Әбу - Нәсір ибн Мұхаммед әл - Фараби


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Әбу - Нәсір ибн Мұхаммед әл-Фараби

(870-950)

Философ, энциклопедист-ғалым, неоплатонизммен астасып жататын шығыстық аристотелизмнің ең басты өкілдерінің бірі. Лақап аты - Екінші ұстаз (Аристотельден кейінгі деген мағынада) . Бағдадта, Халебте, Дамаскіде өмір сүрген. Негізгі шығармалары: «Даналық жауһарлары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастарын туралы», ғылымдардың классификациялануы туралы трактат, «Музыка туралы үлкен кітап».

Әл-Фараби 870 жылы Фарабтың маңайында, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасындағы Васидж қалашығында (қазіргі Қазақстанның жері) туған. Оның түркілердің дәллетті әулетінен шыққанын есіміндегі «тархан» сөзі көрсетіп тұр, ғалымның толық аты-жөні: Әбу Нәсір Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби әт-Түрки.

Әл-Фараби туып - өскен жерінен дүниені танып-білуді мақсат тұтып қоныс аударған. Бір мәліметтерде ол елінен жастай аттанған, ал басқа бір деректерде қырықтың маңайында кеткен делінеді. Әл-Фараби Араб халифатының Бағдад, Харран, Каир, Дамаск, Алеппо және басқа да қалаларында болған.

Әл-Фарабидің өмірі мен өнерінің басым бөлігі Араб халифатына қарасты өңірлерде өткен. Аббас әулетінің тұсында халифаттың астанасы Бағдад болатын, осында өріс жайған рухани ағымдардың бәрі де Бағдадтан арна тартатын.

Әл-Фараби Бағдадты ұжымдасып өмір сүретін қала ретінде сипаттайды. Бұл қала «сауатсыз қалалардың ішіндегі ең қайран қалдырарлығы әрі ең бақыттысы, ол өзінің сыртқы келбетімен алуан бояулы әрі әдемі құрақталған көрпені еске түсіреді, сонысымен де әр адамға сүйкті баспана, оның себебі бұл қалада кез-келген адам өзінің мақсат-мұратына жете алады. Халықтың (осы қалаға) ағылып келіп, тұрақтап қалатыны сондықтан. Оның аумағы шексіз ұлғайып барады. Мұнда сан түрлі ұлыстың өкілдері дүниеге келеді, некелесудің, еркек пен әйелдің төсек жақындығының да неше түрі табылады, нәсілі, алған тәрбиесі лмен шыққан тегі әр түрлі балалар да осында дүниеге келеді. Бұл қала бір-бірінен айырмашылығы көп, әрі бір-бірімен кірігіп, бірігіп жатқан алуан түрлі бөліктерден құралған, онда сырттан келген адам жергілікті тұрғындардан бөлектеніп көрінбейді, барша тілектің, барша іс-әрекеттің бір арнаға тоғысатын жері де осы қала. Сонысына қарағанда уақыт өте келе бұл қаладан ең лайықты адамдар шығуы әбден мүмкін. Ол жерде сан алуан ойшылдар, шешендер, ақындар өмір сүретін болады».

Алайда, ұжымдасып өмір сүретін қаланың сырттай алғанда қамсыз көрінетін тыныс-тіршілігіне қарамастан, әл-Фараби оны қайырымды қалаға емес, «сауатсыз» шаһарға жатөызған, өйткені жақсылық пен жамандықтың ақ пен қарадай алма-кезек астасуы басқа жердегіден гөрі осында көбірек көрінеді деп санаған.

Ғылымға барынша берілмей тұрған кезінде әл-Фараби судья (қази) болған, алайда, өзінің өмірін ақиқат-шындықты іздеудің жолына бағыштауға бекінген кезде ол қызметті тастап, зайырлы өмірдің тіршілігімен, атап айтқанда, ұстаздық жұмыспен айналысқан деген мәлімет бар.

Ұлы ұстаздық толық есімі басқа жұртты былай қойғанда, өз Отаны - Қазақстанда да әр түрлі жазылып келеді. Ең алғашқы Қазақ Кеңес Энциклопедиясында ол: «Әбу Наср әл-Фараби (Мұмаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани) » деген атпен берілсе (1970, 2-том, 9-бет), ал сексенінші жылдардың соңында жарық көрген «Қазақ ССР» Қысқаша энциклопедиясында: «Әл-Фараби, Фараби, Әбу Наср Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби» деген нұсқада берілген (1988, 3-том, 109-бет) . Тәуелсіздік жылдарында басылған «Қазақстан» энциклопедиясында: «Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Наср Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби» делінген (1988, 1-том, 613-бет) . Бір елдің үш энциклопедиясында бабаның толық ныспысы үш түрлі жазылған. Сонымен ұстаздың көзі тірісінде-ақ әлем мойындаған толық есімі қандай болған? Әуелгі әңгімені осыдан бастайық.

Дамаск қаласының Баб ас-Сағир қорымындағы баба зиратында араб тілінде алты жолдан тұратын мынандай сөздер жазылған: Фатиха (1-ші жол) Бисмиллаһи иррахман ир-рахим (2-ші жол) һаза зарих аль-алим уа аль-файласуф уа аль-адаб уа аль-мусиқи аль-ислами (3-ші жол) Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Узлағ (4-ші жол) аль-машһур Абу Наср аль-Фараби (5-ші жол) улиғам 260 хижра фи Фараб уа туффари фи Димашқ 329 хижра (6-шы жол) .

Бұл сөздердің аудармасы: Фатиха (Құран кәрімнің бірінші сүресі - 1-ші жол) Рахманлы, рахымды Алла атымен бастаймын (2-ші жол), бұл зират мұсылман ғалымы және философы және әдебиетшісі және музыканты (3-ші жол), Мұхаммед ибн Мұхаммед бин Тархан бин Узлағ (4-ші жол), мәшһүр Әбу Наср Әл-Фараби (5-ші жол) хижраның 260 жылы Фарабта туды және хижраның 329 жылы Дамаскіде опат болды (6-шы жол) .

Бұл жазу баба зиратына ол қайтыс болғаннн кейін өойылған. Арада бірнеше жүздеген жылдар өтіп, жазу өшуге айналғанда оның бірде-бір сөзі, таңбасы өзгертілместен ақ мәрмәр тақтаға көшіріліп, құлпытастың бас жағына орнатылған. Зираттағы жазудан шығар қорытынды: оның шын аты - Мұхаммед, әкесінің есімі - Мұхаммед, атасының ныспысы - Тархан, бабасы Ұзлағ екен. Дүниеге Әбу Наср әл-Фараби деген атпен мәшһүр болған. Ендеше бабаның өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер болашақта оның толық ныспысын жазуда осы ретті басшылыққа алғандары жөн. (Бабамыз ныспысының қазақша қалыптасқан айтылуы мен жазылуы Әбу Насыр екені белгілі) . Зираттағы жазуда оны «Фарабта туды» деп тайға таңба басқандай анық көрсеткен.

Бағдадқа келгенге дейін әл-Фарабидің түркі тілінде, басқа да тілдерде сөйлегені, бірақ арабшаны білмегені белгілі. Тілдерді зерттеп білуге, меңгеріге ол көп уақытын жұмсаған, осы салада таңқаларлық нәтижелерге де қол жеткізген: өмірдің соңына қарай ол жетпістен астам тілде сөйлей алатын болған. Бағдадқа келген соң аз уақыттың аралығында әл-Фараби араб тілін жеріне жеткізе меңгеріп алады да, әр түрлі ғылым салаларымен, ең алдымен логикамен айналыса бастайды. Сол тұстағы Бағдадта аты шыққан ойшыл әрі философ-ұстаз Әбу-Бишр Матта бен-Жүніс деген кісі еді. Ол Бағдадта ғана емес, Араб халифатының барлық мәдениетті орталықтарында Аристотельдің логика саласындағы мұрасының іргелі түсіндірмешісі ретінде танымал болатын. Көп ұзамай оның шәкірттерінің қатарына ұстазының аузынан Аристотельдің логика жөніндегі еңбектеріне жасаған комментарийлерін мұқият жазып алып отырған әл-Фараби қосылады. Замандастарының айтуына қарағанда, бағдадтық ұстазының әл-Фарабиге жасаған ықпалы елеулі болған сияқты, өйткені, Әбу-Бишр Матта Стагириттің логикалық мұрасын тамаша стильмен, нәзік мәдениетпен түсіндіріп беретін: бас қатыратын тым күрделі сөйлемдерден бойын аулақ салып, тереңдік пен қарапайымдылықты әдемі ұштастыра білетін. Әбу-Бишр Матта стилінің осындай жақсы жақтарының бәрін де оның лайықты шәкірті толықтай меңгеріп алған.

Бағдадта тұрған кезінде әл-Фараби Харран қаласына арнайы сапар шегіп, сол тұста мұсылман әлемінде даңқы асып тұрған христиан дініндегі ойшыл Йуханна бен-Хайланның логикалық әдіс-тәсілдерін меңгеруді мақсат тұтады. Сол сапардан оралған соң әл-Фараби Аристотель мұрасын зерттеуге дендеп кіріседі, ұлы гректің ұсынған идеялары мен алға тартқан міндеттерінің, проблемаларының тұтас жиынтығын емін-еркін игеретін болады. Аристотель мұрасын араб тілдес ойшылдардың бойға сіңірудің қандайлық қиындыққа түскеніне әл-Фарабидің Аристотельдің «Жан туралы» трактитының көшірмесіне: «Мен бұл трактатты 200 рет оқыдым» деп жазғаны да бір дәлел. Антик дәуірі авторларының барлық еңбектерін егжей-тегжейлі түсіндіріп шығу оны әрпіне дейін білуді, мәтінді жадында сақтауды талап ететін. Әрине, әл-Фарабидің әлгі сөзінде бір түпнұсқаға ұдайы, қайта-қайта оралып соғу қажеттігі жөнінде айтылғаны анық тегінде, философияны оқып-үйренудің сол замандағы ең маңызды қағидаттарының бірі де осы болса керек.

Бірде әл-Фарабиден: «Кім көп біледі - сен бе, Аристотель ме?» деп сұрапты. Ол: «Егер мен ол заманда өмір сүрсем және онымен кездесіп, дәрісін тыңдасам, онда таңдаулы шәкірті бола алар едім», деп жауап беріпті.

Әл-Фарабидің сан салалы ғылыми ізденістерінің нәтижесі «Ғылымдардың классификациясы туралы» трактаты болды, бұл еңбегінде ол өз дәуірінің ғылым салаларын қатаң жүйеге түсіріп, тізбелеп берді, әрі әрқайсысының зерттейтін нысанын айқындады. Замандастарының куәлік етуіне қарағанда, «бұған дейін мұндай нәрсені ешкім де жазбаған, мұндай жоспарды ешкім де ұстанбаған, бұл еңбек ғылымды зерттеймін деген адамға таптырмайтын дүние».

Бағдадта тұрған кезінде әл-Фааби өзінің білім қорын әбден тыңғылықты толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің эрудициясының, ой-қуатының және мінез бітімінің ұлылығының арқасында олардың арасында ең беделді тұлғаға айналады. Алайда, қатып-семіп қалған қасаң қағидалардан айырылмайтын діндар ғалымдар әл-Фарабидің адамның о дүниедегі емес, жер бетіндегі өмірде бақытқа қол жеткізуге және танымның рационалистік жолдарын табуға бағытталған бүкіл ой жүйесіне қаскөйлікпен қарай бастайды. Ақыр аяғында әл-Фараби Бағдадты тастап шығуға мәжбүр болады.

Шам шаһарына - Дамаскіге аттанған әл-Фараби бұл қалада тұрақтап қалмай, онан әрі Мысыр еліне сапар тартады. «Азаматтық саясат» атты кітабында ол бұл еңбегін Бағдадта бастап Каирда (Мысыр) бітіргенін жазған. Осы сапарынан кейін әл-Фараби Дамаскіге қайтып оралады да, өмірінің соңына дейін өзімен-өзі оңаша қалып, сол қалада өмір сүреді. Дамаскіні билеп тұрған Сайф әд-Даула бен-Хамданидің қамқорлық көрсеткеніне қарамастан, ол сарай өмірінен бойын аулақ ұстайды, сән-салтанаттарға да сирек қатысады.

Бір жолы Дамаскіде әл-Фараби әмірші Сайф әд-Даулаға келсе ғалымдар мәслихат құрып жатыр екен дейді. Әл-Фараби залға кірген кезде тақта отырған әмірші оның залдан орын алуын сұрайды. «Қалай отырайын, сенің қалауыңша ма, менің қалауымша ма?», дейді ғалым, «Сенің қалаушыңша», дейді әмірші. Сонда әл-Фараби әмірлердің бәрінің тұсынан өтіп келіп, тақтың жанына жайғасыпты. Тақсыр ғалымның мұнысын көңіліне алып қалады да, оққағарын шақырып, өзге жұрт білмейтін құпия тілде: «Түркінің мына кісісі әдеп атаулыдан аттап кетті, мәслихат біткен соң көргенсіздігі үшін сазайын тарттырыңдар», дейді. Мұны естіген әл-Фараби: «Мен ешқандай әдепсіздік жасағаным жоқ, сонда не үшін жазаланбақпын?» деп сұрайда жаңағы тілде. Мұны естіген Сайд әд-Даула аң-таң қалып: «Бұл халықтың арасында осы тілді білетін ешкім жоқ, оны сен қайда, кімнен үйреніп жүрсің?» дейді. «Мен көптеген тілдерді зерттегенмін, 70-тен астам тілді білемін», деп жауап қайтарады әл-Фараби. Сол кезде ғалымдардың бірі әлдеқандай сұрақ қояды да, жиналғандар пікір таластыра жөнеледі. Әлгі сұраққа ешкім де жауап бере алмайды, сол кезде Екінші ұстаз бәрін қолмен қойғандай түсіндіріп береді, онымен дауласатын ешкім де шыға қоймайды. Әмірші әл-Фарабиге қарап: «Тегінде, әлем құпиясының білгірлері арасында Аристотельден кейін «екінші» деп атайтын адам сен болдың ғой?» дейді. Әл-Фараби басын изейді. Сонда Сайф әд-Даула данышпанды жыға тани алмай қалып, көңіліне қаяу салғанына кешірім сұрапты, әл-Фараби әміршінің деніне саулық тілепті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отырардың заттық мәдениеті
Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
Ежелгі Кашмир мен Делидегі түркістан перзенттері
Араб-мұсылман философиясы
Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Ислам дінінің таралу ерекшеліктері
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Әбу Насыр Әл-Фараби
Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz