Әбілқайырдың патша өкіметімен байланысы
Ағылшын суретшісі, орыс патша үкіметінің қазақ даласын отарлау
мақсатында XVIII ғасырдың 30-жылдарында ұйымдастырылған Орынбор
экспедициясына қатысушы Джон Кэстльдің күнделігі 1784 жылы Ригада неміс
тілінде готика қарпімен жарық көрген.
XVIII ғасырдың 30-жылдарында орыс бодандығын қабылдауға мәжбүр болған
Кіші жүз қазақтары туралы осыдан 260 жыл бұрын шамасы жазылған ағылшын
суретшісі Джон Кэстльдің Әбілқайыр ханға барып қайтқан сапары туралы
күнделік ғалымдар назарына соңғы кездерде ғана іліге бастады. Бірақ бұл
жәдігер ғылыми айналымға әлі де болса қосыла қойған жоқ. Тіпті Қазақстан
мен Орта Азия тарихы туралы шет елдерде жазылған бір де бір еңбекте, сан
алуан библиографияларда Кэстль күнделігіне сілтеме жоқ.
Ағылшын суретшісінің Әбілқайыр ханға сапар шегуі XVIII ғасырдың 30-
жылдарындағы тарихи оқиғаларға, оның ішінде патша өкіметінің қазақ
даласында жүзеге асырылуға тиісті отаршылдық саясаты мен Орынбор
экспедициясының осы бағыттағы нақтылы шараларына тікелей байланысты болды.
Қазақ жеріне мысық табандап ене түсуден басқа да алдына сан алуан міндеттер
мен мақсаттар қойған осы экспедиция құрамында тұманды Альбион елінің
өкілі Джон Кэстль де болды. Ол мұнда жер асты байлықтарын зерттеу, Орынбор
бекініс шебін салу үшін картографиялық зерттеулер жүргізу үшін жұмысқа
алынған еді.
1734 жылы патша жарлығы бойынша құрылған Орынбор экспедициясы 1735
жылы тамыз айында Ор бойына жетіп, оның құйылысында Орынбор (кейін Орск)
бекінісін салуға кіріскен бойда башқұрт көтерілісі басталып кетті. Кіші
жүздің Ресей қоластына енуінде башқұрт факторының рөлі жоңғар
шапқыншылығы қысымынан кем болған жоқ. Сөз орайы келгенде айта кететін
нәрсе Кіші жүз қазақтарының орыс бодандығын қабылдауы көбіне-көп башқұрттар
арқылы жүзеге асырылғандығында... Сондықтан да башқұрт халқының кезекті жан
тәсілім бұлқынысы Әбілқайыр төңірегінде түрлі қауесеттер туғызбай, орыс
бодандығы туралы қазақ қоғамында орын алып келе жатқан жіктің тереңдей
түсуіне септігін тигізбей қоймады. Қазақтардың бір бөлігінің башқұрттарға
бүйрегі бұрса, Әбілқайыр бастаған топ орыс әкімшілігі бекіністі тастап
кетіп жатқан көрінеді деген қауесеттен мазасыздана бастайды. Орыс
бодандығының өзіне де, қол астындағы халқына да тигізген шапағатын көре
қоймаған, үміті мен күдігі аралас, көңілі күпті ханның абыржитын себебі де
бар еді. Отаршылдардың әккі малайы А. Тевкелевпен бірге Найзакескеннен
кеткеннен бері баласы Ералы әуелі Петерборда кідіртіліп, кейін Орынбор
бекінісінде аманатта отырған еді.
Күнделікті құрылымдық және хронологиялық тұрғыдан үш бөлімге бөлуге
болады: 1) Кэстльдің 1736 жылдың 14 маусымынан 5 шілдеге дейінгі, яғни
Орынбор бекінісінен шығып, хан ордасында болған және Уфаға қарай жолға шығу
кезеңі; 2) Кіші жүзге сапарының қысқаша сипаттамасы; 3) 1736 жылдың 12
тамызынан 13 наурызына дейінгі мерзімде Жайық қалашығы, Самара, Симбирск
арқылы Орынборға жетуі.
Кэстльдің өз қолымен жазып қалдырып кеткен бұл еңбегінің құнды да
бірегей тарихи дерек екендігінде дау жоқ. Әрине, екі жылдан астам қазақтар
арасында тұрып, жергілікті тұрғындар өміріне терең үңілген және қасында
ондаған ақылшылары мен көмекшілері, қазақтар арасынан да жандайшаптары
болған кәнігі Тевкелевтің күнделігімен салыстыруға болмайды. Бірақ Кэстль
күнделігі Тевкелевтің аталмыш еңбегінің жалғасы іспеттес, орыс бодандығын
қабылдағаннан кейінгі үш-төрт жылдан соң Кіші жүзде қалыптасқан саяси,
әлеуметтік-экономикалық ахуалдан сан алуан мәліметтер беруімен құнды.
Күнделікте қаралатын мәселелер:
— башқұрт-қазақ, қазақ-жоңғар қатынастары;
— Әбілқайыр хан және оның төңірегі (сұлтандар, батырлар, билер,
руластары);
— Әбілқайырдың орыс әкімшілігі жөніндегі ой-пікірі;
— Әбілқайырдың алдына қойған саяси мақсат мүддесі және әлеуметтік,
саяси тірегінің әлсіздігі, т. б.
Автордың орыс отаршылдық саясатын толықтай қолдайтынына, қазақтарды
жабайы, қарақшы деп санайтынына қарамастан күнделікте көптеген оқиғалар
тарихи шындық тұрғысынан баяндалған. Олардың қатарына: патша өкіметінің
башқұрт көтерілісшілеріне қазақтардың қосылып кетуіне жол бермеу шаралары;
Кіші жүзге қалмақ елшілерінің келуі; Әбілқайырдың патша өкіметі Ералыны
аманат ретінде төрт жылға жуық ұстап отырғанына наразылық білдіруі; Орынбор
комендатының қазақтарды Ор өзенінің төменгі жағына малдарын жаюға рұқсат
бермеуі және осы мәселеге байланысты Әбілқайырдың, өзі айтқандай,
тығырыққа тіреліп отырғандығы; Сырдың төменгі ағысы маңайында, не басқа
бір оңтайлы жерде бекініс салынса, Әбілқайыр сонда орнығып алып, өзінің
наразы болып жүрген қоластындағыларды да, басқаларды да, тіпті Хиуа мен
Бұқарды өз әміріне қалтқысыз бағындырсам деген ниеті туралы хан мен Кэстль
арасындағы әңгімелер жатады.
Кейінгі оқиғаларға орай ханның, Кэстльдің сөзінше, зор денсаулық пен
қайрат-күш иесі, бұл жағынан бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ
екендігіне қарамастан, наразы адамдардың бірі оның да өмірін өлімге
ойланбай қия салады деген сөзіне сенесің.
Қарақұрым халықтың көзінше Байбек пен тағы бір кісі екеуі екі жақтан
қолтықтап, жетектеп мені ханға алып кетті. Хан отырған үйге он адым
қалғанда, бір минут қимылсыз тұруымды сұрады. Содан кейін адъютант немесе
солардың тілінше жасауыл маған дыбыс берді, мені тағы алты қадам жерге
апарып, тағы бір минут жасауыл келгенше тұрғызып қойды. Артынша мені тура
есіктің алдына алып барды, тағы біраз тұрғаннан кейін, жергілікті жердің
дәстүрлі сый-құрметімен демеп ішке кіргізіп жіберді.
Хан киіз үйдің есігіне тура қарама-қарсы төрде отыр екен, үстіндегі
кигені жол-жол сисадан, қасында көптеген ру ақсақалдары, қатарлас інісі
Нияз сұлтан және екі ұлы бар.
Есіктен кіргенде басымдағы қалпағымды алдым, ханның алдында
француздарша үш рет құрметпен басымды иіп, қошемет көрсеттім, қасында
отырғандарға тегіс бір сәлем бердім де, қалпағымды қайтадан киіп алдым,
осыдан кейін ол маған орын ұсынды. Осы жерде мен ханға былай деп тіл
қаттым: Мемлекеттік кеңесші Иван Кириллов өткен қыста мені Орынборда
қалдырды, сол жерде басқа көптеген текті қырғыздармен қатар сонда жүрген
Сіздің ұлыңыз Ералы сұлтан мырзамен таныстым, бұл мен үшін зор құрмет.
Соның арқасында осы жерге келіп, жоғары мәртебелі хан Сізді көріп, аман-
есендігіңізді біліп отырғаным, жоғары мәртебелі император ағзамға немесе
мемлекеттік кеңесшіге ханның сәлемін жеткізіп, қызметімді көрсетуім де мен
үшін бір құрмет, мен оған бар ықыласыммен даярмын. Хан маған қасындағы
барлық нөкерлерімен бірге ризашылық білдірді.
Сосын жоғары мәртебелі император ағзамның денсаулығын және мемлекеттік
хатшы Иван Кирилловтың, полковник Тевкелевтің жай-күйін сұрап білді. Маған
орыс адамы деп қарайтынын, қоластындағылардың Орынбордан хабарлағанындай,
орыстар Орынборды тастап кетіп жатыр деген қауесеттің жалған болып шыққанын
шын қуанып айтты. Бұдан басқа өз бағыныштыларының бүлікші Қылмекпен
одақтасамыз деген арам ниетіне осындай елші алып келген хабардың арқасында
тиым салынатын болғанына көңілі жайланғанын жасырып қала алмады. Осы жерде
мен хан алдында басымды иіп, тағы бір қошемет жасап жібердім, жоғары
мәртебелі патша ағзамның қару-жарақтарының Азов пен Қырымға қарсы
жорықтарда және Кубаньға байланысты жолы болып табысқа жетіп, даңқы жер
жарғанын, бәрі жоғары мәртебелі патша ағзамның билігіне бағынып жатқанын
сәтін тауып айтып қалдым. Осыны айтқан кезімде хан тым-тырыс отырып, бұл
хабарды аса бір ризашылық сезіммен тыңдады, сосын осындай зу етіп өте
шыққан әңгімелесуден кейін маған өз қолымен тамақ берді, қойдың етін ғана
асатып қойған жоқ, қымыз деген бір сусынды немесе жылқы сүтін ұсынды. Үш
сағаттай уақыт өткеннен кейін, маған шатырыма қайтуға рұқсат берді, кетерде
оң қолын менің оң иығыма қойып құрмет көрсетті, бұл олардың өз дәстүрі
бойынша үлкен мейірімділіктің белгісі екен. Мені жиырма жігіт шығарып
салды.
Ханнан үш адым жерде орталарындағы қойдың майынан жасалған шамды
жағалай оның билері орналасқан. Киіз үйдің қақ ортасында ыдыс аяқ жуатын
астауға ұқсас сыйымдығы төрт шелектен үлкендеу бір ағаш тегене тұр, оның
іші толған сусын, жылқы сүті немесе қымыз. Киіз үйге кірген сәтте-ақ хан
маған бүгінгі кеште көңіл көтеріп отыруым керек екендігін айтпай білдірді
де, өзінің қатарынан орын ұсынып, қасына отырғызды. Сосын маған өз қолымен
қымыз ұсынды. Осы жерде мен өзіммен бірге ала келген сыйлықтарымды бердім,
атап айтқанда оларым мыналар еді:
1) ең алдымен Орынборда жүрген Ералы сұлтанның портреті;
2) алтын жіппен гүл салып кестеленген жайнамаз;
3) бальзам құйылған күміс құты;
4) ішіне бір дөңес линза және мың дана тігін инесі салынған алтынмен
әдіптелген әмиян;
5) төрт пар ағылшын пышағы және төрт айна.
Осы сыйлықтардың ішінде алғашқы екеуі бәрінен қатты ұнады. Әсіресе
ұлының суретіне қанша қараса да көзі тоймаған шешесінің қуанышы алабөтен
еді; көзінің жасын төгіп жіберіп, суретті сүйе берді. Бұл портретті оның
үстіне патша ағзамның ең жоғарғы бұйрығы бойынша салғанымды айтуды ұмытып
кете жаздаппын, бұл да үлкен рақымшылық ретінде қабылданды, сондықтан бұған
бәрі де шын жүректен қуанды, шексіз рақатқа бөленген шешесінің жөні бөлек
еді, аса зор ризашылықтың белгісі ретінде ханшаның өзі өз қолымен
шымылдықтың астында отырып бір кесе қымыз ұсынды. Бұған қоса осы жолы ұсақ
туралған жылқы және қой етін жеп отырдық. Артынан ханша менен орысша
билеңізші деп қиылып сұрап қоймады. Мен ондайды білмеуші едім, ал немісше
билеу үшін қасымда өзімнен басқа бір әйел болу керек деп кешірім сұрадым.
Бұл сөздің аяғы басқа бір әңгімеге жалғасты да, ол менен қанша әйел, қанша
балам бар екенін сұрады. Бұл сұраққа жауап бергенде, мен шындықтан аттап
кете алмай, әлі үйленбегенімді және соған байланысты балаларымның жоқ
екенін айттым. Бұл сөзіме олар түсіне алмай, қатты таңғалды, оларда бұған
ешкім түсінбес те еді, өйткені олардың ойы бойынша адам бала-шағасыз өмір
сүре алмайды. Мен оларға бойдақтық өмірді дәріптеп әбден дауластым, олар
менің сіңірі шыққан кедей емес екенімді көрген соң ханша: Еуропада қатын
тапшы болар және сондықтан өте қымбат болу керек, бұл жерде біздің арзанға
алатын артықшылығымыз бар, бой жетіп отырған жап-жақсы қызды, о тәубе,
жиырма-отыз биеге сатып алуға болады деген ойды айтты. Осындай бір келісім
жасалғанда, жылқы малының маңызы зор болады, өйткені олар ақша дегеннен
хабары жоқ, оны түсінбейді де.
Хан бұл сөзіме өз адамдарының тамақ ішкенде, рас, шапшаң
қимылдайтынын, осыған сай жұмысты да тез қайыра салуға тырысатынын айтты.
Хан қымыздан әжептәуір ішіп қызара бөртіп отырған бір сәтте бұлардың түпкі
ойы жөнінде тамырын басып байқап көргім келді де, қырғыз ұлтының
адамгершілік ізгі қасиеттерін бұған дейін бірде бір рет көрмесем де, шектен
тыс мақтай жөнелдім. Бұл сөзіме хан соншама масаттанып кетіп, менен әлемнің
әр жерін кезіп жүрген адам ретінде біздің ел туралы ойың қандай, шыныңды
айтшы, осы біздің елден артық ел көрдің бе деп сауал тастады. Жоғары
лауазымды адамнан қойылған сұраққа өз дәрежесінде жауап беру керек болды.
Осындай жағдайда бір әрекет істемесем болмайтынын байқадым да, ханның
бәйбішесінін айрықша сеніміне ие болудың және бір дегеннен шапағатына
бөленудің жолын іздедім. Сол себептен алдын ала дайындап қойған және
өзіммен бірге алып жүрген бояуларым мен осы жерге алып келген былғарымды
қолыма алдым да, аз уақыттың ішінде ханның суретін қолмен өте сәтті салып
шықтым. Осыған қатты риза болған ханның бәйбішесінің аузынан қарап
отырғанда менің салған суретім мен өзінің зайыбының ұқсастығы сондай, екі
тамшы су да дәл осындай ұқсамас деген сөздер шықты. Осылай екеуін
салыстырып жүргенде бірталай уақыт өтіп кетті, қымызды да біраз еңсеріп
тастадық, мәре-сәре болып жүріп, талай қызық әңгіменің басын қайырдық. Түн
ортасы болғанда, хан маған шатырыма қайтуға рұқсат берді.
Осы айдың жиырма тоғызы күні тағы бір рет зеңбіректен оқ атылды, дәл
осы күні қасындағы қырғыздарын ертіп Байбек келген еді. Ол Рубек есімді бір
башқұрт жігітін ерте келген еді. Бұл жігітті өткен жылғы көктемде
подполковник Тевкелев Сібірден қалмақтың қонтайшысына, одан әрі Әбілқайыр
ханға жіберген, ол жақтан мемлекеттік кеңесші Иван Кирилловқа бару жөнінде
бұйрық алған болатын. Осы жерде маған қатысты мынадай бір таңданарлық оқиға
болды, мемлекеттік кеңесші маған Орынборға апар деп мөр басылған бұйрық
тапсырды. Осы бұйрық бойынша маған қанша ат керек болса, соншасы берілу
керек екен.
Орынборға келген соң, осы бұйрықты мен комендантқа ұстаттым. Бұйрықтың
мазмұнына қарамастан, мен ат алатын болдым ба деген сұрағыма, сол сәтте
подполковниктен бұл жөнінде қолымда ондай бұйрық жоқ деген жауап алдым.
Амалсыз үндемей ғана өз қаражатыма жалға бес ат алдым.
Қазан айының екісі күні қайыққа мініп, жоғалып кетті деген лейтенант
Карамзин келді. Қайықтың ескегінде өзі отыр, жалғыз, үстіне кигені кенеп
китель. Атым өліп қалған соң, сәл кейіндеп қалдым, амалсыз осы қайықпен
қуып жеттім деген сылтау айтты.
Қазанның үшінде подполковник Чемодуров бір жүз қырық кісіден тұратын
командасымен түстен кейін жол жүретін болды. Келесі күнге дейін қала
тұрайын деп одан рұқсат сұрадым, ол келісімін берді.
Төртінде мен Жайық қаласынан аттанып кеттім де, сол күні кешке
подполковникті Шаған өзенінде қуып жеттім. Бұл өзен Жайық қаласының қасында
Жайық өзеніне келіп құяды. Жайық қаласынан шыққаннан бастап жол бойы жазық
немесе шөл дала, қылтиған бір ағаш жоқ, адам баласы тұра алатындай не бір
жалғыз үй, не бір басқа баспана көрмейсің.
Алтысы күні бізге отанына қайтып бара жатқан, босатылған екі жүз казак
жігіті кездесті. Жолда жігіттер думандатып келе жатты, өйткені олардың
ішімдігі әлі таусылған жоқ еді. Осы сапарда кішігірім өзендер жайында
байқағаным: 1) Грязнуша Солоннаға құяды, 2) Солонна Шағанға құяды, ал 3)
Шаған, жоғарыда айтылғандай, Жайыққа құяды. Жол-жөнекей қырғыздардың бәрі
менің мойнымда болды. Подполковник оларды, унтер-офицердің жиырма бірінде
берген мәліметі бойынша, үш қайыққа ауруларды мінгізіп алып бара жатқан
біздің солдаттарға шабуыл жасаған осылар деп кінәлады. Бұл жолы оларды
бұлай кінәлауға негіз жоқ еді, өйткені мені Орынборға одан қайтадан кері
қарай алып жүрген Байбек жиырма тоғызыншы қыркүйекте Жайық қаласына
келгенде жағдайдың мүлде ондай емес екенін нық сеніммен айтқан болатын.
Бұлар түгелдей маған сенді, сөйтіп мені паналады, мен оларға арақ, ет, нан
бердім.
Қазанның тоғызында біз Отынсырт тауынан өттік. Таудың бір жағы
жапжазық жер екен, жоғарыда аталған кішігірім өзендер осы жағымен барып
Жайыққа құйса, таудың басқа беткейіндегі Ертіс, Қаралық және Моша өзендері
Еділге құяды және осы өзендердің бәрі әлгі таудан басталады екен.
Он үші күні біз Самара өзенінен өттік, ол да Еділге құяды. Жайық
қаласы мен Самараға дейінгі ара қашықтық екі жүз алпыс шақырым. Самараға
келген сон тағы бір тұратын үй іздедім. Осы қаладан жерлестерімді
кездестіріп қалар ма екенмін деп сұрастырып жүрдім. Біздің экспедицияда
істейтін ұлты ағылшын теңіз капитаны Эльтон есімді жерлесімді және ағылшын
саудагері Хоугты тауып алдым. Мені көргеніне олар қатты қуанды, менен екеуі
де қолдан келген құрметін аяған жоқ, осыдан кейін жол азабын, уайым-
қайғыны, көңілсіздікті ұмытып, бойым бір сергіп қалды.
Он төрті күні Орынбордан келген Пальтов есімді лейтенант капитан
Эльтонды жаман қорлады, лейтенант Пальтов мас болып келіп, Эльтонды өзінің
жеке үйінен қуып шықпақшы болды.
Он алтысы күні мені бір орыс князі қонаққа шақырды, генерал
Чернышевтың қызына үйленген екен, князьдің есімі — Белосельский. Бұл кісі
мені өте жақсы күтті, реті келгенде менен Орынбордың жай-жапсарын және
сапарым туралы сұрап отырды. Ақсүйектер рухында тәрбиеленген бұл кісі маған
көп құрмет көрсетті; бұған дейін сапар кезінде әр түрлі адамдардан мұндай
құрметтің жұқанасын да көрмеп едім, сондықтан мен оған өте қарыздармын.
Жиырма бірі күні мен подполковник Чемодуровпен қоштастым, өйткені мені
капитан Эльтон мен саудагер Хоуг, Вахтлер есімді тағы бір неміс хирургі
алты шақырым жерге дейін шығарып салды. Келесі күні түстен кейін мен
Красноярға келдім, ол Самарадан жиырма үш шақырым жерде, Кама сырты
(Закамский) шебінің бас пәтері осы жерде, бұл шептің ұзындығы төрт жүз
шақырым, башқұрттарға қарсы жасалған және он бес шақырым сайын бір бекініс
салынған...
Қазанның жиырма алтысында мен шуаштардың Камаюр деп аталатын селосына
келдім және осы аттас кішкентай өзеннен өттім.
Жиырма жетісі күні жүк таситын қайыққа мініп Еділден өттім, сөйтіп
мемлекеттік кеңесші Иван Кирилловқа аман-есен жеттім. Ол сол кезде
Самарадан бір жүз сексен шақырым жердегі Симбирскіде болатын.
Менің келгеніме ол қатты қуанды, өйкені мен оған барлық тауып алған
тастарымды, кен қазбаларымды және басқа сирек кездесетін нәрселерімді
көрсеттім. Қырғыздарға және башқұрттарға барған сапарларымнан ала келген
және ептеп-септеп Иван Кириллов менен алып алған тастарым туралы да осы
жерде бір мәлімет беріп кетейін, олар айтуға тұрарлық та еді:
1) Салмағы 28, 12 килограмдық мөлдір ақ асыл тас. Бұл тас Самарадан
патша ағзамға жіберілген болу керек.
2) Үлкендігі жаңғақтай мөлдір сары тас, оны да мемлекеттік кеңесші
патша ағзамға жіберген болу керек.
3) Мөлдір жасыл тас, изумрудқа қарағанда жасылдығы қоюлау және өзі
сонша қатты емес.
4) Ерекше әсем агаттың бір бөлігі, Иван Кирилловқа тарту еттім, оны да
патша ағзам алған.
5) Теңдесі жоқ жасыл яшма, Иван Кириллов мұны да менен алып алды.
Осындай әсем де асыл тастарды таптым деп мақтанып кетпей мәлімдеме
жасауға тырыстым. Оларды тиісті жерден іздеп табу үшін де құлшыныс, еңбек,
тәжірибе керек. Мемлекеттік кеңесші бұл жөнінде және менің қырғыздардағы
барлық табыстарыма қатты қуанды. Бірақ соңынан маған берген уәдесін неге
орындамағанын және менің атқарған қызметім жөнінде мәлімет беру үшін Санкт-
Петербургке неге жібермегенін түсіндіре алмайтын. Дегенмен менің осы жерге
келгенімнің өзім үшін біраз пайдасы тиді. Мемлекеттік кеңесші Иван Кириллов
бүгінде марқұм болып кеткен әкемнің жазған хатымен таныстырды. Мен оны оқып
шыққанымша асықтым. Оны оқығанда сорлы басымның байқағаны, әкем барлық дос-
жарандарым сияқты жарты жыл бойы мені жоқтап қайғырып жүріпті, осылай қайғы
жұтып жүргенде, наурыз айында Орал тауларында дұшпан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz