Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы 4
Ерліктің қос қанаты 9
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 19

КІРІСПЕ

Батырларым, ала көр
Жауға кеткен ел кегін
Батыс жаққа бара бер
Айықтырып жер көгін
Басқан ізден серпілсін
Қасиетті жерлердің
Жауды жеңіп жаншуға
Батысқа ұмтыл, ерлерім
Жерді түгел аршуға.
Кеше ұран болып бұл өлең жолдары, ауызда айтылып, жүректі толқытты.
Жастарымызды жігерлендіріп жауға қарай ұмтылтты. Бұл адамзат тарихындағы
үрейлі, қасіретті соғыс жылдары еді[1].
Тарих қойнауына көз жіберетін болсақ, адамзат тарихында көптеген
қасыретті соғыстардың болғанын көреміз. Бұл соғыстардың өз уақытында
зардабы ауыр, қайғысы көп болғаны белгілі. Сол соғыстардың шығыны мен қайғы
– қасіретін салыстырып қарасақ адамзатқа жан түршігерлік қайғы әкелген,
адамзатқа орасан зор шығын әкелген, алапат соғыс – бұл Ұлы Отан соғысы
екені анық байқалады. Ұлы Отан соғысы - ол Екінші дүние жүзілік соғыстың
құрамдас бөлігі. Кеңес одағы үшін зардабы, шығыны көп болған. Халықты
торғайдай тоздырған еді. Польшадан бастаған гитлерлік Германияның бар
арманы Кеңес одағын жаулап алып билік жүргізу еді. Бірақ фашистердің бұл
жаман пиғылы іске аспады. Осы Ұлы Отан соғысында Қазақстан майдан алаңы
болмаса да, атқарған роль өте зор болды. Өз денелерімен жаудың оғын тосып,
өздерінің қасықтай қаны мен шыбындай жанын отан үшін оққа бастарын тіккен
Кеңес одағының батыр ұл-қыздары басты рөл атқарды. Сол ұл-қыздардың ішінде
Қазақстандық 500-дей солдат пен офицер, оның ішінде 98 қазақ Совет Одағының
батыры деген жоғарғы атаққа ие болды. Тіпті екі мәрте батыр атанды. Сол
сияқты бірінің ерлігін бірі қайталап отырды. Сол мезгілдегі еліміздің
мақтанышы, халқымызға танылмал, қайсарлы, ержүрек ағамыз Бауыржан Момышұлы
мен ерлік жасап, соңғы демі қалғанша жауға оқ атқан Әлия мен Мәншүк атты
халқымыздың ержүрек қыздары шығыстың қос қанаты - деп аталды. Кеңес
Одағының батыр ұл-қыздарын тарих мәңгілікке, келешек ұрпаққа сабақ болардай
етіп қалдырды[2].

Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы

Адамзат тарихында ең қанды қырғында Бауыржан Момышұлы зіркілдеген
зеңбіректер мен ысқырылған снарядтардың үрейлі үнін ескермей алға баса
береді. Ерлігімен, қайсарлылығымен елге әйгілі болған Бауыржан ағамыз 1910
жылы 24 желтоқсанда қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген.
Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мұғалім болып істейді. 1932
жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир атағын
алып ауылына оралғасын қаржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы қайтадан
Қызыл армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде қызмет еткен.
Взвод, полк командирі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты
генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан
жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған. Соғыс
жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарады[3].
Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбегіндегі шайқас ерекше орын
алды. Одан басқа да ерліктері аз емес. Ол ел намысын төбесіне ту етіп
ұстап, 207 рет фашистермен шайқасқа түсті. Бұл бір батырдың екі жүз рет
өліп – тіріліуі десе де болар еді. Москваға қарай аласаұрып, анталап келе
жатқан жаудың алдын бір күн, бір сағат та болса бөгей тұру қажет болған шақ
туды. Сол күндерде, Бауыржан батольоны жаудың алдын бөгей соғысып, бес рет
қоршауда қалды. Болат пышақ қап түбінде жатпас дегендей, Бауыржан
бастаған болат батальон бесеуінде де, тапсырманы ойдағыдай орындағаннан
кейін, жау қоршауын жарып шығып, өз құрамасына келіп қосылды. Бұл ажал
арыстаның аузына бес рет кіріп, бес рет шыққанмен парапар.
Майданға батальон командирі болып кірген Момышұлы біраздан кейін Полк
командирі дәрежесіне көтерілді соғыстың аяқ кезінде гвардиялық дивизияны
басқарды. Ұлы Отан соғысы кезінде батальон комадирі болған қазақтар
баршылық, полк командиріне жеткендерде бар. Бірақ дивизия басқарған қазақ
жалғыз Момышұлы ғана. Соғыстан кейін ол СССР қарулы күштері бас штабының
академиясын бітірді. Одан соң әскери академияларымыздың бірінде сабақ
берді. Әскери академиялар бітірген қазақтар да баршылық. Бірақ Әскери
академияда оқытушы болып, сабақ берген қазақ та жалғыз Момышұлы ғана.
Зұлым фашистерге қарсы кескілескен қанды ұрыстарда Момышұлы екі рет
өлімші болып ауыр жараланды. Ол жеңіл жараларын санаған, оған мән берген
кісі емес. Сонымен қатар Момышұлы әдебиет майданында да әскери ерліктерінен
еш кем емес қаһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Оның
шығармаларының негізгі тақырыбы жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы,
елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды отан қорғауға дайын тұру рухында,
баулу, әскери тәлім-тәрбие болып табылады. Бауыржан Момышұлының басты
шығармалары: Офицер күнделігі, Бір түіннің оқиғасы (1956), Москва
үшін шайқас (1958), Майдандағы кездесулер (1962), т.б. Кеңес одағының
батыры И.В.Панфилов жайында Біздің генерал деген ғұмырнамалық хикаят
жариялады. Ал Ұшқан ұя романы 1976 жылы қазақ КСР мемлекеттік сыйлығына
ие болды.
Момышұлы халықтың ертегілері мен жырларында отан үшін күресте Отқа
салса – күймейтін, суға салса – батпайтын деп сипаттайтын қаһарман
батырдың қазіргі замандағы ХХ – ғасырдың жанды бейнесі Бауыржан болды.
Сөйтіп ол ерлігімен, еңбегімен, қайратымен, қаһармандығымен, даналығымен,
дарындылығымен халықтың өлмес ұлдарының қатарына қосылды.
Халқымыздың бұл өзгеше ұлы отанымыздың талай–талай тамаша адамдарымен
істес, қызметтес, тағдырлас болып, олардан тағлым, өнеге алды. И.В.Панфилов
тәрізді данышпан орыс генералының сүйікті шәкірті болды. И.М.Чистяков
тәрізді орасан өжет, дұшпанға дес бермеген өр генералдың сенімді серігі
болды. Совет Одағының маршалы Рокоссовскийдің арнайы қабылдауында болып,
әңгімелесті. Совет одағының маршалы жоғарғы қолбасшының бірінші орынбасары
Глуковпен жүздесіп, дивизия командирі Момышұлы бірнеше рет маршал
Баграмяның отан қалаларын жаудан азат ету жайындағы жауапгерлік бұйрықтарын
орындады.
Бауыржан Момышұлы армияда бес жыл болып әскерде қызмет етті. Оған армия
өзінің туған үйіндей болып кетті. Армияның тұрмыс, тіршілік, тәртібі оның
қанына әбден сіңді. Әскери адамдар оның туған-туысына айналды. Сол себептен
де ол генарал Панфилов дүниеден қайтқанда ағасынан айырылдым деп жазған.
Бауыржанның бар өмірі бірінен-бірі жалғас ерліктерден тұрады деуге
болады. Түйін, тізбегі көп сабақтас бір ерлігі Ұлы Отан соғысы кезіндегі ел
үшін еткен ересен еңбегі екені аян. Ал екінші ерлігі армиядан босап
қайтқанан кейін, қырық төрт жасында қолына қалам алып, жазушылыққа
кірісіуі.
Бауыржан Момышұлының қаламынан шыққан кітаптарының бәрі де әрі ел
басынан өткен тарих, әрі көркем туынды, әрі әскери ғылым. Олардың бәрі де
халықтың қазынасы болып қабылданған еңбектер. Ал оның өзі туралы жазған
очерктер, өлеңдер, мақалалардан бірнеше монография жазып, жеке
диссертациялар қорғауға болады. Сөйтіп оның адамдық, азаматтық, батырлық,
отандық тұлғасын жабыса – жарыса мүсіндеді.
Ардагер ақын Қасым Аманжолов:
“Батырым – Бауыржаным” дейді халқым,
Алып ұш ақын жүрек ердің даңқын,
Келешек келе жатыр көремін деп,
Тік басып туған жерде қалыпын”, - десе.
Ал аты әйгілі Сәбит Мұқанов Бауыржанның даңқы жер жүзінде жайылғанын
былай толғады:
“Советтің саналы ер еркегі” деп,
Жігіттің қыз қызығар көркемі” деп.
Бауыржан Момышұлы жер жүзінде,
Таралды барлық елге ертегі боп.
Барсам да қай континент қай аралға,
Заманнан аз хабары бар адамда,
Білмейтін Бауыржанды жан көргем жоқ.
Мен бұған қуанам да, таңданам да!”
Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медальармен марапатталады. Дүние
салғанан кейін оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді (1990) сөйтіп, ұзақ
жылдардан соң, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым мен мәдениет
қайраткерлері, қалың жұртшылық талабымен. Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауы арқасында, халқымыздың
ардақты ұлы. Көзі тірісінде-ақ аңыза айналып кеткен осынау даңықты
жауынгер, дарқан ойлы қолбашы турасындағы тарихи әділеттілік қалпына
келтіріліп еді. Бүгінде Бауыржан батыр есімін иеленген мектептер, көшелер,
елді мекендер, ұжымшылар егеменді елдің қала – даласында көптеп кездеседі.
Оңтүстік Астанада ол туған үйге ескерткіш тақта орнатылған, әскери мектепте
бар. Сондықтан да Бауыржан Момышұлы еңбектері де, ерлігі де мәңгі халықтың
жадында, ол өлмейді.

Ерліктің қос қанаты

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес одағының батыры: Әлия Молдағұлова
Ленинградтық №9 – орта мектебінде вестибюлінде мрамор мемориальды тақта
бар. Оған алтын әріппен былай деп жазылған: Совет Одағының батыры
комсомолка Әлия Молдағұлова осында оқыды. Ол 1924 – жылы 20 сәуірде Ақтөбе
облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылындағы табиғаты көркем алқапта
орналасқан, Нұрмұхамет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың семьясында Әлия
дүниеге келген. Ата-анасы қайтыс болған соң нағашысы Әубәкір Молдағұловтың
қолында тәрбиеленеді.
...Соғыс Әлия Ленинградта жүргенде басталған–ды. Бірде балалар үйіне
нағашысы Әубәкір келеді. Өздеріне бұл қаладан көшіңдер деп жатқанын айтып:
Сен де жинал, бізбен бірге барасың, - деді. Бірақ Әлия: Ешқайда
бармаймын, бұл менің туған қалам..., - деп жауап берген. Соңғы аз уақытта
Әлия есейіп, есі кіріп қалғандай. Ол өз құрбы-құрдастармен бірге өрт
сөндірді, көшелерді үйінділерден тазартты, сөйтіп өзін Ленин қаласын
қорғаушы ретінде сезінген. Әйтсе де қаладан көшуге тура келді. 1942 – жылы
мартта балалар үйі барлық баланы қоршаудағы қаладан алып шығу жөнінде
нұсқау алды. Балалар үйі Ярослав обылысы Некрасов ауданындағы Вятское
селосына барып орналасады.
Әлия мұнда Рыбинск авиация техникумына оқуға түсті. Оның мақсаткерлік
пен адалдық және адамгершілік сергектік қасиеттер басқалардан айырықша
ерекшелендірген. Бәрімен тез тіл табысып кетті. зерделі зейінімен, білімпаз
біліктілігімен түгел баурап алды. Ол үш ай оқыды да, әскери комиссариатқа
арыз беріп, өзін майдандағы армияға жіберуін өтінді. Бірақ біраз уақытқа
дейін командование алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім – білігін іс
жүзінде көрсетуге рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға
қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін
фашистерден кек алуды қалайтынын жазды. Бұлақ ауданының қызы осылайша
мергендер мектебінің курсанты болып, Қызыл әскер Молдағұлова байқау
атысында өте жақсы деген баға алды. 1943 – жылы майда Әлия мектеп
командованиесіне өзін майданға жіберуін сұрап рапорт береді.
Міне, майдан, Әлия 54 – атқыштар бригадасының 4 –батальонындағы 3 –
ротаға келеді. Батальон командирі майор Моисеев онымен туған әкесіндей
әңгімелесті.
- Жасың нешеде, қызым?
- Он тоғызда...
Батальон командирі ойланып қалды, ұзақ уақыт үндемеді. Сосын былай деді:
- Бүгін демал, ал ертең штаб бастығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ
Ерліктің қос қанаты - Әлия мен Мәншүк
Қазақ халқының мақалдары
Қазақ тіліндегі майдандық басылымдар
9 мамыр
Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары
Елордасы – Астана
Патриотизм ұғымы және оның негізгі қағидалары
Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері
Бауыржан Момышұлы шағармасының зерттелуі
Пәндер