Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне сіңірген еңбегі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы
Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Әл-Машани атындағы Жаратылыстану- гуманитарлық институты

Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне сіңірген еңбегі.

Орындаған: ЭКБ-05-1К
тобының студенті Мананова А.

Тексерген: Алиева Г.

Алматы 2006ж.
Жоспар
AХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 3
Қазағым, елім... 5
А. Байтұрсынов — мысалшы 9
Қазақ газетінің редакторы 14
Ғалым-фнлолог 16
Пайдаланған әдебиеттер 19

AХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

XIX ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған
ағартушылык-демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл
басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873
жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек
деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақулы еліне беделді,
намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің
зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай оязы Яковлевті
соққыға жыққан. Акыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге
15 жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар Ахмет жүрегіне үлкен жара
салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы
екі сыныптық мектепте, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын
мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмай, өздігінен
оқып білімін жетілдіреді. 1895—1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай,
Қаркаралы уездерівдеті ауылдык, болыстық және екі сыныптык училищеде бала
оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптен көшіп келуі жергілікті
халыктың тілін, мәдениетін, елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне
кояды. Тіл құрыса, халык та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, казақ
әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет. Осы ойын
іске асыруға кіріседі.
Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу
жүйесін басқарып тұрған болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту
жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын,
олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін
түсінеді. Осыдан секем алады. Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің
емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші
әсері — Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой-пікірінің кеңейе түсуі еді.
Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген
Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерін айқындап алуына, алдына жаңа
мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
А. Байтұрсынов 1905 жылғы революцияны Қарқаралыда қарсы алады
Қарқаралыда тұрған жылдары А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасы жан-жақты
кеңейе түседі. Оның маңына қазақтың зиялылары топтала бастайды. Осы
жылдары А. Байтұрсыновты ел мұңы, халық қамы, әділетсіздік жағдайдар қатты
толғаңдырады. Әсіресе отаршылдық, қыспақта күн кешкен қазақ халқының ауыр
тұрмысы ашындыра түседі. Отаршылдық саясатты айыптаған өлеңдер жазады. Жер
мәселесін әділетті шешу жөнінде патшаның атына бір топ қазақ оқығандарының,
хатын ұйымдастырады, Сол үшін айып тағылып, 1907 жылы Қарқаралы түрмесінде
біраз отырып шығады. Бұл Ахметтің Қарқаралыда екі сыныпты училищенін
меңгерушісі болып істеген кезі еді.
Бұдан былай Ахмет халық арасында насихат жұмысын астыртын жүргізеді.
Бұл әрекетті полиция тыңшыларына сезіліп қалып, 1909 жылы шілдеде кайта
ұсталып, сегіз ай бойы Семей абақтысына қамалады. Азаттық жолындағы күрес
пен көрген азап оны ширықтыра түседі. 1910 жылдың 21 ақпанында Ахмет
Орынбор қаласына жер аударылады.
Ағартушылық жолға түсіп, қайтсем, халкыма пайдамды тигізем, қалай
көзін ашам, ұйқысынан қалай оятам деген мақсат Ахметті әдебиетке алып
келеді. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударуға,
сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте Қырықмысал
деген кітабы, 1911 жылы Орынборда Маса деген өлендер жинағы басылады.
Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, өрі өнімді
болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2 ақпанда шыға бастаған, өзі
ұйымдастырған Қазақ газетінде жариялана бастайды. Ол Қазақ газетінде
патша үкіметі орындарының құлағына жақтайтын мақалалар да жариялап отырған.
Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған.
1917 жылы патша тақтан түседі. Осы кезде казақтың зиялы азаматтары
Алаш партиясын ұйымдастырады. Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің
негізгі мақсаты Ресей федерациясының құрамында Қазақстан автономиясын құру
еді. Бірақ 1917 жылдың қарашасында билікке ие болған Кеңес өкіметі оған жол
бермеді. Аласапыран кезеңнің шындығын байыптай келе, Ахмет Ә. Жангелдин
арқылы Кеңес өкіметімен келіссөз жүргізіп, жаңа өкімет жағына шығады. 1920
жылы Қазақстан Кеңестерінің 1-съезінде Қазақстан үкіметіне мүше және Халық,
ағарту комиссары болып сайланады. 1921 жылы Халық ағарту комиссариаты
жанындағы Ғылыми-әдеби комиссияның төрағалығына тағайындалады. Ол әуелі
Орынбордағы, 1926—28 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту
институттарында, кейін Алматыда ашылған Қазақ университетінде сабақ береді.
1925—1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф. И. Голощекин
Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда Кіші Октябрь
төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу
жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының
көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голощекин өзіне қарсылық білдіргендерді
ұлтшыл деп жариялап, олардың көзін жоюды қолға алды. А. Байтұрсынов қара
тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға
алыңды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргіннен 1934 жылы қазанда ғана
оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.

Қазағым, елім...

Ахмет өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте
бұқараның жүрегіне козғау салар, ұйқысынан оятар каруы — өлең сөз деп
түсіңді. Қазақ халқының тағдыры, бүгінігісі мен ертеңгісі Ахмет поэзиясынын
өзегі болды. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын
халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады. А. Байтұрсыновтың өлендер жинағын
Маса деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жаткан надан
халқын құлағына маса боп ызындап оятуды ойлады.
Ызыңдап ұшкан мынау біздің маса,
Сап-сары аяқтары ұзын маса.
...Үстінде ұйыктағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!
Ақын арманы —адамдық диханшысы болып халқына қызмет ету.
Адамдық диханшысы қырға шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жок— қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтын шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге кұл халықтың.
Бұл үзінді де үлкен мұратты танытады. Көгі жоқ, көғалы жоқ сусыз
қырда диханшы болу, адамдықтың тұқымын егу — оңай шаруа емес. Оның үстіне
халқы еріксіз, біреуге кұл болса... Автор осы қиын міндет жолынабасын
тігеді. Ақын өзі өскен ортаға, қазақ қоғамының қалпына сын көзімен қарап,
кеңілін жүдеткен, күйіндірген көкейкесті шындықты ашына сынайды. Оның
Қазақ салты, Қазақ қалпы, Жиған-терген өлендерінің мазмұны бірін-бірі
толықтырады. Ақын ел тарихына көз жібере отырып, өз халкының бүгінгі
мүшкіл халін:
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған,—
деп суреттейді. Елдегі мен жақсымын дегендердің халық үшін еш нәрсе
тындырмай жүргеніне қынжылады. Одан әрі өзін-өзі күйттеген, байлық, мансап
үшін ар-абыройын сатқандар, бос белбеу, босан туған бозбалалар, қайырымсыз
байлар, жарқылдаған түймеге мөз болған, өнер-білімін тиісті жеріне жұмсай
алмайтын оқығандар сыналады. Қай өлеңінде де Абайдың сатиралық бейнелері
елестейді. Бүгінгі Қазақ қалпын ақын:
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз калқып кешпесі жок,
Жел соқса, кұйын қуса, жылжи беру,
Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ,—
деп суреттейді. Онда басында билігі жоқ елдің күнгірт болашағын үлкен
теңізде ескексіз қалқып жүрген қайықпен салыстырады. Осы жағдайға жеткізген
қазақтың бейқамдығын, алтыбақан алауыздығын, Құдайдың өзі сақтар, Көппен
бірге керген үлы той деп ойсыз жүре берушілікті сынайды. Бұл күйге бүгін
емес, көптен кірдік тармағына ақын қазақ елінің отарлау тарихын аңғартар
үлкен мазмұн ұялатады. Осы өлеңдердегі бейнелілікке көңіл аударсақ, талай
тың теңеулерді көреміз. Қатар үлкен қаңқылдаған, Сахара сазға қонып
салкындаған— өзінің туған халқы болса, өрт— оның бостандығына тиген
патшаның отаршылдығы. Отаршылдық жағдайындағы ел қалтылдақ қайық мініп,
теңізде жүрген адам сияқты. Осы жағдайларды халқына түсіндіре отырып, дихан
болып, адамдықтың ұрығын егеді.
Ақын Жиған-терген өлеңінде осындай ғаріп күйге түсудің себебін
іздестіреді. Өткенге карасам, хандар халықты жөндеп баға алмай, басқаға
сатыпты. Бері келген сон шен-шекпенге сатылыпты. Болыстықты сатып алыпты.
Ұлын мақтаса, мәз болыпты. Халықтан алым алыпты деп, келеңсіз жайларды
көрсетеді. Қабағын түйіп, қаһарын жиып, көкті бұлт торлап тұр. Ел болса,
баяғы калпы, әлі ұйқыда. Дос пен қасты айырмайды. Түксиген мұртты обыр
обып, сорып тұр. Қарғадай карқадаған, шешенсіген мырзалардың жолы үлгі
емес. Ол жаңа жол табуға шақырады. Жолдар бар өзге, жоба бар сөзге,
жүрекке дөп, ойға жөн дейді.
Қазағым — елім,
Қайқайып белін,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жанын,
Аш көзінді оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйкың,
Ұйықтайтын бар не сиқын!
Өлең Абайдың Сегіз аяқ үлгісімен жазылған. Көк бұлт— символдық,
түксиген мұрт— метонимиялық бейне.
Емшегін еміп,
Бала ұйықтайды жастықпен.
Қымызға қанып,
Қызарып жанып,
Бай ұйықтайды мастықпен.
Шалап ішкен кедей мас,
Мына жұрттың бәрі онбас!
деген сияқты салыстыра сипаттау да өлеңнің көркемдігін көтеріп, мақсатын
аша түседі.
Досыма хат өленінде:
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген тебемізден бұлт арылмай,—
деп, отаршылдық қыспақты түнерген бұлтқа тенейді, одан құтылып еркіндік
алуды — жақсылық таңы деп бейнелейді. Еркіндік идеясын Бақ өлеңінде
жалғастыра түсіп:
Үміт сүйрер жыраққа,
Жетесің деп мұратка,
Талықсам да ізденіп.
Қашан жанып шам-шырақ,
Сәуле беріп жарқырап,
Болар жарық төрт тарап?
Қашан маған іздеген,
Келіп жылы жүзбенен,
Болар серік бақ карап?
деп, ақын бақ (бақыт) күнінің тезірек келуін аңсайды. Елдің бетке ұстар
азаматтарын бірлікке, күреске шақырады.
Анама хат, Жауға түскен жан сөзі өлеңдерінде өз басынан кешкен
қиын-қыстау күндер, қуғын-сүргін, ел тағдыры, бостандык арманы сөз болады.
Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам...
Адамнаң туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен керге барам?
деген жолдар әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалған кездегі бала
жүрегінің жараланғанын еске түсіреді. Өлең — өзіне жала жабылып, Семей
түрмесінде отырған қапас кездің шындығы.
Елін, жерін шен-шекпенге сатқан, ардан безген пәлеқор, кейбір
тілмаштар мен болыстарды еске алып:
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз аулымнын иттері үріп, қапқаны,
деп өкініш білдіреді.
А. Байтұрсыновтың күрес жолынан айнымайтын, қаншама қиыншылық болса да
төтеп беретін күрескерлік болмысы оның өлендерінде анық көрінеді. Н. Қ.
Ханымға (Нәзипа Құлжанова — қазақ әйелдері ішінен шыққан алғашкы
журналист, педагог, ғалым, аудармашы) арналған өлеңінде ол:
Рақатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан сон,
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым.
Су ла болар бұл жолда, тау да болар,
Жаудың оғы, жайған тор, ау ла болар.
Мынау пайда, мынасы зиян демек — Ол ерліктің ісі емес, саула болар,
дейді.
Бұл айтылғандар Ахметтін әлеуметтік шындықтың ақыны екенін танытады.

А. Байтұрсынов — мысалшы

А. Байтұрсынов ақындығынын бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол
орыс ақындарын беріле мол оқытқан. Ауыл мұғалімі боп істеген жылдарынан
бастап шәкірттеріне И. А. Крылов мысалдарын оқытқан. Орыс ақындары А. С.
Пушкинді, М. Ю. Лермонтовты, С. М. Надсонды оқып, кейбір шығармаларын
аударған. Ақыннан қалған мұраның ішінде А. С. Пушкиннің Ат деген өлеңі,
Данышпан Аликтің ажалы, Балықшы мен балық, Алтын әтеш ертегілері бар.
1901 жылдан бастап Крылов мысалдарын аударып, сол негізде өзі де мысалдар
жаза бастайды. А. Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бар
еді. Ондағы моралдық, адамгершілік тағылымын ол қазақ қоғамы үшін аса кажет
үлгі деп түсінді. Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік,
алауыздык, жалқаулык, пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз
мінездерді сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әр түрлі
аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-
қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.
Крылов мысалдарын аудару Ыбырай, Абай тәжірибесінен басталса, Ахмет өз
кезіндегі зиялы ақын-жазушылар С. Кебеев, Б. Өтетілеуовтермен қатар жұмыс
істеп, мысал, ертегілер аударып, әдеби қазынаны байытты. Бір мысалдың өзі
әрқайсысының аудармасына ілікті. Оны бір ақын өлеңмен аударса, енді бірі
қара сөзбен аударды. Бұл тәжірибе әдебиет тарихындағы нәзирагөйлік тәсілді
байытты. Ұқсас өмір шындығын қамтып, ойға ой қосып отыратын үлгілер ұлттық
әдебиеттегі мысал жанрының дамуына жол ашты. А. Байтұрсынов И.А.Крылов
мысалдары сюжетін сақтағанмен, қазақ тұрмысын танытатын жаңа ойлар қосып
молайтады. Мысалы, Қасқыр мен тырна түпнұскада 19 жол болса, аудармада —
76 жол. Өгіз бен бақа түпнұсқада 17 жол болса, аудармада— 36 жол. Басқа
мысалдар да осындай жолмен аударылған. Ұлттық сипат тек көлемінен ғана
емес, кейіпкерлер атынан да аңғарылады. Қасқыр мен мысық мысалындағы
Васька, Степан, Демьян, Трофим аттарын Ахмет Қоянкез, Құрамыс, Көпберген
бай, Қисықбас деп өзгертіп алады.
Бұл тәжірибе А. Байтұрсыновтың аудармашы ғана емес, ұлттық әдебиеттегі
мысал жанрын дамытушы болғанын дәлелдейді. Ахмет мысалдарының бір тобы адам
бойындағы алауыздық, мақтаншақтық, қайырымсыздык, тәкаппарлық, күншілдік,
зорлық, топастық, надандық, қулық, күндестік, үлкенді сыйламау,
тойымсыздық, достықты қадірлемеу, жалақорлық, қанағатсыздық сияқты келеңсіз
мінездерді мінеуге құрылады. Кейбір мысалдарда тұтас халықтық әлеуметтік
мәні бар тақырыптар (отаршылдык, әкімшілдік, зорлық пен зомбылыққа карсы
халық санасына қозғау салатын, қайрат пен жігерге, намысқа шақыратын)
қозғалады. Бұған Қасқыр мен тырна, Ала қойлар, Қасқыр мен қозы,
Аңдарға келген індет, т. б. жатады.
Қасқыр мен тырнада сүйекке қақалып өлгелі тұрған жерінен кұтқарған
тырнаға қасқыр алғыс айтудың орнына, өзін бас салып, жемек болады. Мысалдан
оқиға желісі көптеген мысалдарға ортақ болғанмен, авторлардың әрқайсысы
өзінше жазуға тырысады. Ахмет мысалы ұзақ кіріспеден басталады. Қасқырдың
тырнаға мақтау — монологін өз жанынан қосады. Мысал соңындағы:
Қиссасы Қасқыр, Тырна болды тамам,
Мінездес, қасқырменен кейбір адам.
Басына пәле түсіп, қысылғанда,
Жалынып-жалпаяды келіп саған...
Қайырды қарап істе адамына,
Қарайлас өзіңменен шамалыға
Қасқырдай қаражүрек залымдардың
Жүрмендер түсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл ғылымының атасы
А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары
Ахмет Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы
Графиканың қалыптасуы және дамуы
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Ахмет Байтұрсынов қоғам қайреткері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Ахмет Байтұрсынұлы туралы
Пәндер