Абай Құнанбаевтың шәкірттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Абай Құнанбаев

(1845- 1904)

Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, классик ақын. Абай Құнанбаев бұрынғы Қарқаралы дуанына қарасты Шыңғыс тауының бауырында туған. Әкесі Құнанбай Өскенбай ұлы маңайындағы қазақ ауылдары байлары мен билерінің ішіндегі азулыларының бірі болады.

Абай Құнанбайдың үшінші әйелі Ұлжаннан туады. Ол Қаракесек руының шешендікпен, мысқылшылдықпен атағы шыққан «Шаншар» тобының қызы екен. Ұлжаннан Тәкежан ( Тәңірберді), Абай (Ибрахим), Ысқақ, Оспан деген төрт ұл туады.

Абайдың азан шақырып қойған аты - Ибрахим. Кейін шешесі еркелетіп «Абай» деп кеткен. Қазақта «абай» - «сақ», «көреген» мағынасында қолданылатын сөз. Біраз жұрт Абайды «Құнанбайдың Ыбырайы» деп те атаған.

Молдадан үш - төрт жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне апарып оқуға орналастырады. Ол - «мүтәкәлимин» аталатын дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия, дүниелік білім салаларын қоса оқыту да қажет деп тапқан ағымның өкілі болады. Соның медресесінде төрт жыл оқыған Абай мұсылмандық шығыстағы араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысып, соларға еліктеп қысқаша өлеңдер жаза бастайды.

Бірақ, Семейде Абай ұзақ бола алмайды. Оған әкімшілік жұмысынан қол үзуге айналған және тек дінмен ғана шұғылданып, Меккеге қажылыққа баруға жиналған Құнанбай себеп болады. Ол ел басқару істерінде өзінің орнын басады деп дәмеленген Абайды оқудан шығарып, қасына алады. Бұл Абайдың он үш жастағы кезі болса керек. Сол жасынан ел басқару ісіне араласқан Абай қазақ елінің білгірлері, тақпақшылары (ақындары), күлдіргілері, әнші - күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, қазақ халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлей бастайды. Сөздері ұтымды, билік шешімдері тұжырымды болады.

Абай шығармалары үш түрлі бағытта өрбиді: өзі шығарған төл өлеңдер, ғақлия ( нақыл сөздер ) аталатын прозалар және өзге тілдерден, әсіресе, орыс тілінен аударған өлеңдері.

Барлығы қырық бес «сөз», үш - төрт мақаладан құралатын прозалық шығармаларында Абай тарих, қоғам, дін, мәдениет туралы өз пікірлерін айтып, өз ұғымын білдіреді. Бірталай нақыл сөздердің сарыны кейбір өлеңдерінің мазмұнымен астарласады, бірақ прозалық шығармаларында ол өлеңдеріндегідей көркемдік дәрежеге көтеріле алмайды, ғибрат айтушы, ақылгөй адамдар дәрежесінде қалып қояды.

Жазу жұмысына жиырма жылдай шұқшия отырған Абайдың басына 1891 - ші жылдан бастап біріне - бірі ұласқан бірнеше қайғы түседі: сол жылы жақсы көретін інісі Оспан өледі. Бұл қазаны қалай қайғыруы Оспанға арналған өлеңдерінен байқалады. Осы қазаның күйігі басыла берген шақта, 1895 - шы жылы орысша әскери жоғары білімі бар, армияда офицерлік қызметте жүрген баласы Әбдірахман ( Әбіш) өледі. Бұл баласын « жаңаның алдына», өзін « ескінің артына » санаған Абай оған тіпті егіле қайғырғаны осы тақырыптағы көптеген өлеңдерінен байқалады. « Заман неткен тар едің, сол қалқамды қоймаған » деген өлеңді осы кезде жазады. Әбдірахманның өліміне көптеген өлеңдер арнайды.

Екі ауыр қазаны әрең көтеріп жүрген кезінде 1904 - ші жылы қатарынан екі қазаға және ұшырайды. Сол жылдың көктемінде орысша білім алып, офицерлік қызметте жүрген баласы Мағауя (Мағаш) опат болады. Мағауядан қырық күн кейін, Абайдың тұңғыш ұлы - Ақылбай қайтыс болады. Екі ауыр қазаны көтере алмаған Абай Ақылбайдан қырық күннен кейін, өзі дүние салады. Абайдың бейіті Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай аталатын мекенде, інісі Оспанның қасына жерленді. Ол арада қазір совет дәуірінде орнатылған күмбез мавзолей бар.

Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған « Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым - білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзетуге бет алғанын айтады.

Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп - сынайды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге юіл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Бұл - өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық, ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.

1886 жылы Абай « Ғылым таппай мақтанба», « Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.

Озық мәдениет пен ғылымды, білімді игерген жаңа адамның бейнесін ақын кейін өз ұлы Әбдірахман ( Әбіш ) өліміне байланысты жазған өлеңдерінде жасайды. « Ғылым оқып білгенше,

Тыныштық, тыным таппаған,

Дүниені кезіп көргенше,

Рахат іздеп жатпаған» Әбдірахманды ол «жаңа жылдың басы» санайды. Оның бойындағы бауырмалдықты, адалдықты, қарапайым мінезді басқа жастарға үлгі етеді. Оның «аз өмірін ұзартқан » ғылым деп ұғады.

Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері дәрежесінде көрінеді. Оның өлеңдерінен анық еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі. Өзі ел билеуші тап ортасынан шықса да, тарихи дамудың бет алысымен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқаты. Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп дос тұта сөйлейді.

Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерсе, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда да аса үлкен еңбек сіңірді. Олқазақтың жазба әдебиеті тілінің негізін салушы болып саналады.

Абай қазақ әдебиеті тарихында шыдықты жан-жақты көркем суреттей білген тұңғыш суреткер ақын болып табылады. Оның шығармаларында өз тұсындағы қазақтың қоғамдық өмірінің, халық тіршілігінің қайшылықты шындығы терең және көркем бейне табады. Ол өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір проблемаларын күн тәртібіне қоя білді. Сөйтіп, рухани өсіп, байыған Абай демократтық, ағартушылық бағытта қызмет еткен ұлы таланттар тобына кірді. Ол адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды ұрпағына өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады.

Бұл айтылғандар Абай шығармалары біз үшін аса қымбат мұра екндігін, оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін дәлелдейді. М. Әуезов Абайды « Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі » деп атауы да жайдан жай емес.

Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа түбегейлі қарсы тұруды мұрат тұтқан Абай қазақ халқын оятып, берекеге шақыру, елдің өмір сүру мүмкіндіктерін сақтап қалу үшін өлеңді қарау етті.

Абай өлеңдері бай филофиялық, күрескерлік қасиетке ие. Абай өлеңдерінің қамтылатын аясы өте кең. Көбі халықты кертартпа қасиеттерден арылып, ғылым, білім үйренуге жігерлендіретін, әрі жанға жайлы жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері ХІХ ғасырдағы « қазақ қоғамының айнасы » деп те аталып жүр. Ал, оның өзіндік өләң үлгісі кейінгі қазақ поэзиясының дамуына зор ықпал етті.

Бүгінде жер жүзіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан танып білуде. Абай шығармалары бүгін де, болашақта да өзінің өміршендік қуаты жойылмайтын мәңгілік туындылар.

Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді.

Сондықтан да өзі өмір сүрген заманнан бастап Абай шығармалары қазақ әдебиеті үшін үлгі, ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде жарық жұлдыздың қызметін атқарып келеді. Абай жолын алдымен өз айналасындағы шәкірттері - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай мен Мағауя Абайұлдары ұстанып, кейін ол кең өрісті даңғылға айналды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) - орны үлкен. Шәкәрім бұрынғы Семей облысы, Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туған. Құдайберді 37 жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған.

Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өленіңде 5 жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағаның жазады. Жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Оның ерекше зеректілігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады. Молда сабығынан басқа, орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым-білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньды ойнау, ән салу, саяхатшылық құру, сурет салу тағы басқа өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы - Құнанбай ауылының зиялы тобы ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтаған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.

Ақынның алғашқы жазған өлеңдері жастық, махаббат тақырыбына арналады. Бастапқы өлеңдерінен - ақ ол Абайдың тіл мәдениетін, ақындық үлгісін пайдаланады. Абай ағасынан ғылым-білім үйреніп, ақылын тындап қана қоймай, кісілікке де, азаматтыққа да үйренеді. Оның сынына түсіп, шығармашылық жаттығудан өтеді. Абайша еңбек етіп, өмір сүруді өзінің бірден-бір мақсаты санайды. Дүниеге көзқарасы да Абай ықпалымен қалыптасады. Жастай орыс, түрік, араб, парсы тілін үйренуге ден қояды. «Талпынып орыс тілін үйренумен, надандықтың тазарып кетті кірі» деп жырына да қосады. Осының арқасында ұлғая келе оқығанын сынай білетін ойшылдық танытады. Философиямен дін тарихына қатысты еңбектерді қадағалап оқиды.

1905-1906 жылдары Шәкәрім ел, жер тану сапарымен Араб, Түрік, Еуропа елдерін араулауға шығады. Меккеде болады.

Ұстазы Абай үйреніп, үлгі алған қазақтың төл әдеби нұсқаларын шәкәрім де жастай көкірегіне тоқып өскен. Қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар, адам тағдыры жайында сюжетті дастандар жазады. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек » сияқты лирикалық-эпикалық дастандар ақынның алғашқы табасы саналады.

1908 жылдан бастап Шәкәрім жалғыз өзі өз елінен жарықтау бұрын саятшылық мақсатпен тау арсына салдырған Саятқора деген қыстауына қоныс аударады. «Ойға оңаша жер керек » деп шығармашылық жұмыспен оңашаланып оқу, жазу мен шұғылданады. Бұл жылдары өте өндіре жазған. Патша үкіметі құлаған тұста Шәкәрім «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таны атты» деген өлеңдер жазады. Шәкәрім Құдайбердіұлы Қазан төңкерісіне дейін сыншыл реалист ақын ретінде қалыптасты. Идеялық мақсаты жағынан демократтық-халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытты ұсынды.

«Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім», деген Абай мектебінен тағылым алған, оның жолын жалғастырған Шәкәрім де екі жаққа бірдей назар салған. Абай білген Шығыс ақындарынан Шәкәрімде ерте оқып нәр алған. «Оятқан ерте мені Шығыс жыры» деп алғашқы өнеге мектебін нақты атайды. Классикалық тәжік-парсы поэзиясын да, ортағасырлық туыстас түркі әдебиетін де терең таныған ақынның айрықша қадір тұтқан ақындары Хожа Хафиз, Фзули, Науаи болады. Шығыс ақындарының шығармалары ертеден -ақ назиралық жолмен аударылып, қазақ арасына кең тарағараған. Шәкәрім Фзулидің «Ләйлі-Мәжнүнін» 1907 жылы қазақша жырлаған.

Шәкәрімнің қаламы арқылы Шығыс пен Батыстың бірқатар туындылары қазақ жұртына мәлім блоады. Шәкәрімнің үлкен еңбегінің бірі - орыс мәдениетін игеру жолындағы Абай дәстүріне беріктігі. Оның ақыл тоқтатқан кездегі бас алмай оқыған рухани азығы - ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің туындылары еді. Шәкәрім орыс ғалымдарының еңбектерін оқып, өзінің тарихи - философиялық, эстетикалық ой-тұжырымдарын қалыптастыруда пайдаланды. Шәкәрімнің интернациолизмі туған халқының тағдырына, оның болашағына деген перзенттік сенімінен бастау алады.

Абайдың реалистік дәстүрі- Шәкәрім шығармашылығының негізгі идеялық-көркемдік нысанасы. Шәкәрім реализмінің күші саяси, азаматтық лирикада айқынырақ көрінеді. Шәкәрім өлеңдеріндегі өзекті бір мәселе - ақынның еңбекке көзқарасы. Еңбек етіп мал табу - Абайдан бастап үзілмей келе жатқан тақырып.

Шәкәрім реализмі - Абай реализмінің заңды жалғасы. Ол да өз дәуірінің шындығын, қоғамдық құбылыстарды шынайы реалистікпен суреттейді. Өмір құбылыстарын шыншылдықпен бейнелеу ақын шығармашылығында сыншылдық сипаттың өрістеуіне жол ашты. Ол айналасындағы кемшіліктерді, адамдардың мінез-құлқындағы, әлеуметтік өмірдегі кереғарлылықты сынағанда, халқын надандықтан, келеңсіз атаулыдан арылтуға, экономкалық және рухани дамудың таза жолына салуға ұмтылды. Осы бағыт Шәкәрімді ағартушылық арнаға әкеледі. Болашақ дамудың бірден- бір жолы ғылым мен өнер үйрену, еңбек ету, бірлікті сақтау және озық елдерден үлгі алу деген тоқтамға келді. Бұл көзқарас Шәкәрімді Шоқан, Ыбырай, Абайдың идеяларымен сабақтастырады. Оның бір жаңашылдығы - оқу, білім, өнер іздегенде, талғампаздықпен таңдай білу деу, өзгелердің бәрі өнегелі бола бермейді деуі, бұл - бүгінгі ұрпақ үшін де қымбат ғибрат. Халық пен халықты, мәдениет пен мәдениетті жақындастырудағы еңбегі оның шығармашылығының интернационолистік сипатын аша түседі. Шәкәрім лирикасы мен поэмаларындағы философиялық терең ойшылдық пен поэтикалық көркемдік Абай дәстүрімен әрдайым үндесіп жатады. Ол оның бүкіл әдеби мұрасынан Абай іргетасын қалаған реалистік әдебиет дәстүрдің жалғастығы жарқырай көрінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаев(1845-1904) жайлы ақпарат
Қазақ поэзиясындағы Абай бейнесі
Абай Құнанбаевтың педагогикаға қосқан үлесі
Абайтану ғылымы
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абай Құнанбаевтың Қазақстан тарихында алатын орны
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ
Абайдың әдеби мұрасы
Абай әлемі: Абайдың қара сөздері. Аудармашылық мектебі. Ақындық мектебі жөнінде көтерілген айтыс, тартыстар (М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов еңбектері). Абай мұрасының зерттелу тарихы
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz