Абай - кемеңгер, ойшыл ақын


Абай - кемеңгер, ойшыл ақын.
Қазақ әдебиетінің атасы хүкімінде тарихта аты алтынмен жазыларлық Абай Шыңғыс тауында туып, шыңғыс тауында алпыс жылдық өмірін өткізіп, сол шыңғыс тауында өлді. Туғанын, жасағанын, өлгенін өз елі тобықтыдан басқа қалың қазақтың көп жері білмей де қалды. Осы заманда, үш ауыз сөздің басын қүрай білетіндердің жазулары тасқа басылып, халыққа тарап, сынға түсіп түрғанда, Абай сөзі өзі өлгеннен кейін бес жыл өткенде басылды. Абай кітабы басылғаннан соң да елге көп тарай алмады. Былтырдан бері ғана «Қазақта» Абайдың кім екендігі жайынан жазылган соң, қазақтың әр жерінен сүраушылар бола бастады.
Абай сөзі өзінің тірі күніңце басылмау себебін, өлген соң да балалары неге тез бастырмағанын анық білмейміз. 1904 жылы маусым жүлдызының басында Омскіге барғанымда Абай өлеңдерінің жазбасын алғаш Ахмет Байтүрсыновтан көрдім. Сонда Байтүрсынов айтты «Естуімше Абай өзі өлеңінің басылып шығуын тілемейді һәм бастыруға ешкімге рүхсат бермеқді екен, күз Қарқаралы қаласына барамын, сонда әдейі бүрылып Абайға сөлем беремін, танысамын һәм өлендерін бастыру жайынан сөйлесемін», - деп. Ахметке Абайды көруге нәсіп болмады; Абай өмірі жетпей, сол маусымның 23-інде опат болды.
1905 жылы «Семипалатинский» листок газетасында һәм онан кейін Семейдегі Географический обществаның шығарған бір кітабында Ғалихан Бөкейханов Абайдың тәржіма халін жазды һәм кітабы да басылатынын білдіріп еді. Бірақ тез шықпады, 1909 жылы Абайдың балалары һәм інілерінің ризалығы һәм Ғалиханның ыжтаһадымен Абай кітабы Петербургта Бураганский баспаханасында басылып шықты. Бұл күнгі қолымыздағы кітап сол бірінші баспасы.
Бүгін Абай секілді, атымен қазақ халқы мақтанарлық ақынымызды арамыздан жоғалтқанымызға он жыл толуын еске түсіріп, халқымыздың мүндай адамның қадырын білмеуін айтып қана өтерміз. Тәржіме халі өткен жылы «Қазақтың» 39, 41 һәм 43 нөмірлерінде, бүрын өз кітабында һәм Географический Общества кітабында жазылғандықтан, бүл жолы тақрар жазбаймыз. Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге толық жарайды. Себебі - қазақ басқа жүртпен үзеңгі қағысын, тең халық болып жасай алмауы, тарихи әдебиеті жоқтықтан. Тарихи әдебиеті жоқ халықтың дүнияда өмір сүруі, үлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті. Тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жүтылып жоқ болады. Қай жүрттың болса да жаны - әдебиет, жансыз бабалары кім болғанын, не істегенін білмеген жұртқа бүл талас - тартыс, тар заманда арнаулы орын жоқ.
Сондықтан Абайдың аты жоғалуы мүнан кейін де шығатын Абайлар сондай ескерусіз үмтылуы ықтимал - қазақтың жоғалуы, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей.
Сол үшін, жиырмасыншы ғасырдың таңында халқымыздың үйқыдан азырақ бас көтеруі, жас әдебиетіміздің өсуі, белгілі кісілеріміздің тірілігінде һәм өлген соңында мәңгі үмытылмастай болуы - біздің бірінші ескеретін борышымыз. Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш - Абай сөзі, Абай аты оларга керек. Абайға Іпейін қазақта қолға алыпоқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттылығы да сол. Бәлки, мүнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп алғашқы атқан жарық жүлдыз - Абай.
Орыста бірінші жазушы Ломоносов бір балықшының баласы еді. Онан кейін сан жүйріктер шығып жатыр, сонда да орыс әдебиетінің тарихында бірінші орын, бас бәйге Ломоносовқа арнаулы. Неше жүз жылдан бері Ломоносовтың атын орыс халқы көңілінде һәм тілінде сақтап келді, мұнан соң мың жылдар өтсе де, оған көрсетілген қадір, қүрметтері артпаса кему жоқ. Біз де Абайға сол көзбен қарауымыз керек. Абайдың есімін, сөзін өте қүрметтеп, үмытпастай басына белгі орнатып, қүрметіне ізгі жайлар ашуымыз керек.
Бір - екі ай бүрын Семей қаласында білімді, жүрегінде жалыны бар бірнеше азаматтар Абай қүрметіне қираятхана ашады деп естіп қуанып едік, сол хабардың жандануына тілектеспіз. Бүл туралы өрнекті басшылықты әуелі семей халқынан күтеміз. Өткен 26 - қаңтарда Семей қаласында Географический Общества, ондағы оқыған қазақ жастарының жәрдемімен Абай қүрметіне әдебиет кеші жасағандығы - Семей халқынан күткен үмітімізді күшейтуге зор дәлел болса керек. Ол кеш бірінші қазақ Ақының құрметіне жасалған бірінші әдебюиет кеші болып хәм, бірінші қазақ әйелі (Назипа ханым Құлжанып жамағатының) майданга түсіп берген өрнегі еді.
Біз бүгін ардақты ақынымыз марқүм Абайдың рухына дүға қылып, қараңгы заманда шырақ жаққан басшыларымыздың есімі, қүрметі, терең мағьшалы асыл сөзін атадан - балаға, немереден - шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз.
Зередей шабһа етпейміз: Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бүл күйде түрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай қүрметі күннен-күнге артылар, бірінші ақынымыз деп, қабірін халқы жиі - жиі зиярт етер, халық пен Абай арасы күшті махабатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмбспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, куанар.
Абайдың дін туралы шығармалары Абай шығармаларында оқытуда қамтылмай қалған ең ірі мәселелердің бірі. Дінге қатысты шығармалардың осы кезге дейін оқытылып, талданбай келе жатқан себебеі-бұрынғы атеистік идеология кезінде дінге қатысты дүниенің бәрі де назардан тыс қалып келді. Абайдың дін туралы шығармалары оқытылу тұрмақ, жүйелі түрде талданып зерттелмей де келді. Мысалы: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» - деген өлеңінде қаншама ғибрат, қаншама тәрбиелік мәні бар.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас.
Рас сөз еш уақытта жалған болмас,
Көп кітап келді аладан, оның төрті
Алланы танытуға сөзі айырылмас
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер
Дін де осы, шын ойласаң тағат та осы,
Екі дүние бүл тасдих-хактің досы.
Осыларды бүзатын үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой, онан шошы.
Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс
Жақсы болсаң, жақсы түт бәрін тегіс
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті
Қылғанымен татымды бермес жеміс.
Бүл жерде Абай мүсылмандық «дініндегі » парызды уағыздай келіп, пайда, мақтан, әуесқойлық сияқты теріс әдеттерден айырылмайынша мұсылмандық парыздың орындаудың керегі не? -деген түйінді ой айтылады. Осы сияқты он үшінші қара сөзінде «қүдай тағаланың кешпес кінәсі жоқ» деген (жалған) мақалдың кереғар тәрбиесін сынайды. Мүндағы Абай бұл мақалдың керағарлығы қүдайдың кешпейтін күнәсі жоқ болса онда адам кез -келген күнәні қорықпай-ақ жасай беремей ме?
Онда бүл мақал - нақыл сөз болғандығы қайысысы?
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да
Аспанда ай менен күн шағылса да- деген
өлең жолдарында ай мен күнің шағылысуы, күннің түтылу қүбылысы бар.
Физика пәнінен ай мен күнің тұтылуына қатысты тақырыптарды өткен де Абай өлеңдері арқылы түсіндірсе, бүл құбылыстарды түсіндіруде анағүрлым қызығушылық басым болар еді. Сол сияқты «Желсі түн де жарық ай сәулесіз суда дірілдеп» немесе «Қалың ағаш жапырағы сыбырласып өзді-өзі » деп Абай әдемі айтып түрған жоқ па? Физикадағы тербелістер мен қозғалыстарды түсіндіруде осы қүбылыстардың өзі физика емес пе? Мысалы, оқушының көз алдына қалың ағаш жапырағы сыбырласып, өзді-өзі деген жерлерде жапырақтың сыбдыры физикадағы тербеліс, қозғалыс қүбылысын көрсетеміз.
Тарих
«Ескендір» поэмасы тарихи түлға ретінде айтылған болса, Абай суреттеген Ескендірдің түлғасы да тарих пәнінде қоса берілсе қандай ғанибет болар еді.
Математика
Бастауыш кластарда математикадан есеп үйреткенде Абай дың өлеңдерін кіріктітіре отырып, мысалы «Асқарда 8 шар; Айжанда 10 шар» - деп үйреткеннен Абайдың «Ғылым таппай мақтан ба» өлеңіндегі
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз
Өсек, өтірік мақтаншақ
Еріншек, бекер, мал шашпақ
Бес дүшпаның білсеңіз!
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз
- деп бес нәрседен: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік және бекер мал шашупіы, бес нәрсеге асық болу, ол : талап, еңбек терең ой, қанағат, рақым.
Абайдың әнге ждзылған өлеңдерімен күйлері музыка саласында қамтылуда аз дәрежеде Абайдың ән жазған өлеңдері «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым саған қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалғып». Күйлері: «Май түні», «Желдірме»
Абай әндерінің туу, таралу жайы күні бүгінге дейін өзінің тиянақты зерттеушісін тапқан жоқ. Біз Абайдың «ақын мектебі» болғанын білеміз. Ал Абайдың «әншілік мектебі» болды ма? - деген
сүрауға жауап беру қиындау. Шындығына келгенде көптеген архив қүжаттарында, ел ауызынан жиналған ақын замандастарының. немесе өз ауылдастары мен туған-туысқандарының естеліктерінде, Абай әндерінің шығу төркіні, ол әндерді орындап, көпке таратушы әнші, шәкірттерінің есімдері кездесіп отырады. Бүл қатарда байдың ақын шәкірті көпбай әншінің, алыс ауылдастарын атасақ Әсет, Әріп, кейіннен Абай қолына келіп түрақтап қалған Мүқа, Уәйіс, қаракесек Мауқай, өзінің аталас жақыны Майбасардың Мүқаметжаны, кейіндеу Әлмағамбет, Әмір, өз баласы Ақылбай, сүйген жары Әйгерім, немересі Әубәкір болып жалғаса береді.
Ақын ғұмыр кешкен заманда өзіне дейін де, өзінен кейін де махаббат пен адал, таза сүйіспеншілікті еекше қастерлеп, адамиимндылық пен қасиеттің бір сарасы етіп суреттеу, әйел затына деген соншалықты биік көзқарас, махаббат лирикасы делініп жүрген тақырыпты дәр Абайдай терең түсініп, тебірене жеткізген ақын әлі дүниеге келген жоқ. Соның бір дәлеліндей: «Айттым сәлем, қалам қас» әні өз заманында да, қазір де махаббат гимніне айналып, ұлттық болмысымыздың эстетикалық өзық қасиеті ретінде жеке дара тұр.
АБАЙДЫҢ АРМАНЫ
Абай қазақ үшін бір ғана ақындықтың ауқымына сыймады. Ол күнделікті тіршілігіміздің қарақан басты алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі бүкіл рухани әлемімізді қамтитын жан - жақты қүбылыс.
Абай - қазақтың үлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың қүпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл.
Алмағайып тіршіліктің теперішіне төтеп бере алмай, не шаруаның, не бірліктің ретін келтіре алмай, өткеннің бәріне бір - бірімізді кінәләп, реті келсе, бір - бірімізден өш алып қалуға тырысып, ауызымыз асқа тисе, байлықты көтере алмай, тақымымыз таққа тисе, билікті көтере алмай, бір - бірімізге ірілік көрсетіп, өз бас - басымызға би болып. Аз ағайынды сан - саққа, жан - жаққа бөліп, үрпаққа үлгі көрсетпек түгіл, берекесіз тірлігімізді көрсетіп, басымызды әрең алып жүрген мына біздің алмағайып тірлігімізді Абай күні бүрын көріп түрғандай:
Туысқаның, достарың - бәрі екі үшты,
Сол себепті досыңнан дүшпан күшті.
Сүйсе -- жалған. Сүймесе - аянбаған,
Бүл не деген заманға ісім түсті, -
деп күңіренеді. үлы Абай өмі тауқыметін қалай дөп басқан. ғандай таныс сурет. Айналаға қарасақ, Абай заманындағы қазақ. Сол қалпында араға бір ғасыр салса да бір мысқал өзгермегенін айтсаңшы. Абайдың қара сөздерінің ар жағында қорғасындай зіл батпан ойлар, көңіл толқыны, жан жарасы, қатал өмірдің қатыгез шындығы жатады.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заман оны тлемек -
деген жолдарда бүкіл өмір философиясы, пенденің болмысы, бейімшілдік, тағы басқа бақилық кемшіліктер, алдымен заманның арақатынасы шынында да тарының қауызына сыйғанда, бір шумақ өлеңге сиып түрғандай.
Абай өзінің бүкіл саналы өмірін қазаққа арнады. Заманы зіл батпан болып, еңсесін басып. Намысын аяусыз таптаган халқын қалай қүтқарам деп аласүрады. Бірақ, үйқыда жатқан адамдарды оята алмады. Сол кезде ол қалың елім қазағым, қайран жүртым, аузыңа үстарасыз түсті - ау мүртың, - деп күйзелсе, есейе келе, нағыз шындықпен бетпе - бет келген кезде жаттан да, жақыннан да көңіл қалып, алауыз ағайынның бар екенін, күншілдік. пен сатқындықтың, жалған азамат, жалған дос, жалған жандардың бар екенін көзімен көріп, қолымен үстаған кезде:
«Жартасқа бардым,
Күнде айқай салдым.
Одан да шықты жаңғырық,
Далада қалдым қаңғырып», - деп өмірден біржолата күдерін үзгендей болады. Бірақ «Үмітсіз шайтан ісі» дегендей, адамдардың сартап болган санасын оятуды бір сөт те тастаған емес.
Қазақты қорғауга ғүмырын сарп еткен талай жаужүрек батырлар, хандар да болған. Бірақ абайдың Заманы басқа еді. Ол түста найзаның үшы, білектің күшімен күресетін дәурен өткен болатын. Абай сондықтан да, бүдан былай қазақтың адамгершілігін, ар - үятын, рақымшылдығын, әділдігін сақтап қалуға үмтылды. газақтың қасиетін оятудан әлі де үмітін үзе алмады. Сол үшін күресті. Соның күйінішінен дүниеден өтті. Ол үшін қазақтың ішкі әлемін сақтап қалу оның сыртқы әлемін сақтаудан оңай болған жоқ.
Тарихта талай ғүламалар, данышпандар өз үлтын өрге сүйремек болғаны белгілі. Айталық, «адамдар ешқашан қайгы - қасірет дегенді білмесе екен. Өз ара керіспей, ренжіспей, ғүмыр бақи бақытты өмір сүрсе екен. Өз ара керіспей, ренжіспей, ғұмыр бақи бақытты өмір сүрсе екен!». Сәбилік шағынан жадына сақталып қалған жұмбақ сиқырлы «Жасыл шыбық» жайлы аңыз осы үлагат сөздері Лев Толстойдың бүкіл арман - үмітінің творчестволық еңбегінің тиянақ түғылы, демеуші күші болған. Жас кезіңде өз шаруашылығын мен шаруалар мүддесін өзара үштастыра жүргіземін деп дәмеленген граф Толстойдың бүл рманын өмір ағымы, қылғанымен, үлы жазушы көркем шығармаларында ізгі арманын, алғашқы сертінен танған емес. Замандастарына, кейінгі үрпақтарына адамгершілік рухани өлмес мүралар қалдырып кетті.
Абайдың Лев Толстойдан басты артықшылығы Толстой тек орыс халқының ғана мүддесін ойлады. Тек сол ғана өзгелерге үстем болып, Қүдайдың берген ырыздығына солар ғана қүқылы болсын деп тіледі. Ал, Абай болса өз халқының мүддесінен өрі асып, бүкіл адамзаттық деңгейге көтерілді. Оған «Әкенің баласы - адамның дүшпаны. Дамның баласы - бауырың», басқамен де тату бол деп түрған жоқ па?! Бірақ өз халқыңды жақсы көрмей, өзге халықтарды жақсы көру мүмқін емес, Абай феномені оның үлтқа деген сүйіспеншілігімен тікелей байланысты. Байқап отырсақ, Абайдың, толстойдың да соңғы ғүмыры трагедиямен аяқталады. Екеуі де дүниеден қүсастықпен өтті. Бірақ, Абайдың өмірі ауырлау еді. Ол пайғамбар жасына жетпеген шағын, ғүмырын қайгы - қасіретпен, зарлаумен, жылаумен өткізді. Сонда соның бәрі үшін, қара басын ойласа, Абайда бәрі болды: дәулет те, данқ та, қүрмет те. Бірақ жаны неге осынша азалы? Себебі, Абай өз халқының ең үлкен жанашыры, жалынды азаматы болды. Сол себепті өз халқының дертімен, оның қасіретімен ауырмай түра алмады. Бірақ, Абайда жаныңа нүр себетін бір ғажайып оптимизм бар. «Жамандықты кім көтермейді? Үмітін үзбек - қайратсыздық Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандықта қайдан баян қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді», - дейді Абай. Демек, қазақ халқының осы жолдарында?! Халыққа деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады. Ал, Абай сенді.
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.
Біріңді бірің ғизат қүрмет етіс,
Түрғандай бейне қорқып жаның шошып, - деген ол бізге. Бізді ынтымақтыққа, татулыққа шақырады. Ел болғымыз келсе, Данышпанның өсиетін өмірімізге серт, етейік. Оның кәусар жырына малынып, шомылып тазарайық, ағайын. 'Абаймен толығып кемелденейік. Абайша сабырмен, ақырмен іс қылайық ағайын.
Әлем картасына қарап отырсақ, әлі де алақүла. Деректер мен цифрлардың өзі әр тілде сайрап түр. Жарық дүниеге дайын данышпан болып туар пенде жоқ. Шыр етіп жерге түскен сәттен бастап нәресте үшін бүкіл әлем, өмір оқылмаған қалың кітап тәрізді. Еңбектеп, қаз-қаз басып, бірте-бірте тілі шығады. Ер жетіп есейеді. Ол гұмыр бойы осы өмір кітабын оқып өседі. «Егер ел боламын десең, балашақтан бесігін сайла» деген аталы сөздің түп төркіні де осы шығар. Жас сәбидің тілі де, ділі де ана сүтімен, әлдиімен бойына дарыса қандай ғанибет. Ұлы Абайдың да арманы осы емес пе? Өткен XX ғасыр тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл адамзат баласына қасіретті ғасыр болды. Ал келген XXI ғасыр өз жылуын ала келгенімен адамзат үшін әлі де жұмбақ.
Қайыршылық пен жоқшылықтың зардабын тартып отырған адамға адамның қысастығы, қиянатты жүзі безеріп, сондай алдынан шығатын мешеу дамыган елдердің тағдыры қандай аянышты. Алтынга шомылып, мұнайға малынып отырған Сауд Аравиясында мектеп жанындағы бүлдіршіндердің 80 пайызы әліпті таяқ деп білмейді екен. Кейіннен қара танымайтын сауатсыз ондағы қара халықтың мәңгүрттігі соншалық, ғылымыңыз не, біліміңіз не үш ұйықтаса түсіне кірмейді. Тек, ат төбеліндей алпауыттары ғана АҚШ - қа табынып, солардың жетегінде . . . , Сахараның түйесіндей елпендей береді. Құдайдың берген байлыгын ағылшындар көріп, азабын арабтар тартып отыр. Ал, Мавритан елінің халі ше? Әр он баланың тоғызы дәл осы аянышты тағдырды қайталайды. Тіпті, тізе берсеңіз, жер бетінде ащы әділетсіздік сорын жүтып, көз жасы бұла, көгірегі толы қасірет - қаншы адам саусағын санап отыр.
Жаңа ғасыр қаншама қайшылықтармен басталды. • ғарап отырсаңыз, қазіргі адамзат ұрпағына қызмет ететін материалдық, ғылыми - техникалық рухани игіліктің бәрі де ғасырлар бойғы адамдар арманының ақиқатқа айналған ұлы жетісіігі екендігі даусыз. Адам тек өзінің қара басының қамы, мүң - мүқтажы жайлы ғана емес, бақытты өмір сүрсем деген жүпыны талап - тілегінен бастап. өзі ортасы, төңірегі, елі, жері, жарық дүние, бүкіл әлем жайлы планета тағдыры туралы ойлаған.
Өз құдіретіне өзі сенген жерде мандай тер, білек күші, ақыл - ойы мен құдіретіне құдірет қоса білген. Жылт еткен үмітін арманымен ұласып, ал арманы алдындағы айқын мақсатымен сабақтасқан жағдайда ғана ол өз арманын творчествалық еңбегімен өмір шындығына айналдыра алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz