Әбунасыр Фараби және оның ғылми - философиялық еңбектері


ӘБУНАСЫР әл-ФАРАБИ
1. Әбунасыр Фараби және оның ғылми-философиялық еңбектері.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби. Ол да осы Отырарда туды, осында «кірін жуып, кіндігін кесті». Қаратаудың тасына секірді, Сырдың суын ішті, Арыстың суын кешті, Қызылқұмның аптабына күйді.
Фарабидің өмірі жөнінен бізге жеткен мағлұматтар үздік-үздік аңыз-шыны аралас болып кееді. Фарабидің толық аты-жөні - Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни өз аты Мұхаммед, әкесі Мұхаммед, оның әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Бараба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Кейде оны жай ғана «Тархани» деп те атайды. Бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда оның әкесі сол тұста көшпеліліктен отырықшылыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы екен. Бір нұсқада Фарабидің руы қаңлы-қыпшақ деп көрсетілген. Бұл шындыққа жақын келетін сияқты. «Тархан» деен атаудың төркінін екі түрде топшылауға болады. Біздің жерімізде мекендеген ежелгі түркі тайпалары «тархан» деп әскери лауазымды кісілерді атайтын болған. Бұған орай Фараби әскери ортадан шықты деп жорамалдауға болады. Екінші жаынан, ежелден Сыр, Отырар бойын жайлаған тарихқа ертеден мәлім қаңлы тайпасында «Тархан» (кейде «Дархан» деп те атайды) атты ру болған. Сондықтан да Фараби қазіргі қазақ ұлтын құрған байырғы рулардың бірі қаңлы-қыпшақтан шыққан деп айтуға толық негіз бар.
Әбунасыр оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туға қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін онан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге өте құмартқан зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер (медицина) мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін аудармашы Әбу Башар Маттадан (ол да христиан) үйренеді. Бір нұсқада Фараби осы шәкірт шағында атақты оқымысты Абубәкр ибн Сиражбен жақын қатынаста болып, оған логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген деп айтылған. Фараи түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша ол тіпті 70 тіл білген деп те айтылады.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше оқумен меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан зор табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғалымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді, бір аңыз бойынша ол Аристотельдің «Жан туралы» дейтін еңбегін жүз рет, «Табиғи гармониясын» қырық рет, «Риторикасын» екі жүз ет оқыған көрінеді.
Міне, осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтеріледі. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмір Сайф әл-Дауланың қарамағында болады. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезінде күндіз қала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылми жұмыспен шұғылданады екен. Фараби өте қарапайым, қанағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге тырысқан.
Фараби өлерінің алдында Египетке барып қайтқан. Ол бұрынырақ өз отаны - Түркістанға да барған, кейбір мағлұмат бойынша сол тұстағы Бұхардың әмірі Мансұр ибн Нұхтың өтінуі бойынлша «Екінші тәлім» атты еңбек жазған. «Екінші ұстаз» деген лақапты осы оқиғаға байланысты алған дейді. Фараби хижоа есебі бойынша 339 жылы раджаб айында (бізше 950 жылғы декабрьдің аяғы немесе 951 жылғы январьдың басы) Дамаскіде қайтыс болады. Тарихшы ибн Халлаканның айтуынша Дамаскінің «Бас ас-сағир» (Кіші дарбаза) зиратына қойылған көрінеді.
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып философия мен ғылымның барлық тараулары бойынша қалам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған. Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика» т. б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған.
Фарабидің Аристотель философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар. Аристотель дүниені материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіруші, жан-жақты білім иесі, данышпан адам. Ал орта ғасырларда кейде түсінбегендіктен, кейде түрлі діни ағымдардың әсерінен әдейі Аристотельдің құнды-құнды материалистік идеялары бұрмаланып, шатастырылып жіберілген. Тіпті араб Шығысында кейбір грек идеалистерінің еңбектерін Аристотельге телушілік орын алды.
Фараби Аристотельдің мұраларын, пікірлерін ондай бықсықтан тазалап, аршып өз қалпында түсіндіруге тырысты. Әбунасырдың көзқарастарында да неоплатонизмнің, исламдағы суфизмнің біраз әсері байқалғанмен ол бұл міндетті тамаша атқарып шықты. Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих және болашақ үшін де жасаған ғылыми ерліктерінің бірі осы. Сондықтан да Шығыс философтары оны «Ал муаллим ас-сани» - екінші ұстаз деп атаған. «Бірінші ұстаз» - «ал муаллим ал аууал» деп олар Аристотельді атаған.
Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Бұл еңбектерінде ол дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қарым-қатынастары, т. б. туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады. Мәселен, феодалдық езгі мен соғыстар түптеп тұрған сол заманның өзінде-ақ Фараби зорлықсыз, қанаусыз қоғам болу керек деген батыл болжам айтады. Бірақ ол ондай ізгі мемлекеттің тууы ең алдымен мемлекет басшысына, оның ақылына, біліміне, талантына тікелей тәуелді деп идеалистік шешім жасайды.
Фараби өз еңбегінде құдай бар деп мойындайды, бұлай демейінше ол кезде ешбір еңбектің жарыққа шығуы мүмкін емес еді. Алайда, ол Аристотельдің ізімен, құдай дүниені бар етуші тек бірінші себеп - алғашқы түрткі ғана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз заңдылығымен құдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны қуаттайды. Бұл әрине, мұсылмандадың «жақсылы та құдайдан, жамандық та құдайдан» деен қағидасына мүлдем қайшы келеді. Дін басылары осы сияқты көптеген «күпірліктері» үшін Әбунасырды қуғынға ұшыратады.
Фааби Аристотель еңбектерін барлық қырынан зерттей отырып., өзі де жаратылыстаны ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым кшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Кертартпа мұсылман діншілдері ғылымды, дүние тануды түншықтыруға күш салып баққан түнек заманда білім мен өнерді паш етудің өзі Фарабидің ғылым мен мәдениет тарихындағы кесек үлестерінің бірі. Ол ғылымның көп салаларын меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен. Фараби ғылымның философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты, ғылымды оқу және оқыту ретін белгіледі, әр қайсысының пәнін анықтап, мазмұнын ажыратып беруге тырысты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді, математикада лкен жаңалықтар ашты, астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды, физика ғылымын жаңа идеялармен байытты, медицина, химия, минерология тәріздес жаратылыстаны ғылымының маңызды салалары бойынша еңбектер жазды, ертедегі дүние қағидаларды талдады. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазғандары өз алдына бір төбе.
2. Фараби ғылымдардың шығу төркіні туралы . Фарабидің көптеген философиялық еңбектерінде ғылымдардың түбегейлі, негізгі ұғымдарының шығуы жайлы әңгіме болады. Бұл мәселелерге Фараби өзінің әйгілі шығармаларының бірі «Ғылымдардың шығуы туралы» деп аталатын трактатын арнаған. Бұл еңбектің арабша нұсқасы сақталмаса да латын тіліндегі аудармасы сақталған. Бұл еңбекті латын тілінен А. И. Рубин орысшаға аударып, С. Н. Григорьянның «Из истории философии Средней Азии и Ирана» деп аталатын 1960 жылы Москвада шыққан кітабына енгізген. Осы аударма негізінде М. Ө. Исқақовмұны қазақ тіліе аударып, 1967 жылы С. Н. Назаровпен бірігіп жазған «Математика мен математиктер жайлы әңгімелер» атты кітабына келтірген.
Бұл еңбекте Фараби ғылымдарының шығу төркіні мен себептерін ашуға көп тоқталады. Фараби ғылымды діннен юөліп қарайды, оның пікірі бойынша табиғат дербес өмір сүреді және оның заңдылықтары еш нәрсеге тәуелді болмайтын табиғи заңдылықтар. Субстанция мен акциденцияны тану, білу - ғылымдардың шығатын қайнар бұлағы осы деп көрсетеді Фараби. Субстанция - заттың, нәрсенің өзгермейтін мәні, мазмұны, ол қозғалыста, бірлікте, оны ақылмен тануға болады. Бір сөзбен айтқанда субстанция, біздіңше, материя ұғымына сай келетін сияқты, ал акциденция субстанцияның түрліше көрінісі. Фараби бұл туралы былай дейді: « Субстанцияны тек ақыл ғана қабылдайды, акциденция сол екеуінің арасына дәнекер болады. Ақыл бояу түсінің ар жағында бір боялған нәрсенің барын, дыбыстың аржағында сол дыбысты шығарып тұрған бір нәрсе барын біледі. мәсее қалған сезімдер жөнінде де осылай ».
Мұан кейін Фараби бүкіл ғылымдардың субстанция мен акциденциядан қалай шыққанын және қалай өздігінше дами бастағанын баяндайды. Фараби сан туралы ғылым - арифметиканың қалай шығу себебін былай түсіндіреді: «Бірлердің жиыны болып табылатын сан ұғымы субстанция көп түрлі жолмен бөліне алатындықтан және әр түрлі бөліктен тұратындықтан пайда болды. Субстанция табиғатында шексіз бөліне алатындықтан сан да шексіз көп бола алады. Сан туралы ғылым субстанцияның бір бөліктерін басқа бөліктеріне көбейту, оларды бір-бірінен алу туралы, түбір табуға болатын бөліктерден түбір табу туралы, олардан қатынастар құру туралы т. с. с. туралы ғылым. Бұдан санның дүниеге қалай келгендігі, қайдан шығып, неліктен көбейіп кеткендігі, мүмкіндіктен шындыққа, жоқтан барға көшіп кеткендігі, ммкіндіктен шындыққа, жоқтан барға көшіп болмысқа айналуының себебі айқын көрінеді. Грек кемеңгерлері бұл ғылымды арифметика деп атайды» деп жазған.
Фарабидің көзқарасы бойынша арифметика мен геометрия, яғни математиканың жәрдемінсіз мардымды астрономиялық білім алу мүмкін емес. Бұл, негізінен, дұрыс қағида, математика мен астрономияның кейінгі дамуы бұл пікірдің растығын толық дәлелдеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz