Фараби


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Фараби

Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан

кейін Алеоппада әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады.

Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезінде

күндіз қала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. Фараби өте қарапайым, қанағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге тырысқан. Фараби Аристотельдің, әл-Кинидің ізін қуып философия мен ғылымның барлық тараулары бойынша қалам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта

ірілі-ұсақты еңбек жазған Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі

грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика",

"Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған. Сондай-ақ өзі де "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғылымдардың шығуы", "Бақытқа жету" сияқты көптеген трактаттар туындатқан. Бұл еңбектерінде ол дүние, қоғам, мемлекет және адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы өз заманы үшін соны ой-пікірлер айтады. Орта ғасырлардың өзінде-ақ Әбу-Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылымен, білімімен,

адамгершілігімен байланыстырған. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазғандары өз алдына бір төбе. Қазіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі 70-ке тартар шығармасы бар көрінеді. Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактаттарын терең талдай келіп Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, яғни себептілік сыр сипатын ашу-ғылым білімнің қайнар көзі; адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім.

Бұл үш принцип - Фарабидің философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады.

Фарабидің философиялық және логика-методикалық көзқарастарын жақсы түсіну үшін оның ғылымдар топтауын қарастыру қажет. Бұл топтау Аристотельдің классификациясына ұқсайды, алайда Фарабиде табиғаттану-математика ғылымдары кең де әр түрде көрініс табады; бұл оның орта ғасырлардағы Шығыс философиясының даму бағытын бейнелейтін рацоналистік және материалистік талпыныстарының нәтижесі болып табылады. Фарабидің көптеген философиялық еңбектерінде ғылымдардың түбегейлі, негізгі ұғымдарының шығуы жайлы әңгіме болады. Бұл мәселелерге Фараби өзінің әйгілі шығармаларының бірі "Ғылымдардың шығуы туралы" деп аталатын трактатын арнаған. Бұл еңбекте Фараби ғылымдарының шығу төркіні мен себептерін ашуға көп тоқталады. Фараби ғылымды діннен бөліп қарайды, оның пікірі бойынша табиғат дербес өмір сүреді және оның заңдылықтары ешнәрсеге тәуелді болмайтын заңдылықтар. Қорыта келгенде, Фарабидің көзқарасы бойынша барлық ғылымдардың пәндері ақиқат болмыс, реалді субстанция болып табылады. Бұл көзқарасы ғылымның шығу тегі, зерттейтін нәрсесі туралы қазіргі замандағы материалистік қағидаға өте жуық келеді, мұндай методологиялық дұрыс түсінік Фарабиді ғылымда тамаша табыстарға жетуіне әкелгені даусыз. Баршамызға мәлім сан - салалы ғылым тарауларының әрқайсысының басып өткен жолы, ұзынды - қысқалы жасалу тарихы бар. Бұл тарихты білу тек қана біздің ой өрісімізді кеңейтіп дүниетануда дұрыс көзқарас қалыптастырып жалпы мәдениетімізді арттыру кәдесіне жарап қана қоймай, қазір және болашақта жаңа ғылымдар жасауда үлкен қолғабыс тигізері даусыз. Сондықтан да ежелгі ғұламалар «Ғылымның көзін білмей, өзін білмейсің» деп бекер айтпаған. Әл-Фарабидің Шығыс және Батыс оқымыстылары бір ауыздан адамзаттың Аристотель данышпаннан кейінгі "Екінші ұстазы" деген атақ беруінің өзі оның педагогика саласындағы аса үлкен тұлға болғандығын дәлелдейді. Шынында да Әл-Фараби өзінің трактаттарының басым көпшілігін халықты, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеу, білімдар ету, ағарту мақсатына арнаған.

Бұлардың қатарына "Ғылымдар тізбегі", "Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі туралы", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары", т. б. трактаттарын жатқызуға болады.

Қазақстан фарабитанушыларының зерттеулері ұлы ғалымның өз заманындағы көрнекті физиктердің бірі болғанын көрсетіп отыр. Фараби ең әуелі физиканың философиялық мәселелерімен көп шұғылданған:ол физика ғылымының пәнін анықтайды, материя және форма, кеңістік және уақыт, қозғалыс және тыныштық т. б. түбегейлі ұғымдар жөнінде құнды пікірлер айтқан. Фараби, әсіресе, физиканың музыкалық акустика саласы бойынша ірі жаңалықтар ашқан. Ол, мәселен, музыканың физикалық негіздері, тәжірибе мен бақылаудың музыка теориясын жасауда ролін терең зерттеген. Фарабидің физикалық көзқарастары оның "Музыканың ұлы кітабы", "Вакумм туралы трактат", "Физика негіздері", "Аристотелдің физикасына түсініктеме" және басқа еңбектерінде қамтылған. Фарабидің аса көрнекті физикалық еңбектерінің біріне саналатын, осы кезге дейін жаратылыстану ғылымдары мен техниканы математикаландыру тарихындағы ұлы тұлға болғандығын көрсетеді.

Жаратылыстану мен метафизика . Фарабидің анықтауы бойынша физика, яғни жаратылыстану - табиғат туралы, оның негізгі принциптері мен бөліктері жайлы, табиғи денелерге тән акциденциялар туралы, табиғи деректер мен элементтердің өзара қатысы мен әсері жайлы ғылым. Фараби жаратылыстану ғылымын сегіз тарауға бөледі: барлық қарапайым және құранды денелердің негіздерін білу, яғни бүкіл табиғатқа ортақ мәселелерді қарастыру; қарапайым денелерді, құранды денелерді түзетін элементтер мен бөліктерді білу. Шығыс ғұламаларының анықтауы бойынша метафизика болмыстың жалпы принципі мен категорияларын зерттейді.

Логика. Фарабидің анықтауы бойынша логика - ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Бұл ғылымның арқасында адам өзінің ойлау әрекетін тәрбиелей алады, өзінің ойын анықтап айқын, жүйелі түрге келтіреді; Ұлы ойшылдың логика мен грамматикадағы ортақ моменттері мен айырмашылықтары жөніндегі пікірлері аса құнды.

Математика. Фарабидің энциклопедиясында математика ғылымдарына көп орын берілген. Ол математиканы үлкен 7 тарауға бөлген.

Геометрия. Бұл ғылымның мазмұны мен мәнін ғалым төмендегінше тұжырымдайды: "Геометрия екі ғылымды біріктіреді: біріншісі - практикалық геометрия, екіншісі - теориялық геометрия ".

Оптика. Фарабидің жіктеуі бойынша математикаға жатқызған. Бұл туралы ол былай дейді: "Оптика да геометрия тәріздес форма, шама, рет, тәртіп, орын, теңдік", т. б. нәрселерді қарастырады. Оптиканың мәнімен ақиқат, анық пен оның алдамшы көрінісінің парқы ажыратылады. Оптиканың жәрдемімен адам қасына баруға болмайтын нәрселердің шамасын, мөлшерін, олардың бақылаушыдан және бір-бірінен қашықтығын біле алады. Фарабидің оптикасы, қазіргі тілмен айтқанда, геометриялық оптикаға жатады. Ол ежелгі грек физиктерінің еңбектеріне сүйеніп сәуле адам көзінен шығады-мыс деген көзқарасты мақұлдап отыр. Фараби басқа физикалық еңбектерінде гректердің бұл қате пікірін мойындамайды. Сәуле болу үшін жарық көзі болу қажет деген қағидаларын жүзеге асырып, дамытушы атақты араб физигі Ибн-әл-Хайсам болды.

Астрономия. Фарабидің жіктеуі бойынша астрономияны да математикаға жатқызады. "Астрономия деген бір атпен екі ғылымды түсінеміз, - дейді ғалым. Олардың біреуі - жұлдызнама. Бұл ғылым жұлдыздарға қарап болашақта не болатынын кейде қазіргі кезде болып жатқан және өткенде болған оқиғаларды болжауға арналған. Екіншісі-математикалық астрономия. Астрономияның осы бөлігіғана математикалық ғылымдардың қатарына жатады".

Музыка. Фараби ежелгі гректердің ізін қуып музыка туралы ғылымды математикаға жатқызып отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі - тон, интервал, ырғақ тәріздес музыка теориясының негізгі ұғымдарын математикалық жолмен өрнектеуге болатындығында деп білу керек.

Фарабидің "Ғылымдар энцеклопедиясының" қысқаша мазмұны осындай. Мұнда ол Аристотельдің өзіне дейінгі 1300 жылдай уақыт ішінде өркендеген ғылымдарға талдау жасаған пәнін тағайындаған, мазмұнын анықтаған, үйрену және үйрету жолдарын белгілеген. Бұл еңбек Фарабиден кейін де 500 жыл бойы Шығыс, Батыс оқымыстыларының қолынан түспес кітабына айналды. Қазіргі Мысыр ғалымы, профессор Осман Аминнің айтуы бойынша Фараби "Екінші ұстаз" деген құрметті атақты осы еңбегі үшін алған көрінеді. Фараби өзінің логикалық шығармаларында поэтика мәселелеріне көп көңіл бөліп, оның пәнін, адам парасат кемелдендіру, жан-жақты білімдарлыққа баулу жолындағы қызметін терең ашып көрсетеді. 1979 жылы қазақ тілінде тұңғыш рет талантты әдебиетші Аян Нысаналинның аударуымен «Жазушы» баспасында ұлы бабамыздың «Трактат және өлеңдер» деген атпен кішкене жинағы жарық көрді. Трактат былай басталады: «Рахматы күшті раббымнан атынан, бұл зерттеудегі негізгі мақсатымыз-тынық ой маржанын сүзіп, онымен танысқандарға философтың поэзия туралы айтқандарын түсінуге қол ұшын беру еді. Бұл жерде Фарабидің философ деп отырғаны-өзінің пірі Аристотель. Ол поэтика, софистика, риторика жөнінде көп еңбектер қалдырған, олардың барлығына дерлік біздің бабамыз түсініктемелер жазып, өз тарапынан толықтырулар енгізген. Фараби өзіне тән аса кішіпейілдікпен ұстазының «алдын кесіп өтпей» сол кісінің аяқтамай кеткен ой толғамдарын жалғастырып, зерттеушілерге «септігі тиер-ау» деген қағидалар ұсындым дейді. Ары қарай Фараби араб, парсы және басқа тілдердегі өлең өнеріне де көңіл бөліп отырады, ақындық пен әуендіктің байланысын да назардан тыс қалдырмайды. Фараби шын ақын талантын терең ашып, құлашын кең сермеу үшін оған лайықты жағдай, ең бастысы еркіндік қажет деген тамаша қағиданы тұжырымдайды. Ұлы бабамыздың поэзия өнері, шайырлық туралы көсемдігі мен жол бастаушылығын замандастары жоғары бағала, оған үлкен құрмет көрсеткен, оны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары
Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
Әл-Муалим ас-Сани, Әбу Наср әл-Фараби грек ғылымы мен ислам идеясы арасындағы насихаттаушы тұлға
Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
Сызықтық программалау есептері. Көп айнымалы үшін оңтайландыру шарты
Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz