Тоқтар Әубәкіров: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері - өмірі, ғарыштық зерттеулері және әскери қызметі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

Алматинский Колледж Новых технологий

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

Т. Әубакиров

Орындаған: Кутелева К.

2 курс студенті, 23-тобы

Жетекшісі:

АЛМАТЫ 2006


Т. Әубәкіров

ӘУБӘКІРОВ Тоқтар Оңғарбайұлы (27. 7. 1946 ж. т., Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. 1-Май а. ) - қазақтың тұңғыш ғарышкері, тех. ғыл. докт. (1998), проф. (1997), Кеңес Одағының еңб. сің. ұшқышсынақшысы (1990), авиац. генерал. -майоры (1992), Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасынын Халық Қаһарманы (1995), Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (1995) . 1962 - 65 ж.

Теміртау құйма-мех. завотында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын өріппен жазылды (1964) .

Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген (1969) . 1969 - 75 ж. Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. Мәскеу ұшқышсы-нақшылар мектебін (1976), Мәскеу авиация институтын бітірген (1979) .

1976 - 92 ж. Мәскеудегі А. И. Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқышсы-нақшысы.

Әубакиров 1988 ж. Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай үшақка 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.

1989 ж. 1-болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына "МиГ-29к" реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.

1990 ж. ғарышкерлер құрамына алынды.

1991 ж. 2 сәуірде Кеңес Одага Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышка ұшу дайыңдығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан "Союз ТМ-13" кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі Жер төңірегіндегі "Мир" орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал т. аймағы бойынша ғыл. -зерт. жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Казақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофиз. бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.

Әубакиров 1991 ж. 10 қазанда Жерге оралды.

Әубакиров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін калауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992 - 93 ж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 - 94 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 - 95 ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты - Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

Шығ. :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқтар Әубәкіров - Қазақстанның тұңғыш ғарышкері: өмірбаяны және ғарыштық миссиясы
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, техникалық ғылымдарының докторы және мемлекет қайраткері
Тоқтар Әубәкіров: ұшқыш-сынақшы, Кеңес Одағының Батыры және Қазақстанның тұңғыш ғарышкері
Тоқтар Әубәкіров: тұңғыш қазақ ғарышкерінің өмірбаяны мен ерліктері
Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев: қазақ ғарышкерлерінің өмірі мен қызметі
Тоқтар Әубәкіровпен сұхбат: Байқоңыр, Қазақстанның ғарыштық дамуы және апаттық қауіптер
Қазақстанның ішкі сулары мен әскери-ғарыштық полигондарының экологиялық мәселелері
Қазақтың тұңғыш математигі Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің өмірі мен қызметі
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің ғұмыры мен қазақ қоғамындағы рөлі: тарихи-әлеуметтік зерттеу
Бауыржан Момышұлының өмірі, әскери қызметі және әдеби мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz