Абай Құнанбаев-ақын


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Абай Құнанбаев2

Балалық және жастық шағы2

“Дүние де өзі, малда өзі”4

Абайдың қара сөздері8

Қолданған әдебиет тізімі:10

Абай Құнанбаев

(1845-1904)

Балалық және жастық шағы

Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы - ауқатты, Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай - өз заманының атақты билері.

Құнанбайдан - Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жас кезінде өлген), Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен-ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Сырт көзге момын және сөзге иланғыш, аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болады, ертегі-аңыздарды құмарта тыңдайды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-аңыздар - Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.

Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул Жаппардың, кейін Ахмет-Ризанның медересесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындары: Низами, Сади, Хафиз, Фузли шығармаларымен, ертегі, дастан киссалармен Абай осы кезде танысқан.

Балалық шағындағы өлең жазамын деген талабын:

Фузли, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдауси,

Хожа Хафиз-бу һаммәси,

Мәдет бер я шағири фәрияд!-

деп, Шығыс ақындарына сиынудан бастауы да Абайдың оларға деген сол кездегі ынтасын байқатады. Медереседегі діни Уағыздарымен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс классиктерін оқып-үйренуге жетуі - Абайдың аса зор табысы.

Медересенің соңғы жылында Абай, мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі “Приходская школаға” түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл - Абайдың кейін орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуіне негіз болған.

Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел Ел басқару қызметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой деген дәмемен Абайға әр түрлі жол көрсетіп, тәрбиелейді.

Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салтын терең танып-білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен-билердің ортасына түседі. Солардан сөз үйреніп, билікке керек қазақтың ескі сөз, жөн-жобасын, мақалдап, тақпақтай айту үлгілерін зерттейді. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады. Ол ескі көп әңгімелерді халық ішінен үйренеді. Сол әңгіме-жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының атақмінерлер жайындағы сынын көп естиді.

Сөйтіп, бір жағынан, Шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар Абай ел тарихымен таныса келе, ақыл-ойы толысып, көзге түсе бастайды. Балалықпен ерте қоштасып, ел ісіне араласқан ол елдің тұрмыс-тіршілігін, атқамінер әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып жүдеген кедей шаруаларды, барымта-бақталастықты, содан туған лаң-пәлелерді көреді. Өздері надан, ел тағдырын ойламайтын басшыларға сынай қарайтын болады. Мұның бәрі Абайға әке жолын ұстаудың жетімсіздігін, халыққа жақын басқа жол іздеу қажеттігін аңғартады.

Осыдан бастап Абайдың әкесі Құнанбаймен, оның маңындағы қошаметшіл топпен ісі мен сөзі бір жерден шыға бермеген. Бірде Құнанбай өз баласының халықшыл мінездерін ұнатпай оған: “Сен жұрттың бәрімен күліп сөйлесесің, жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісіге қадірің болмайды. Әкесіне жауап ретінде Абай: “Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан да қойшы-қолаң, жарлы жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін”, - депті.

“Дүние де өзі, малда өзі”

Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.

Сонымен қатар ол “Қызымет қылсаң, шен алсын” деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп, сынайды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Бұл - өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектеуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық, ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді. Кейнгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.

1886 жылы Абай “Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр” деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсйеті түрінде жазылған.

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баттанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрсеге ғашық бол,

Бес нәрседен асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

Ғылым болмай немене

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғылымды көрсеңіз.

“Өлең - сөздің патшасы”

ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің, оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасқа алып келді. Ең алдымен, Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, әлеументтік тартыстың құралы деп таныды. “Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы” атты өлең - бұл тұрғыдан ақын бағдарламасы тәрізді. Онда Абай қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бұл - жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғу.

Ақын мен ақындық міндет туралы ойланғанда, Абайдың осы мәселені тереңдете қарастыру, ел құлағына сіңіре беру үшін қайта бір оралғанын “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” (1889) атты өлеңінен көреміз.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Өзінің ақындық мақсатын осылай көрсете отырып, Абай бұл өлеңде шығарманың мазмұнына қатысы жоқ сөзуарлықты, ескі қиссаларда, соған еліктеп қисса жазатын ақындарда кездесетін “әсіресе қызыл” теңеу, жалған қызықшылықты суреттеуді сынап өтеді.

Өлеңі бар, өнерлі інім, Сізге

Жалынамын - мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге, -

деген сөздермен ол жас буын ақындарға тағы да тілек артады.

Абайдың қара сөздері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш зиялыларының әлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары тақырыбында, Абай Құнанбайұлының еңбектеріне зерттеу жүргізу, талдау жасау
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Абай мұрасының зерттелуіне шолу
Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин
Абай дана Абай дара
Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢІН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz