Бартольд Василий Владимирович


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Бартольд Василий Владимирович

Бартольд Василий Владимирович - совет шығыс зерттеушісі, академик (1913) .

Петербург университетінің шығыс тілі факультетін бітіріп, сонда ғылми және оқытушылық қызмет атқарды. «Монғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан» деген екі томдық монографиясы үшін, оған Шығыс тарихының ғылым докторы .

Бурж. қоғам жағдайында қалыптасқан ғалым тарихи процесті тануда идеалистік бағыт ұстады. Бірақ оны әрдайым әлеуметтік-экономикалық мәселелердің тарихы, халық бұқарасының жайкүйі қызықтырды. Бартольдтың Орта Азия және қазақ өлкесін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми мәні зор. Бұл еңбектерінде ол араб, парсы және жергілікті авторлардың аса бай матерпалдарын пайдаланды. Олардың ішіндегі аса құндылары: «Монғол кезеңіне дейінгі Түркістандағы христиандық туралы» (1894), «1893-1894 ж. ғылыми мақсатпен Орта Азияға саяхат туралы есеп» (1897), «Жетісу тарихының очерктер» (1898), «Монғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан» (1898-1900), «Ежелгі заманнан теңізі мен Амударияның төменгі бойы туралы деректер» (1902), «Түркістанды суландыру тарихына»: (1914), «Ұлықбек және оның заманы» (1918), «Түркістанның мәдени өмірінің тарихы» (1922), «Қырғыздар. Тарихи очерк» (1927), «Түркі-монғол халықтарының тарихы» (1928), «Түрікмен тарихының очерктері» (1929), «Орта Азиядағы түркі халықтарының тарихы жөніндегі он екі дәріс» (1935) . Б. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының көнө дәуірден бастап-ақ өзінің тарихы, мәдениеті болғанын тұрғыда дәлелдеп берді.

Монғол басқыншылығы туралы еңбектерінде бір жақты пікірлер ұшырасады, атап айтқанда, монғол басқыншылығының өндіргіш күштерді талқандап, бағынған халықтарды ұзақ уақыт құлдықта ұстағаны жете ескерілмеді.

Бартольд - ислам тарихы жөніндегі еңбектердің авторы. Олар: «Ислам» (1918), «Мұсылман қауымы мәдениеті» (1918), «Мұсылман дүниесі» (1922), «Мусейлима» (1925) т. б. Ол бұл шығармаларьшда араб және европа авторлардың аса маңызды еңбектеріне сын көзбен шолу жасады, мұсылман қауымы жөніндегі мәліметтерді тексеріп, саралап пайдаланды, нақты деректерге негізделген көлемді материалдар жинады, алғашқы ислам тарихы, Оның Шыеыс халықтарына таралуы, мұсылман мәдениетінің дамуы туралы көптеген соны пікірлер айтты.

Ислам жөніндегі кейбір жеке пікірлері даулы болғанымен, тұта алғанда ғылыми қорытындылары дүние жүзілік исламтану ілімін байытты. «Халиф және сұлтан» (1912) деген еңбегінде Бартольд ғылыми зор жетістікке ие болды. Мұнда ол Аббас әулетінен шыққан халифтің діни билікті 16 ғ-да түрік сұлтаны Салим 1-ге беруі туралы пікірдің тек 18 ғ-да пайда болған аңыз екенін дәлелдеді.

Бартольд ежелгі славяндар туралы жазған араб авторларының еңбектерін («Мұсылмандардың орыстар туралы жаңа дерегі», 1896; «Русьтер туралы араб деректері», 1918, 1940 ж. басылып шыққан) көп зерттеп, жемісті еңбек етті. Шығыс тану тарихына зор көңіл бөлді. «Европа мен Россияда Шығысты зерттеу тарихы» атты күрделі еңбек (1911 ж., 2-рет 1925 ж. басылды), «Петербург университеті шығыс тілдері факультетінің 1855-1905 жылдардағы қызметіне шолу» (1909) т. б. еңбектер жариялады. Бартольдтың Иран және СССР-дің кейбір халықтарының (қырғыз, тәжік, түрікмен т. б. ) тарихы жөніндегі еңбектері мол материалға негізделіп талдап жазылған.

Бартольд «Мир ислама» (1912-13), кейін «Мусульманский мир» (1917) журналдарын құрушы әрі редакторы болды. Ол орыс шығыс тану мектебінің негізін қалаушылардың бірі.

Бартольдтың көптеген монографиялары ағылшын, неміс, түрік, француз, араб, парсы т. б. тілдерге аударылды. Бартольд - «Ислам энциклопедиясындағы» бірсыпыра мақаланың авторы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
20 ғасырдың орыс зерттеушілері
Ірі шығыстанушы В.В.Бартольдтың еңбектері
Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы (1499-1551)
Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы
«Қорқыт ата кітабының» зерттелуі жайлы тың деректер
Түркітануға кіріспе
Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы
Менің қырғыз балаларын оқыту жөніндегі жоспарым мынадай
Қазақ тіл білімінің зерттелуі
Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, тарихи шежірелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz