Абай - публицист
Абай — публицист
Абай қазақ мәдениетінің иман биіктігінің, шығармашылық шоқтығының,
көркемдік-эстетикалық тұрғысының, дүниетаным парасатының жарқын үлгісі. Өз
халқының болашағына қабырғасы қайыса уайым жеген Абай қазақ
публицистикасының да негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі қазақ баспасөзі
осы Абай салып берген публицистикалық арқаудың негізінде дамып келеді және
болашақта да дами бермек. Абай қозғаған әлеуметтік проблемалар бүгінгі күні
де өзекті, бүгін де көкейкесті. Ендеше, осынау айдар аясында Абай
публицистикасы, Абайдың әлеуметтік сыны, Абай сатирасы, Абай дүниетанымы,
Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі туралы мақалалар жарық көреді.
Абайды публицист ретінде қарастырған ғалым-зерттеушілер, олар көп емес
— саусақпен санарлық қана, негізінен қарасөздеріне тоқталып, солар
жөніндегі пікірлері мен пайымдауларын білдірумен шектеледі. Мәселен, тамаша
ғалым М. И. Фетисов Национальное и жанровое своеобразие публицистики Абая
Кунанбаева деген мақаласында әңгімені Абаю Кунанбаеву и по стилью цикл
назидательных рассуждении под общим названием Гаклия, деп әңгімені бірден
қарасөздерден бастайды. Ол Абайдың публицистік сипатын ең алғашқылардың
бірі болып ашып көрсетті. Әйткенмен, бұл ғалым Абайдың қоғамдық ой-
пікірлерін білдіретін шығармаларына тек қарасөздерін ғана жатқызумен
жаңсақтыққа ұрынды деп есептейміз. Аталған зерттеушінің еңбегінде Абай
қарасөз жазбаса публицист болмас та еді деген пайымдаулар бой көрсетеді.
Абайды публицист деп ең алғашңылардың бірі болып атап айтқан Х.
Бекқожин де өз зерттеуіне қарасөздерді өзек етеді: Стиль, идеялық мазмұны
жағынан алғанда Абайдың қарасөздері — нағыз публицистикалық шығарма дейді
ол. Біздіңше, осы пікірлердің барлығы да Абай –публицист деген
анықтаманың толық дәйектемесі бола алмайтын сияқты.
Абайдаң публицистігі туралы әңгіме қозғағанда ел естімеген жаңалық
ашуды мақсат етіп отырған жоқпыз.
Өйткені, адамзат ардақтысының публцистік қыры – қазіргі таңда
дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Әйкенмен қазақ аудиториясында
публицистиканы кемсітетін, оны әдебиеттен көш төмен қоятын теріс көзқарас
қалыптасқанын айтуға тиіспіз. Біз Абай — публицист деп сипаттама беріп,
осы тұрғыдан өз ой-пікірімізді ортаға салар болсақ, кейбір әдебиеттанушы
ғалымдарымыз ұлы тұлға өзінің ақындық, ойшылдық тұғырынан түсіп қалатындай
көріп, бұл сөзді оның төңірегіне жолатқысы келмейтіні шындық.
Абай – публицист деп соқырға таяқ ұстатқандай ашып көрсетпесе де ұлы
Мұхтар: Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын —
қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық маңала — очерк тәрізді деген пікірімен,
Абайдың публицист болғанын аңғартады. Егерде Әуезов Абай – публицист деп
астын сызып жазбаса, оның да өзіндік себеп-салдары бар деп ойлаймыз. Оның
ең бастысы — публицистика деген атаудың төңірегінде күні бүгінге дейін
қызыл-кеңірдек пікір сайысы жүріп, дау-дамай өрбіп дәл анықтамасы
берілмеуінде деп білеміз. Бірақ бір анық нәрсе: қоғам дамуына үн қосып
пікір білдіретін дәуір тынысын танытатын шығарма — публицистика. Ал ондай
шығармалар Абай мұрасының негізгі бөлігін құрайды.
Мұхаңның Абай публщистикасына баса ден қоймауына ақынның өз тұсындағы
мерзімдік басылымдармен байланысы жөніндегі деректердің жеткілікті
анықталмауы да себеп болуы мүмкін.
Соңғы отыз бес жылдай мерзімде Абайдың публицистік болмысына тоқталып,
оның. шығармаларының публицистік сипатын көрсеткен ауыз тұщытатын еңбек
дүниеге келген жоқ десек, шындықтан аулақ кетпейтініміз анық. Тіпті Абайдың
— публицистігі жайлы әңгіме қозғаған кездің өзінде оның мұрасы тар ауқымда
зерттеліп, ой-пікірлер тек қарасөздер жайлы айтылды. Ал біз публицистік
сарынды Абайдың.. бүкіл шығармасынан қарастырып, мәселент кең көлемде
зерделеген жөн деп есептейміз.
Иә, Абай — публицист. Оны публицист еткен өзінің ортасы, Абай
дәуірінен көп бұрын басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан
сананың мешеулігі, ұлтының талайсыздығы мен ұлтының талапсыздығы еді.
Сондықтан да М.Әуезов оның қарасөздері жайлы әңгімелей келіп: ... Абайдың өз
тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген
талабын көрсетеді. Өлеңдік шығармаларында өз заманының шындықтарымен қолма-
қол байланысты болып, онны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын,
жаңағы қарасөзінде сол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап араласқысы
келеді дейді. Бұл біздің Абай жаратылысынан публицист, оның ақындық
құдіреті публицистік болмысынан бастау алады деген ойымызды нақтылай
түседі.
Белгілі ғалым Т.Қожакеев:Абайдың Қалың елім, қазағым, қайран
жұртым, Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Байлар жүр жиған малын
қорғалатып, Көңілім қайтты достан да дұшпаннан да, Сабырсыз, арсыз,
еріншек, Менсінбеуші ем наданды, Қайғы шығар ілімнен, Қарашада өмір
тұр, Бойы бұлғаң деген өлеңдерінде де ел ішінің бұзылуы, ондағы
жікшілдік, баққұмарлық, алауыздық, өтірікшілік, өсекшілік, пайда іздеу
ұрлық қылу, сұмдық-сұрқиялық істеу сияқты қасиетсіздіктерге қарғыс таңбасы
басылған дейді. Міне, бұлар қоғамға, оның мүшелеріне баға беретін, сын
айтатын шығармалар. Олай болса, публицистика дегеніміз осы. Бұл пікірді сәл
өзгертіп ұлы Мұхтар да айтқан: Абай өскенде, ортасынан асқанда осы сияқты
тарихтық, қоғамдық қайшылықтарды терең аңғарып танып барып өседі... барлық
ақыл ойын мынау ортаны мінеп, шенеп, нәрсіздік, құнсыздығын ашуға
жұмсайды. Осыдан кейін Абайдың публицист болмасқа амалы да жоқ еді.
Абай бір-ақ күнде, тек қарасөздерін жаза бастаған сәттен бастап
публицист болды деудің қисыны келмейді. Әлемдік өркениеттің қайнаған
ортасынан тысқары қалған жартылай көшпелі елдің топырағында кіндік қаны
тамған болашақ классиктің көзін тырнап ашқаннан көргені көк бөрідей
жұлқысқан, тіршілік үшін жаға жыртысқан айқастар еді. Оны таразылап,
терісін-теріс, оңын оң деп обьективті баға беруге Абайдың ақылы тек орыс
демократтарын оқығаннан кейін ғана жетті дегеніміз де ағаттық болар. Оның
табиғи дарынын үстеуге Мұхаң көрсеткен үш арнаға қоса қоғамдағы әралуан
қайшлықтар да белгілі дәрежеде ықпал жасағаны хақ. Ислам әлемінің үлкен
қайраткерлерінің бірі Әли ибн Әби Талиб қазақтар Ғазреті Ғали дейді Мен
өзімнің ұзақ өмірімнің барысында адамдардың туған әкелерінен гөрі өздері
өмір сүрген заманға көбірек ұқсайтынын жиі байқадым деп айтуы тегін емес.
Сөйтіп Абайға ең алдымен заманы ықпал жасап, публицист етіп өсірді. Оған
дәуірдің ызалы, ащы сөзін айтқызды.
М.Әуезов: ... Жаманшылықтың жайын жалтарып айтпай, Добролюбов үгіттеғен
жол бойынша ызалы шабытпен, тура шабуылмен айту керек деп ұғынады.
Сондықтан өз бойындағы ажуа мен сатираға толып келген ызалы, толқынды
ойларын Абай мысалсыз –ақ ашық, анық өлеңдерімен шығарады десе, ол да
Абайдың-публицистігін ашық мезгегені.
Бұл арада М. И. Фетисовтың Абаевские назидательное рассуждения
представляют классический образец нациальной публицистической прозы.
Закладывая основы казахской демократической литературы, Абай чуткий по всем
современным народным запросам, не мог, естественное, миновать и оперативных
жанров не мог не использовать их для активного воздействия на сознаниее
своих современников, на общественную жизнь в Казахстане деген пікірін
келтіріп жатудаң өзі артық болар. Әңгіме болып отырған оперативті жанрларға
тек Абайднң қарасөздері ғана емес, сонымен бірге, уақыт, қоғам тынысын
білдіретін өлеңдері де жатады. Соның бірі — қырықтан жаңа асқан ақынның:
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман, — деп басталатын өлеңі. Бұл ойлы
адамның, азамат ақынның көзімен қарағандағы өмір келбеті. Оны қазақ ұлтының
тек өткен өмірімен ғана байланыстырсаңыз қателесесіз. Еңбек саумай, қулың
сауған пысықайларыңздың қатары бүгін тіпті молая түскендей.
Бай алады кезінде көп берем деп,
Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп.
Би мен болыс алады күшін сатып,
Мен қазақтан кегіңді әперем деп, — тәрізді жолдар
елді іштен іріткен надандық, дүлей топастықтың дәл көрінісін бермей
ме?
Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң бек көрем деп.
Бұзылмаса оған ел түзелген жоқ
Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп, — деген сын қоғамның мерезін
ашынған ызымен әшкерелеп қана қоймай, өз ортасын сол мүгедектікті жоюға
шақырған күрескер публицистің ғана қаламынан туатын жолдар. Мұхаңның
М.Әуезов сөзімен айтсақ, ақыл-ойға, білгіш-сезгіштікке келгенде ерте ер
жеткен жас жігіт сол уақытта-ақ өз ортасынан иығы асып, оза бастағанын
сезгендей болады. Озу — ойы толып өсуінен білінеді. Сондықтан да публицист
Абай:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Жақсы менен жаманды айырмадың,.
Бірі қан бірі май боп енді екі ұртың, — деп шыр-пыр
болады халқының күйкі мақсаты көнбіс қылығы жанын күйдіргендіктен.
Ұлы ақынның Жаз деп аталатын өлеңіне әдебиетші ғалымдарымыз тамаша
жазылған табиғат лирикасы деген баға береді. Дау жоқ, ол – солай. Әйткенмен
осы шығарманың өзінде публицистикаға тән сипат бар. Мәселе оның Дала
уалаяты газетінде басылып, жарық көргенінде емес, Абайға тән сатирамен,
астарлы ажуамен қоғам көрінісін мысқылдап, сынап күлкіге айналдыруында.
Өзіміз сан рет оқыған өлеңге бір мәрте көз салайықшы: Қастеевтің
қылқаламынан туған тамаша бір дүние қарсы алдыңнан андыздап шыға келмей ме.
Тек бтр айырмашылық — Абайдың суреттеуіндегі жазғы ауылдың көрінісі жанда,
ұдайы қозғалыс үстінде.
Ғаламат суреткер кестелеген бай, салтанатты ауыл.
Кенет...
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен;
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Жарамсақтап, жалпылдап.
Бұл – сатира. Көлеңкеде тыныстап жатқан байға жағынамын
ауыл қамқоры деген атқа ілігемін деген оймен бір аяқ қымызға бола
қадірін сатқан шалдың сорлы бейнесін бұдан әрі сүмірейте көрсету сірә,
мүмкін емес шығар.
Қыым-қуыт шаруа атқарған, серілік, саятшылық жасаған адамдардың
әрекеті одан әрі жалғаса береді де, өлеңнің соңында жоғарыдағы ақсақалдың
бейшара сипаты тағы да көрініс табады.
... Бағанағы байғұс шал,
Ауылда тұрып күледі,
Қошамет қылып қарқылдап,
Оқырманның ызалы күлкісін тудыратын, туған халқыңның жанкешті
тірлігінің сипаты жоғарыдағы жолдардың авторын ңандай көңіл-күйге бөлегенін
сезіну де екінің бірінін, егіздің сыңарының пешенесіне жазылмаған ырыс.
Осындайда данышпанның:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен де жұмбақ адаммын оны да ойла, — деп өз бағасын өзі беріп кеткен
жолдары еріксіз еске түседі...
Абайдың публицистік қырын сипаттайтын пікірді белгілі ғалым Сәбетқазы
Ақатаев та айтады:Абайдың алдында, әлде Абаймен қатар- өмір сүрген оның
орыс үзеңгілестері Россияның азаттық күресінің екі кезеңінің бар-
тауқыметіне көп болып шығын тосқаны мәлім. Абай замана жүгін бір өзі
көтерді, мыңмен жалғыз алысты. Сондықтан XIX ғасыр аяғындағы қазақ
қоғамының ұйқысынан оятушы Радищеві мен жырымен тербеткен Пушкині де,
дабылшы Герцені мен балташы Чернышевскийі де — дара Абай. Осы ойды одан
әрі дамыта келіп ол Өз шығармаларындағы білгірлігі мол, қажыр-қайраты
шыңдалған, әлеуметтіқ арпалысқа түсерлік, арнайы дайындығы бар саналы да
сақа қайраткер дейді,

назидательных ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz