Б. Майлиннің 30- ыншы жылдардағы шығармалары


- ҚР білім және ғылым министрлігі.
«Қайнар» университеті.
Өздік жұмыс.
Тақырыбы: «Б. Майлиннің 30- ыншы жылдардағы шығармалары».
Орындаған:Суханбердиева Б.
/ІІ-курс, Қаз. фил. фак. /
Тексерген: Мұхтарова А.
2006 жыл.
Көркем сөздің аса үлкен шебері .
Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, заманымыздың аса талантты суреткері Бейімбет / Бимухамбет/ Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дампар болысында, Әйіт өзенінің бойында Ақтөбе деген жерде /қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Бейімбет Майлин атындағы совхозда / дүниеге келген .
Жазушы әкесі Жармағамбет те, атасы майлы да өте момын, кісі есігінде жалшылықпен күнін көрген кедейлер болыпты. . Әкеден алты айлығында айрылған болашақ жазушының әкесі ісіне пысық, сөзі өтімді, өз жанынан өлең шығара білетін кісі болған көрінеді .
Жас жазушы өсе келе шешесі Күлғизар қайтыс болған соң ақылды әжесінің қамқорлығына білжола көшеді .
Ақылды әжесі ағайындарын жинап Бейімбетті оқыту қажеттігін айтады . Сонымен ол әуелі өз ауылында кейбір сөзі ашық кісілерден сауатын ашып, білімге ынталана түседі . Осыдан кейін іргелес ауылдағы Арғынбай қажының медресесінде оқиды .
Троицскідігі «Уазира» медресесін бітіреді . Уфадағы «Ғалия» медресесінде екі жылдай оқиды .
Бейімбет өлең жазумен тым ерте айналысқан . 1932 жылы 5 наурызда «Социалистік Қазақстан» газетінде Бейімбеттің жазушылық қызметіне 20 жыл толуына арналған материалдарға қарап, оның алғашқы өлеңдері «Мұқтаждық», «Мұсылмандық белгісі» - 1912, 1913 жылдары жазылғанына күмән келтіруге болмайды .
1923 - 1937 жылдар арасында Бейімбеттің 55 кітабы жарық көрді. Сонымен 43 - жыл ғана өмір сүрген дарынды жазушы көптеген өлеңдермен қатар 14 - 15 поэма, жүздеген әңгіме, очерк, фельетондарымен қатар, ондаған повестері, 20 - дан астам пьеса, либретто мен сценариялары өзінің көзі тірісінде жарық көрген . ! Азамат Азаматыч » романы жеке кітап болып басылған. « Қоңсылар», «Қызыл жалау», «Тартыс » романдары отызыншы жылдардың басында республикалық газет - журналдарда жариялана бастаған . « Жалбыр», «Атылған оқ» повестері , Ғабит Мүсіреповпен қосылып жазған « Батыр - большевик Амангелді» повесі де газет- журналдарда жарық көрді.
Бейімбеттанушылардың бірі - профессор Сейділда Ордалиев былай дейді: « . . . Ауыл өмірін жетік білген жазушы өз замандастарының қаншама типтік образдарын жасады . Олардың ішіндегі өнегелі ұнамды образдармен қатар жағымсыз жексұрындарда қаншама ! Мырқымбай, Айранбай, Раушан, Күлпаш, Айша, Берен, Зейнеп, Айдарбек, Қожалық, Боқтыбай, Желдібай, Талтаңбай. .
Бейімбеттің кейіпкерлері өзі жақсы білетін замандастары болған . Мен солардың көбінің прототиптерімен кездестім . 1961 жылы Бейімбет творчествосын зерттеу мақсатымен құрылған ғылыми экспедицияны басқарып /М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының тапсыруы бойынша / жазға шілде, тамыз айларында Биағаның туған жері Тобыл ауданында, оқыған, қызмет істеген қалалары Троицк, Уфа, Орынбор, Қызылорда қалаларында болдық . Сонда байқағанымыз Бейімбеттің біраз кейіпкерлерін өз аулынан кездестірдік, қайсыбірінің аты, сәл өзгерген, кәсібі өз атымен аталған . Мысалы, жазушының туған аулында Бермұхамбетов Есенқұл, Нұрмағамбетов Елемес деген қарттармен кездестік . Олар Бейімбеттің 1928 жылы өзінің туған аулына келіп, он бес үйден колхоз ұйымдастырғанын, оны «Жалшы» деп атап кеткенін, кейін сол колхоздың құрылуына арнап «Он бес үй» атты повесть жазғанын, сондағы кейіпкерлердің прототиптерінің біразы әлі бар екендігін қызықтап әңгімелеп берді . Немесе жазушының « Біздің жігіттер» - атты пьесесының Хасен мен Асылбек атты «пысық жігіттері» Бейімбеттің құрдастары екен. . Жазушы суреттегеніндей бұл екі қарттың да пысықтығы, іскерлігі, ел арасындағы тартыс - таласқа араласқандығы байқалады . Ол кезде екеуі де дербес пенсионерлер еді . Баймузин Хасен, Ташбаев Асылбек . Екеуі де жазушымен бірге өскен, жақын жолдастары болған екен. . Сондықтан да Бейімбет өз шығармаларында оларды сықақтап, әзілге айналдырады екен .
Басқа қазақ жазушыларынан Бейімбет творчествосының ерекшелігі - реализмнің күштілігі . Ол асқақ романтикаға да, жалаң қиялға да әуес емес. Көбінесе өмірде болған, өзі көріп білген құбылыстар жайында жазады . Бұдан, әрине, Бейімбет өмірде көріп білгенін қаз калпында көшіре салады екен деген ой тумаса керек . Өйткені, олай болса, ондай шығарманың көркемдік құндылығы да шамалы болар еді ғой .
Бейімбет өмірде бар шындықты оқиғаларды жазушылық талғамнан өткізіп соны жинақтай отырып көркемдеп суреттеуге келгенде, нақты детальдар мен штрихтар арқылы, дәләлдеу арқылы барады . Бір мысал алайық «Қырманда» повесіндегі жекелеген оқиғалар өмірде болған тарихи адамдардың іс - әрекеттерін еске түсіреді . Повестегі оқиға «Малшы» колхозында өрбитін еді ғой . Ал ондағы тартыс жүйесі басты образдар Ертай, Әбдірақ, Нұрыш, Тұмаршалардың тағдырымен байланыстырылатын . Дәл осы есімді адамдардың жазушының туған колхозы «Жалшының» тұрғындары екенін жоғарыда айттық .
« Раушан - коммунист» повесіндегі суреттелінетін «Сабын көл» сол кездегі «Сегізінші ауыл» екендігі де тарихи шындық . Тіпті Раушанды мазақтамақ болған ауыл қуларының: «Бай - бай, ығзары - ай. !. . Баяғы Бейсембай болыстан да қатаң ғой!» - деп Бейімбет аулында болыс боп өткен Бейсембайды әдейі еске түсіре сөйлеуі де оқиғаны шындыққа жақындата түседі .
Бірақ Бейімбет сол болған оқиғалардың жетегінде кетіп қалмайды . Өмір шындығын эволюциялық даму дәрежесінде алып, жанды сурет жасап, оны айқын да көркем бояуларымен нақыштай түседі . Кейбір кейіпкерлердің өз атымен жүргендігін айтып қызықтап кеттік білем, Бірақ ол кейіпкерлер өмірдегі прототипіне кейбір сырттай ұқсастығы болғанмен оның көшірмесі емес, сол дәуірдің, сол кезеңнің өмір шындығын дәл танытатын типтік бейнелер . Ауыл адамдарының типтік бейнесін дәл Бейімбеттей ешбір қазақ жазушысы шынайы суреттей алған емес.
Бейімбет өз шығармаларына үлкен жауапкершілікпен қарайтын және әрбір басылымдарында түзетулер енгізіп отыратын жазушы болған . Мысалы, « Шұғаның белгісі», «Раушан - коммунист» повестерінде көп түзетулер енгізгені белгілі . «Құлтай болыс» әңгімесі де өзгерістер көрген. «Он бес үй» повестері де көп / өңдеу / түзетулер көрген .
Колхоздастыру дәуірінің алғашқы кезеңін суреттеуге арналған «Он бес үй» повесі - қазақ әдебиетінде колхозды ауылды шынайы суреттейтін көркем шығармалардың бірі . Онда жазушының өз аулында болған және өзінің тікелей араласуымен құрылған артельдің тарихи суреттелінген . 1928 жылы Бейімбет туған жері Дамбар болысындағы 8 - ауылға борып, 15 - үйлі жерлестерінен колхоз ұйымдастырып, оның атын «Жалшы» деп қойғандығы жазушының өмірбаянынан белгілі . Жоғарыда айтқан ғылыми экспедиция бойынша жазушының туған аулында болып, оның замандастарымен, туыстарымен әңгімелескенімізде, сол «Жалшы» колхозының мүшесінің бірі, 1884 жылы туған, әрі Бейімбетке рулық жақындығы бар Бермухамбетов Есенқұл қарт былай деген еді : «Ұмытпасам, 1928 жылдың күзінде Бейімбет өзінің туған еліне өкіл болып келді де, бір - екі айдай осы ауылда болды . Қандай мекеменің атынан өкілдікке келгені маған белгісіз . Әйтеуір Әйет өзенінің бойын жағалап отырған бізге колхоз болып бірігудің не екенін түсіндіріп, артель болуға үгіттеді . Әйет өзенінің бойына бірнеше рулы 20 - 30 үйлі жандар тұратынбыз . Солардың ішінде мен де бар едім . Менен басқалары да есімде» - деп қалған мүшелерін де түгел айтып берген еді .
Міне сол « Он бес үй» атты повесін жазушы әуелі «Жаршы» журналында жариялайды, сол алғашқы журналда жарияланған түрі «Әдебиет хрестоматияларына» еніп кетеді . Ал жазушы оны өңдеп көп түзетулер енгізіп, 1933 жылы жеке кітап жариялаған .
« Қырманда» повесі туралы да жазушы 1933 жылыбылай деп жазғаны мәлім . «Әзірге бастап қойған « Қырман басы » деген 5 - 6 баспа табақтай әңгімемді бітіріп беремін . Бұл әңгімеде көшпенділермен бірге колхозға кіріп кеткен қылмысты байлардың ашылғанын, олардың қырманмен бірге тазарғанын көрсетпекпін»
Міне мұның бәрі жазушының өз туындыларына өте жауапкершілікпен қарағанын, әрбір қараған сайын түзетулер енгізіп отырғандығын көрсетеді .
Бейімбет әдебиетіміздің барлық саласында, әр түрлі жанрларында бірдей қызмет еткен жазушы . Оның творчествосына тән халықтық, қарапайымдылық қасиет тек поэзиясында ғана емес, прозалық, драмалық шығармасында да ерекше байқалады .
1930 жылы Бейімбеттің « Қолхоз», 1932 жылы « Қанжар» , 1933 жылы « Асулардан асқанда», «Он бес үй» деген кітаптары шықты . «Қолхозға» көпшілікке танымал 10 әңгімесі / «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», «Қара шелек», «Қанды кек», «Сары ала тон», т. б. / кірсе, «Қанжар» негізінен 1928 - 1930 жылдары жазылған өлеңдерінен құралған . Ал «Асулардан асқанда » осы аттас көлемді әңгімесі мен « Құсайын Құлбеков» повесінен тұрады .
1930 жылы Бейімбеттің шала сауаттыларға арналған «Күш» атты кітабы жарық көрді . 1931 жылы « Жаңаша оқы, жаз!» деген кітабы дүниеге келді . 1933 жылы Ғ. Мүсіреповпен бірігіп « Сауап үшін» кітабын жазды . 1932 жылы І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Ә . Мәметова төртеуі бірігіп «Әдебиет тану оқу құралын» жазып шықты . 1934 - 1936 жылдары Ғ. Мүсірепов, Ә. Ситдықов үшеуі «Сауаттандырғыш» деп аталатын сауатсыздар әліппесін жасады .
Толық жинақтың 3- томы /әңгімелері /1934 жылы, 4 -томы / пьесалары /1936 жылы жарық көрді . 1933 жылы «Қос жетім», «Майдан», «Он бес үй» кітаптары басылды . 1934 жылы бұлардан басқа «Алыптарды аралағанда» және «Екі пиесе», «Азатат Азаматыч», «Талтаңбайдың тәртібі» кітаптары шықты
« Социолистік түлік »алған ұжымдықжинаққа 11 очеркі енді . 1935 жылы « Алтын сандық», «Мырқымбай», «Шұға» жинақтары және Ғ. Мүсіреповпен бірге жазған «Амангелді» драмасы жарық көрді . 1936 жылы « Маржан» / поэмалар /, «Біздің жігіттер» /пьеса/, « Қырманда / ұзақ әңгіме / кітаптары оқырман қолына тиді .
Бейімбет 1937 жылы үш кітап шығарды . Олар - кіші жастағы балаларға арналған « Өтірікке бәйге» ертегісі, « Жалбыр » музыкалы пьесасы және ұйғыр тілінде жарық көрді . «Жалбыр» - Бейімбеттің көзі тірісінде жарық көрген ең соңғы кітабы . Бұл туралы жазушының өзі: «Жалбыр» пиесесі 35 - жылы жазылып, сол жылы кітап болып басылып шыққан еді», - деп жазды. / «Алтын сандық» жинағында - С. Б. /
30 жылдар - қазақ тарихында аса күрделі қиындықтармен, қасіреттермен, қанды құрбандылығымен еске қалса да, бұл кезеңнен мәдени өмірді дамытқан, миллиондаған адамдарды білімге, оқу - ағарту ісіне жұмылдырған, халықтың рухани жаңаруына жол ашқан кезең болғанын жоққа шығара алмаймыз . Осынау алмағайып заман бейнесі мәдени - әдеби өмірдің барлық саласында өзіне ғана тән суреттермен көрсетілді . Әсіресе, жазушылар мен жуналистердің қалың оқушымен байланыста болуының нәтежесінде әдебиет пен публицистикалық нақты өмірге ықпал ету дәрежесі айтарлықтай артты . Алайда, осы кезеңнің жеке шығармашылар тағдырына талқы болған тынысы толық мәнінде ашылып болды деп айтуға әлі ерте . Сол сияқты Бейімбет шығармаларының зерттеушілер тарапынан терең зейінделмеген тұсы да - осы кезең .
Егер шолып айтар болсақ, бұл жылдарда жазылған «Жаңа ауыл», «Қосылды», «Семейден шыққанда», «Сіз бір аққу, біз лашын», «Таңба», «Ұшқын», «Бай - бас тас, батыр - тұстас», «Бақытты әке», «Жасасын Мұсабай», «Зікірияның жыры», «Қылмысты» қаулы», «Нұсқау мен шылық», « Сағымбай - айқай, сарапшы - Қалтай», «Қатын болыс», «Қып - қызыл мүғалім» тәрізді оқшау, әңгіме, фельетондарының, көптеген мақалаларының мазмұны осы уақытқа дейін белгісіз болып келеді .
Бейімбеттің таңдаулы очерктерінде, - дейді Б. Наурызбаев, - көркемдік бояу публицистикалық әуенмен бірлікте алынады . Ол көргеннен жай бақылаушы ретінде мазмұндап, өзі бейтарап қалмайды, белгілі құбылысқа баға береді, иіндетті меңгейді» / «Жанр мен шеберлік» . . А. 1968 . 93 - б.
1932 - 1936 жылдарда Бейімбеттің бірнеше көркем туындылары жарияланды . 1935 жылы « Дочь казаха» романы орыс тілінде шықты. Бұл қазақ романдары ішінен орыс тіліне аударылған тұңғыш шығарма болды . / «Қазақ әдебиеті» . 1935. 9 мамыр. /
1937 жылы қазан айының 11 - 12 күндері Алматыда жазушылардың қалалық жиналысы өтті . Осы жиналыста Е. Смайылов «Майлиннің шығармаларына сын жаздым, сигнал жасадым, бірақ Өтепов оған қарсы шықты» деп мәлімдеді . Шарипова деген аудармашы «Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің кітаптарын аударғаным қате болған екен деп өкінді . Ілиястың жинағына алғы сөз жазғаны үшін Ж. Саинге кінә тағылды . Жансүгіровке еліктегені үшін Ғ. Ормановқа сын айтылды . Уәлиахметұлымен байланысып келгені үшін Ә. Тәжібаев айыпты болып шықты . С. Мұқанов орнынан алынып, жазушылар ұйымының мүшелігінен шығарылды . Жазушылардың осы қалалық жиналысынан жазылған есепті, ондағы Мүсірепов пен Майнинге қатысты сөздерді «Қақақ әдебиет» газеті де жариялады . «Лениншіл жас» газеті «Буржуазияшыл ұлтшылдардың ұясын тас - талқан жасау керек» деген бас тақырыппен жиналыста сөйлеген сөздерді толығырақ берді . Мысалы, жиналыста Т. Жароков: «Біз, Майлин әшкереленіп, қолға түспестен бұрын, оның қазақ халқының ежелгі жауы екендігін «Қазақ әдебиет» газетіне жаздық», - дей келіп, Мүсіреповтің газеттің осы номерін конфеска жасатқанын, шығармағанын, Майлин туралы мақаланы өз қолымен түзеткенін айтып өткен . Одан әрі: «Шынында да, Мүсіреповтің халық жауы майлинмен идеясы бір . . . Майлин жазған «Жалбыр» пьесасын Ұлы Октябрь революциясының 20 жылдық мерекесіне қою туралы Мүсіреповтің опера және балет театрына бұйрық беруі де сол «айнымас» достықтың белгісі» деп түйіндеген . »Қазақ әдебиеті» газеті осыған орай Ғ. Мүсіреповті «Халық жауларының жетегіндегі жазушы» деп бағалады . /1937 . 15 қазан /.
Осы газеттің авторсыз жазылған «Ұлы совет сайлау дайындығына арналған қалалық жазушылар жиналысында» деген мақаласында мынандай жолдар бар: «Қазақстан советтік көркем әдебиетінде жасырынып келген Сейфуллин, Жансүгіров, Тоғжанов, Майлин сияқты ұлтшыл фашистердің тас- талқаны шығарылып әшкереленді . Бұл сұмырайлар совет соты алдында жауап береді . . . Халық жаулары Сейфуллин, Тоғжанов, Жансүгіров, Майлиндер Қазақстан совет жазушыларын совет жұртшылығынан, қалың бұқыра халықтан, өнерлі кәсіп өндірістен қайнап жатқан жаңа өмірден аластатылды», - деп жазған .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz