Жүсіп Баласағұни туралы мәліметтер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Жүсіп Баласағұни 3
Махмұт Қашғари 10

X ғасырдың аяғына қарай Саман мемлекетінің іргетасы шайқалып, оның
иелігіндегі жер екі уәлаятқа бөлініп кеткенде Жайхун (Әмудария) өзені екіге
бөлінген елдің шекарасы іспетті болып қалған еді. Саман тұқымын енді
түркінің қаңлы, қарлұқ, шігіл, яғма тайпаларына билігін жүргізген Қарахан
әулеті алмастырады.
Қарахан мемлекетінің жері батысында Бұхарадан, Сайхун (Сырдария)
өзенінің төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашғар аралығына
дейін созылып жатты. Бірақ, Қарахан әулетінің де салтанат құруы көпке
бармады. XI ғасырдан бастапөақ ішкі және сыртқы қайшылықтармен шырмалған
Қарахан иелігі де екіге бөлініп тынды. Ма-уара-н-наһр (Мәуеранаһр),
Ферғана, Шаш (Ташкент), Ходжент, Самарқан жеріне иелік еткен мемлекеттің
орталығы Бұхара болса, ал Исфиджаб (Сайрам), Тараз (Жамбыл), Жетісу, Қашғар
жерлерін қамтыған шығыстағы хандықтың кіндік қаласы баласағұн болғанымен,
діни және мәдени орталық Қашғар қаласы еді.
Саман әулеті іргесін қалаған әдебиет пен өнерді Қарахан тұқымдары
өзгерте алған жоқ. Өйткені олар да өздеріне дейінгілер сияқты негізінен
ислам дінін ұстанған. Түркі әкімдерінің сарайларына енді парсы ақындары да
шақырылатын болған. Түркі билеушілері олардың шығармашылығына қанат бітіріп
қана қоймай, өздері де парсыша өлеңдер жаза бастаған.
Қараһан әулеті сәулет өнеріне, қала құрылысына да баса назар аударған.
Олар блеген тұста Талас – Шу алқабы арқылы Іле Алатуы сілемдерінің
баураймен Алматуға (Алматы), Талхирға (Талғар) жетіп, онан әрі Алмалыққа
(Жоңғар қақпасына кіреберісте) қарай тармақталып кететін керуен жолдарының
өн бойына кіші-гірім қалалар, бекіністі қоныстар, керуенсарайлар салынған.
Меркі, Құлан, Екіөгіз, Қойлық (Талдықорған) қалаларының орындары,
сәулеткерліктің биік шоқтығынан саналатын Бабша қатын, Айша бибі, Қарахан
күмбездері – сол дәуірден қалған ескерткіштер. Сөйтіп, қазақстанның
оңтүстігінде сауда-саттық, қолөнер, ғылым мен мәдениет бұрынғыдай дами
берген.
1911 жылы Қазан қаласында шыққан Құрбанғали Халидовтың Тауарих хамса
(Бес тарих) атты жылнама кітабында Баласағұн, Құтадғу білік деген
сөздердің мағынасына түсініктеме берілген. Оның айтуынша бала - мәнерлеп
қашалған тас, сағүн - қала деген мағына беретінге ұқсайды. Ал, құтадғу
- құт, бақыт, білік - білім, білмек деген түсінік береді дегенді айтқан,
Мұның өзі Баласағұнның қаншалықты әсем қала, білім мен өнер ордасы
болғанынң тағы бір айғағы болса керек.
Қарахан дәуірінен бізге жеткен екі үлкен әдеби ескерткіш бар. Оның бірі
– Баласағұн перзенті Жүсуп (Йусуф) Баласағұнидің Құтадғу білік (Құт
әкелетін ілім) атты дастаны, екіншісі – Махмут Қашғаридің Диуан луғат ат-
түрік )Түркі сөздерінің жинағы) деген шығармасы.
Бұл екі ескерткішті терең зерттеген В.В. Бартольд, И.В. Стеблева сияқты
шығыстанушы ғалымдар олардың көне түркі тілінде жазылғаны және дүниежүзілік
мәдениет таризында теңдесі жоқ туындылар екеніне тоқталады.
Тараздың қазақ даласындағы рухани орталықтардың бірі болғанын онан
табылған XI ғасырға жататын тассуат пен ондағы арабша жазудан да көруге
болады. Шамасы, Меккеге қажылыққа баратын жолда жолаушылар аялдап, сусындап-
тамақтанатын және түнейтін киелі жерлердегі бастау көздері мен құдық басына
мейлінше қарапайым қазан-ошақ, ыдыс-аяқ, су толтыратын тассуаттар қоятын
қайырымдылық достұр болған.
Мұсылман шығысындағы осындай дәстүр бойынша жергілікті халық өкілі
жасатқан тассуаттың бетіндегі зажуды Москва шығыстану институтының
профессоры Ю. Н. Завадовсий Бұл тассуатты Әбд әл-Мәлік Құтлықтың
(жергілікті әкемдердің бірі болса керек) қызы Фатима хатын Алланың нұрлы
шапағатына бөлейтін жолға түсу үшін және оның рақымы мен жомарттығына үміт
ете жасатты. Оның өзі және атаөанасы рәм күллі мұсылман (жамағаты) Алланың
кешіріміне жолықсын!
Бұл (тассаут) төрт жүз... жылдың раби-л-аууал айында бітті.
Ю.Н. Завадовский ассуат 1009-1106 жылдар арасында жасалған дегенді
айтады.
Ал енді оқырмандарды осы жазба ескеркіштердің мазмұнымен ғана емес,
авторларының да өмір жолымен азды-көпті қолда бар материалдардың негізінще
таныстыра кетейік.

Жүсіп Баласағұни

Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Аты-жөніне
қарағанда, Баласағұн қаласында туып-өскені хақ. В.В. Бартольд пен И.В.
Стеблеваның айтуынша, ойшылдың әйгілі дастаны Қашғар қаласында жазылғанға
ұқсайды. В.В Бартольд ол кезде Қашғар қаласының халқы ғана нағыз түркі
тілінде яғни түркі-хақан тілінде сөйлеген дегенді айтады.
Жүсіп өз дастанын Қашғар қаласының әкімі Табғаш Боғры Қара хақан Әбу
Әли Хасан ибн Сүлеймен Арыслан Қара ханға арнаған. И№В Стеблеваның
пайымдауынша, бұл шығармасы үшін Боғры хақан оған хас-хаджиб яғни хан
сарайының қызметкері деген атақ берген.
Хас-хаджиб дегеннен шығады, Қазыбек бек Таусарұлы (1692-1776) Жүсіп
Баласағұнидің ескіше жазғанын айта келе, ойшыл ғалымның өзі қазақтың ұлы
жүзі, соның ішінде Елсау бидің немересі Албанның қас-қажыл тұқымынан
шыққандығын еске алады. Мұнда да үңіле түсетін, зерттей түсетін сыр бар
сияқты.
Сонымен, біздің заманымызға Жүсіп шығармасының үш қолжазбасы жеткен.
Біріншісі – Гераттан (Ауғанстан) XV ғасырда табылған нұсқасы, қызір ол Вена
щаласында сащтаулы. Екіншісі – араб әріптерімен жазылған нұсқасы – Каирдің
ұлттық кітапханасында тұр. Наманғанна табылған үшінші нұсқасы тағы бар, ол
да араб әрпімен жазылған.
Автордың әуелде қайсы жазуды пайдаланғанын айту қиын, бірақ атақты
түркітанушы проф. С.Е. Малов (1880-1957) ол жайлы: ...XV ғасырдан жеткен
қолжазбаға қарап, Жүсіп Баласағұни өз шығармасын араб әрпімен жазған деуге
болады. Сонан соң ғана Құтадғу білік ханға тарту етілерде ұйғыр
әріптерімен қайта көшірілген деген жорамал жасаған.
Неміс шығыстанушысы М. Хартманның пікірінше, Құтадғу білік сарай
ақындары шығармаларының үлгісімен жазылған. Бірақ оған В.В. Бартольд
келіспей, дастанда халық нақылдарына толы жолдардың көп екенін айта келіп,
өз пікірін нақтылы мысалдармен дәйектеген. Қалай дегенмен де, Жүсіптің
аталмыш шығармасы түркі жұртында өз тілінде жазылған туындылардың бірі
ретінде белгілі болғаны даусыз.
Ж. Баласағұнидңі аталмыш шығармасын жоғарыда аталған оқымыстылардан
бөлек орыс ғалымдары В.В. Радлов, А.Н. Самойлович, А.А. Валтова,
И.А.Баролина, шетел шығыс зерттеушілерінен Т.Танджей, А.Бомбачи, Р.Пелльо,
С.Руткевич, А.Кафероглу, М.Копрюулзада, қазақ ғалымдарынан Р, Бердібаев, Х.
Сүйіншәлиев, Қ. Жарқбаев, т.б. зерттеген. Соның ішінде С.Е. Малов пен И.В.
Стеблева еңбегінің айрықша екенін айту парыз. Дастанның жазылу тарихынан
гөрі стилін көбірек зерттеген И. В. Стеблева; Мәуераннаһр өлкесінің
билеушісі ретінде Қарахан әулеті мұсылман текті болғандықтан да, түркі
әулетіне пайдалы идеясы бар шығарманы әбден құптаған. Екінші жағынан
қарағанда туындыларынан білімі айқын көрінген Жүсіп хас-Хаджиптің де тек
қана осындай шығарманы жаза алуы әбден мүмкін, әрі оның араб, парсы
әдебиетімен жақсы таныс болғанына немесе өз еңбегін жазу үстінде оларды
пайдалнғанына күмәнданбаймыз, - деген.
Құтадғу біліктің ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасындағы кіріспеде Жүсіп
Баласағұни өзі жазған деген алғы сөз бар. Онда автор өз шығармасы жайлы:
Бұл өте құнды кітап. Өйткені ол Шын елі даналарының нақылдары және Машын
жұртының ақылүөйлерінің өлендерімен өрнектеліп толықтырылған. Мұны оқып,
зердесіне тоқи білген, өлең жолдарын насихаттап жұртқа таратқан адамның
оөінің де қадір-құрметі арта түседі. Шығыс Түркістан мемлекеті сияқты
боғдыхан тілінде сөйлейтін елде мұнан артық етіп кітап жазған ешкім жоқ
екенін Машын елінің ғалымдары мен дуалы ауыздылары мойындайды. Бәзбір
мемлекет немесе оның қайсыбір әміршісі болмасын, бәрібір, тек осы кітап
қана оның жүрегіне жақын бола алады... Бұл кітапты құрастырған Баласағұн
шаһарының тұрғыны, өзі сабырлы да салмақты және тақуа адам. Ол өз кітабын
Қашғарда бітірді де, шығыстың падишасы табғаш Боғрыханға тарті етті. Ол
кітап иесін (авторды) бағалай біліп, оған хас-хаджиб деген атақ берді.
Сондықтан да ол бұдан былай осы еімімен белгілі де мәшһүр болды,-дейді.
Бұл кіріспеден Жүсіптің өз шығкармасын өзі мақтайтынын көреміз. Бұан
Н.И. Ильминский (1822-1891) және басқа түркітанушылар сын көзбен қарай
отырып, мұны ақынның өзі емес, соңғы ғасырларда өмір сүрген көшірушілердің
жазуы мүмкін деген қорытындыға келген. Ал С.Е. Малов болса, осы нұсқадағы
Кіріспе мен дастан тілінің арасында алшақтық барына назар аудара келе:
Кітаптың Кіріспесі ғана қарасөзбен, қалған – бөлігі өлеңмен жазылған
ғой. Міне дәл осы жайт шығарманың стилінде, Кіріспенің тілінде және өлең
текстерінде (ұйғыр нұсқасында) алшақтық туғызған дей келіп Кіріспені
Жүсіптің өзі жазған деген тұжырым жасайды.
Әрине, белгілі түркітанушының мұндай үзілді-кесілді пікіріне дау айтуға
да болар еді, бірақ Жүсіпке дейін немесе одан кейінірек өмір сүрген Шығыс
елдерінен шыққан ғалымдар, шайырлар, шежірешілер қаламына жататын көптеген
шығармалардан, дәлірек айтсақ Йуғнақидің (XII-XIII) Шындық сыйы, Нәсір ад-
Дин ар-Рабғузидің (XIII-XIV) Пайғамбарлар жайлы қиссасы, немесе Әбілғазы
Баһадур ханның (1603-1667) Түркілердің шығі тегі атты туындыларының
Кіріспелерінен де осындай жәйтті кездестіреміз.
Алғы сөздегі боғрыхан тілінде жазылған деген сөйлемге қарап күні
бүгінге дейін ғалымдар бұл тілді ұйғыр лұғатына саяды. Сондай-ақ төменде
арнайы сөз болатын Махмуд Қашғари шығармасынан да дәл осындай жәйтті
кездестіреміз. Онда хақан тілі деп жазған тұс бар. Бірақ бір қызығы екі
автордың бір мезгілде өмір сүре отырып, өз шығармаларында екі тілді
көрсетуі таң қаларлық. Бұл жәйттер сөз жоқ тереңірек үңіле түсуді, шұқшия
зерттеіді қажет ететіні даусыз.
Дастанның Алғысөзінде жазылғандай, Жүсіптің бұл поэмасы өз кезінде
шынында да озық шыкармалар қатарынан саналған. Дастанның келтірер пайдасы
мен көрсетер өнегесінің айқындылығынан болса керек, ақынның бұл туындысын
ел түрліше атаған. Мысла, Шын елінің оқымыстылары Әміршілер мақұлдаған,
қоғамдық орындар бекіткен тәртіп ережелері десе, Машын жұртының ғалымдары
Мемлекет қауіпсіздігі жайлы кітап деп атаған. Шығыс ғалымдары Әміршілер
үшін әбезл, ирандықтар Бақытты бола білу жайлы ғылым десті. Кейбіреулер
оған Патшаларға ақыл-кеңес кітабы деген де атау берген.
Құтадғу білік - әңгіме-аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өснет,
ғибрат. Дастан оқиғасы XI ғасырда Ыстық көл. Жетісу, Қашғар өлкесінде
болған шындыққа байланысты өрбітіледі. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат-
өсиет-ақыл ретінде трактат, имандылыққа үндетін, тәлім-тәрбие берерлік
дидактикалық туынды. Онда жеке адмның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай
білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір
қоғамдық топтарға қалай қарауғатиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер
қамтылады. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік ріхында жазылған еңбек.
Бірақ автордың негізгі мақсаты Қарахан мемлекетін нығайту, оның даңқын
зорайту еді. Өзінің әдептілік принциптері жағынан ол ортаазиялық әдет
өлшемдерін негізге алады. Дастанның мазмұны түсінікті, құрылысы қарапайым.
Шайыр өз шығармасының темір қазығы етіп Әділдік, Бақыт, Ақыл, молшылық
секілді игі қасиеттерді алған. Әділдікті ол Күтолды деп атайды да, оған
мемлекет басшысы болуға меңзейді. Бақытқа Айтолды денег ныспы беріп,
уәзірлік қызметті нұсқайды. Ақылға Ойтолды деген есім беріп, уәзірдің
баласы (Одгулмыш) болуды айтты. Молшылыққа Жетелеуші деген енді аталған
Әділдік, Молшылық өзара сұхбат, өзара пікір алысуға кіріседі. Өзара әңгіме-
дүкен құрады. Осындай ұлы мақсатты мұрат еткен ақын өз поэмасын үлкенді-
кішілі Тілдің пайда, зиян келтірудегі қызметі, Пайдалы ақыл-кеңес жайлы
сөз, Айтолдының Әміршісі Күнтолдыға қызметке келуі, Бақыттылық
ерекшеліктері, Бақыттың жақсылыққа бастар харекеті мен жаман қылықтары,
Айтолдының әміршіге қойған сауалдары, Әміршінің Айтолдыға берген
жауабы, Айтолдының ұлы Огдулмышқа берген кеңесі, Огдулмыштың Әміршіге
қызметке келуі, Басшы адаға керек қасиеттер, Огдулмыштың Әміршіге
ғылым, білімнің ерекшеіктері туралы айтуы, Сарай адамдарының өзін қалай
ұстау керктігі, Елшілікке жіберілер адманың қандай болуы туралы, Әмірші
қызметкерінің хұқығы мен міндеттері, Жоғары лауазымды адамдармен қатынас
жасай білу керектігі туралы, Үйлену мен бала тәрбиесі, тога шақыру мен
қонаққа бару, бармау мәселесі жайлы, одгулмыштың түс көруі, Одгулмыштың
көрегн түсін жору жайлы деп аталатын түрлі тақырыптарды сөз ететін 72
тараудан тұрады.
Енді дастанның Тіл Елші Әмірші жайлы деп аталатын тарауларына
үңіліп, үзінділер келтірейік:
Тіл туралы
Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады.
Тіл адмға жапа да шектіреді. Абайламаса, басынан да айырдаы.
Тіл – арыстан, бақа, ол босағанда жатыр. Сөзге иланғыш, ей, әміршім, ол
басыңды жұтып жүрмесін.
Ерің айтқанды мұқият құлақ қойып тыңнда. Осы атқан сөздерді орында да,
өзіңе өзің сабыр қыл.
Мен әр уақытта тілден қауіп қылушы едім, оз басымды қатерге тілкпес
үшін, өз тіліме өзім сқ боайын.
Өз басыңды оөің ажалға душар етпес үшін, сөзіңе сақ бол. Өз тісіңді
өзің сындырмас үшін, тіліңе сақ бол.
Жақсы болғың келсе, жаман сөз атйпа.
Көп сөзділіктен мен пайда да, жақсылық та көрмедім.
Көп сөйлеме. Сабыр қып, әр сөзінді салмақтай айт. Он мың сөздің түйнін
он сөзбен шеш.
Адам екі нәрсе арқылы қартаймайды. Біріншісі – қайырымды ісі. Екіншісі
– мейірімге толы сөзі.
Адма туды, өлді. Қараңыз! Бірақ сөзу қалды. Қараңыз! Сөзімен бірге аты
қалды.
Еегер мәңгі бақи өлгің келмесе, о, данагөй, өзіңнің жақсы қалақтарың
мен сөзіңді сақта!
Елші жайлы
Елші адам ақылды да зерек болуы тиіс.
Елші арқылы көптеген іс бітеді. Елші арқылы барлық игілікті тірліктер
атқарылады.
Сараң адамның өзіне өзінің де әле келмейді. Сараң адам елшілік қызметке
жарамайды.
Елші болу үшін шарап ішпеу керек. Салмақты да ұстамды болуы тиіс.
Ұстамды адам бақыт таба алады.
Шарап ішпе; шарап ішкеннің бағы қайтар; шарап ішкеннің тілінде ақылсыз
деген өз есімі тұрар.
Әміршінің міндеттері жайлы
Байқа, сенің халық алдында үш түрлі міндетің бар. Ол міндетіңді
мүлтіксіз орында, өзіңе реніш шақырма.
Бірінші – қолыңа тап-таза күміс ұста. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни
Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік дастанындағы көнерген сөздердің мағынасын айқындау
Түркі даласының ұлы ақыны - Жүсіп Баласағұни
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Жүсіп Баласағұн-көрнекті түркі ақыны және ойшылы
Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізі
Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы - Арыстан баб
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Жүсіп баласағұни еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
Пәндер