БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ 4
ҚОРЫТЫНДЫ 10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 11

КІРІСПЕ

Батырларым, ала көр
Жауға кеткен ел кегін
Батыс жаққа бара бер
Айықтырып жер көгін
Басқан ізден серпілсін
Қасиетті жерлердің
Жауды жеңіп жаншуға
Батысқа ұмтыл, ерлерім
Жерді түгел аршуға.
Кеше ұран болып бұл өлең жолдары, ауызда айтылып, жүректі толқытты.
Жастарымызды жігерлендіріп жауға қарай ұмтылтты. Бұл адамзат тарихындағы
үрейлі, қасіретті соғыс жылдары еді[1].
Тарих қойнауына көз жіберетін болсақ, адамзат тарихында көптеген
қасыретті соғыстардың болғанын көреміз. Бұл соғыстардың өз уақытында
зардабы ауыр, қайғысы көп болғаны белгілі. Сол соғыстардың шығыны мен қайғы
– қасіретін салыстырып қарасақ адамзатқа жан түршігерлік қайғы әкелген,
адамзатқа орасан зор шығын әкелген, алапат соғыс – бұл Ұлы Отан соғысы
екені анық байқалады. Ұлы Отан соғысы - ол Екінші дүние жүзілік соғыстың
құрамдас бөлігі. Кеңес одағы үшін зардабы, шығыны көп болған. Халықты
торғайдай тоздырған еді. Польшадан бастаған гитлерлік Германияның бар
арманы Кеңес одағын жаулап алып билік жүргізу еді. Бірақ фашистердің бұл
жаман пиғылы іске аспады. Осы Ұлы Отан соғысында Қазақстан майдан алаңы
болмаса да, атқарған роль өте зор болды. Өз денелерімен жаудың оғын тосып,
өздерінің қасықтай қаны мен шыбындай жанын отан үшін оққа бастарын тіккен
Кеңес одағының батыр ұл-қыздары басты рөл атқарды. Сол ұл-қыздардың ішінде
Қазақстандық 500-дей солдат пен офицер, оның ішінде 98 қазақ Совет Одағының
батыры деген жоғарғы атаққа ие болды. Тіпті екі мәрте батыр атанды. Сол
сияқты бірінің ерлігін бірі қайталап отырды. Сол мезгілдегі еліміздің
мақтанышы, халқымызға танылмал, қайсарлы, ержүрек ағамыз Бауыржан Момышұлы
мен ерлік жасап, соңғы демі қалғанша жауға оқ атқан Әлия мен Мәншүк атты
халқымыздың ержүрек қыздары шығыстың қос қанаты - деп аталды. Кеңес
Одағының батыр ұл-қыздарын тарих мәңгілікке, келешек ұрпаққа сабақ болардай
етіп қалдырды[2].

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.
Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мұғалім болып істейді.
1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир
атағын алып ауылға оралғасын қаржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы
қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде қызмет
еткен, взвод, рота командирі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен
даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан
жасақталған 306-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған. Соғыс
жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.
Момышұлының әскери өмрбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын
алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің
батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді, Волоколам
бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып, сол жерде ауыр
жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді.
Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп. 8-гвардиялық атқыштар
дивизиясының командирі полковник И.И. Серебряков 1942 ж. тамызда оны Кеңес
Одағының батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып
кетеді.
1944 ж. шілде айында Серебряков КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумына
үндеу хатында: Жолдас Момышұлына құрмет көрсетуді... өтінемін және мұны
жеткізуді өзімнің парызым деп білемін... әділдік менен осыны талап етеді, -
деп жазды. Бұл да аяқсыз қалады.
Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады. Момышұлы
полк командирі, кейін дивизия бастығы бола жүріп, Калинин майданында,
Курляндиядағы неміс басқыншыларын талқандау операцияларына белсене
қатысады.
Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғарғы әскери академиясын
бітіріп (1950 ж.), сонда әскери педагогикалық қызметпен айналысты. Тактика
төңірегінде оның идеяларының батыл да жаңашыл болғандығына қарамастан, 1956
жылы гвардия полковнигі Момышұлы отставкаға жіберіледі.
Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медальдармен марапатталды.
Дүние салғаннан кейін оған Кеңес одағының Батыры атағы берілді (1990 жылы).
Сөйтіп, ұзақ жылдардан соң, соғыс және еңбек ардагерлері. Ғылым мен
мәдениет қайраткерлері, қалың жұртшылық талабымен, Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауы арқасында, халқымыздың
ардақты ұлы - көзі тірісінде-ақ аңызға айналып кеткен осынау даңқты
жауынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпына
келтіріліп еді. Бүгінде Бауыржан батыр есімін иеленген мектептер, көшелер,
елді мекендер, ұжымшарлар егеменді елдің қала-даласында көптен кездеседі.
Оңтүстік астанада ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған әскери
мектеп-лицей бар.
Адамзат тарихында ең қанды қырғында Бауыржан Момышұлы зіркілдеген
зеңбіректер мен ысқырған снарядтардың үрейлі үнін ескермей алға баса
береді.
Ол ел намысын төбесіне ту етіп ұстап, 207 рет фашистермен шайқасқа
түсті. Бұл бір батырдың екі жүз рет өліп–тірілу десе де болар еді. Москваға
қарай аласұрып, анталап келе жатқан жаудың алдын бір күн, бір сағат та
болса бөгей тұру қажет болған шақ туды. Сол күндерде, Бауыржан батальоны
жаудың алдын бөгей соғысып, бес рет қоршауда қалды. Болат пышақ қап
түбінде жатпас дегендей, Бауыржан бастаған болат батальон бесеуінде де,
тапсырманы ойдағыдай орындағаннан кейін, жау қоршауын жарып шығып, өз
құрамасына келіп қосылды. Бұл ажал арыстаның аузына бес рет кіріп, бес рет
шыққанмен пара-пар.
Майданға батальон командирі болып кірген Момышұлы біраздан кейін Полк
командирі дәрежесіне көтерілді соғыстың аяқ кезінде гвардиялық дивизияны
басқарды. Ұлы Отан соғысы кезінде батальон командирі болған қазақтар
баршылық, полк командиріне жеткендерде бар. Бірақ дивизия басқарған қазақ
жалғыз Момышұлы ғана. Соғыстан кейін ол СССР қарулы күштері бас штабының
академиясын бітірді. Одан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігі
Батыр ағаның хатқа түскен мұралары
Парыз - ұлттың іргетасы
Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің жалпы сипаттамасы
Қазақ халқының мақалдары
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жазушы шығармаларындағы ұлттық рух мәселесі
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы
Батыр-Бауыржан
Пәндер