Мұхтар Әуезов (1897 - 1961 жж)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мұхтар Әуезов

(1897-1961 жж. )

Қазақ әдебиетінің классигі, ғалым, Қазақ КСР ҒА академигі (1946) филолгия ғылымының докторы, профессор (1957) Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949) . Семей өңірінің Абай ауданында туған.

Ауыл мектебінде оқыған. Оның дүниетанымының қалыптасуына Абай Құнанбаевтың досы - атасы Әуез ықпал етеді. 1919 ж. Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіреді, 1928 ж. Ленинград университетінің Шығыс факультеті жанындағы аспирантураны бітіреді. 1917 жылдан кейін ол Семей облыстық комитетінде, Қазақстан ОАҚ-нде жұмыс жасайды. Осы жылдарда ол шығармашылық жұмыспен айналысып, жемісті ғылыми ізденістер жасайды, әлемдік әдебиетке назар аударады. Өзінің ертеректегі «Қорғансыздың күні» (1921), «Кім кінәлі» (1923), «Ескілік көлеңкесінде» (1925) атты әңгімелерінде жазушы қазақ ауылында қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын ашты, теңдігі жоқ қазақ әйелінің ауыр халін көрсетті. «Жетім» (1925), «Барымта» (1925), «Дала әңгімелерінде» (1925) жан дүниесі таза ерік-күші мол, ар-ұждандық сезімі бар қарапайым адамдардың бейнелері жасалған. Терең драматизм мен көрнекті де көркем бейнелеу оның «Қаралы сұлы» әңгімесінде айқын көрінеді. Әуезов қазақ ауылындағы заманалық күрес бейнеленген «Қараш-қараш» (1927) және «Көксерек»(1929) повестерін жазды.

Әуезовтың шығармашылығы қазақ драматургиясының, сценалық өнердің дамуына ерекше рөл атқарды. 1926 жылы Қазақ ұлттық театры «Еңлік-Кебек» пьесасын өзінің алғашқы репертуарында қойды. Қазақтың опера және балет театрында «Айман-Шолпан» комедиясының алғашкы қойылымы болды. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске арналған «Түнгі сырын» (1934) пьесасы қазақ драматургиясына жақсы туындылардың бірі болып қалды. 1940 жылы Әуезов Л. Соболевпен бірге ұлы ақын өмірінің соңғы жылдарына арналған «Абая» трагедиясын жазды. Онда Абайдың туған халқының сауатын ашуға, оның мәдениетін дамытуға бағытталған зерделі қызметтері, өмірдің ащы дәмін татқан тұстары нанымды беріледі. «Абай», «Қаракөз» «Қарақыпшақ Қобыланды», «Түнгі сарын» пьесалары елімізде де, шетелдерде де танымал. Әлеуметтік-тарихи «Абай жолы» роман-эпопеясы - Әуезов шығармашылығының ең биік шыңы. Эпопеяны жазу үшін оның алдында тарихи материалдары жинау, зерттеу, оны шығармашылық тұрғыдан ой елегінен өткізу сияқты үлкен жұмыс тұрды. Ғаламат ой-орманын жүзеге асыру үшін жазушы көркем шығармаға он бес жыл өмірін арнады. Романның басты кейіпкері - қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының өмірі эпикалық түрде көрсетіледі. «Абай жолы» романы әлем халқының 30 тілінде аударылған, «Әлемдік әдебиет кітапханасы» сериясымен жарық көрген (М., 1971),

Ол Үнді сапарынан «Үнді елі туралы очерк» жазды. Аяқталмай қалған: «Өскен өркен» (1961) атты романы жазушының жаңа қырынан танытты. Қазақ әдебиетінің алтын қорына Әуезов аударған Н, В, Гогольдің «Ревизор», У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау», И. С. Тургеневтің «Дворян ұясы» және тағы басқа шығармалары енді. Ол қазақ фольклоры, қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны бойынша әдебиеттану еңбектерін де жазды. Әуезов әдебиеттанудың жаңа саласы - Абай танудың негізін жасады, қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына орыс рухани мәдениетімен Шығыс әдебиетінінің ықпалын зерттеді.

Ол Ленин орденімен, басқа да орден, медальдармен марапатталған. Қазақстан ҰҒА Әдебиет және өмір институтына, Қазақтың академиялық драма театрына, Алматыдағы және Семейдегі көшелер мен мектептерге Мұхтар Ормаханұлы Әуезов есімі берілген.

1997 жылы жазушының туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО бойынша бүкіл әлемде тойланып, егеменді еліміздің мерейін көтерудің жарқын көрінісіне айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Мұхтат Әуезов өмірі, қазақ әдебиетінің негізін салушы
Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар
Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде
Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің зерттеушісі Мұхтар Әуезов
МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВ 1897-1961 жж
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz