Ерліктің қос қанаты - Әлия мен Мәншүк


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ1

Ерліктің қос қанаты4

Әлия Молдағұлова4

Мәншүк Мәметова9

ҚОРЫТЫНДЫ13

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ14

КІРІСПЕ

Батырларым, ала көр

Жауға кеткен ел кегін

Батыс жаққа бара бер

Айықтырып жер көгін

Басқан ізден серпілсін

Қасиетті жерлердің

Жауды жеңіп жаншуға

Батысқа ұмтыл, ерлерім

Жерді түгел аршуға.

Кеше ұран болып бұл өлең жолдары, ауызда айтылып, жүректі толқытты. Жастарымызды жігерлендіріп жауға қарай ұмтылтты. Бұл адамзат тарихындағы үрейлі, қасіретті соғыс жылдары еді1.

Тарих қойнауына көз жіберетін болсақ, адамзат тарихында көптеген қасыретті соғыстардың болғанын көреміз. Бұл соғыстардың өз уақытында зардабы ауыр, қайғысы көп болғаны белгілі. Сол соғыстардың шығыны мен қайғы - қасіретін салыстырып қарасақ адамзатқа жан түршігерлік қайғы әкелген, адамзатқа орасан зор шығын әкелген, алапат соғыс - бұл Ұлы Отан соғысы екені анық байқалады. Ұлы Отан соғысы - ол Екінші дүние жүзілік соғыстың құрамдас бөлігі. Кеңес одағы үшін зардабы, шығыны көп болған. Халықты торғайдай тоздырған еді. Польшадан бастаған гитлерлік Германияның бар арманы Кеңес одағын жаулап алып билік жүргізу еді. Бірақ фашистердің бұл жаман пиғылы іске аспады. Осы Ұлы Отан соғысында Қазақстан майдан алаңы болмаса да, атқарған роль өте зор болды. Өз денелерімен жаудың оғын тосып, өздерінің қасықтай қаны мен шыбындай жанын отан үшін оққа бастарын тіккен Кеңес одағының батыр ұл-қыздары басты рөл атқарды. Сол ұл-қыздардың ішінде Қазақстандық 500-дей солдат пен офицер, оның ішінде 98 қазақ Совет Одағының батыры деген жоғарғы атаққа ие болды. Тіпті екі мәрте батыр атанды. Сол сияқты бірінің ерлігін бірі қайталап отырды. Сол мезгілдегі еліміздің мақтанышы, халқымызға танылмал, қайсарлы, ержүрек ағамыз Бауыржан Момышұлы мен ерлік жасап, соңғы демі қалғанша жауға оқ атқан Әлия мен Мәншүк атты халқымыздың ержүрек қыздары «шығыстың қос қанаты» - деп аталды. Кеңес Одағының батыр ұл-қыздарын тарих мәңгілікке, келешек ұрпаққа сабақ болардай етіп қалдырды2.

Ерліктің қос қанаты

Әлия Молдағұлова

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес одағының батыры: Әлия Молдағұлова Ленинградтық №9 - орта мектебінде вестибюлінде мрамор мемориальды тақта бар. Оған алтын әріппен былай деп жазылған: «Совет Одағының батыры комсомолка Әлия Молдағұлова осында оқыды». Ол 1924 - жылы 20 сәуірде Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылындағы табиғаты көркем алқапта орналасқан, Нұрмұхамет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың семьясында Әлия дүниеге келген. Ата-анасы қайтыс болған соң нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленеді.

. . . Соғыс Әлия Ленинградта жүргенде басталған-ды. Бірде балалар үйіне нағашысы Әубәкір келеді. Өздеріне бұл қаладан көшіңдер деп жатқанын айтып: «Сен де жинал, бізбен бірге барасың», - деді. Бірақ Әлия: «Ешқайда бармаймын, бұл менің туған қалам . . . », - деп жауап берген. Соңғы аз уақытта Әлия есейіп, есі кіріп қалғандай. Ол өз құрбы-құрдастармен бірге өрт сөндірді, көшелерді үйінділерден тазартты, сөйтіп өзін Ленин қаласын қорғаушы ретінде сезінген. Әйтсе де қаладан көшуге тура келді. 1942 - жылы мартта балалар үйі барлық баланы қоршаудағы қаладан алып шығу жөнінде нұсқау алды. Балалар үйі Ярослав обылысы Некрасов ауданындағы Вятское селосына барып орналасады.

Әлия мұнда Рыбинск авиация техникумына оқуға түсті. Оның мақсаткерлік пен адалдық және адамгершілік сергектік қасиеттер басқалардан айырықша ерекшелендірген. Бәрімен тез тіл табысып кетті. зерделі зейінімен, білімпаз біліктілігімен түгел баурап алды. Ол үш ай оқыды да, әскери комиссариатқа арыз беріп, өзін майдандағы армияға жіберуін өтінді. Бірақ біраз уақытқа дейін командование алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім - білігін іс жүзінде көрсетуге рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазды. Бұлақ ауданының қызы осылайша мергендер мектебінің курсанты болып, Қызыл әскер Молдағұлова байқау атысында өте жақсы деген баға алды. 1943 - жылы майда Әлия мектеп командованиесіне өзін майданға жіберуін сұрап рапорт береді.

Міне, майдан, Әлия 54 - атқыштар бригадасының 4 -батальонындағы 3 - ротаға келеді. Батальон командирі майор Моисеев онымен туған әкесіндей әңгімелесті.

- Жасың нешеде, қызым?

- Он тоғызда . . .

Батальон командирі ойланып қалды, ұзақ уақыт үндемеді. Сосын былай деді:

- Бүгін демал, ал ертең штаб бастығы майор Винокуров жай-күймен, жер жағдайымен таныстырады. Алғы шепке жетуге асықпа.

Батальон адырлы, саз батпақты алқапқа орналасқан-ды. Мерген Молдағұлова гитлершілер қорғанысының алғы шебіне бағдарлай көз салды, сонымен қатар штаб бастығының бірде-бір сөзін мүлт жібермеуге тырысты.

  • қай жерде тұрып атпақ ойың бар? - деп сұрады майор.

Әлия батпақтың шетіндегі бұтаны көрсетті.

- қауіпті жер, - деп Винокуров басын шайқады. - Бір атқанда-ақ қай жерде тұрғаныңды біліп қояды . . .

Ертесіне таң атпай тұрып Әлия штаб бастығы көрсеткен жерге еңбектеп жетті. Күні бойы немістер жатқан көзін алмаса да ешкімді көре алмады.

Келесі күні судың шолпылын Әлияның құлағы шалды, қараса, тегі бұлақтан су алуға келген болар, ойпатта үш гитлерші жүр екен. Оптикалық прицелден сұрғылт жасыл тұлғалар анық көрінеді. Әлия демін ішіне тарта қойды. Атып жіберген. Сол жақтағы шеткі фашист тұмсығымен жер сүзе жалп етті. Екеуі қаша жөнелген. Бірақ мерген қыздың оғынан олар да құтыла алмады.

Октябрьдің басына дейін Әлия 32 фашистің көзін құртқан. Ол батальонның қадір-құрметіне бөленді. Оны бригададағылар да мақтан тұтты. Әлия мергендік винтовкасын автоматқа ауыстыра салып, жұртпен бірге жиі - жиі шабуылға шығып жүрді.

1943 жылдың декабрі аязды болды, сонда жауынгерлер әлсіреп:

- жаумен шайқасып алмасақ жылынар емеспіз, - десетін.

Моисеенконың батальоны жауды Казачиха деревнясынан қуып тастауға бұйрық алды. Совет командованиесі бұл елді мекенді басып алып, фашистердің көмекке әскер жөнелтіп жатқан темір жол линиясын кесіп тастауды ұйғарған-ды. Гитлершілер өздерінің оңтайлы жерде тұрғанын пайдаланып, жанталаса қарсылық көрсетті. Біздің роталарымыздың қарға адым жерге қан төгулеріне тура келді, сонда да болса жаунгерлеріміз қаймықпай қарсы тұрып, бірте - бірте жау бекіністеріне жақындай берді.

Кенет шабуылдап келе жатқан тізбектің алдынан бір тұлға оқшауланып шыға келген. Гитлершілер ер жүрек жаунгерлерді байқап қалып, оған пулеметтен оқ жаудырды. Жауынгер оқ нөсерінің толастаған сәтін бағып ұшып тұрды да «Отан үшін!» - деп айқай салып, бүкіл батальонды соңынан ерте алға ұмтылды.

Қиян - кескі шайқастан кейін совет жаунгерлері биіктікті жаудан тартып алды. Бағанағы батыл жан бір сәтке траншеяда кідіріп қалған. Оның құп-қу өңінен жарасының жанына батқаны көрініп тұр. Ал басындағы құлақшынынан қою қара шашы дударланып шығып кеткен. Бұл Әлия Молдағұлова еді. Ол бұл шайқаста 10 фашистің көзін жойды. Жарасы жеңіл екен, сондықтан саптан кетпеді.

Жау айырылып қалған жерін қайтарып алмаққа қайта-қайта қарсы шабуыл жасаумен болды. 1944 жылы 14 январьда жау солдаттарының үлкен бір тобы біздің траншеяларға өтуге мүмкіндік алады. Қолма-қол кескілесу басталған. Әлия автоматтан дәлдеп атып, фашистерді сұлатумен болды. Кенет ол ту сыртынан қауіп төнгенін сезіп қалды. Жалт бұрылып еді, бірақ үлгіре алмады: неміс офицері бұрынырақ атып салды. «Біткенім бе, япыр - ау? . . . » деген ой сап етті басына. Ең соңғы күшін жиып, Әлия автоматын көтеріп алды, гитлершіл офицер топырақ қаба құлады.

Жаралы Әлияны жолдастары майдан даласынан алып шыққан. Жауынгерлер батыр қыздың жанын аман алып қалмақ болып, бәрі бірдей өз қандарын ұсынды. Бірақ жарасы аса ауыр еді . . .

Гүлді сүйген, гүл өскен жазира даласын шексіз сүйген, еркіндікке құштар қаршадай қазақ қызы Әлия қаһармандықпен қаза тапты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бүгінде Әлия Молдағұлова есімінде республикамызда көшелер, мектептер, ұжымшылар мен кеңшарлар бар. Оның өшпес ерлігін өзек етіп жазылған өлең кітаптары мен роман - хикаяттар да көп. Ақын Я. Хелемскйдің “Әлиянің жүрегі” поэмасында мынадай шумақтар бар:

Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия отанына болған мақтан.

Бежаница маңында тұлғасы тұр,

Дегендей: “ерлікке аттан, еңбекке аттан”.

Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен,

Сол жерді жаудан сақтап қалам деп,

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.

Республикамыздаың гүлді қаласы Алматыда Шығыстың қос шынары бірі атанған Әлия Молдағұловаға көрнекті жерге ескерткіш орнатылды. «Жақсының өзі өлседе, аты өлмейді», - дегендей: Әлия Молдағұлова туралы әлі талай дастандар жазылып, сол батыр аруымызды үлгі етер жастарымызбен Әлия Молдағұлова үшін ақын - жазушыларымыз әлі талай жыр төгері анық.

Мәншүк Мәметова

Қазақ халқының “ерліктің қос қанты” деп білетін екі ару қыздың бірі болған, елдің көрікті гүлі болған кеңес одағының қаһарман, батыр қызы Мәншүк Мәметова.

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан обылысының Орда ауданында туған. Оның шын аты Мәнсия еді. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болады да, ерте жетім қалды. Бес жасар баланы Алматыда тұратын оның тәтесі Әминә Мәметова бауырына басып тәрбиелеиді. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтеді.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк медицина институтында оқып, сонымен бір мезгілде республика халық комиссарлары светінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың тамыз айында ол өзі еркімен Қызыл армия қатарына алынды да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанды.

Отан анаға ересен қауіп төнді, Кеңес елінің жеріне неміс-фашист шапқыншылары қара құзғындай қаптап кірген. Бұл күндері Мәншүк Мәметова әскери комиссариатқа қайта-қайта арыз беріп, өзінің қолына қару алып ел намысын қорғағысы келетінін білдіреді. Ақыры 1942 жылдың тамыз айында жау Волгаға қарай ентелей ұмтылған шақта оның қояр да, қоймаған өтінішін қабылдайды, сөйтіп алыстағы Орда дан келген қазақ қызы Мәншүк Мәметова солдат болды. Ол алғы шепте айқасқа түскен алғашқы күннен-ақ қаруластарын қайсарлығымен, табандылығымен, ержүрек батылдығымен қайран қалдырды. Бір айдан соң сержант Мәншүк 21-гвардияшы атқыштар дивизиясының атқыштар батальонына жолдама алады.

1943 жылы 16 қазанда Мәншүк Мәметова пулеметші болып істейтін батальон жаудың қарсы атакасын тойтаруға бұйрық алды. Бұл жаудың бетін қайтару соғысында Мәншүке үш бірдей пулеметпен жауға оқ жаудыруға тура келеді. Өйткені Мәншүктің қасындағы серігі жау оғына тап болған-ды. Ол бар оқты қасына жинап алып, жау таяғанда оның “Максимкасы” тіл қатып, фашистер құлап жатты. Мәншүк Мәметова жан-жағына қарап, өзінің жалғыз қалғандығын сезді. Алайда гитлершілер тапқыр қыздың орнын анықтап, минометпен атқылайды. Жаудың гранаты оны аяғынан жаралады. Мәншүк Мәметова жанталас үстінде жарасына топырақ сеуіп байлап тастады да, пулеметіне қайта жабысты. Жасырынған жауды өзі үш сағат бөгеді. Тура келген зеңбірек оғы Мәншүктің пулеметін төңкеріп тастады. Сөйтіп қазақтың ержүрек қызы Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен майдан алаңында қаза тапты. Оның қасық қаны қалғанша қарысып баққан қас батырлығы мен өмірдей асқақ өлімі соғыс даласында да, “еңбек майданында” да әрбір отаншыл азаматтың жүрегінде ерлік жыры болып жаңғырып, жеңіс жалауын тезірек желбіретуге түскені хақ. Сол кезде Павлодар облысының колхозшылары даңқы пулеметші қыздың есімін есте қалдыру құрметіне Мәншүк Мәметова атындағы танк полкін жасақтауға қажетті ақша жинады. Бертіндіректе әйгілі қоюшы- режиссер А. Михалков-Кончаловский “Мәншүк туралы ән” кинофильмін түсірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
Ерлік салтанаты
9 мамыр
Халықтар достығы - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің көздерінің бірі
Әлия Молдағұлова Нұрмұхаммедқызы
Бөрте ханым - Шыңғыс ханның әйелі
Ә.Н. Молдағұлова
Қазақ қызы - Әлия
Мәншүк Маметова
«МУЛАН» ЖЫРЫ - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz