Әйтеке (шын аты Айтық) Байбекұлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ӘЙТЕКЕ БИ

Әйтеке (шын аты Айтық) Байбекұлы - Кіші жүзден шыққан шешен, атақты қазақ би.

Қазақтың рулық шежіресі бойынша, Жанарыстың арғы тегі Алшын, Алшыннан Сарыбас, Пұсырман, Шынғыр, Төртқара тараған. Төртқаралардан - Қарашы, Қарашыдан Сейітқұл тарайды. Сейітқұлдың жеті баласы болған. Осы балаларының біреуі - Самарқанд билеушісі Жалаңтөс батыр еді. Әйтеке -Жалаңтөстің немересі Ақшының үшінші баласы Байбектен тарайды. Ақшы мен Жалаңтөс батыр бір әкеден тарағанымен, шешелері бөлек болған.

Шежіренің басқа бір нұсқасында, Әйтекенің шығу тегін былай көрсетеді: Әлімнің алты ұлының біреуі - Қарамашақ болған. Одан төрт ұл тараған. Олар: Оразгелді, Ораз, Жаншүкір, Қараш. Қараштың Ақпан және Тоқпан - деген екі ұлы болған. Тоқпаннан - Тоғамыс, Шобан, Сейітқұл тараған. Сейітқұлдың үлкен әйелінен (сары кемпір) -Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша, екінші әйелінен (қараторы кемпір) - Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, Түркімен, Қоян туылады. Олардың барлығын "сегіз Сейітқұл" деп атаған. Ақшаның алты ұлы болған. Олар: Шал, Байбек, Қонысбек, Жоламан, Бекпенбет, Бекенші. Байбектен үш ұл: Кешубай, Қашқын, Әйтеке туылған. Көріп отырғанымыздай, Шежіренің екі нұсқасы да салыстырмалы түрде зерттеліп, талдау жасауды қажет етеді.

Әйтекенің қай ауылда, қай жерде туылғандығы туралы дәл мәліметтер жоқ. Бар деректердің өзі бір-біріне қайшы келеді. Бірінші Қазақ энциклопедиясында: "Айтық, Әйтеке би (XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басы) - Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарды. Ол Есім хан билігі тұсында әйгілі Самарқант билеушісі болған әйгілі Жалаңтөс батырдың немересі болған", - деп жазылған.

Қаражігіт бидің ауызша қалдырған шежіресі бойынша, Әйтеке Ташкент қаласына жақын жерде Келес көлінің маңында дүниеге келген. Ол сол кезде Ташкентті билеп тұрған Төле биден 18-19 жасқа кіші болған. Егер бұл мәліметке сүйенсек, Әйтеке шамамен 1681-82 жылдары туылған. Соңғы кезеңдерде жарияланған зерттеулерден, халықтың қайғы-қасіреті туралы айтылатын "Елім-ай" өлеңінің авторы Толыбай ақын екендігі анықталды.

Өлеңдегі Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек би есімдері бүкіл қазаққа танымал қоғам қайраткерлері. Ал, Ақсуат би - Әйтекенің өлімінен кейін Кіші жүзге би болған адам. Егер, Қожабергеннің айтқанына сүйенсек, Әйтеке1722 жылы, яғни "Ақтабан шұбырындыдан" бір жыл бұрын қайтыс болған деп жорамалдауға болады. Бұл дерекке сәйкес Әйтеке 1666 жылы туылған, өйткені, 1722 жылы 66 жаста болған.

"1729 - 1730 жылдары Ордабасы тауында болған құрылтайға, Әйтеке, Төле мен Қазыбек билер қатысты" - деген пікірге, жазушы Ә. Кекілбаев мынадай уәж келтіреді:"Халықтың басына ауыр күндер туғанда, олар неге сөзін үш жүзге өткізе алған, Шығай, Хақназар, Салқам Жәңгір хандар білген адамнан ақыл-кеңес сұрамаған? Ол қалайша өтіп жатқан оқиғаларға араласпай тыс қалып қойған? Соғыс туралы хабарды елдің бас көтерерлері Барақ сұлтан мен Әбілқайыр ханға жеткізгенде, солардың араларында Әйтеке би неге болмаған? Егер оған хабар берген күнде, неге ол жауап қайтармаған? Дұрысы, сол жылы Әйтеке би тірілердің қатарында болмаған.

Сол жылдары өмір сүріп, соғыс қимылдарына қатысқан Әбілмәмбет, Семеке, Әбілқайыр, Батыр, Барақ, Күшік, Абылай, Төле, Қазыбек, Бақар, Ханкелді, Қодар, Сатай, табын Бөгенбай, шақшақ Бөгенбай, қанжығалы Жәнібек, Әжібай, Арал, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, арғын Сырымбеттерге қатысты құжаттар мен жазба деректер бар. Тек Әйтеке биге қатысты осындай құжаттар жоқ. Бұдан шығатын түйін, есімі халыққа кең танымал адам, бұл қайғы-қасірет жылдарынан ерте қайтыс болған.

Оның зираты, Сейітқұл бабасы көшіп-қонған Қаратау мен Нұрат таулары арасында орналасқан".

Ш. Серікбаев деген автор, Жалаңтөс батырға қатысты Самарқант қабырғалары мен ортағасырлық басқа да ескерткіштерді зерттеу барысында, Ташкенттен оңтүстікке қарай 75 шақырым жерде, "Мың төбе" деген жерді, әрі ондағы "Сейіт баттал" және "Зеңгі ата" бейіттерін тапқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жерде Әйтеке бидің де зираты бар көрінеді. Оның зиратының басында еш белгі немесе құлыптас орнатылмаған, бірақ Қауыншы және Шиназ ауылының тұрғындары зираттың нақты қайда екендігін біледі екен.

Тәуке хан "Жеті жарғы" заңын қабылдағаннан кейін, әйгілі билердің ақыл-парасатын анықтау үшін, "Ауыр талас туғызатын мәселені қарастыру барысында, кімнің сөзі бірінші болу керек, жасы үлкеннің бе, әлде жас адамның ба?"- деп, шешімі қиын сұрақ қойыпты.

Ұлы жүздің атынан Төле би:

- Таудың ең шыңында тұрған адам, төрт жағында болып жатқанның барлығын көреді, ал төмен түсіп қарағанда, ол өзінің алды мен артында не болып жатқанын дұрыс аңғара алмайды. Сондықтан, оң мен солын таныған, алды мен артында не болып жатқанын білетінжасы үлкен адам бірінші сөйлеу керек, - деген екен.

Ал Орта жүздің биі Қазыбек, бұл сұраққа былай жауап қайтарған екен:

- Жасы ұлғайған, кәрі адам сот ісін атқара алмайды. Ол жасарын жасап, асарын асап болған адам, алда болатын іске немқұрайлықпен қарайды. Алайда, жас адам да сот ісін атқара алмайды. Оның бүкіл өмірі алдында. Сондықтан, алдында жасы үлкен ағасы мен артында ізін қуған кіші інісі бар орта жастағы адам істі жүргізуі керек.

Ең соңында сөз алған Кіші жүздің биі Әйтеке былай деген екен :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төле би Әлібекұлы (1663-1756)-қазақ халқының қоғам қайраткеpi, атақты шешен
Әйтеке Байбекұлы (Әйтеке би)
Төле Әлібекұлы
Әйтеке ( Айтық) би
Әйтеке би (1683 - 1722)
Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр
Әйтеке Бәйбекұлының өмірі және XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси жағдай
Әйтеке би Байбекұлы
Қазақтың билерімен батырлары
ҚАЗЫБЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz