Әз Жәнібек хан заманы. (Әзіз Жәнібек хан, Джанибек хан, Шах Джани)



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Әз Жәнібек хан заманы. 3
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18

Кіріспе

"Өткенді білмейінше – болашақ бұлдыр" деген тарихтан тағылым алу
керек. Тарих - ұлы мектеп, ұлы ұстаз және ұзақ жол. Тарих – халық зердесі.
Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады.
Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі "Уақыт"
деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып ғасырлар тұңғиығына батып
кетті.
Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір
көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан
сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге
соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған
ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды".
Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз
оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек.
Себебі, ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-
қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті.
"Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі,
бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас –
азатыққа жасалған бір қадам.
"... Жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай... Егер сен, түркі халқы,
өз қағаныңнан, өз бектеріңнен жырақ кетпей, Отаныңнан жырақ кетпей, бірге
жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасында еш нәрседен
мұқтаждық көрмейсің. Ер жүрек халық - күшті халық. Бізге жеңіс әперген –
Отанымыз деп білу керек", - деп жазылған ежелгі Күлтегін жазбасында. Он бес
ғасыр бұрын жазылған бұл жолдау бүкіл тарихқа тән нәрсе сияқты. Яғни, бүкіл
тарихтан алатын тәліміміз, қысқаша айтқанда – "жұқаны бүктеу оңай,
жіңішкені үзу оңай".
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз күрделі де қызықты. Атап айтар
болсақ Қазақ хандығының негізін салған Жәнібек хан жайында болмақшы.

Әз Жәнібек хан заманы.

(Әзіз Жәнібек хан, Джанибек хан, Шах Джани)
Ел билеген уақыты: 1342-1357 ж.ж.

Ата-тегі: Әз Жәнібек хан Алтын Орданың ең күшті билеушілерінің бірі
Өзбек ханның ұлы. Өзбек хан Туличидан, Туличи – Мөңке Темірден (Күлік хан),
ол Тоқаннан, Тоқан – Батудан, Бату Жошыдан, Жошы Шыңғыс ханнан тарайды деп
адамзат тарихын Адам ата мен Хауа анадан бастап ХІV ғасырдың ортасында Ирак
пен Әзірбайжанды билеген Жалайыр әулеті Шейх-Уәйіске дейін баяндаған “Тарих-
и-Шейх-Уәйіс” кітабы жазады. Тарихшылардың айтуына қарағанда Өзбек Дешті-
Қыпшақты 40 жыл бойы билеген ең қаһарлы да, кемеңгер хандардың бірі. Ол
Алтын Орда көшпелілерінің мәжуси тіршілігіне ислам шапағатын сепкен ел
басы.
Әз Жәнібек ханды өзінің көзі тірісінде-ақ замандастары жоғары
бағалаған. Шыңғыс хан шежіресін жазған Өтеміс қажы “Өзінің әділдігімен,
әулиелігімен және қайырымдылығымен ел құрметіне бөленген Қазірет Жәнібек
хан, оған Алла тағаланың шапағат нұры жаусын, әкесінің орнына таққа келген
соң, бүкіл Дешті-Қыпшақта бұрын-соңды болмаған әділетті және қуатты билік
жүргізіп, әкесінен қалған ұлы державаны басқарды” - деп марапаттайды.
Шығыс тарихнамасының тағы бір айтулы еңбегі “Тауарих гузида –и нусрат
намэ” Жәнібектің “әз” атануы жөнінде:
“Бату ханның әйелдері мен кәнизәктері көп еді. Оның төрт ұлы болған.
Біріншісі – Сартақ. Сартақтың ұлы болған жоқ. Сартақ өлген соң Саин ханның
тағына хан болып Тукукан ұлы Туда Меңгу отырды. Осыдан кейін таққа Өзбек
хан келді, одан кейін оның ұлы Жәнібек болды, оны “ғазиз” Жәнібек атады:
Шах Джани Дәшт елінің жаны болған, оның тәні халық болса, ол халықтың
жаны болған, - деген сөз сол заманнан қалған” - дейді. Бұл жерде “Саин хан
тағы” деп Еділ бойы, Бату ордасы айтылып отыр.
Әз Жәнібек хан туралы жазбаша деректерді қазақтың ауыз екі шежіресі
толықтырады. Әз Жәнібектің Шығыс Дешті-Қыпшақтың этносаяси процестеріндегі
орнын түсіндіруге мүмкіндік беретін қазақша материалдарға көшейік. Ғұлама
шежіреші М.-Ж.Көпейұлы былай деп бастайды:
“Естіген құлақтың жазығы жоқ. Мен естігенімді жазамын. Біліп жазушыға
таласым жоқ. Сөздің өтірігіне нанба, келісіміне нан “Өтірігіне нанса болар,
келістіріп айтушысы болса” деп Әз Жәнібек айтқан екен”.
Әз Жәнібек хан туралы мәліметтердің көпшілігі қазақ ортасында әртүрлі
тарихи аңыздар, мысал сөздер мен билік шешімдерінің үлгісі ретінде
сақталған. Асан Қайғы мен Жиренше шешен сияқты қазақтың тарихи аңыздарының
белсенді кейіпкерлері туралы айтылатын қызықты аңыздар мен дидактикалық сөз
үлгілері. тәрбиелік мысалдар Әз Жәнібек атымен де байланысты, ал Әз Жәнібек
ханды тарихи тұлға ретінде қарастыратын болсақ қазақ шежіресінен артық ол
жайында ешкім де дұрыс мәлімет бермейді.
Қазақ жүздерінің терең тамырларына, құрылу тарихына арналған
шежіресінде М.-Ж.Көпейұлы былай деп жазады:
“Сонан соң (Алаша ханнан кейін) қазақ ноғайлының ханы Әз Жәнібек ханға
қараған. Ол қазақты өз заңына, бетімен жайылған қалпына жіберген. Ұлы жүзге
Үйсін аға деп Үйсіннен датқа сайлап, Жалайырдан оған көтермеші сайлаған.
Орта жүзге Арғын аға деп, Арғыннан датқа сайлап, Найманнан оған көтермеші
сайлаған. Кіші жүзге Алшын аға деп, Алшыннан датқа сайлап Жаппастан оған
көтермеші сайлаған. Қарап отырғанда бір бос әңгіме, шын-өтірігін, Құдайдан
басқа білушісі жоқ”.
ХХ ғасырдың басындағы қазақтың тағы бір ғұлама тарихшысы имам
Құрбанғали Халид қазақтың дәстүрлі үш жүздік жүйесінің құрылып,
қалыптасуына Әз Жәнібек ханның сіңірген еңбегі зор, - деп атап өтеді:
“Өзбектен соң ұлы Жәнібек хан халқын екіге бөледі. Исламды қабыл
етпегендерін өз “айын” (?) діндерінде қалдырып, мұсылман болғандарына ислам
шариғатын оқытудан бастады. Көшпелі мұсылмандарды үшке бөліп Ұлы жүз, Орта
жүз, Кіші жүз деп ат берген”.
Қазақ шежіресіндегі осындай мәліметтер “Шаджарат – ал - атрак” (ХV ғ.
орт.) сияқты жазба әдебиет деректерінде расталады. Дешті-Қыпшақ
көшпелілерінің негізгі бөлігі – ислам дінін Өзбек ханның және оның ұлы
Жәнібек ханның билеген тұсында қабылдаған. Осы оқиғалардың толық мән-жайын
жоғарыда аталып өткен “Шаджарат аль-Атрак” кітабынан кездестіреміз. “Бұл
Сұлтан-Мұхаммед Өзбек хан өзінің елімен, ұлысымен құдайдың рахымы арқасында
бақытқа жеткен уақытта, әулие Сейіт ата оларды Жаратушының құпия жарлығымен
және күдіксіз белгісі бойынша Мавераннахр аймағына ертіп келді, ал әулие
Сейіт атаға сенім білдірмей, адалдықтан бас тартқандар – сол жерде қалып,
“қалмақ” деп атала бастады, бұл сөздің мағынасы “қалуға бұйырылған”.
Сол уақыттан бастап осы себеппен келген адамдар өзбектер деп, ал сонда
қалғандары қалмақтар деп аталды.
Шежіреге қайтып оралайық. Құрбанғали Халидтің ойынша – ежелгі үш
жүздік жүйенің қайта жаңғыруы Әз Жәнібек хан атымен байланысты. Бірақ автор
шежіреге жаңа аттарды да енгізген. Мүмкін олар дәстүрлі аттардың өзгеру
нәтижесі болып табылатын шығар. Мысалы: үш жүздің ру басы Байқотан – Қотан
(Қыдан) Тайшы деген түп нұсқадан алынған, бұл Алаша хан туралы аңыздан да
белгілі. Сонымен қатар, Майқы би атауы да ежелден белгілі. Шежіренің
негізгі мәтіні, тіпті ұсақ элементтері ежелгі үлгілермен және М.-Ж.Көпеев
қолжазбаларында және басқа тарихшылар жазбаларындағы варианттарға сәйкес
келеді:
“Байқотан би Жәнібектің бірінші уәзірі болып, мұның тоғыз ұлы бартын.
Бәйбішеден жалғыз Үйсін, екінші әйелінен Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ,
Уақ, Керей. Үшінші әйелінен Алшын, Жаппас болатын. Байқотан би Шыңғыс ханға
уәзір ағзам болған Майқы бидің бесінші немересі... Жәнібек хан Байқотанның үш
ұлын үш жүзге әкім етіп, әрқайсысына тайпаларды бөлген. Үлкен ұл Үйсінге
“Ұлы жүз” атауын беріп, баласы Жалайырды оған найб (орынбасар) етті. Арғын
екінші ұл, оған “Орта жүз” атауын беріп, інісі Найманды оған көмекші етті.
Үшінші ұл Алшынға “Кіші жүз” дәрежесін беріп екі інісін жәрдемшілікке
бекітті. Жүзге бөлінген тайпалар өз аттарын сөйлемей жүзін ғана айтсын “ұлы
жүз еліміз” десіп, ұсақ аталарға бөлінбесін деп әсір берілді. Егер ұсақ
аталарға бөлінсе бірліктері кетеді, тыныштық болмайды деген. Осы әдет
Тоқтамыс хан мен әмір Темір уақиғаларына дейін келіп жетті. Тоқтамыс ханнан
соң Сарай үкіметінің қуаты кетіп Жәнібек хан жарлығы ұмыт болды. Содан
әркім өзінше кетті”.
Қазақтың бірнеше шежіре үлгілерінде айтылатын бұл ерекше қызықты дерек
Алтын Орданың жарқын жылдары Орталық Азияда көшпенділердің дәстүрлі саяси
және этникалық құрылымының қайта жаңғырғандығын дәлелдейді. Империяның
шексіз ұлғаюы, әлемдік державаға айналуы басқаруда тиімді әдісті
іздестіруге, ойластыруға әкелді. Империялық орталықты күшейтумен қатар,
кейбір аймақтарда, әсіресе көшпелі тайпалар үстемдік еткен өлкелерде
өздерінің дәстүрлі саяси институттарының қайта құрылуына жағдай жасады,
осыған байланысты Шығыс Дешті-Қыпшақ тайпалары өздерінің дәстүрлі үшке
бөлінуін қайта жаңғыртуға мүмкіндік алды. Біздің пікірімізше шежіре Әз
Жәнібек хан әрекетін біршама қарапайым суреттейді. Шындығында, барлық үш
жүзде Алтын ру әулетін, Шыңғыс тұқымының билігін нығайту мақсатында
Шыңғысқа жақын руларға бағыну ережелері енгізілді. Ұлы жүздегі рулық
иерархиялық құрылымының басына басшы қылып – жалайыр тайпасы қойылды.
Жалайыр тайпасы Шыңғыс ханға аса сенімді қызмет атқарды. Осы ортадан Шыңғыс
ханның әлемге әйгілі болған Мұкали гойон, Хантун – нойон, Кадан, Есур және
т.б. қолбасшылары шыққан. Жалайырлық әмірлерге Рашид-ад-дин өте жоғары баға
беріп, былай дейді: "Шыңғыс хан дәуірінде барлық жалайыр руларының арасында
Джат табынан шыққан Мукали гойон белгілі көсем әрі басшысы болған,
Шыңғысхан әскерлерінің сол жақ қанаты оның билігімен жүрді, оның ұрпақтарын
“гойон” деп атады, қытай тілінен аударғанда “ұлы хан” дегенді білдіреді.
Осы деректің дәлелі ретінде Ұлы жүз қазақтарынан жиналған М.Тынышпаевтың
материалдарына сүйенгенді дұрыс көреміз: “...дулаттар басқа ұлы ордалармен
салыстырғанда өзінің санының көптігіне қарамастан, жалайырдан төмен саналды
(олар Үлкен Орданың ¾ бөлігін құрады). Тойлар мен астарда үлкен
ордалықтардан жалайырды жоғары отырғызды. Оларға үлкендігін білдіріп қойдың
басы мен жанбасын берді. Жалайырдан кейін ошақты руы, - одан соң үшінші
орынды Үйсіндер (Дулат, Албан, Суан, Сарыүйсін, Шапырашты) алды”.
ХХ ғасырдың басына дейін өмір сүріп келген осы рулық иерархия өз
бастауын Әз Жәнібек хан енгізген тәртіптен, әкімшілік-саяси құрылым
үлгісінен алады. Әз Жәнібек хан реформасы сол дәуіріндегі ру-тайпалардың
салмағы мен өзара қарым-қатынасы жайлы тамаша мәлімет береді.
Орта жүздің “Жеті арысы” қатарында осы жүзге басшылық етуге ұсынған
тарақты руы аталады. Ұлы жүздегі жалайыр сияқты Орта жүздегі тарақты да
“Ноқта ағасы” деген атақты иеленеді, бұл атақ Одақ ішіндегі үлкендікті
білдіреді. “Ноқта” ұғымы кәдімгі ноқтаны білдіреді: ескі аңыз бойынша
"бірде жылқы үлесін алғанда қолында көп ноқтасы болған ол (жалайыр) өз
туыстарына қарағанда жылқыдан аттарды көбірек арқандап үлгерген“.
Орта жүздің әскери-рулық құрылымы туралы қызықты мәліметтерді М.-
Ж.Көпейұлы шежіресінен кездестіреміз, сонымен атар ол “ноқта ағасы” ретінде
тарақты руының ерекше статусын түсіндіруге де көңіл бөледі:
“Кешікпей Жанарыс (Орта жүздің ата-бабасы) алты ұлды болып, туған
балаларына алты қожаның атын қойыпты. Бәйбішеден төрт ұл туған. Тоқалдан
екі ұл туған.
Бәйбішеден: Қарақожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Момынқожа.
Тоқалдан: Ысмаил қожа, Қосым қожа.
Қара қожадан – Арғын туады.
Ақтамберді қожадан – Қыпшақ туады.
Дара қожадан – Қоңырат туады.
Момын қожадан – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
М.Х. Дулати – қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы
Қазақ хандығы (хү-хүііі)
Салқам Жәңгір хан
Орыс хан заманы. (Урус хан, Урус-хан узбеки, Ұрыс хан, Арыс хан, Өріс хан)
Қожа Ахмет Йасауи және Қазақ мәдениетi
Мұхаммед Хайдар Дулати заманы
Қадырғали Жалайыр
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Пәндер