Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН

ТЕКСЕРГЕН: ҚЫРЫҚБАЕВА ЭЛЬМИРА
ОРЫНДАҒАН: БАҚТЫБАЕВА ЛАУРА

АЛМАТЫ-2006
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН

Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020, Баласағұн - өлген жылы белгісіз) –
ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз
саталған. Замандастары мен өзіен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес,
ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина,
астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі т.б. ғылым
салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнның есімі әлемдік
әдебиет пен мәдениет тарихында Құдатғу біліг (Құтты білік) дастаны арқылы
қалды. Жүсіп Баласағұн бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл
санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастанды хандардың ханы -
Қарахандар әулеті мемлекетінің (908-955) тарту етеді. Сол үшін хан өз
жарлыымен Жүсіп Баласағұнға хас хажиб - бас уәзір немесе ұлы кеңесші
жеген лауазым береді. Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар.
Біріншісі, Герат қаласында 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена
қаласындағы Корольдік кітапзанада сақтаулы), екіншісі XIV ғасырдың I-
жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында)
көшірілген. Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы XII ғасырда араб
әрпімен қаазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының
қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән
өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, Құтты білік дастанының ғылыми
негізделген толық мәтінін жасап шықты. Дастанның көне жазбасы табылғанын
әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы Азия журналында (Париж) Вена
нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер
ғалымы Германи Вамбери (1832-1913) Құтты біліктің бірнеше тарауын неміс
тіліне тәржіма жасап, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып
шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылыми мәтінін дайындау және аударма жасау
ісімен орыс ғалымы В.В.Радлов (1837-1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) үзбей
айналысты. Түркия ғалымдары 1942-1943 жылы Құтты біліктің үш нұсқасын да
Стамбулдан үш том кітап етіп шығарды. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе,
түрік ғалымдары Р.Р.Арат (1900-1964), М.Ф.Кепрюлд (1890-1960) және
А.Дильгар (1867-1979), т.б. көп еңбек сіңірді. Құтты білік дастаны орта
ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті
түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев
(1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір
топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады Қарахан әулеті
билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің
басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің
құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі
осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағұн өзінің Қтты білік
дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң
(Конституция) қызметін атқарды. Жүсіп Баласағұн дастанда патшалар мен
уәзірлердің, хан сарайы ызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен
нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам
мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен
міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені
әмірші-патшаның өзіен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты
ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық,
пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болу керек екенін
айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға
құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады.
Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір қлағы хас хажиб, яғни бас
уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір
халықтың талап-тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін,
жарлықтарын халықа жеткізіп отыруы тиіс. Құтты білікте елшіге қойылатын
талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі
көрікті, көп тіл білетін, шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы, түс жори
білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын
сөзімен айтқанда, елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта
– бүтін ел болсын! - дейді. Дастанда осылайша елдегі барлық лауазым, кәсіп
иелеріне қойылатын моральдік-этикалық талаптар сипатталып көрсетілген.
Кезінде Құтты білік дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен.
Бір елде – Айнак ул-мамлакет (Мемлекет тәртібі), екіншісінде Адаб-ул-
мулук (Әкімлердің әдептілігі), Панунаман мулук (Әкімдерге насихат)
деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – Құтты білік дастаны, негізінен,
мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі.
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті
дұрыс басқару үшін қара қылды қақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік дастанындағы көнерген сөздердің мағынасын айқындау
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ
Жүсіп Баласағұн-көрнекті түркі ақыны және ойшылы
Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы - Арыстан баб
Ұйғыр жазуы
Кемел адам идеясының ақын – жыраулар поэзиясындағы жалғастығы
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075)
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»
Баласағұнның Құтадғу білік атты кітабы
Пәндер