Ресейдің Кіші жүзді құрамына қосып алуы. Әбілқайыр қолбасшы, билеуші, саясаткер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .3-5
I.Әбілқайырдың жеке өмірі мен шығу тегі
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-12
II.Ресейдің Кіші жүзді құрамына қосып
алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-19
III.Әбілқайыр қолбасшы, билеуші, саясаткер.
... ... ... ... ... ... ... ...20-2 7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-29
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланған
деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..31-32
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .33-36

КІРІСПЕ

Тақырыптың маңыздылығы: Қазақ халқы бұғаулық заманнан босағаннан кейін,
жаңаша даму жолына түсті. Егеменді ел болып төрт бұрышымыз түгелденіп,
керегеміз қалыптасқан күннен бастап-ақ тарихымызға ден қою арта түсті.
Кеңес заманында бөгіп қалған мәдениетімізді, дінімізді, тарихымызды қайта
жаңғырту үстіндеміз. Әлі де болса ақиқаты анық ашылып жазылмаған, қазақ
халқы тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі – XVIII
ғасырдың басы – халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір
ауыр кезең, Тынышбайұлы сөзімен айтсақ : Қазақтардың тарихи өміріндегі
осы бір аса маңызды тұс – егер Левшиннің және Орта Азия тарихын зерттеуге
көп еңбек сіңірген ұстазымыз В.В.Бартольдтің жол-жөнекей айтқандарын есепке
алмасақ – мүлдем зерттелмеген деуге болады .
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы күрделі тарихи оқиғаларға белсенді
түрде тікелей араласып, қазақ хандығының саяси өмірінде өзіндік орыны бар
терең із қалдырған ірі тұлғалардың бірі Кіші жүз ханы - Әбілқайыр болды.
Ол қолбасшылық талантымен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді.
Әбілқайыр хан жұмбақ, ішкі шірім қатпарлары терең екенің бірі түсіне
бермейтін, астары мен қарама-қайшылығы мол тұлға және өз дәуірінің тамаша
қолбасшыларының бірі. Міне Әбілқайыр хан тұлғасын зерттеп талдау аса
маңызды мәселе екені айқын.
Зерттелу деңгейі: Қазақстан егеменді ел атанып, өзінің тарихын жаңа
көзқараспен жазып жатқанда бұрынғы, біржақты, қате пікірлерге тосқауыл
қоюда. Әрине XVIII ғасырдағы Әбілқайырдың бейнесін, оның жүргізген
саясатын зерттеп жазу арқылы тарихымыздағы ақтандақтарға баға беру қиын.
Орыс және кеңес тарихнамасында XVIII-XIX ғасырдағы қазақ халқының тарихын,
яғни революциядан бұрын жазған П.И. Рычков, В.В. Вельяминов-Зернов, А.И.
Левшин, Л. Мейер, И.И. Крафт, А.И. Макшеев еңбектерінде Әбілқайырға қатысты
мәліметтер кездеседі. Мысалы: А.И. Левшин Хитрость, коварство,
властолюбие и вспыльчивость Абульхаира были совершенно противоположны
кротости и доброте Абуль-мамета..., - деп жазған(1).
Бұл жоғарыда аталған орыс зерттеушілері патша үкіметінің саясатын ақтауға,
керісінше Әбілқайырдың өзіндік саясатын жағымсыз жағынан түсіндіруге
тырысқан.
Қазақ хандарының Ресейге қосылуын зерттеу қазан төңкерісінен кейін де
жалғаса берді.Бұл мәселеге XIX ғасырда: Ғ. Мұсағалиев, Х. Досмұхамедұлы,
С.Д. Асфендияров, Е. Бекмаханов, Н.Г. Аполлова сынды зерттеушілер кеңінен
тоқталған.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де өз жалғасын тауып, жемісін беруде.
М.Қ. Қозыбаев, И. Ерофеева, Ж. Жақсығалиев, С.М. Мәшімбаев, Өмірзақовтардың
еңбегінде көрініс табуда.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері:
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақ елінің саяси сахнасында басты рөл атқарған
XVIII ғасырдың I жартысындағы қазақ халқының тағдыры мен қолбасшылық дарыны
сабақтас Әбілқайыр хан бабамыздың мол мұрасын зерттеп, халқыма таныту.
Осы мақсатты орындау барысында мынадай төмендегідей міндеттер қойылады:
- Әбілқайырдың шыққан тегін ашып көрсету
- Әбілқайырдың саяси сахнадағы рөлін анықтау.
Зерттеу жұмысының хронологиясы: Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы
Әбілқайырдың дүниеге келгеннен бастап, өмір соңына дейінгі аралық(1693-
1748ж), яғни XVIII ғасырдың I жартысы.
Зерттеу жұмысының дерек көздері: Еңбекте неғұрлым сенімді дұрыс ақпарат
көздерімен қамтамасыз ету мақсатымен алуан түрлі дерек көздері
пайдаланылады. Осы орайда Мәшімбаевтың монографиялық еңбегі, Өтениязов,
Қарабалаев, Көшім Есмағамбетовтың мақалалары, Ерофееваның, Ә. Мұхтардың,
Жақсығалиевтің еңбектері маңызды рөл атқарады.Олардың еңбектері зерттеу
жұмысына кеңінен пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Орыс және кеңес заманында Әбілқайырдың бейнесі
біржақты, жалаң баяндалып келді. Сондықтан да Ақиқат барын
айтқызбай қоймайды , - демекші соңғы жылдары кеңінен зерттеліп жатқан
ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, Әбілқайыр бейнесін, тұлғасын саралап,
ашықта анық көрсеттік деп ойлаймыз.

ӘБІЛҚАЙЫРДЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІ МЕН ШЫҒУ ТЕГІ МӘСЕЛЕСІ

Әбілқайырдың шығу тегі қазіргі кездегі үлкен проблемалардың бірі. Бұл
туралы бүгінгі уақытта мол дерек бар, бірақ бүгінге дейін қисынға
негізделмеген сөздер көп тараған. Сондықтан сол деректерге сүйене отырып,
Әбілқайыр ханның шығу тегін анықтап, шындықты қалпына келтіруге тырыстық.
Қазақ хандарының бәрі де, ақ сүйек төрелер де Шыңғыс ханның болса Жошы
тұқымынан бастау алады. Олар: Жәнібек, Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Болат,
орта жүз сұлтаны Сәмеке, Барақ, Әбілмәмбет, Абылай, Уәли секілді .(2)
Әбілқайырдың шыққан тегі төре тұқымы. Бірақ қара сұлтанға жаткан. Себебі
Әбілқайырға дейін ешкім хан болмаған.ол тұқымнан хан шыққан жоқ, сондықтан
хан болуға болмайды,- деп өз заманында кіші және орта жүз сұлтандары хандық
билікке таласқан кезде сылтау қылып отырған. Бұл жөнінде сұлтан Барақ, өзін
Әбілқайырды өлтіргенін ақтау үшін айтқаны бар: біздің тұқым Шығай ханнан
тараған, ол Әбілқайыр болса Бөлек-Қоян сұлтаннан, оның тұқымынан хан
болмаған. Сондықтан біз ақсүйектен шығамыз, біздер көппіз ,-деп ақталады.
Әбілқайыр мен Барақ арасындағы бақталастық осыдан басталады.(3)
Әбілқайырдың Орта жүз сұлтандары мен де араздасуының да себептері болды.
Бірақ Әбілқайыр хан жеке басының қасиеті оның Кіші жүз ханы болуына себепші
болды. XVIII ғасырда қазақ қоғамында қара сүйек тұқымнан хан болу тек қана
адамның жеке басының ерлігі мен қажымас қайсар өжеттілігі ғана жаңадан хан
мұрагерлерін қалыптастыруға Кіші жүзде Әбілқайыр заңның ұрпақтары бірінен
соң бірі хан болып келді. Бұл жөнінде атақты шығыстанушы В.В.Григорьевтің
сол заманында хан тұқымынан шықпаған адамның хан болуы үшін, он должен
обладать огромной решительностью, чтобы присвоить себе титул верховного
повелителя (4).
Әбілқайыр ханның Шыңғыс тұқымынан шыққан, әз-Жәнібектің тоқалынан туған
Өсеке(Усек) деген баласынан тарайды. Ол әз-Жәнібектің сегізінші баласы, ал
Әбілқайыр әз-Жәнібектің жетінші ұрпағы. Әбілқайырдың әкесі Ырыстың баласы
Қажы деген адам болған. Әбілқайырдың шығу тегі туралы жазбаша деректер де
жеткілікті. 1748 жылы Әбілқайыр хан Ор бекінісінде орыс елшісі Тевкелевке
өз аузынан айтқанын жазып алған. Орыс патшасының арнаулы тапсырмасын
орындап Тевкелев Поколение росписи кайсацким Меньшей и Средней ордам
ханам и султанам и всем фамилиям их ,- деп жазады.
Тағы да Әбілқайырдың Қажы сұлтан баласы екеніне тағы бір дәлел
Тевкелевтің жазып алғаны Мен Әбілқайыр-Мұхамед-Газы-БаҺадир-хан Қажи
сұлтанның баласымын ,- деп айтқан.(5)
Шыңғыс ханның баласы Жошыдан тараған қазақ ақсүйектері мен төрелерінің
және қазақ хандарының арғы ата тегі туралы Ш.Ш Уәлиханов, А.Бөкейханов,
М.Тынышбаевтар жазған. Ш.Ш.Уәлиханов та қазақтардың хандары мен
сұлтандарының ата тегінің кестесін жасаған. Ол мына төмендегі кестеде
ұсынылып отыр(6).
Ш.Ш. Уәлиханов кестесін толықтыра келсек, Әбілқайырдың шежіресі мынандай
:(Қосымша 1)
Сонда бұл шежіріне толықтыра келсек:
Барақ, Жәнібек, Өсеке(Үсек), Бөлек-Қоян, Батырхан, Айшуақ, Ырыс(Еріс),
Қажы, Әбілқайыр.
XVIII ғасырда Әбілқайыр Кіші жүзде хандық мұрагерлік басталып, XIX
ғасырдың 20-жылдарында Ресей патшасының әкімшілік-басқару реформасы
негізінде Кіші жүзде хандықты жояды. Сонымен 1710-1824 жылдарда Кіші жүзде
бірінен соң бірі хан болған Әбілқайыр тұқымдары.
Әбілқайыр 1693 жылы оңтүстік – батыс Қазақстанда дүниеге келген. Туған жылы
туралы әлі де болса белгісіз жақтары бар. И. Ерофееваның болжамы бойынша
XVII ғасырдың 80 жылдары деп жазады. Біз білетін тарихи құжат-тарда нақты
жылы көрсетілмеген. Қазақ ССР-нің қысқаша энцеклопедия-сында Әбілқайыр 1693
жылы туған деп көрсетіледі.(7)
Алайда, зерттеуші ғалымдар туылған жылының тоқсаныншы жылдарда емес,
сексенінші жылдарда болғанын айтады. Зерттеуші ғалымдар С.Өтениязов пен
Х.Қарабалаев Әбілқайырдың 1693 жылы туылғанына келіспейді. Олардың толық
келіспеуін мынадай төмендегі сөйлемдерден байқаймыз.
Мысалы, 1709-1710 жылдары оны ел хан сайлайды. Сонда ол бар жоғы 16-
17 жасында хан болғаны ма? 1707-1709 жылдардағы башқұрттар көтерілісін
қолдау үшін, яғни Ресей әскерлеріне қарсы соғысу үшін көп әскерлермен
көмекке сон-ау Арал өңірінен келген еді. Сонда ол 15 жасында осынша көп
әскерді бастап Ресеймен соғысуға келген бе? ,-дейді.(8)
Әбілқайырдың әкесі Қажы сұлтанның үш баласы болған . Әбілқайыр Қажы
сұлтанның ортаншысы, үлкен баласы Тоқтамыс, кіші баласы Бұлқайыр болған.
Бірақ Қажы сұлтан ерте дүниеден өткен. Әбілқайырдың әкесінен де көп мал
қалған жоқ еді. Екі інісіне және басқа туыстарына көмектесіп тәрбиелеген
Тоқтамыс болды. Тоқтамыс үйленген бала-шағасы бар адам еді. Әкесінен
кейін ол да көп ұзамай қайтыс болып, оның бала-шағасы, барлық ауыртпалық
Әбілқайырдың жауапкершілігінде қалды. Өтениязов пен Қарабалаев Әбілқайырдың
әкесі мен ағасының қазасы Ресеймен болған қақтығыстарда болса керек ,-
дейді.(9)
Ол кезде оның әкесі Қажы сұлтанның аға - інілерінен де ешкім қалмаған еді.
Олардың балаларының тарихта аты қалғандары Шым, Мамай, Қылышқали, Нияз
т.б. сонша үйлі жандардың ішінде бас көтерері тек Әбілқайыр ғана болды.
Жас бозбала Әбілқайырдың басына ауыртпалық мықтап түскен еді. Сондықтан
оған балалықты тастап ерте есеюге тура келді.
Әбілқайырдың барлық өмірі ерлікке толы – қазақ елінің сыртқы жауларымен,
әсіресе Ресеймен өмір бойы соғысып өткенің білеміз. Алайда, оның жастық
шағы да батырлық пен ерлікке толы болыпты.
Өмірдің және сол кездегі көп байлығы жоқ сұлтан басына түскен көптеген
ауыртпалықтарды өз мойнымен атқарып жүрген Әбілқайыр ғұмырында Кіші
жүздегі әйгілі Жәнібек батырмен танысқан соң көп өзгеріс пайда болды.
Жәнібекпен кездескендігін XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында Торғай даласында
болған орыс зерттеушісі И.И. Крафт еңбегінде де көрініс табады. Ол:
...Әбілқайыр әкеден жетім қалғаннан кейін әр жерді кезіп күн көріп жүреді.
Болашақ жары Бопайдың әкесінің қолында малын бағады. Сөйтіп жүргенде тағдыр
Әбілқайырға батыр Жәнібекті кездестіреді ,-дейді.
Батыр Жәнібекпен қалай кездескені туралы халық арасында аңыз әңгіме
сақталған.Ол былай болған: Жәнібек батыр өздерінің сарбаздары мен далада
келе жатқанда, ағаштың көлеңкесінде ұйықтап жатқан боз баланы көреді. Бала
алаңсыз ұйықтап жатыр, жанында қару жарағы. Батыр балаға қызыға қарайды.
Қандай әдемі жігіт... Тегін бала емес екенің көрген Жәнібек батыр танысып
жөн сұрамақшы болады да аттан түспей тұрып найзасының ұшымен түртіп оятады,
Оянып кеткен бала бұған шамданып садағына жармасады да, найза ұстап тұрған
аттың үстінде тұрған адамды дереу атып салмақшы болғанда Жәнібек батыр :
Тоқта бала, тентек болма, жөн сұрасайық. Мен Жәнібекпін – менің атымды
талай естіген боларсың. Біз саған доспыз.Өзің кімсің деп сұрапты. Сонда
Әділқайыр садағын кезеген күйінде : Әйгілі Жәнібек батыр болсаң боларсың,
бірақ қарап жатқан адамға неге тиісесің. Мен ешкімге бағынышты емеспін ...
Алайда жаныма келіп ат үстінде тұрып найзамен түрткен адамға мен де солай
жауап беремін...
Мен кедеймін, кедей болсамда намысымды ешкімге бермеймін ... Сен Жәнібек
достығын рас болса өз жөніңмен жүре бер, мен де өз жөніммен кетейін... Мен
сұлтан Әбілқайырмын – дегенде қатесін мойына алған Жәнібек батыр атынан
секіріп түсіп баланың қолың алады. Осынау бозбаланың әрбір сөзі мен оттай
жанған көзі, келісті батыр пішіні Жәнібек батырға қатты ұнайды.Міне сол
күннен бастап олардың өмір бойы жолы бірге болған еді. Көптеген ғалымдар
бұл Орта жүз батыры Қошқарұлы Шақшақ Жәнібек (1693-1751)болуы керек
дейді.(10)
Әбілқайырдың туған жылын энцеклопедияларда 1693 жылы десе, онда бұл жердегі
Шақшақ Жәнібектің туған жылыда 1693 жылы деп берілген. Жоғарыдағы аңызға
көңіл бөлсек, аңызда Әбілқайырдан Жәнібектің үлкенді-гі байқалады. Сонда
бұл жердегі Жәнібек Шақшақ Жәнібек емес немесе Шақшақ Жәнібектің туған жылы
датасынан қате кетуі мүмкін. Әбіқайыр заманындағы тарихи оқиғаларды
сараптасақ, тарихта негізінен үш Жәнібек:
Біріншісі: Кіші жүздегі әйгілі батыр, екіншісі: сұлтан Жәнібек-ол Әбілқайыр-
дың үлкен қызына 1725-30 жылдары үйленген. Үшіншісі: Шақшақ Жәнібек – руы
арғын.(11)
Сонда бұл жердегі Жәнібек кіші жүздің әйгілі батыры болуы керек. Бұл
жердегі Жәнібекті Әбілқайырдың күйеу баласы сұлтан Жәнібекпен
шатастырмауымыз керек. Ол Әбілқайырдан он жастай кіші болуы керек. Сұлтан
Жәнібек қайың атасының тапсырмаларын орындап, Петербургке бірнеше рет
елшілікке барған, сонымен де Жоңғар әкімдерімен де хан атынан келіссөз
жүргіз-ген.(12)
Көптеген тарихи құжаттарда Әбілқайыр хан Еділ қалмақтарының ханы Аюкенің
қасында қызмет атқарған деген мәліметтер де бар.
Н.Я. Бичурин Болашақ кіші жүз ханы Әбілқайыр қалмақ ханының сарайында
қызмет атқарған (13)- десе, В.М. Бакунин Қалмақ ханның сарайында кубан,
хиуа және қазақ сұлтандарын көптеп кездестіруге болады, соның ішінде
Әбілқайырда болған (14),-деп XVIII ғасырда Қалмақ хан-дығының халықаралық
беделінің өсуін көруге болады. Орыстарда Еділ қал-мақтарымен тығыз байланыс
жасап, қалмақтарды Кіші жүз қазақтарына қарсы қойып отырғандығын көреміз.
1697 жылы I Петр Европаға бара жатқанында Аюкеге Ресейдің оңтүстік-шығыс
шептерін көршілес көшпелі халықтардың шапқыншылығынан қорғауды ресми түрде
жүктеген еді.(15) Қалмақ ханы өзінің пұрсатты жаңа жағдайын империяның
стратегиялық мүдделеріне барлық жағынан әсте де сай келмейтін өз мақсаттары
үшін ойдағыдай пайдаланды.Алайда қалмақтардың әскери күшіне мүдделі патша
үкіметі Аюкенің Ресейден тыс жерлерде өз беделін көтеруге ұмтылуымен
байланысты көптеген әрекеттерін көрмегенсіген сыңай танытты.(16)
Әбілқайыр өз заманында аға сұлтан ретінде жеке басының тағдыры, сол
кездегі қазақ халқының салт-дәстүріне сәйкес құрылды. Орыс және шетел
тарихшыларының жазуында Әбілқайырдың отбасы олар үшін ерекше көрінді. Шығыс
халықтарының ерекшелігі көп әйел алу ежелден келе жатқан салт екенің
кейіннен түсінеді.Сондықтан олар (яғни орыс зерттеушілері) үшін бір керемет
оқиға сияқты көрінді. Дала заңымен ойлау салты Әбілқайыр үшін ерекше болған
жоқ сияқты.
Кіші жүз ханы Әбілқайыр да ата салтын аттап өткен жоқ. Әбілқайырдың бірінші
әйелі қазақтың ислам діні шыққанға дейінгі салты бойынша туған ағасы
Тоқтамыс өлгеннен кейін, жеңгесін ата салты бойынша әмеңгерлік бойынша
Әбілқайырға үйлендірген,- дейді.(17)
Әбілқайыр үйленгеннен кейін жеңгесінен қыз бала дүниеге келеді.Бірінші
әйелінің шыққан тегі адай руынан Мырзатай батырдың қызы болған. Әбілқайыр
ханның үлкен қызын сұлтан Жәнібекке үйлендіреді. Жоғарыда жазғанымыздай
сұлтан Жәнібек өз заманында елші болып, орыс-қазақ дамуында зор еңбек еткен
адам. Бұдан кейін Әбілқайыр Бопайға үйленеді. Бопайдан кейін қалмақ және
башқұрт қызына үйленеді. Қалмақ әйелінен ұл бала Шыңғыс және үш қыз баласы
болады. Ал башқұрт әйелінен Қаратай сұлтан (1738-1830) дүниеге келеді.
Әбілқайырдың әйелдерінің ішінде Бопай ханым туралы жазылған құжаттар өте
көп. Әбілқайырдың шаңырағына келіп түскен Бопай сұлудың аса беделді болғаны
соншалық Әбілқайырдың көптеген саяси істеріне ақылмен шешуге көмектескен.
Жасынан батыр атанған Әбілқайырдың мінезінде тез ашу шақыратын және
өркөкірек яғни рыцарлық қасиеттер болған. Соған ақыл айтып, тоқтау салып,
сабырлыққа шақырып, сабасына түсіріп, қиын мәселелерді шешіскен. Сондай–ақ
ел ішінде аса қадірлі Бопай ана Бара бәйбіше атанған. Әбілқайыр мен
Бопай сұлудың алты перзенті дүниеге келді. Олардың бесеуі – ұл, біреуі –
қыз бала. Ұл балалары:
1. Нұралы (171011-1790). Соның ішінде 1748-1786 жылдары Кіші Жүз ханы;
2. Ералы (1720-1794). Соның ішінде 1791-1794жылдары Кіші Жүз ханы;
3. Қожақмет (1722-1749)
4. Айшуақ (172324-1810). Соның ішінде 1797-1805 жылдары Кіші Жүз ханы;
5. Әділ (1730-1750). Әбілқайыр балаларының ішінде Қожақмет пен Әділ
жастай қайтыс болды. Әділдің суретің алғаш салған 1736 жылы Джон
Кэстл.
6. Қызы Злиха шамамен 1745 жылы дүниеге келген еді. Әбілқайыр қайтыс
болғанда ол әлі кішкентай бала болатын.
Әбілқайырдың үш ұлы Нұралы, Ералы және Айшуақ бірінен соң бірі Кіші жүздің
хандары болды. Әбілқайыр балаларынан 9 немере, 5 шөбере сүйеді. Өз
заманында Әбілқайыр мен Бопай балалары мен немерелеріне білім алуға бар
жағдайын жасап, XIX ғасырмен XX ғасырдың Әбілқайырдың ұрпақтары қазақ
халқының білімді азаматтары болды. Олар: Нұралыханов, Сейдәлі, Айшуақов,
Шыңғысханов, Бөкейханов, Шығаев, Қаратаевтар қазақ халқының білімі мен
ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Кіші жүздің ханы, әрі қолбасшысы
Әбілқайыр келер ұрпаққа үлкен із қалдырып кетті.

РЕСЕЙДІҢ КІШІ ЖҮЗДІ ҚҰРАМЫНА ҚОСЫП АЛУЫ

Қазақ мемлекеті біртұтас бірлігі жарасқан, іргесі берік қалыптасқан
егемендігі нақты сипат алған еді. Алайда 1718 жылы қазақ елінің толық
құқықты дара билеушісі Тәуке ханның саяси сахнадан кетуіне байланысты
қазақтың үш жүзі өздерінше бөлініп, тек соғыс қимылдарында, яғни сыртқы
саяси жаулардан бірігіп қорғану кезінде ғана бірігіп отырды. Ал кейіннен
бұл қазақ жерін хандығын үш әкімшілікке бөлінуі – қазақ елінің басқаларға
бодандыққа түсуіне тездетті. Сонымен қатар 1723 жылы Әбілқайыр аға ханның
атағын алады, бірақ Әбілқайыр кіші сұлтандардың тұқымынан шыққан. Бұл
тұқымнан Әбілқайырға дейін ешкім ие болмаған. Сондықтанда Тәуке хан
әулетінен шыққан сұлтандар бізді аттап кетті деп оның билігіне мойын
ұсынбай, Орта және Кіші жүздің көптеген билері оны хан деп танымаған. Соның
салдарынан қазақ жері жеке-жеке хандық және сұлтандық иеліктерге бөлініп
кетті. Қазақ елінің ішкі саяси жағдайы оданда әрі тереңдей түсті. Сырттан
қаптап төнген жау, яғни Ш. Уәлихановтың сөзімен айтсақ: XVIII ғасырдың
алғашқы он жылдығында қаптаған қалың жаулар қазақ жеріне тарпап бас салды.
Адамдарын кіріптарлыққа салды, мал мүліктерін тонады,-деп жазды. М. Әуезов
Әдебиет тарихы деген кітабында(Алматы 1927ж) былай деп жазды: Қазақ
елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір жағынан қалмақтар сияқты
елдің тізесі батқан жаулығы болса, екінші: Орта Азия хандықтарының
қысымшылығы, үшінші: орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы,
осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы. Өзара
жаулық пен араздық, өштік күшейіп, бірін-бірі жауламақ үшін әрқайсы кез
келген жұрттан көмек іздеп, қазақ елін әр айғырдың үйіріне сіңіруге
айналғандығы. Осындай көп себептер тұтасып, ел тірлігі бір шымшытырық
мезгілге жеткенде, орыс үкіметінің шеңгелі қомағайлықпен созылып, қазақ
даласын уысына кіргізіп әкетіп бара жатты. Орысқа бағыну, елдің алдына
ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды.(18)
Қазақтың ішкі саяси жағдайы мен феодалдық бытыранқылықты пайдаланған
Жоңғарлар 1723 жылы жасаған жойқын шабуылы қазақ елінің тарихында Ақтабан
шұбырынды алқакөз сұлама ,-деп аталды. Қазақ халқының біріккен күші XVIII
ғасырдың 20 жылдардың аяғында жоңғарларға тойтарыс беріп жеңіліске
ұшыратқанымен жоңғарлардың күш қуаты әлі де болса қайтпаған еді. Ал
батыстан төнген 1669 жылы Моншақ ханның баласы, ақылды, әрі жігерлі және
билікке ынтық Аюке (1646-1724ж) билік басына келгеннен бастап, Ол жаңа
жерде біріккен қалмақ хандығын қайта құрып, қазақ халқына қарсы белсенді
түрде күрес бастады. Осы аралықта Аюке беделі Ресей империясының ішінде
ұлғая түсті. Патша үкіметінен қолдау тапқан Аюке оңтүстік Орал мен Еділ
бойы халқының тыныштығын бұзбай, өзінің күш жігерін қазақ, хиуа
хандықтарына жұмсады.
1697 жылы I Петр Еуропаға бара жатқанда Аюкеге Ресейдің шығыс шептерін
көршілес көшпелі халықтардың шапқыншылықтарынан қорғауды ресми түрде
жүктеген еді.(19)
Оңтүстіктен Хиуа хандығының, Иран шахы тарапынан төнген қауіп ойландырды.
Сондықтанда, Әбілқайыр хан сыртқы шапқыншылықтардан қорғану үшін және хан
билігін нығайтуға қажет күшті тіректі солтүстік-батыстағы көршісі Ресей
мемлекетінен іздеуге мәжбүр болды (20)
Сонымен қатар Ресейге жақындасу арқылы әсіресе Кіші жүз қазақтары Жайық-
Еділ арасына көшуді армандады. Мұны Бөкембайдың орыс елшісіне Тевкелевке:
орыс патшасының қол астында болып, жайық бойында емін-еркін көшіп жүрем ,-
деген сөзінен байқауға болады.(21)
Тевкелевтің басқа елдің азаматы екенің де естен шығармауымыз керек. Бұл
Ресейдің қоластына кіруге негізгі факторлар емес. Себебі: XVIII ғасырдың 20
жылдардың аяғына таман Әбілқайыр бастаған қалың қол жоңғарларға(Бұланты,
Қалмақ қырған, Анырақай) қарсы тойтарыс беріп, одан кейінгі жоңғарлардың
шабуылы бейбіт жолмен келісіммен шешіліп отырды. Ал қазақтардың әлсін-әлсін
шабуылынан кейін қалмақтар да басылды. Оған(бодан болуға) негізгі фактор:
ол Ресей үкіметінің отаршылдық саясатының үдей түсуі. Оған себеп I Петрдің
өзі 1722жылы :
Бұл орда (қазақ хандығы) – бүкіл Азия елдері мен жерлеріне кілт пен қақпа,
мейлі миллионнан ассын, орасан зор шығынға қарамай, бодандыққа алу керек ,-
деген екен.(22)
Қазақ хандықтарының еділ қалмақтарымен және башқұрттармен өзара қатынастары
күрделі болып қала берді. Әбілқайырдың башқұрт ақсақалдарымен шапқыншылықты
тоқтату туралы келіссөздері табысқа жетпеді. Кіші жүздің батыстағы
шекарасында бейбітшілікке қол жеткізу Әбілқайыр ханның ең басты сыртқы
саяси міндеттерінің біріне айналды. Басты дұшпан – Жоңғар хандығымен
күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын. Аюкенің еділ қалмақтарын,
Кабарда кінәздерін, грузин билеушілерінің жерлерін Ресей құрамына қабылдау
Сыртқы істер алқасы дипломатиялық қызметінің өрісін едәуір кеңейтт, бұл
жолы да Әбілқайырдың елшілігіне барынша көмек көрсетілді, оның Құтлымбет
Қоштаев бастаған 7 адамнан тұратын елшілері құрметпен қабылданып, бағалы
сыйлықтар тартылды,дала өңіріне Сыртқы істер алқасының тілмашы А.И.
Тевкелев бастаған үлкен комиссия қосылып, әскери күзет ертіліп
қайтарылды,(23)
Олардың ішінде жерлерді сипаттау үшін жеберілген екі геодезист – Алексей
Писарев пен Михайло Зиновьев болды.(24)
Петрдің мемлекеттік қызмет мектебінен өткен А.И. Тевкелев кейіннен оның өзі
мойындағанындай, жоғарылап, наградалар алуға үміттенген, бұл ұлы мәртебелі
императордың қайтыс болуы себепті жүзеге аспай қалған. Қазақ елшілігін Кіші
жүзге кері қайтаратын күні А. Тевкелевке 12 тармақтан тұратын, мазмұны
қызықты Нұсқау табыс етілді.
А.И. Тевкелев сапарының негізгі мақсатын нақтылай түсу тұрғысынан алғанда
Нұсқаудың үшінші тармағы өте бағалы, онда Ресей бодандығын қабылдау
мәселесінде хан төңірегінде алауыздықтар анықталған жағдайда дипломаттың
еркін нұсқаулар таңдау жоспарының болуы түсінігіне кілт берілді. ...хан
мен ақсақалдардың және басқа да қырғыз-қайсақтардың бүкіл нанымы бойынша өз
антына адалдығы Ақоранда(Құранда) көрсетіліп, оған(грамотаға) қол қойып оны
Тевкелевке беретін болсын. Ал егер хан және басқалар одан бас тарта бастаса
, оларды оған Тевкелев көндірсін.(25)
Тевкелевке Нұсқауда оған қырғыз-қайсақтар туралы мәліметті жазып алу,
елдің орфографиясын, халыққа бодандықтың ұнайтын, ұнамайтынын, оның
көршілері кімдер екенің... өздері зеңбірек құя білетін, білмейтінің мідетін
жүктеді. Ал Әбілқайыр болса сыртқы шапқыншылықтан қорғану үшін және хан
билігін нығайтуға қажет күшті тіректі солтүстік-батыстағы көршісі Ресей
мемлекетінен іздеуге мәжбүр болды. Ресеймен жақындасу қазақ жерінің батыс
ьөлігінде тыныштық орнатуға, жоңғарлардың шабуылына тойтарсы беру үшін де
одақ керек болды. Бұл саясаттың өзі Тәуке ханның дәуірінде етек жайып,
анағұрлым көрнекті орын алған болатын. Қазақ хандығының XVIII ғасырдың 20-
30 жылдардағы өте қиын жағдайы, сол кездегі Ресеймен ғана көршілік қатынас
орнатудың бірден-бір жолы екенің жеке хандар байқады. Ресеймен қарым-
қатынас орнатудың негізгі жағдайлары :
1. Сыртқы жаудан қорғану
2. халыққа жайылым керек болды.
3. Сауда мәселесі.
Бұл орыс-қазақ қатынасына өте қажетті болды.
1726 жылы Әбілқайыр хан Ресейге елші жіберіп өз ойын білдіргенімен, жаулап
ала алмады. Ресей патшасы Кіші жүз ханы Әбілқайырдың кім екенін білмеген.
Бұл әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын жақтаушылары
Бөгенбай батырмен ақылдасып, Ресей патшасына бодан болу туралы 1730 жылы
қыркүйектің сегізі күні хат жазып, елшісі Сейтқұл мен Құтлымбетті орыс
мемлекетінің астанасына жібереді. Бұл хатта: Аса ұлы, ізгі бай және ақыл
иесі, ұлы мәртебелі патша күн сайын, ай сайын және жыл сайын құдайдың
рақымымен мемлекетінді аман сау билей беруінді тілейміз. Ұлы мәртебелі
сізге біздің мәлімдегіміз келгені мынау еді: Жайықтың арғы бетіндегі сіздің
боданыңыз башқұрт халқымен біздің жақын қатынасымыз болған жоқ. Ұлы
мәртебелі сізге түгелдей бағынышты болып келіп, мен сіздің боданыңыз
Алдарбаймен бірге өз елшімді жіберіп отырмын. Осы Алдарбай мәртебелі сізге
бізден елші жіберілуін талап етті, сондықтанда мен Әбілқайыр хан өз
қоластындағы Орта жүзбен Кіші жүздің сансыз көп қазақ халқымен бірге
біздің бәріміз сіздің қызметшілеріңіз болып табыламыз және қарапайым
халықпен бірге сіздің қамқорлығыңызды тілейміз, әрі сіздің көмегіңізбен
Жайықтың арғы бетіндегі өз боданыңыз башқұрт халқымен тату тұрамыз деп
күтеміз. Сізге барша игіліктерді тілейміз және сіздің боданыңыз боламыз.
Табыс еткен бас елші Сейітқұл, Құтлымбет Қоштаевтар жолдастарымен.(26)
Әбілқайырдың бұл тілеген Анна Иоанновнаның үкіметі қабылдап, қазақтарды
Ресейдің қарамағына алуға ұйғарды. Содан соң 1731 жылы 19 ақпанда
императрица Аннаның Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Ресей
бодандығына қабылдағаны туралы грамотасын тапсыру үшін және кіші жүз
қазақтарынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметі
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748)
Әбілқайыр хан туралы
Қазақ тарихында әбілқайырдың алатын орны мен ролі
Әбілқайыр ханның өмір жолы
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас
Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Оқу құралы
Патша өкіметінің отарлау саясаты
Қазақ хандығы туралы мәлімет
Әбілқайыр хан (1693 - 1748)
Пәндер