БАЙҚОҢЫРОВ Өмірхан Аймағамбетұлы
БАЙҚОҢЫРОВ Өмірхан Аймағамбетұлы (14.9.1912, қазіргі Қарағанды обл.
Ұлытау ауд. — 15.3.1980, Алматы) — ғалым, тех. ғыл. докт. (1972), проф.
(1959), Қазақстан ҒА-ның акад. (1962), Қазақстанньң енб. сің. жоғары мектеп
кызметкері (1971). Қазақ кен-металлургия ин-тын (қазіргі Қаз ҰТУ) бітірген
(1940). 1941-52 ж
Жезқазған кен басқармасында әкімш, қызметтер аткарлы.
1952—62 ж. Қазақ кен-металлургия ин-тының (1960 жылдан Қазақ политех.
Ин-ты) ректоры, 1962—64 ж.
Қазақстан ҒА-ның акад.-хатшысы және Кен ісі ин-тында лаборатория
меңгерушісі, 1965—80 ж. Қазақ политех. ин-тында кафедра меңгерушісі болды.
Негізгі ғыл. еңбекіері жер астында кен қазу жұмыстарын кешенді
механикаландыруға, қазба орындарының сейсмикалық қауіпсіздігін және тау-кен
жыныстарының физ.-мех. қасиеттерін зерттеуге, т.б. арналған. Ол жер астынан
кен алу жүйелерінің матрицалық жіктелімін және оларды үйлесімдендірудің
геом. тәсілін жасады. Сондай-ақ, кен өндірудің тех.-экон. тиімділігі жоғары
кен үңгірлік жүйемен шапшаң бұрғылаудың жаңа тәсілін тауып, өндіріске
енгізген. Ленин орденімен, т.б. ордендермен және медальдермен
марапатталған.
Профессор Ө.А.Байқоңыров
1952 жылдан 1962 жылға дейін Ө.А.Байқоңыров қазақ политехникалық
институтының ректоры болды. Бұл кезеңде ректорға профессор-оқытушылар
арасында ғана емес, аспиранттар мен студенттермен де педагогикалық және
ғылыми-зерттеу жұмыстарын реттеу және дамыту жолында жоғары оқу орнының
беделін арттыратын үлкен іс атқаруға тура келді.
Ө.А.Байқоңыров институт құрылысын жөндеу, оның зертханаларын жаңа
жабдықтармен, аппаратуралармен жасақтап, дамыту, жаңа факультеттер мен
кафедраларды құру, факультеттерде мамандандыруды дамыту, ғылыми-
педагогикалық кадрларды дайындауды анағұрлым жақсартқан институттың
кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі кеңестің ұйымдастыру тәрізді
қомақты жұмыстар жүргізді. Соның бірі Ө.А.Байқоңыровтың тікелей
басшылығымен құрылған кен технологиясының зертханасы мен кен қазу
технологиясының кабинеті болды.
1964 жылдан бастап Кен қазу технологиясы және кешенді
механикаландыру кафедрасын басқара жүріп, Ө.А.Байқоңыров жерасты кен
қазудың арнайы курсынан дәріс оқыды, студенттердің курстық және дипломдыұ
жобаларына жетекшілік етті. Оның кафедраға келуімен оқытушылар құрамы
нығайды, әдістемелік даярлық алға басып, жүргізілетін сабақ сапасы артты.
Кен-металлургия өндірісін сапалық жаңа деңгейге көтеру қажеттілігі
күн тәртібіне қойылды. Әрине мұндай жағдайда бірінші кезекте алдымен
даярланатын инженер кадрларының сапасына қойылар талаптың артатындығы
белгілі. Өмірдің өзі қойып отырған осындай талаптар кен-металлургия
өндірісі технологиясының әрбір бұрандасына дейін жетік білетін, әрі
экономикалық проблемаға сай минералдық шикізат қорын дамыту стратегиясын
білетін Ө.А.Байқоңыров басшылық ететін ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz