А. Құнанбаевтың қара сөздері


Эссе
А. Құнанбаевтың қара сөздері
Көркем қара сөз қазақтың жазба әдебиетінің тарихында Абайдан басталады. Абайдың қара сөздері-көркем әңгіме емес, даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар. Оның сөйлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктері де осы мақсаттан туады. Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы мол, терең болып келеді.
"Ақыры, ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ".
"Бірінші сөзде" Абай қара сөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді. Ол осы "ойына келген нәрселер" туралы жазуды соңғы өмірінің мақсат-мұраты тұтады. Сол арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды көздейді.
Ақын "қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығын"
да көрсеткен. Өзі де өлеңдерінде, қара сөздерінде көп мақал-мәтелдер жасаған. "Азат басың болсын құл-қолдан келмес іске ұмтыл " деген сияқты Абай сөздері халық арасына мақал боп сіңіп кетті. Олар арқылы ақын елді еңбек етуге, кәсіпке үйренуге шақырды. "Абайдың өзі шығарған нақылдардың көбі оның Отыз жетінші" сөзінде жинақталған. Онда:
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.
деген сияқты нақылдар бар.
Абайдың қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік жөніндегі пікірлер оның ағартушылық, демократтық көзқарасын жан-жақты аша түседі.
Сөйтіп, ол өзінің көзқарасын, дүние-танымын қара сөзбен де кейінгілерге қалдырып кетті. Абайдың қара сөздерінің жалпы саны елуге жақын. Олардың әрқайсысы өз кезіндегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелеріне арналған.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби. Ол да Отырарда туды, осында "кірін жуып, кіндігін кесті". Қаратаудың тасына секірді. Сырдың суын ішті. Арыстың суын кешті, Қызылқұмның аптабына күйді.
Оның толық аты-жөні-Әбу Нәсір Мұхаммад бин Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл- Фараби, әкесі Мұхаммед, оның әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Бараба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған.
Әбунасыр оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін онан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге өте құмартқан зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер (медицина) мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан үйренеді. Фараби түркі, араб, парсы,
грек және басқа тілдерді жетік білген. Деректер бойынша ол
70 тіл білген.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. Аңыз бойынша, ол Аристотельдің "Жан туралы" дейтін еңбегін жүз рет, "Табиғи гармониясын" қырық рет, "Риторикасын" екі жүз рет оқыған. Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтерілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz