К. Әзірбаев


К. Әзірбаев айтыс кезінде.
Өмірбаяны
Әзірбаев Кенен (1884 ж. т., Жамбыл обл. . Қордай ауд. ) -қазақ совет халық ақыыы, әнші, композитор. Қаз. ССР-інің сңбск сің. өнер қайраткері. Кедей семьядан шыққан. Жастық шағы жалшылықта өткен. 11 жасынан қолына домбыра алып, ән шырқаған. Оныд «Бозторғай», «Көк шолақ», «Базар, Назар» әндері бүкіл халыққа әйгілі. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан. Совет үкіметін орнатуға белсене ат салысқан. Қосшылар одағын ұйымдастырысқан. Ауыл Советтің төр ағалығына, 1921 ж. Қордайда ревком мүшелігіне сайланған. Жас Совет өкіметін нығайтута, Қызыл Армияны жасақтауға көмектескен. Сол жылдарда ол «18-жыл», «Октябрь», «Батырақтар әні», «Ленин бабам» сияқты өлең, әндерін шыгарған. Әзірбаев 1936 ж. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвадағы он күндігіне қатынасты. Келесі жылы Руставели тойьша байланысты Жамбылмен бірге Грузияға барды. Отан соғысы жылдары Әзірбаев үгіт, мәдениет бригадасын басқарады. Әзірбаевтің 50 жылдардағы ән-жырләры бейбітшілікке. Компартияға, туған халқына арналды. Әзірбаев ақындық айтысқа ерте араласқан. Ләтипамен (1921), Кенжеқожамен (1935), Әбдіғалимен (1943), Есдәулетпен (1963) айтысқан. «Қобыланды», «Манас», «Көрұғылы» дастандарын жырлаған. Өз жанынан шығарған «Әли батыр», «Қырғызбай- Кенебай - Кербез» т. б. дастандары бар. Әзірбаев - лирик ақын. Оның өлеңдері көбінесе әзі шығарған әндерге лайықты қоңыржай әуенді, сазды лирикалы болып келеді. Ол - әр қырлы, әр сырлы ақын. «Ол ән шығарып, сөзін жасайды (мұнда ол ақын - шәйір), сөзге шақтап әннің мелодиясын жасайды (мұнда ол композитор), сол мелодияны тиісті музыкалық аспапқа (домбыраға) қосып өзі орындайды (мұнда ол музыкант), ақырында, өзі шығарган әнін өз әуенімен салады (мұнда ол - әнші) » (Қарата-е в М., Әдебиет және эстетика, А., 1970, 152-53-6. ) .
Ақынның «Өлеңдер жинағы» (1947), «Әли батыр» (1951, қазақ, орыс тілдерінде), «Өлеңдері мен дастандары» (1952), «Әндері» (1955), «Өлеңдері мен дастандары және ән текстері» (1961), «Өмірімнің әндері» (1961), «Шығармалар жинағы» (1967), «Аңыздар сыры» (1969) атты кітаптары басылып шықты. Әзірбаевтің әншілік, ақындық, композиторлық болашағына оның әке-шешесінің, халықтан шыққан әнші-жыршылардың, домбырашы-күйшілердің әсері күшті болған. Әсіресе ол Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай сынды әйгілі әнші-әқын композиторлардан көп үлгі-өнеге алған. Әзірбаев өзінің ән творчествосының әлеуметтік бағыты мен музыкалық дарын-таланты жағынан халық мүддесіне қызмет етуге бүкіл өмірін арнаған қазақ музыка мәдениеті өкілдерінің революцияға дейінгі тобына жатады. Ол революцияға дейін шығарған көптеген әндерінде халық өмірін, еңбек адамдарының көңіл-күйін, арман-мүддесін үлкен көркемдік күшпен суреттейді («Шәй-шәй қойым, шәй, қойым», «Ой жайлау», «Бұлбұлға», «Мөртай» т. б. ) . Кейінгі жылдары оның ән творчествосынан шаттық рухтағы жаңа үн сезілді. Қарағанды кеншілерінің, Балқаш мыс қорытушыларының, Шымкент қорғасыншыларының, Каспий балықшыларының, Түрксіб т. ж. құрылысшыларынын; арасында болып, социалистік құрылыстың алып адымдарын, бақытты өмірдің ұлы жетістіктерін талмай жырлады. Әзірбаевтің бұл тұстағы әндерінен езушілік пен бұғаудан құтылған халықтың өзгеше жарқын көңіл күй серпіні, жігер-күш қарқыны, отаншылдық рухы байқалады («Октябрь», «Шаңқ етпе», «Колхоз әні» т. б, ) . ¥лы Отан согысы жылдарындағы Әзірбаев әндерінің тақырыбы әр алуан. «Біздің Отан жеңеді», «Елімнің ерке жастәры», «Сүйгенім-ай» т. б. әндерінде майданда да, тылда да ерлік ісімен көрінген совет халқының жігер күші, бірлігі, жауға деген өшпенділік сезімі суреттелсе, «Батыр Москва» әнінде қазақ халқының орыс халқына деген ыстық сәлемі, достық, туысқандық сезімі бейнеленеді. Ал «Ел қуанышы» деген әнде совет елінің ұлы жеңісі жырланады. Әзірбаев ән творчествосының негізгі бір саласы - қазіргі заман тақырыбы. Дарынды композитор Отан өміріндегі мәңызды оқиғалар мен тарихи кезеңдерге әрқашан құлақ түріп, оган өзінің ән творчествосымен үн қосып отырады. «Жайнады тыңым, жайнады», «Жас малшылар әні», «Айға ұшқан ақиық», «Қордай», «Қазақстан», «Қос батыр» сияқты әндері - осындай шығармалар. Әзірбаев 2 «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен наградталғән.
Әдебиеттер:
1. Жұбанов А., Замана бұлбұлдары, А., 1963;
2. Ерзакович Б. Г., Кенен Азербаев, М., 1961.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz