көмегімен ұлы шайқастың панорамасын жасауға тырысқан.

Әбілхайыр хан аты бұл маңда екі рет кездеседі. Бірі Балқаштың оңтүстігінде, екінші рет Подгорное, Ақыртөбе станцияларының түбінде Әбілхайыр сайы бар. Осыған сүйеніп, ғалым М. Тынышпаев ұрыс аясының шеңберін Балқаш, Әбілхайыр тауы, Хантау, Аңырақай тауы, Подгорное, Әбілхайыр сайы, Ордабасы көлемінде қарайды. Көз алдыңызға радиусы 150-200 км болатын соғыс даласы келеді. Біздің заманымызға жеткен аңыздың бірінде 1730 - "ит жылының көктемінде Арғанатыға (Ұлытау) жинал" деген ұран жеткен. Көктемде үш жүзден 40 мың қол жиналған. Одан бұрын Ордабасыда басқолбасшы болып хан тұқымынан Әбілхайыр атанғаны, қарадан баһадүр Қанжығалы Бөгенбай сайланғаны мәлім.

Бұланты өзенінің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729-1730) жоңғарларды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. 1729 ж. (кейбір деректер бойынша 1730 ж. ) жаздың басында ұлы Аңырақай шайқасы өтті. Хантауы мен Аңырақай тауының ортасындағы жазықта Iле өзенің тау қойнауынан арқырап шығып, Жусан даланы бөктерлеп ағатын Аңырақай сарқырамасы тұсында аламан шайқасқа үш жүздің қосыны қатысты. 30 мыңдық - ең іpі қосынды бастаған, қалмақтармен соғыста талай жеңіске жетіп, батырлығы мен сардарлығын танытқан Kіші жүз ханы Әбілқайыр қол басшы болды. Аңырақай шайқасында бас қолбасшылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды.

Әбілқайыр ханның орыс патшалығына өтінішін жазушылар да, аударушылар да орыс империясына бодан болған, христиан дініне шоқынған башқұрт-татарлар еді. Олар Kіші жүз ханының сарайында Әбілқайырдың маңын ұзақ жылдар торлап жүрді. Ресей барлау органдарының тапсырмасымен олар Әбілқайырды империяға бодан болуға көндірді. Патша өкіметі қазақ халқын, оның территориясын материалдық, әскери шығынсыз қосып алуға ұмтылды. Сонымен біpгe, отаршылдықтың зорлық қасиетін көрсетпеуге тырысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілқайыр хан
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан
Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан (1693 — 1748)
Әбілқайыр хан- Кіші жүз ханы
Әбілқайыр хан туралы
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748)
Кіші жүз ханы - Әбілхайыр
Әбілқайыр хан жайлы
Керей хан - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі
Әбілқайыр ханның өмір жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz