Әсет Найманбаев (1867-1923)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Әсет Найманбаев (1867-1923) 2

Пайдаланылған әдебиеттер:14

Әсет Найманбаев (1867-1923)

Әсет Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарайтын 8 ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Қоңырат ауданы, "Қызылорда" колхозы) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзеннің бойы Әсеттің ата мекені болған.

Әсет жеті-сегіз жасында Көктұмада (қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бақты селосы) Зейнулла иманның медресесінде оқиды. Он төрт-он бес жасқа келгенде әкесі өліп, Көктал болысындағы нағашысына барады. Көп ұзамай Әсет өнерлілігімен жұрт көзіне түсе бастайды. Ол осы елде үйленіп, тұрып қалады да, шешесін қолына алдырады. Әсет 1923 ж. Құлжа қаласында қайтыс болған.

Әсет ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын. Тегінде әншілік өнеріне ден қойғанынан болу керек, өзінің ақындығына көп мән бермей келіп, ақыры өлер алдында "кейінгі ұрпаққа Абайша сөз қалдырмадым" деп қатты өкінеді. Әсеттің тағы бор ерекшелігі күрделі сюжетті дастандар жазуға да машықтаған. Қай шығармаларын алсақ та оның үлкен өнер иесі болғандығы көрініп тұр.

Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермеқас кедей адамдар болыпты. Әсет ұлдан жалғыз болған сияқты, Құлжа маңына ұзатқан әпкесі болған дегенді айтушылар бар, бірақ дәлелдеушілер жоқ. Әсеттің әлі жас кезінде әке-шешесі кедейліктің салдарынан күнкөріс кәсіп іздеп Семейге көшіп келіпті. Сонда Әбал, Тәкім деген ағайынды саудагердің қызметін жасаған деседі. Кейін Бақтыға да солармен бірге барған сияқты. Өйткені Әсетпен айтысқан Кәрібай да, Қали да оның әке-шешесінің жағдайын ылғи алдыға тарта сөйлейді.

Ақынның творчествосын зерттеушілердің кейбірі оны Семей медресесінде оқыды десе, біразы Көктұмада (қазіргі Бақты) оқыды дейді. Бұған қазір, әрине, тірі куә жоқ.

Әйтсе да Әсеттің ескіше, яғни мұсылманша оқығаны және жай оқып қана қоймай, әжептәуір білімді болғаны байқалады. Ырысжанмен айтысқанда, ол білімділігінің арқасында ғана қыздың басқа жұмбақтарымен қатар діни жұмбағын да дәлме-дәл шешеді. "Ағаш ат", "Шеризат", "Барат қыз", "Француз", "Шаһи Ғаббас" тәрізді қисса-дастандардың сюжетін шығыс әдебиеті үлгілерінен алуы да оның мұсылманша оқуды баршама терең білгендігін дәлелдейді. Ел арасына ең кең тараған әйгілі әні "Інжу-Маржанның" қайырмасында: "Сейаділ Мәлік-Жамалдай бейнетіңе көнсем-ай, Қозы Көрпем-Баяндай бір молада өлсем-ай", - деген сөздердің айтылуы оның халқымыздың ауыз әдебиетінде, шығыс әдебиеті үлгілерін де жақсы білгендігін көрсетеді.

Әсеттің композиторлығына баға беру бізге, әрине міндет емес. Бірақ оның бір өнерін екіншісінен бөліп қарау қиын. Өйткені күнде оның өмірі мен творчествосын біртұтас күйде көзге елестету де мүмкін емес. Оның үстіне әнін айтқанда, өлеңіне тоқтамау; өлеңін талдағанда, әуеніне баға бермеу сыңаржақтық та секілді. Сондықтан біз Әсеттің ақындығы мен композиторлығы өзара байланыста қарағанды дұрыс көрдік.

Әсеттің әдемі әндерінің бірі - "Қисмет". "Қисмет" - түрік сөзі, мағынасы дінге байланысты: жеке адам тағдырындағы, дүние жүзіндегі барлық оқиғалар толық алланың алдын ала беріп қойған өмірімен болады деген ұғымды білдіреді.

Әсеттің композиторлық творчествосына "Смет", "Әпитөн", "Ырғақты" әндерінің заңды қосылуы, сөз жоқ, оның халық өнерін дамытудағы еңбегін сомдай түседі.

"Кемпірбай мен Әсеттің арыздасуы" Әсеттің де, Кемпірбайдың да қыр-сырын біраз аша түсетін аса бағалы шығарма. Тәрбиелік мәні күні бүгінге дейін күшті, болашақта да зор болатын шығарма.

Әсет творчествосының алатын орны айрықша. Оның музыкасы да, өлеңі де өнерімізге қосылған үлкен үлес. Өлең сөздерінен Әсеттің арманы, өнер қуып өткен өмірі, елден жыраң кеткен өкініші - бәрі, бүкіл жан дүниесі көрінеді. Өнер алдында ел-жұртына берген өмірлік есебі тәрізді.

Әсет - суырып салма ақын. Бірақ ол өзінің кейбір шығармаларын жазып та шығарған. Бұл ретте оның творчествосы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ортасындағы көпір іспеттес.

Медреседе оқып, ескіше тәлім-тәрбие алғандықтан, Әсеттің бірқатар өлеңдері мен қиссаларында дін жайы әрқилы сөз болып қалып отырады. Алайда ол дінді тікелей уағыздап, жұртты дін жолымен жүруге шақырмайды; адамгершілікті уағыздайтын қағида-тәртіптерді айтып, сол арқылы жұртты қиянаттан, зорлық-зомбылықтан тыймақты ойлайды. Мысалы, "Ұраным-арғын шордан қаракесек" деген өлеңінде:

Дүниеге адам болып жаралған соң,

білімсіз құр жүрсің-бейне есеп.

Тірлікте жақсы, жаман қылған істең

Періште мақтар күні алады есең-дейді.

Дінге иланып, дінге құлақ қойып өскен халыққа сол діннің өзін пайдаланып ақыл айтады, тіршілікте жасаған жамандығың үшін жауап бересің деп, тіпті, үрейлендіруге тырысады. "Ақыл-қанат, ғылым-дос, иман-серік" деген сөзінен де осындай пиғыл аңғарылады.

Әсет өлеңдерінен нағыз таптың сана-сезім көрініп тұрмаса да, байдың әділетсіздігін, зорлықшылдығын әшкере ететін өлеңдері бар. Оның шығармаларында елді ғылымға, білімге шақырған ағартушылық бағыт басым. "Сарыарқа салқын тауда тәтті сұлы" өлеңі Әсеттің қоғамдық ой-пікірін біршама айқын көрсетеді. Таптық санада табан тіреп тұра алмайды. Олардың ел ертеңін ойламайтын соқыр тірлігін тағы әшкерелейді, мәдениеті озық елдерден үйрену қажеттігін айтады.

"Іледей керуен сарай" өлеңі де 1920-21 жылдар аралығында шығарылған. Қазақтың аңғалдығын, әркімнен алданып қала беретіндігін және оның бойындағы басқа міндерін де әшкерелемейтін өлең. Дарақы, шақтан-шақ адамдардың бейнесін көз алдыңа айнытпай елестетеді.

Әсет - ескілікті кертартпа әдет-ғұрыпқа сын көзбен қараған адам. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр мен кертартпа дәстүрді ажырата білуі және оны сынауы, оның өз заманындағы озық пікірлі адамдардың бірі болғандығынан. Бұған, әсіресе, оның әйел теңдігін қорғап жазған өлеңдері айғақ. "Құдалық тұралы" өлеңдерінде ертеден бір "бесік құда" әдетін сынап:

Мал үшін құда болар сәби ұлға,

Уағда қылып тұйықсыз алыс жолға,

Ол бала өледі ме, өседі ме,

Боларын қайдан білген малға тұлға, - дейді. Мұнысы жай ақындық тапқырлық емес, терең ойлы, философиялық пікір. Ұрпағыңды, өз болашағыңды қадірле, өзіңе-өзің жау болма деген ғибрат жатыр.

Әсет ара-тұра газет-журнал оқып, сол арқылы дүние жаңалықтарына құлақ түре жүрген адам тәрізді. "Сарыарқа салқын тауда" деп басталатын өлеңінде:

Адамның қамқорлысы бар екен деп,

Газет-журнал жүзінен ұғыспадық, -деуі оған дәлел. Үнемі жазып шығармағандықтан, ол жазғаны іле-шала жарияланып тұрмағандықтан, Әсеттің қай өлеңі қай кезде шыққанын тап басып айту қиын.

Әсеттің азаматтың бет-бейнесі, мінезі мен қылығын түсінуге оның әр кезде әркімдерге арнап шығарған өлеңдері көп көмектеседі.

Әсет творчествосының айрықша саласы - айтыстары. Оның ішіндегі айрықшасы, ең көркемі Ырысжанмен айтысы. Бұл айтысқа қазақ әдебиетінің классиктері академик жазушылар М. Әуезов, С. Мұқанов, т. б. да атақты ғалымдар мен зерттеушілер аса жоғары баға берген. Басқа шығармалары әлі белгісз кезде Әсеттің аса талантты ақын екендігін жұртшылық осы шығармасы арқылы-ақ таныған. Әсеттің Ырысжанмен дәл қай жылы айтысқаны белгісіз. Бірақ арада біраз уақыт өткен соң, айтысты еске түсіріп Әсеттің қисса етіп қайта жырлағаны ешкімге құпия болмаса керек.

Ақынның мол мұраларының бірі - қисса-дастандар. Бұл салада әдеби қауымға оның тұңғыш белгілі болған шығармасы -"Евгений Онегин". Абайдан кейін екінші адам болып " Евгений Онегинді" қазақ халқына жеткізу - Әсеттің әдебиет тарихынан үлкен орын алатын еңбегі, қазақ және орыс әдебиеттерінің, орыс және қазақ халықтарының достық байланысына қосқан қомақты үлесі. Әсет Найманбаев бірінші рет өз дастанының оқиға желісін орыс өмірінен алып жырлады.

Баспасөз бетінде жарияланған Әсеттің екінші дастаны - "Сәлиха-Сәмен". Бұл дастан Шығыс Түркістанда 1945 жылы басылып шығыпты. Бізде алғаш рет 1960 ж. "Дастандар" жинағында басылды, содан бері талай жинақтан орын алды. Бұл дастандары халық қазынасын байытып, ел игілігіне айналды.

Әсеттің таза қазақ тұрмысынан жазған дастаны - "Кешубай". Бұл шығармада қазақ тұрмысы, әлеуметтік саяси жағдайы тарихи шындыққа сай нанымды суреттеледі. Шығармаға патша өкіметінің отарлау саясаты өзек болады.

Сертке беріктік, уағдаға адалдық- Әсет шығармаларындаең көп жырланған тақырып. "Үш баланың әңгімеснде" бұл тақырып ерлікке барабар дәрежеде бағаланады. Уағдашыл қыз өзінің сол қылығымен ұрыны да, құмар жігітті де тоқтатады. Мысал әңгіменің ішінде айтылатын бұл шығарма қазақ топырағына өте жақын. Өз уәдесіне берік қыз күйеуінен рұқсат алып, алдымен сүйген жігітіне жолығуға шығады. Жолай ұрыға тап болады. Өз күйеуінің рұқсатымен уәдесін орындауға келе жатқанын естіп, ұры екем ұры да әділдіктен аттай алмайды. Соның бәрін қыздан естіген жігіт те өзінің орынсыз тілегінен бас тартады. Осыны мысалға айтып отырып, қазы да үш баланың бабындағы бейімділікті байқайды. "Ұрыны ұры сонадайдан таниды" демекші, алтынды алған бала ұрыға ұрыға деген бітиратымен өзін-өзі ұстап береді. Адамдар арасындағы бірлікті, ағайындықты дүниеге қызығушылық бұзады дегенді айтады автор.

Әсет - үлкен гуманист. Соның бар куәсі-оның "Француз" қиссасы. Ақынның алуан халық өкілдерінен құралатын кейіпкерлер галереясы бұл қиссада французбен толықтырылады.

Әсет дастандарында көбінесе балаға зар патша, халифалар сөз болады. "Французда" да, "Шеризатта" да, "Жәмсапта" да, "Ағаш ат" пен "Барат қызда" да солай. "Шеризатта" халифаға ұлды әулие сыйласа, "Барат қызда" патшаға ұл көпшілік тілеуімен болады:

Мейірбан мұсылманға бек әділет,

Тілепті бала бер деп көп жәмиғат

"Көл деген-көп тілеу" мақал болып,

Болыпты бәйбішесі екіқабат, -дейді ақын.

Жалпы, Әсеттің қисса-дастандарына қарап отырсақ, халықтың қамын ойлаған патша ғана әділетті болып келеді. Құлдық деген нәрсеге ақынның мүлде қарсы екендігі аңғарылады.

Әсеттің "Жәмсап", "Шаһи Ғаббас", "Нұғыман-Нағым" дастандары да махабатты жырлайды. Алайда ешқайсысында жалаң махаббат әңгіме болмайды, байлық, мансап, зұлымдық сияқты қара күштердің әділдік, адамгершілік сияқты ізгі ниетпен орналысы бұларда да бар. Шытырман оқиғалардың дамуы да, шешілуі де қызықтырып отырады.

Әсет Найманбайұлының әдеби мұрасы-аса қомақты мұра. Оның өмір-өмірбаянында, творчествосында әлі де анықтауды, толықтыруды қажет ететін жағдайлар көп. Оның Әзірге жиналмаған, қолға түспеген шығармалары ел ішіндегі зерек жандардың зейінінде жүр. Соларды мүлде жоғалып кетпей тұрғанда сақтап қалу - халықтық міндет, баршамыздың парызымыз.

Әсет творчествосына әсер еткен, оны ақын етіп тәрбиелеген негізгі күш, біріншіден, бай халық ауыз әдебиеті. Әсеттің одан кейінгі тікелей ұстазы - Абай. Өліп аузында жатып та Абайды аузына алуы, Абайша қызмет жасай алмағанына өнінуі, "Онегин мен Татьянаны" жазғанда, өзін Абайдан кейін ұстазы - оның ұстаз алдындағы ізеті. Әсетке үшінші әсер еткен - орыс және шығыс әдебиеттерінің үлгілері. Ақын орыс әдебиетінен шама-шарқынша үлгі алды.

Бұқара халықты өнерге, мәдениетке үндеуде Әсет сияқты халық ақындарының творчествосы ауызма қызмет атқаратындығы даусыз. Әсеттің асқақ әндері мен алуан тақырыпты өлеңдері, қисса-дастандары халықтық өнерімізді дамытуға, сонымен қатар халқымыздың мәдениетін көтеруге де өз үлесін қосқаны және қосып келе жатқаны күмәнсіз. Әсетке еліктеп, одан үлгі алып өскен де қазақ таланттары баршама. Атақты әнші - ақын Кенен Әзірбаев, ақын Есенсары Құнанбаев, өзімен айтысқа түскен Қали Әділбеков, Кәрібай Сасанов, Сәмет Малаев інілік ізет жасап, өнерін үйреніп өскен Арап Әміров, Шериаздан Өтепбергенов, Ауған Жақсылықов, Ержан Ахметовтар, "Онегин мен Татьянасын" ұмытпай сақтап табыс етуші Қуат Терібаев, Жүнісхан Көлдеев бәрі де Әсет творчествосының әсері тиген жандар. Бұлардың әрқайсысы-ақ Әсетке шәкірт атануды мақтап көріп өскен өнерпаздар. Шашубай Қошқарбаев 1949 жылы Кенен Әзірбаевпен жолығысқанда:

Атыңды әкең қайдан қойған тауып,

Әншісі Алатаудың думан-сауық.

Біржан сал, Ақан, Әсет, Балуан Шолақ,

Солардың жолын қудың әнін салып, -

дейді оған. Ал белгілі халық ақыны Төлеу Көбдіков "Семей ақындарына" деген өлеңінде:

Семейде менен басқа тоғыз ақын,

Бәрі де тілінен май тамызатын . . .

Әсетке шәкірт болып үлгі көрген,

Біреуі Есенсары нағыз ақын, -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әсет өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі
Әсет Найманбаев шығармашылығының көркемдігі
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері.Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі.Абайдың ақын шәкірттері
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері жайлы
Қазақ халқының уақыт есебі
Әсет Найманбайұлы - қазақтың суырыпсалма ақыны
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АЙТЫСТАРЫ ТАРАУ
Абай және оның шәкірттері
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп..
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz