ӘБІЛХАЙЫР МЕН АБЫЛАЙ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
ӘБІЛХАЙЫР МЕН АБЫЛАЙ 3
Әдебиеттер 16

1. ӘБІЛХАЙЫР МЕН АБЫЛАЙ

КІРІСПЕ

ӘБІЛХАЙЫР МЕН АБЫЛАЙ

“Ана тілінің” 1-санында Сабыржан Шүкірұлы аса көкейкесті тарих
проблемаларын қозғаған екен. Әрине осы мәселелер болмас еді Тарих
институтінің директоры белсенділік көрсеткенде. Ресейдің “Банк империалы”
жасаған Ақсақ Темір туралы рекламасы біздің тарихымызды да, Шоқан
Уәлиханов аруағын да аяққа мықтап басты. Бірнеше жылдар бойы Қазақстан
телеканалдарынан түспей қойды. Соған Тарих инсититуті директоры марқұм
М.Қозыбаев реплика беріп тоқтатқанда болар еді. Көз көрекі Қазақ ханы
Есімнің өшпес ерлігін Ақсақ Темірдің атымен бүгінгі ұрпағымыздың мыйына
құйды.
С.Шүкірұлының мақаласында бір-ақ кемшілік бар, Ол Әбілхайырдың
Ресейге бодан болғаны туралы. Бұл жалғыз С.Шүкірұлының қатесі емес, ХІХ-ХХ
ғасырдағы бүкіл елдің қатесі. Қазір ондай қатенің келмеске кеткеніне 6 жыл
болды, яғни Әбілхайыр туралы шындық 180 градусқа бұрылды. ХҮІІІ ғасырдағы
тарихымызда Әбілхайырдан ұлы және биік тұлға жоқ. Бұл тарихтың ақиқаты.

Кеңес өкіметі заманындағы көп айтылған жалған тарихтың бірі
“Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы” болатын. Бұл айқайдың 80-ші
жылдардың басында үдеп кеткені соншалық, ақыры сонша дақпырт жасап 250
жылдық тойын Алматыда дүбірлетіп өткізген еді. Жалпы “өз еркімен қосылды”
деген жорамал қағиданың өзі сол кезде қалыптасып еді. Осы дақпырттың
шындықтан алыс екенін қазақ елінде екінің бірі білетін, алайда баспасөз
бетінде пікір білдіру мүмкін емес еді. Сондықтан ауызекі әңгімеде ғана
айтылатын. Қазақстан мемлекет басшыларының тоғышарлығы мен немқұрайлығы
соншалық, тіпті сонау 1960 жылы ақталған А.Байтұрсынов М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, М.Дулатов сынды қазақ елінің көсемдерін жарыққа шығармады.
Оның есесіне жаңағыдай ақтаңдақ жалған тарихты үдетуге атсалысты.
1989 жылдың ақырында Перестройка науқанының дағдарысқа ұшырай
бастаған кезінде Жұмабаев, Байтұрсынов және Аймауытов кітаптары жарық көріп
қазақтардың төбесін көкке жеткізді. Оның өзі 1986 жылы Қазақстан мемлекет
басшыларының ауысып, желтоқсан оқиғасынан кейін қазақтардың ауызы ашылып,
өзіне керегін талап ете бастағанының нәтижесі еді. Қалай болғанда да
Колбиннің осындай жақсылықтарын ұмытпауымыз керек...
1991 жылы Х. Досмұхамедұлының “Аламан” атты кітабы жарық көріп,
жоғарыда айтылған “Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғанын” түгелдей
келмеске кетірді. Бұл кітап репрессиядан бұрын 1923 жылы Ташкентте
шыққандықтан көне көз қарттарымыз білгенмен кейінгі ұрпақтың хабары жоқ
еді. Мысалы жазушылардың ішінде Тахауи Ақтанов: - “өз еркімен қосылу” және
Әбілхайыр хан туралы жазылып жатқан дақпырт туралы – шындыққа он қайнаса
сорпасы қосылмайтын өтірік екенін ашықтан ашық айтатын еді.
Х.Досмұхамедұлының еңбектері жарық көрген соң Кіші жүз бен Орта жүз
қазақтарының Ресейге өз еркімен қосылғаны жалған болғандығын білген соң,
жанталасқан Қазақстан тарихшылары айыптың бәрін Әбілхайыр ханның бойынан
іздеді. Себебі Кеңес өкіметі заманында оны прогрессивный хан деп мақтап
жазатын.
Көп ұзамай қазақ тарихшылары, соның ішінде зерттеуші тарихшылар
шындыққа көз жеткізді. Шындықтың ащы болатыны рас, бұрынғы айтылып келген
жалған тарихты 180 градусқа бұрып жібірді. Осыдан кейін бұрынғы Әбілхайырды
жеріне жеткізе жамандап, Абылайды асыра мақтап жазғандар қателеріне көзі
жетіп, аяқтарын тартып алып үнсіз қалды...Алайда тарихты зерттемеген
тарихшылар бұрынғы бағытпен мақалаларын да, оқулық кітаптарын да жарыса
шығарып жатты. Мысал үшін айтсақ 1999 жылдан бері талай рет баспа бетін
көрген Г.Канның кітабы және биыл шыққан Г.Қ.Кәдірқұлованың оқулық кітаптары
ж.б... Сондай-ақ И.Ерофееваның кітабында(1999) сонша жылғы құнды зерттеу
болса да, негізгі кемшілігі Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы шындық тарих
ашылмай қалған.
Ерофееваның Абулхаир... атты құнды зерттеуінде бұрынғыдай Қазақ
мемлекетін құлатқан жоңғарлар екені қайталанады. Және Кіші жүз бен Орта
жүздің бір бөлегінің Ресей қол астына бағынуын “Под патронатом России” деп
жалған дәріптеп жазған. Солай болған күннің өзінде Қазақ еліне Ресей
ешқандай көмек бермегенін, керісінше бұрынғыдай шығыстан жоңғарды, батыстан
казачьи әскерлермен бірге қалмақтарды айдап салып отырған Ресей саясаты
туралы ештеңе айтылмайды. Біз бұл жерде Қазақ мемлекетін құлатқан Жоңғар
емес, Ресей екені бұл күнде ешкімге де құпия емес екенін қайталап айтуға
міндеттіміз. Бұл мәселе туралы, сонау қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі
тұсында да В.А.Мойсеев: “...Как бы ни были тяжелы последствия джунгарских
вторжений в Казахстан, результаты наших многолетних исследований
свидетельствует, что никогда угрозы физического уничтожения казахского
народа джунгарами не было...” 1– деген пікірі тарихи шындыққа дәл
келетінін айтуға міндеттіміз...
Алайда, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылмағаны ешкімге құпия
болмаса да, көп зерттеушілердің Әбілхайырға күдіктенгені рас. Оның себебі
- Досмұхамедұлы және басқа алаштың лидерлері, сондай-ақ басқа зерттеушілер
(Крафт ж.б.) Әбілхайырдың 1730 жылы жазған хатының түпнұсқасын көрмеген
еді. Барлық қате осыдан басталды. Барлық зерттеушілер оның орысша
аудармасын пайдаланып келді. Түпнұсқаны көрген соң тарихшылар санын соқты.
Бүгінгі ұрпақ осынау масқараны көрсін және білсін-деп белгілі тарихшы
Амантай Исин сол тарихи хаттың түпнұсқасын және орысша өтірік аудармасымен
салыстырып сонау 2001 жылдың басында “Абай” журналына шығарған еді2-саны.
Соны осы уақытқа дейін Қазақстан тарихын жарыса жазып жүрген тарихшылардың
көрмегені қалай?-демекпіз.
Ол тарихи хатта бодандық туралы әлде Ресейге қосылу туралы ештеңе де
жоқ, ондай әңгіменің болуы да мүмкін емес еді. Себебі 1709 жылдан бері
Әбілхайыр хан болып басқарған Кіші жүз елі өз шегарасын қорғап Ресеймен 150
жыл бойы соғысқан еді. Сол соғыстың соңғы 30 жылын және келесі Ресеймен
болған 150 жылдық соғыстың 18 жылын, Әбілхайыр өзі басқарды. Сондай адам
Ресейге бас иіп бодан болуы әрине мүмкін емес. Себебі Ресей бодандығындағы
туысқан башқұрт халқының жағдайын Әбілхайыр өте жақсы білетін еді ... Сол
хаттың мазмұны Ресей қоластындағы туысқан халық башқұрттармен бұрынғы
достық жағдайды орнату үшін ғана жазылған еді. Сол хатты алып кету үшін
башқұрт өкілі Алдарбай келмегенде ондай хатты Әбілхайыр ешқашан жазбаған
болар еді. Алдарбайды жіберіп отырған патша әкімдері болатын...
Алдарбайдың Әбілхайыр ордасына келуі өздігінен емес, оны осы мәселе
үшін әдейі жіберген Ресей өкіметінің басшылары. Біз осы жерде кішкене
шегініс жасап Қазақ-башқұрт қатынасына шолу жасайық...
Татар мен башқұрт халықтарын ХҮІ ғасырдың ортасында Иван Грозный
жаулап алып Ресей құрамына кіргізген еді. Осы екі халық Қыпшақ мәдениетінің
жалғастырушылары және ежелден көрші аралас құралас болса да екі түрлі
халық, және екі түрлі тағдыры бар. Мысалы башқұрт халқы ХҮІІІ ғасырдың
ақырына дейін Ресей бұғауынан босану үшін қаншама рет ұлт-азаттық
көтеріліске шықты. Олардың арасынан елін, жерін қорғау үшін көптеген халық
батырлары шықты. Солардың ішінде біздің халықтың көп білетіні -Салават
Юлаев, 1770 жылдардағы Пугачев көтерілісіне белсене қатысқандардың бірі...
Бірақ, татар елі ешқашан Ресей отарлығына қарсы күреспеген халық.
Сондықтан олар патша өкіметіне өте сыйлы болды және басқа халықтарды
отарлауға Ресейдің оң қолы бола білді. Тевкелов секілді татарлар Ресейдің
дипломаттық қызметін жақсы жүргізу үшін қазақ еліне барғанда өзін
башқұртпын деп таныстыратын болған. Себебі қазақтар башқұрттармен дос,
сыйлас, тағдырлас халық...
Башқұрттардың Ресейге қарсы кезекті көтерілістерінің бірі 1707-09
жылдары болды. Соған көмектесуге Әбілхайыр батыр үш мың әскермен келді.
Сонда башқұрт халқының күресі көп жеңіске жеткен себепті, аса ырза болған
башқұрт елінің игі жақсылары Әбілхайырға -Біздің ханымыз бол-деп шын
жүректен жалынған еді...Әрине Әбілхайырды мұндай құрмет жай қалдырмаған болуы
мүмкін. Алайда ол 1709 жылдың күзінде Қазақ билерінің шақыртуымен Түркстан
жаққа кетіп қалды да, Башқұрт көтерілісі жеңіліске ұшырады...
Қазақ билері Әбілхайырды текке шақыртпаған екен. Қазақ елі
басшыларының сол жиналысында екі үлкен мәселе қаралды. Бірі Жоңғар
шабуылына қарсы күш біріктіру болса, екіншісі Әбілхайырды Кіші жүз ханы
етіп сайлады. Бұрын Кіші жүзде хан болған жоқ еді, орталық хан билейтін
еді. Алайда, соңғы он жылда Ресей тарапынан Жайық казактарының шабуылы
қатты күшейді. І Петр Еділ қалмақтарына Аюкені хан қойып және оларды тісіне
дейін қаруландырып Кіші жүз жеріне шабуылды үдеткелі 15 жылдан асып барады...
Осынау қырғын соғыста қазақ жерін қызғыштай қорғап, батырлығымен,
жанкештілігімен және ұйымдастыру қабілетімен көзге түскен Әбілхайыр
болатын... Сөйтіп Әз-Жәнібектің Сүйік деген баласынан тараған ұрпағы
Әбілхайыр алғаш рет Кіші жүздің ханы болды. Ол енді Кіші жүз жерін хан
болып басқаратын және қорғайтын болды...
Осылай башқұрттар мен қазақтар арасындағы тағдырлас достық қатынастар
жалғасып жатты. Себебі екеуінің де қарсыласы, яғни ата жауы Ресей болатын.
Сондықтан Ресей басшылары қалай болмасын екі халықтың арасындағы мызғымас
достығын бұзу үшін неше түрлі айла –шарғыны көп жылдар бойы жасады. Мысалы
түнде барып казачьи отрядтар башқұрт ауылын шабады, кісілерін өлтіреді және
малын айдап кетеді де жаланы қазақтарға жабады...Сонсоң башқұрттарға
көмектесіп қазақ ауылын шабады. Қысқасын айтқанда 1730 жылға дейін қазақ
пен башқұрттың арасындағы достық бұзылған еді. Әбілхайырдың жанына батқаны
да сол еді. Ал енді осы достықты қалпына келтіру үшін патша ағзамға хат
жазу керек -–деп башқұрт Алдарбай айтып келгенде Әбілхайыр алданып қалған
еді. Бұл 1730 жылдың маусым (июнь) айы еді...Ресейге керегі де сол еді. Хат
жазды деген факті бар, оның түпнұсқасын ешкімге көрсетпей, аудармасымен
келешекте талай қазақ төресін алдауға болады...
Башқұрттармен достық қатынасты Әбілхайыр жалғастыра берді. 1736 жылы
башқұрт көтерілісі бұрқ еткен кезде, патша өкіметі қазақтар мен
башқұрттарды және бір рет жауластырмақшы болып көп ақша бөлді. 1738 жылдың
ақпан айында Татищев сонда “Әрбір башқұрттың басын әкелген қазаққа 60
рубльден ақша беріледі. Кек алатын және байып қалатын жағдайыңыз бар”3-
деп қазақ еліне жар салды. Кейбір қылмысты істерді башқұрттан көріп жүрген
қазақтар осыны пайдаланып кек алмақшы және ақша таппақшы болған еді, бірақ
олардың бірде бірін Әбілхайыр жібермеді, керісінше ол бұрынғыдай башқұрт
халқына көмек берді.
Сонымен, осы уақытқа дейін орысша аудармасы арқылы 1731 жылдан бері
Қазақ елінің Кіші жүзі мен Орта жүздің бір бөлегі Ресейдің боданы болды-
деген жалған ұғым да келмеске кетті. Әбілхайыр хатының түпнұсқасын көрмесе
де, кезінде бұған талай ғалымдар күдікпен қарағаны рас. Мысалы белгілі
зерттеуші В.Я.Басин: “...широко употребляемый термин о подданстве
казахов...правомерен лишь на завершающем этапе присоединения Казахстана к
России”4- деп қазақ елінің түгелдей Ресей отары болғаны 1865 жылы Шымкент
пен Ташкентті алған кездерді көрсетеді. Шын мәнінде өмір бойы Ресеймен
соғысқан Кіші жүздің және оның әйгілі батыр ханы Әбілхайыр сынды тарихи
тұлғаның ата жауы етегіне жармасуының ешқандай қисыны жоқ еді. Тарихи
шындық оның 1748 жылы қаза тапқанынша Ресеймен соғысып өткенін көрсетеді.
Өзі жалынып, бодан болған адам осындай әрекет жасауы мүмкін емес. Біз бұрын
осылай күдіктеніп келдік, ал оны түгелдей дәлелдеуге Әбілхайырдың “тарихи
хатының” түпнұсқасын көргенде ғана қол жеткіздік...
Қысқаша айтқанда осы уақытқа дейін Әбілхайыр хан(1685-1748) туралы
қазақ елінде жалған пікір қалыптасты. Бұған көп еңбек сіңірген Ресей
империясы болса, соны түгелдей қолдаған Кеңестік тоталитарлық режим. Оған
негізгі тағылған жаманат –Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы-деген
жалған ақпаратқа қатысты мәселелер болды...
Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылмағаны туралы нақты документтер
1989 жылы Алаш ардагерлері ақталған соң жарыққа шыға бастады. Жоғарыда
көрсеткеніміздей 1991 жылы Х.Досмұхамедұлының “Аламан” атты кітабы жарыққа
шыққан соң бұл тақырып келмеске кеткен еді, алайда Әбілхайыр ханды түгелдей
ақтауға әлі бірнеше жыл керек болды. Ақырында Әбілхайыр Қазақстанды “өзі
хан болу үшін” Ресейге қосқан, яғни екі елдің арасындағы дәнекер емес,
керісінше өмір бойы Қазақ елін қызғыштай қорғап Ресейге қарсы соғысқан
ХҮІІІ ғасырдағы халықтың ұлы батыры болып шықты...
Жасыратыны жоқ қазақ арасында хан болу үшін Ресейге бодан болғысы
келген талай итаршылар әлде хансымақтар болды Мысалы Қайып, Барақ
секілділер, бірақ, олардың арасына Әбілхайырды қосу мүмкін емес...
Жоғарыда айтқанымыздай Кіші жүз қазақтары мен Ресей арасындағы қарым
-қатынастар, яғни қақтығыстар мен соғыстар- әрқайсысы 150 жылдан екі
кезеңге бөлінеді. Біріншісі туралы белгілі зерттеуші Мұрат Әбдіров:
“С конца ХҮІІ – начала ХҮҮІІІ в. Начинается ожесточенная и
кровополитная, длившаяся 150 лет, казахско-казачья война. С этого момента
вся история взаимоотношений казахов с яицкимиЖайық өзені казаками
заполнена взаимными набегами, враждой, захватом пленных и угоном скота.
Борьба шла не на жизнь, а на смерть, с переменным успехом, и в этой борьбе
не было ни победителей, ни побежденных, никто не хотел уступать.”5-деп
жазған болса, қазақ елінің басына Ресей тарапынан түскен соншама ауыртпалық
туралы: -“Многострадальная казахская земля обильно полита кровью наших
предков, отстаивавших право на мирную жизнь на древней, исконно своей
территории...”6- деп жалпы анықтама берген болатын.
Ал, екінші 150 жылдық ХҮІІІ бен ХІХ ғасыр қиын кезең туралы
Х.Досмұхамедұлы:
“Осы екі ғасырдағы патша өкіметінің жұмысы қазақты әбден бағындырып
алып, қазақты көпір қылып Азияға аттау болды. Қазақтың амалы таптайын деп
тұрған патша өкіметінен құтылу болды. Дәуірлеп келе жатқан орыс байларының
капиталымен жауласам деп, Кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен
жазылғандай болды”7-деп толық бейнесін берген -ді.
Жалпы қазақтың сыртқы жаулары шығыстан Жоңғар, батыстан Ресейяғни
казачьи отрядтар мен қалмақтар шабуылы болды. 1758 жылдан соң Қазақ елі
Жоңғардан құтылды. Оның есесіне Орта Азия хандықтары қазаққа Оңтүстіктен
бүйідей тиді. Бұл мәселеде олардың қазаққа шабуылы Ресеймен одақтастығын
көрсетті. Кіші жүздегі 26 тайпа ел Ресейге бодан болғысы келмеді. Соның
ішінде Маңғыстау, оны мекендеген “...адай секілді рулар шындығында патша
өкіметі Хиуа мен түрікменді алғаннан кейін ғана бағынды...”8. Әрине,
осындай қиын жағдайда қазақ еліне жан-жақты қысым көбейді. Жұт жеті
ағайынды деген осы. Мұнан кейін қазақтарға тек орыстармен ғана емес,
атамекенді қорғау үшін Хиуа хандығымен де соғысуға тура келді...
Сол жанкешті талай соғыстарда ерлік көрсетіп елімізді сыртқы
жаулардан қорғаған талай ерлердің аты қалды... Ел ерсіз болмайды, ер елсіз
болмайды ... Солардың жуан ортасында Қазақ елін Ресей шапқыншыларынан
қызғыштай қорғаған Әбілхайырдан үлкен тұлға болған жоқ...
1580 жылы құрылған Ресейдің Яйцкое(Уралское) казачьи войскосы ХҮІІ
ғасырдың ақырында Кіші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Керей хан - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі
Әбілхайырдың тарих сахнасынан көріне бастауы
Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті жайлы
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) - Ресей империясының вассалы ретінде
Ғасыр шайқасы - аңырақай
Қазақ хандары жайында мәліметтер
Xvi ғасыдағы қазақ хандығының саяи әлеуметтік және экономикалық дамуы
Пәндер