ӘУЕЗОВ МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ- қазақ совет жазушысы


ӘУЕЗОВ МҰхтар Омарханұлы
ӘУЕЗОВ Мұхтар Омарханұлы (28. 9. 1897, қазіргі Семей обл., Абай ауд., - 27. 6. 1961, Москва, Алматыда жерленген) - қазақ совет жазушысы, көп ұлтты совет әдебиеті классигі, қоғам қайраткері, ҚазССР ҒА-ның академигі (1946), филол. ғыл. докторы, проф., ҚазССР-інің еңбек сің. ғылым қайраткері (1957) . Атасы Әуездеи оқып хат таныған. Кейін мұғалімдер семинариясында оқиды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында Семей облаткомында, онан соң Қазақстан ОАК-інде қызмет етті.
20-жылдары Ленинград университетінде, кейін Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасында оқиды. Бұл жылдардың бәрі жазушылық жолда еңбек етумен бірге, жалпы білім көтеру, оны тереңдету, ғылым ісіне икемделу кезеңдері болады. Әуезовтің ілгеріде жазылған тамаша реалистік әңгімелері мен повестері, драматургиялық шығармалары кейінгі үлкен еңбегі - «Абай жолы» эпопеясының дүниеге келу заңдылығын байқатады.
«Қорғансыздың күні» (1921), «Кім кінәлі» (1923), «Ескілік көлеңкесінде» (1925) атты әңгімелерінде жас жазушы сол кездегі көкейкесті мәселелерді көтереді.
Қазақ әйелінің аянышты ауыр халін, қорлық пен күндікте өткен қара түнек өмірін суреттеді. Ақан сияқты болыстың қанды шеңгелінен қаза тапқан Ғазизаның аянышты күйін баяндап, ескі өмірдің бір елесін, кейбір адамдардың пасық әрекеттерін сынайды. «Жетім» (1925), «Жуандық» (1926), «Барымта» (1925) деген әңгімелерінде Әуезов халықтың қалың ортасынан шыққап қарапайым адамдардың өмірін сіпаттайды. Жетім бала Қасымның тіршілігі азапта, бақытсыздықта өтсе, өмір бойы еңбек өткен батыр жылқышы Қалбағай барымта үстінде қаза табады. «Жуандық» әңгімесінде әр рудан жиналған 20-30 үйлі кедейлердің егін салу кәсібімен шұғылданғаны, оларга Әбіш, Құрмаш деген байлардың жасаған озбырлығы, зорлық-зомбылығы айтылады. «Оқыған азамат» (1922), «Кіиәмшіл бойжоткен» (1925), «Сөніп-жану» (1923) деп аталған әңгімелерінде жазушы қалаға келіп, мәдениетке үйрене бастаған қазақ жастарының тұрмысына енген өзгерістерді оған қоса мораль мәселелерін қозғайды. Бұл кезеңдегі шығармаларының ішінеп «Қараш-қараш оқиғасы» (1927) мен «Көксеректі» (1929) атаған жөн. Екі әңгіме тақырып жағынан болсын, көркемдік ерекшелігі жағынан болсын біріне-бірі ұқсамайды. Бірақ мұнда аңғарылатын бір нәрсе: автордың реалистік шеберлігі, кейбір кездейсоқ көріністерді суреттеуден гөрі, өмірді кеңінен қамтып, терең сипаттауға көшкені анық сезіледі. Бұл әңгімелер жазушының реалистік қолтаңбасы қалыптасуының айғағы. «Қараш-қараш оқиғасында» орталық кейіпкер - Бақтығұл. Бұрынғы ұрлығы үшін айыпты болған Бақтығұл адал өмір сүрмек болып, Жарасбай болысқа жалданады. Жарасбай болыс өзімнн жауласқан рудая кек алуды көздеп, Бақтығұлды барымтаға жұмсайды, ол тағы да амалсыз ескі кәсібіне оралады. Ру арасындағы тартыс толастаган кезде Жарасбай Бақтығұлдан безіп шығады да, өзін ақтау үшін оны баукеспе қарақшы деп билер сотына тапсырады. Қашқын болған Бақтығұл бірде өзі өштескен Жарасбайды атып өлтіреді. Жазушы осы әңгіме арқылы әлеум. маңызы зор мәселе көтеріп, қыр көдейінің қорланған намысын, бостандығын қорғау жолындағы күресін көрсете білді.
30-50 жылдардағы әңгіме, очерктерінен «Білекке білек», «Шатқалаң», «Бүркітші», «Іздер», тың жер көтеру аттанысына арналған «Түркістан солай туған» атты шығармаларын атауға болады.
Бұлар совет тақырыбына арналып, алғашқы жылдардағы колхоз-совхоз құрылысын, ондағы күрес тартыстарды, тың көтеру аттанысы кезіндегі жаңа құрылған совхоз адамдарының ерлік еңбектерін суреттейді. «Қасеннің кұбылыстары» - психол. очерк, ал «Құм мен Асқар» шығармасын «Райхан» деген атпен шыққан фильмнің сценарийі ретінде жазған. Драматургия саласындағы Әуезов еңбектері қазақ көркемөнерін ілгері дамытуда, ұлттық театрлардың шаңырағын көтеруде айрықша роль атқарды. 1926 ж. драма театры өзінің шымылдығын тұнғыш рет «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашты. Опера және балет театрының тарихы да Әуезовтің «Айман-Шолпан» муз. комедиясын қоюдан басталды. «Еңлік-Кебек» трагедиясы екі жастың бақытсыз махаббатын көрсетуге арналғанымен, онда қыр елінің басқа да мәселелері қамтылған. Ең алдымен, адамгершілік, адамның жеке басын қадірлеу, ел бірлігін көксеу, бұқара халыққа бейбітшілік өмір тілеу, болашаққа үміт, сенім көзімен қарау мәселесі қойылады. Ағыл-тегіл шешен, өткір сөздер көрермендерді кейіпкерлермен бірге толғандырады. Шығарма екі жастың (Еңлік пен Кебектің) өлімімен аяқталса да, болашақ Еспембеттердікі емес, топас ескілік келмеске кетеді, ендігі өмірге Жапал, Еңлік пен Кебектен қалған жас нәресте, кейінгі ұрпақ ие болады деген сезім беки түседі. 1916 жылғы оқиғаға арналған драматургиялық шығармалардың ішінде «Түнгі сарын» пьесасының шоқтығы биік. Бұл пьеса - қазақ драматургиясы тарихынан келелі орын алатын, мазмұн-идеясы терең, көркемдігі жоғары сатыда тұрған шығарма. Әуезов қаламынан туған шоқтықты шығармалардың бірі - Л. С. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» трагедиясы (1939-40) . Пьесада орыс халқын, демокр. Россияны тану жолындағы ұлы ағартушының еңбегі көрсетілген. Абай орыс мәдениетімен, сол кезде қазақ даласына жер аударылып келген орыстың демократияшыл оқығандары арқылы танысады.
Ол А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов өлеңдерін, И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударып, өз халқын орыстың тамаша әдебиет мұраларымен таныстырады. Әуезов 30 жылдардың орта шеніне Абай мен Пушкиннің рухани кездесуі жөнінде бір кезеңде жазып, оны кейінірек жариялағанда, Абай туралы романдар жазу идеясы пайда болады. Автор бұл тақырып жайын көп ойластырады, сөйтіп ұзақ жылдар зерттеу, ғыл. -педагогтік жұмыстармен қоса тынымсыз еңбектену арқасында төрт томдық тарихи эпопея жазылады.
Композициялық құрылысы, негізгі кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы жағынан алғанда бұ: эпопеяның мазмұны бір арнага құйылып, тарихи бір дәуірді толық қамтиды. 19 ғ-дың 2-жартысындағы қазақ даласының өмірі жая-жақты суреттелген.
Романнан отырықшылық еңбекке көше бастаған жатақтардың, халық мұңын жоқтай білген ақын-жыршылардың, орыстың демократтық мәдениетінен нәр ала бастаған Абай төңірегіне шоғырланған талантты жастардың, жаңа заман өкілдерінің түр-сипаты танылады. Сонымен бірге іргесі сөгіле бастаған патриархалдық- феод. құрылыстың тірегі болған ру басыларының, болыс-билер мен атқамінерлердің ұсқынсыз бейнелері де суреттеледі. Эпопеяның негізгі арқауы - өмір шындығы - сол заманда өмір кешкен тарихи адамдардың арасындағы қарым-қатынас, күрестартыс, күйініш пен сүйініш. Жазушы халық жадында сақталып қалған кейбір оқиғаларды, фактілерді, әсіресе Абай турасындағы архивтік материалдарды, есте қалған мәліметтерді, ұлы ақыннан қалған мұраларды кең, өнімді пайдаланған. Мыс, Абай, Ұлжан, Әйгерім, Тоғжан, Әбіш, Мағауия немесе Құнанбай, Тәкежан, Оразбай, Жиренше, Майбасар т. б. - өмірде болған адамдар. Ал Дәркембай, Дәрмен, Иса, Салтанат т. б. кейбір кейіпкерлер өмірде болмаған.
Автор бұларды ойдан қосып, әрқайсысының өзіне лайықты бейнелерін жасау арқылы әр түрлі қоғамдық топтарды көрсетуді мақсат еткен. Сонымен қатар бұл сияқты қосалқы болінелерді Абайдың жоғары адамгершілік, гуманистік қасиеттерін аша түсу үшін пайдаланғап. Шығарманьтң бай тақырыбын, ңурылысын дамытып, оған озекті арқау болып отырған нәрсе бір-біріне қарама-қарсы түрған екі күштің арасындағы бітіспес күрос, ожолдон келе жатқан жауыздық псн ізгіліктің, ескілік пен жаңалықтың арасындағы айқас. Дегенмен эпопеяның негізгі кейіпкері Абай болғандықтан, бар оқиға, іс, ілгері даму, тартыс сол басты қаһарманның тоңірегіне шогырланын, әрбіп жатады. Жазушының жеберлігі ерекше байқалатын жер - Абайдың ақылдық шабытьш суреттеу кезеці.
Елден шыққан қанқұйлы жыртқыштардың сыйқыіі көргенде туған «Антпен тарқайды» өлеңі немесе Әбдірахманның сырқаты метт өліміно арналған мұң-зар, тілек-отініш, жоқтау-өкініш өлсңдері, хаттар ақынның «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» деп басталатын әйгілі шығармасының туу шақтарын жазушы өте нанымды да әсерлі суреттейді. Ұнамды кейіпкерлердің ішінен көп жасап, көпті көрген, оқығанынан тоқығаны көп ақылгөй Дәркембай қарттың бейнесі көңілге қонымды. Ол кімнен болса да қаймықпай, турасын айтатын, момлоге көліп бұлтақтауды білмейтін әділ, ержүрек адам. Өзінің осы қасиеттерін асыл қарт Құнанбаймен тірескен кездерінде талай рот көрсетеді. Ақынды қоршаған жастардың ішінде ең алғыр, ең дарындысыныд бірі - Дәрмен. Абай оның әрі ұстазы, әрі қамқоршы әкесі, сондай-ақ үш-қыр, шабытты ойлармен бөлісіп оты-ратын жас досы, ертецгі мүрагері. Әр уақытта Абай жанында болып, одан үнемі тәлім-торбие алып келген Дәрменнің ақыпдық жолы да басқа-ша болды. Абайдың айтуы бойынша шыгарған «Ецлік-Кебек» жайындаіы дастанында ол ескілік әдет-заңды, екі жасты өлімге байлап берген Кеңгірбайды әшкерелоп, оған лағнст айтса, екінші шығармасыпда сол кездегі өмір шындығын алып, малшыиы, оның ауыр еңбегін жыр етеді. Сөй-тіп, Дәрмен жаңа демократтық бағыт-тағы ақынның жиынтық бейнесі бо-лып шығады. Кеп томдық романда қазақ ейелдерінің ғажап образы жасалған. Бұл ретте, ең алдымен, елдің боріне бірдей мейірбай ана бола білген, қарт әже Зерені, ақылды, байсалды шеше Ұлжанды, көркімен де, өне-рімен де ынтызар ететін Әйгерімді, Абайды ерекше бағалап, ауыр күндерде рухани демеуші бола білген Салтапатты атау қажет. «Абай жолы» романы 1959 ж. Лениндік сыйл. алды. Бұл күпдері роыаи дүние жүзінің ондагая халықтарының тіліно аударылып, әлемдік эдебиеттін; маң-дай алды туындылары қатарына қосылды. Ол «Библиотека всемирной литературы» оериясынан 2 том болып (М., 1971) басылып шықты. Жазушының әңгімс, очерктері, әсірого өмірінің соңғы кезіндо жазушылық, мемлекеттік істерге байланысты Қа-зақстанды аралаудап, шет елдерге шыққан сапарларыдан алған әсерле-рі жөніндегі жазбалары ез алдына бір тобс («Оңтүстік очсрктері», «Индия очерктері», «Америка әсерлері» т. б. ) . Жазушының көп ойла-нып, толғанып, жазбақ болған ірі туындысы. «Өскен оркен» (1961) бітпей қалды. Оның одеби аударма саласындағы тамаша еңбектері бү-кіл қазақ әдебистінің алтын қорына қосылды. «Ревизор», «Отелло», «Асауға түсау», «Любовь Яровая», «Ақсүйектер», «Дворян үясы», «Той тарқар» сияқты Батыс Европа мен орыс классиктсршің және совет жа-зушыларының пьесаларын, романдарың, әңгімелерін қазақ тіліне ау-дарды. Ә. - ү-лкен суреткер болумон бірге өдебиет тарихгаысы, ғалым, фольклор, әдебиет тарихы саласында, әсіресе, Абай творчествосы туралы орасан көп еңбеғ етіп, зерттеулер жазған, теориялық түйін-қорытын-дылар жасаған ғұлама. Қазақтың фольклорлық шығармаларының та-рихы туралы 1948 ж. сонан соң 1960 ж. толықтырылып басылған «Қазақ әдебиеті тарихы» (1-томы) деген көп-шілікке аян кітаптың әрі авторы, әрі бас__родакторы болған. 1959 ж. қазақ одебиотшіц іпроблсмаларына арнал-ған ғыл. -теорлялық конференцияда ү г лкен қорытынды сөз сөйлеп, бүрын-ғы мен қазіргі әдебиетті зерттеудегі негізгі міндеттердің бетін ашты. 1959 ж. жазушының әдебиеттану са-ласындағы көлемді еңбектері «Әр жылдар ойлары» деген атпен кітап болып шықты. Кейінірек «Уақыт және әдебиет» доген зерттеу еңбек-терінің жинағы (1962 ж., қүраст. Ы. Дүйсенбаев) жарық көрді. Ә. қа-зақ совет одебиеттану ғылымы мен фольклористикасын дамытуға белсе-не қятынасумен ңатар ілімнің жаңа бір саласы - абайтану гылымының нсгізін салды және оны қалыптастырды. Ол күрделі проблема ротінде зорттеу объектісіно айналды. Жоғары оқу орыядарының программаларына енгізіліп, арнаулы пән есебін-дс оқылатын болды. Ә. қазақ әде-биетініц есіп қалыптасу барысында маңызды роль атқарған орыс мәдо-ниеті мен әдебиетінің жэне шығыс-тың классикалық әдебиетінін; ықпал, осерін алғаш айтып талдады. Мүны осіресе, Абай мұрасын танудағы ең-бсктерінде тереңдетті. Қазіргі көп үлтты совет әдебиетін зерттеу ба-рысында Ә. әдебиеттерінің өзара бай-ланысы, бір-біріне әсер, ықпалы жайында моселе көтеріп, оны Орта Азия мен Қазақстан халықтары әде-биеті көлсмінде іздестіру жөнінде нәтижелі еңбек етті. Интернациона-лист жазушы әдебиеттөр достығын нығайта түсуге шақырды. Халықтар-дың рухани жақындасуы оларды бауырластырудың маңызды шарты деп білді. Жазушылар одағында (Мос-квада, Алматыда), Бейбітшілік коми-тетінде, Лениндік сыйл-тар комите-тіндс, Академпяда, университотте (Москвада, Алматыда), «Правда». «Известия» редакцияларыида және басқа мәдени орындарда, газет, жу-нал, баспа тоңірегінде Ә. совет әдебиетін, қазақ әдебиетін насихаттау-дан, оның ортақ моселелерін терең, тсорішлық пайымдау жолымен шс-шуго умтылудан жалыққан емес. Қогам қайраткері ротінде ол көпте-гон елдерді аралады. Германия, Че-хословакия, Америка, Жапония, Ин-дия сапарларында жазушы совет мә-дониетін дәріптоді, сопың толық мандатты өкілі больш сөйледі. 1961 ж. ғалым есімін мәнгі есте ңалдыру мақсатында ҚазССР ҒА-ның Әдебиет және өнер ин-тына М. 0. Әусзов аты бсрілді және институт қүрамып-да гылыми бөлім ретінде М. Әуезов-тың әдоби-мемориалдық музей-үйі ашылды (1963) . Шымылдығы «Ең-лік-Кебок» трагедиясымен ашылған Қазаң мемл. акадөмиялық драма театры Ә. есімімен аталатын болды. Алматы, Ссмсй және басқа қалалар-да көше, мектеп аттары бсрілді. Койінірок астанада Ә. атында жаңа аудан құрылды. Опера және балет театрының скверіне, Ә. төатрыньщ алдына ескерткіш орнатылды. Ңабі-рінің басына құлпытас қойылды. 1980 ж. «Мұхтар Әуезов» атты мұ-хитта жүзетін жүк көмесі сапарға шықты. Туған халқы даңқты жазу-шысын ізотпен есте сақтауда. Ә-тің әдеби, ғылыми мұрасы өте бай. Оның шығармалары жеке-жеко кітап болып сонау 20 жылдардан бастап, таралып көледі. 1955-57 ж. таңдамалы шы-гармалар жинағы 6 том болып ба-сылған еді. 1967-69 ж. біршама то-лықтырылып, 12 том болып басылды (жетекшісі М. Базарбаев) . 1979 ж. «Жазушы» баспасы 20 томдық шы-ғармалар жинағын шығаруды ңолға алып, оны 1986 ж. аяқтады. Бұл жинақтарды баспага дайындауда Әдебиет жәно өнер ин-тының, әсіросо жазушьшың одеби-мемориалдық музей-үйінің ғалымдары көп еңбек сіңірді. Әрбір томның соңына шығарма-лардың қашан, қайда басылғаны, әдебя кейінкерлердің прототиптері, творч. процесс кезінде енгізген өз-герістері жөніндө ғыл. түсініктер бе-рілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz