Әбу Наср әл-Фарабидің ғылыми мұралары: философиялық көзқарастары мен ғылымдарды классификациялауы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әбу Наср әл -Фарабидің ғылыми мұралары

ЖОСПАР :

Кіріспе

  1. Әл-Фарабидің филасофиялық көзқарасы
  1. Дүненің мәңгілігі
  2. Танымның болмысқа тәуелділігі
  3. Ақыл- парасат туралы
  1. Әл Фарабидің ғылымдарды классификациялауы
  1. Тіл білімі және оның тараулары
  2. Логика және оның тараулары
  3. Матиматика және оның тараулары
  4. Табиғи және құдайы ғылымдар
  5. Құраннан туындаған ғылым немесе Фарабидің космогониясы
  6. Азаматтық ғылым және оның бөлімдері

III. Әл- Фарабидің физика, медицина, жаратылыстану, музыка, салаларындағы еңбектері

IV. Қортынды

Кіріспе

Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар каласы-950, Сирия, шам) - қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харрхан, Мысыр, Халеб, Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби - түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүр, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойынша қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамуы кезіне дәл келді. Әл-фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректерге сүйеніп айтқанда, 70-ке жуық тіл білген деседі.

Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метофизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, матиматика, медищина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстарының, әсресе Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің « Метафизика», «Катигория», «Бірінші және екінші аналитика» сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған) . Арабтың атақты ғалымы ибн Хаукалдің «Китаб әл-масалик уәлмамалик» атты еңбегінде және XIII ғасырда өмір сүртен ибн Халиканның өзінің «Уфиат әл-аианфи әз -заман» атты еңбегінде Әл- Фарабидің арғы таталарының аттары таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12-16 жас шамасында керунге ілесіп, білім іздеп, Бағдадға кетеді. Әл - Фараби дүниеге келгенге деін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен Ислам дінін қабылдған .

Отырарда ол кездегі санасы ашық әрбір мұсылман Ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Әл Фарабидің араб тілді ғалымдар санатына қосылуы осы кезден бастау алады.

Қасиетті Құран Кәрим тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әл -Фараби бүкіл Ислам ғылымдарына парыз болған иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрим мен Хадис Шариф -парыз Сүннет амалдарына негіздеуі) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеолоияның ықпалымен Әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетіледі. Әйтсе де, оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадур қолбасшы Мухаммад Ишхид ибн Туғыт Әмір ислам жолын бұзған «Қармат» елін талқандаған соң, Әл -Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп, «қажылық» жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әл -Фараби іштей қажылық етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелесті. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтыпты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Наср әл-Фараби: өмірі мен ғылыми-философиялық мұрасы
Әбу Наср әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары: жан, таным және қоғамдық психология
Әбу Насыр әл-Фарабидің педагогикалық және дидактикалық ғылыми көзқарастары
Әбу Насыр Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары: тарихи-ғылыми талдау
Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани және ғылыми мұрасы
Әбу Насыр Әл-Фарабидің рухани мұрасы: философиялық, ғылыми және әлеуметтік-этикалық ықпалы
Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық көзқарастары мен метафизика тұжырымдамасы: Қазақстандық зерттеулердің тарихы мен маңызы
Платон мен Әбу Насыр әл-Фарабидің қоғамдық-саяси, философиялық және педагогикалық көзқарастары: салыстырмалы талдау
Әбу Наср әл-Фараби: азаматтық гуманизм, этика және көпсалалы ғылыми-педагогикалық мұра
Әбу Насыр Әл-Фарабидің педагогикалық көзқарастары мен математикалық мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz