Бейбарыс сұлтанның қысқаша өмірдеректері


ЖОСПАР
Кіріспе1
Бейбарыс сұлтанның қысқаша өмірдеректері2
Бүкіл Араб елдерін әлемге әйгілі еткен Сұлтан Бейбарыс Мысыр мен қазақ еліне ортақ тұлға5
Пайдаланылған әдебиеттер:10
Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Байбарыстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен ана жалы Мысыр еліне барғанымда Байбарыс салдырған мешітте Құран оқыттым. Даңқты бабамызды арабтардың қалай құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім.
Нұрсұлтан Назарбаев.
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болғанына он жыл толып отыр. Қыр-сыры мол тарих қойнауында жатқан осыған дейінгі ғасырлар қаншама адамзат баласы тарихындағы күрделі кезеңдерден өтті. Айтпасақ да, халқымыздың бұл дәуірлерді біркелкі даму аясында өткізбегені түсінікті.
Қазақстан өзінінің рухани шежіресі мол мұралары мен тарихы бай қазыналарын әлемге әйгілеп танытуда "жаңа ғасыр есігін өзгелердей өскен ел болып ашайық" деген жалынды үнімен асқақтауда. Шынында, жаңа ғасыр рухани жаңарудың ғасыры болмақ, сондай-ақ ең бір күрделі кезең өкілдерін жаңаша жүйелеудің нәтижесінде бүкіл шығыс елдеріне аты әйгілі Сұлтан Бейбарыс бүгінде тарих сахнасында. Үлкенді-кішілі зерттеушілердің қазақ топырағынан бала кезінде құлдыққа сатылып, Египеттей алып елді басқарған дана Бейбарыстың өмірінің қалай өткендігі жайында еліне танытуда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отырғанына күннен-күнге қызығушылықтары артуда. Шынында, ел жадында сақталар қазақтың біртуар тұлғасы Бейбарысты бүкіл шығыс Араб елдерінің өз тарихтарына алтын әріппен жазып қалдырыпты дегенге кімнің де болсын елең етпеуі мүмкін емес!
Бейбарыс сұлтанның қысқаша өмірдеректері
Бейбарыс, Байбарыс, Бибарыс (шамамен 1217/18, Қазақ даласы - 1277, Дамаск) - түркі тектес мәмлүктер арасынан шыққан, Мысырды билеген (1260 - 77) сұлтан, ортағасырлық Мысырдың аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Таққа әл-Мәлік әз-Заһир Рукн әд-Дуние уә әд-Дин Бейбарыс әл-Бундуқдари ас-Салиһи деген есіммен отырған. Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде жас Бейбарыс қолға түсіп, құлдыққа сатылған. Оны Дамаскіде Әмір Айдакин 800 дирхемге сатып алады. Бейбарыс бір көзінің кемдігіне (ақ түскен) байланысты кемсітіліп, көп жапа шегеді. Оны Әмір Айдакин әл-Бундуқдари сатып алғандықтан, қожасының есімімен әл-Бундукдари деп аталады. Кейін бұл әмірдің бағы тайып, қасындағы мәмлүктерінен айырылған кезде Бейбарыстың қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны (1240 -49) Салиһ Нажмиддин оны өзінің жеке жасағының бір бөліміне сардар етіп қояды (1244) . Сөйтіп Бейбарыс ас-Салиһи деген атты да қабылдаған. Сол әскердің құрамында Бейбарыс ұрыстарға қатысады. Крест жорықтарына қарсы күресте Мысыр әскеріне қолбасшылық етті. Мысырдың Айюби әулетінен шыққан соңғы сұлтаны (1249-50) Му’аззам Тұраншаһқа қарсы қастандыққа - оны өлтіруге қатысқан. Жаңа сұлтан (1250-57) Му’иаз әд-Дин Айбек таққа отырысымен, қастандыққа қатысушыларды өлім жазасына бұйырды. Осыған байланысты Бейбарыс бассауғалап Сирияға қашып кетті. Мәмлүктер Айбекті өлтіргеннен кейін Бейбарыс Каирге қайта оралды. Таққа отырған жаңа сұлтан (1259-60) Музаффар Сайф әд-Дин Құтұз Бейбарысқа Бағдадты алғаннан кейін (1258) бүкіл Сирия мен Мысырды бағындыруға ұмтылған Хулагу әулеті әскерлеріне қарсы жорыққа басшылық етуді тапсырды. Сирияның жеріне ішкерілей енген Хулагу әулеті әскерін 1260 ж. 3 қыркүйекте Айн-Жалут түбінде мәмлүктер тас-талқан етіп жеңді, соның нәтижесінде Құтұз сұлтан Сирияны түбегейлі иеленді. Айн-Жалут түбіндегі шайқаста Бейбарыс өзінің ержүректігімен айрықша көзге түсті. Хулагу әскерлерінің одан кейінгі шабуылдары еш нәтиже бермеді. Құтұз сұлтан әмірлерге мол сый-сияпат жасап, Бейбарысты елеусіз қалдырды. Осыған өкпелеген Бейбарыс әмірлермен астыртын сөз байласып, Каирге қайтар жолда Құтұз сұлтанды өлтіреді. Әмірлер Бейбарысты Мысырдың сұлтаны деп жариялады (1260) . Өкімет басына келісімен Бейбарыс өзінің бар күш-қажырын крест жорығына қарсы шабуылға дайындалуға жұмсады. Негізгі шабуыл 1265 ж. басталып, крестшіл-франктердің қамалдары бірінен соң бірі алынды. Б. Кіші Армения патшалығына (1267), Кіші Азияның салжұқтарына (1275) қарсы жорықтар жасап, олжаға батты, берберлерді бағындырды. Медреселер салуға көп күш жұмсады. Оның билік еткен тұсында елдің әлеум. -экон. жағдайы ілгері басты. Хулагу әулетіне қарсы күресу мақсатымен Бейбарыс Алтын Ордамен одақ жасасты. Бейбарыс негізін салған бұл одақ Алтын Орданың ыдырауына дейін сақталды. 1261 ж. Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркеге өзінің алғашқы хатын жолдады. 1262 жылдың аяғында Бейбарыс Алтын Ордаға Византия арқылы бірінші елшісін жіберді. Осы кезден бастап Мысыр мен Алтын Орданың арасында елшілік және дипломатиялық тығыз байланыс орнап, екі ғасырлық уақыт ішінде Каир мен Сарай 50-ге жуық елшілік алмасты.
Бүкіл Араб елдерін әлемге әйгілі еткен Сұлтан Бейбарыс Мысыр мен қазақ еліне ортақ тұлға
Бейбарыс туралы тарихта жазушылар өте көп. Мысалы, Бейбарыстың жеке хатшысы болған Мухин ад-дин Әбд аз-Заһир (1223-1292) өз қожайынының бастан кешірген оқиғаларын, билікке төңкеріс жолымен келіп, төңкеріс жолымен кеткен әмірші ішкі-сыртқы жаулармен ұдайы тартыста болуы туралы, сәл кейінірек өмір сүрген тарихшы-шежіреші Әл-Макризи (1364-1442) және Ибн Тагриберди (1409-1470), мен осы заманғы классик жазушы Така Хусейн де, осы заманғы орыс тарихшылары Амин аль-Хали, Л. А. Семенова мен С Закировтар еңбектерінің бәрі дерлік болмаса да үздік-үздік жеткендері де баршылық. Кезінде Сұлтан тұралы қолына қалам ұстағандардың бәрі дерлік жазды. Бәрі де араб тілінде сақталған. Орысшаға аударылғаны бес-алты кітап дейді бір деректерде. Сол аудармалардың ішінде біз үшін аса құндысы "Жизнеописание Султана аз-Заһира Бейбарса", арабтың "Зейрат Бейбарыс" романы бұл әйгілі Сұлтанның хатшысы Мухин ад-Дин ибн Әбд. Әз-Заһир жазған "Бейбарыстың өмірнамасы".
Москвада "Художественная литература" баспасынан 1975 жылы шыққан. Романның басында оның Салих Айюб Сұлтанның сарайында қызмет еткені және ол өлгеннен кейін баласын таққа отырғызуға қатысқаны суреттеледі. Одан кейінгі бөлімдерде Бейбарыстың әуелі Мысырдың, содан соң бүкіл арабтық Таяу шығыстың әміршісі дәрежесіне жеткені, ел шетіне басып кірген кресшілерді де, моңғолдарды да талқандап, зор абыройға не болғаны айтылады. Роман тұтас күйінде 50 бөлімнен тұрады. 1908-1909 жылдарда Каирда жарияланады.
Әрине, бұған дейін қазақ Бейбарысты білмеді емес, білді. Бейбарыс Сұлтан тұралы режиссер Болат Мансуров "Бейбарыс Сұлтан" деген атпен сериялы көркем фильм түсіріп шығарды. Шындығына келер болсақ, Бейбарыс - бақытты тұлға. Құл болып барған жерінің ханы болу, Мысыр мен Сирияны тұтастай 17 жыл бойы билеу деген қандайлық бақыт, басқа қонған бақ дерсің. Бейбарыс өз дәуірінде жетуге болатын биліктің бәріне жеткен, алуға болатын абыройдың бәрін алған адам.
Қысқасы, сол заманда жұмыр басты бір пенде көре алатын құрметті Бейбарыс толықтай көрді, сол заманда бір пенде сезіне алатын бақытты Бейбарыс толықтай сезінді. Демек, фильмде оны қолдан қайғы-мұңға батыртып, жат жерде басы қалған аянышты адамдай етіп көрсетудің қисыны шамалы.
Биыл Бейбарыс Сұлтанның есімін мәңгі есте қалдыру бағытындағы шараның бірі ретінде Атырауда оның 775 жылдық мерейтойы атап өтілді. Мерейтой кезінде Бейбарыс Сұлтанның өмірі мен қайраткерлігі хақындағы сан пікірді тоғыстырған халықаралық конференцияда белгілі қаламгер Сауытбек Абдрахмановтың арабтың халық романынан тәржімалаған ана тіліміздегі алғашқы кітабының тұсауы кесілді. Атырауға қонақ ретінде келген Каир университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Хасеннейн Мухамед Әл-Рабил мырза арабтардың Бейбарыс Сұлтанды мемлекет негізін қалаушы ретінде құрмет тұтатынын және Бейбарыстың қыпшақ мәмлүктерінен шыққандығы айна-қатесіз, отаны қазіргі қазақ жері, ұрпақтары тәуелсіз қазақ елінің азаматтары екендігін бірауыздан мойындайтынын тілге тиек етті. Енді оны киелі қазақ жұрты да халқының дана ұлы ретінде қадірлейді.
"Ерекше ерлігімен, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген, Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан, крест жарығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Бейбарыстың бала күнінде құлдыққа осы Атырау бойынан әкетілгенін, өзінің сүйегі осындағы беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен ана жылы барғанымда Бейбарыс салдырған мешітте құран оқыттым, даңқты бабамызды арабтардың қандайлық құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім. Бейбарыс туралы арабтың халық романы бар. Сол романның қазақ тіліне аударылғаны құптарлық шаруа болмақ". Президент Н. Ә. Назарбаев 1998 жылдың желтоқсанында Атыраудағы кездесуде осылай деген еді.
Сонымен, Бейбарыс бабамыздың туған топырағына қайтып оралуының басты қозғаушысы - Президент және де таяу күндерде оныншы белесіне аяқ басатын біздің мемлекеттік тәуелсіздігіміз. Президенттің Бейбарыс Сұлтанды қазақ топырағына, атамекеніне оралтсам деген ойы биыл толық іске асты.
Сонымен қатар, президенттің көне тарихты білетіндігі, тіпті осыдан ширек ғасыр бұрын Мәскеуде жарық көріп, талай адам ұмытуға айналған романға дейін есінде сақталғаны, осы іске серпін бергенін, жол ашқанын атап айтқанымыз әділдік болмақ.
Елбасының жарлығымен бекітілген мәдениетті қолдау жылы аясында Атырауда тұрғызылған ескерткіштердің сәтті шыққаны - Бейбарыс Сұлтан ескерткіші.
Бұрын Кеңес дәуірі тұсында орысқа бодан кезімізде әлемге аты мәшһүр болған бабаларымызбен де мақтана алмағанымыз белгілі. Бұрын В. Лениннің ескерткіші тұрған жерден Бейбарыстың ескерткіші бой көтерді. Атыраудағы облыс әкімшілігі алдындағы алаңға оның есімі берілді. Ескерткіштің авторы, алматылық мүсінші Қадырхан Кәкімов Бейбарыстың бейнесін Алматы облысының Күрті ауданынан табылған ақ граниттен қашап жасалған. Ескерткіштің бір жағында үш бұрышты пирамида.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz