Бейімбет Майлин - қазақ совет әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі және классигі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН

Бейімбет Майлин (1894-1938) - қазақ совет әдебиетінің ірге тасын
қалаушылардың бірі және классигі, советтік мәдениетіміздің көрнекті
қайраткері.
Дарынды жазушының творчествосы кең арналы, сан сырлы, ерекше құбылыс.
Ол – сыршыл ақын, көркем проза шебері, драматург және публицист.
Бейімбет (Бимұханбет) Жармағамбетұлы Майлин 1984 жылдың 15 ноябірінде
бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар облысы, Әйет өзені бойындағы
Ақтөбе деген жерде (қазір Қостанай облысы, Таран ауданы, Бейімбет Майлин
атындағы совхоз) туған. Әкесі Жармағамбет кедей шаруа болған. Әкеден жастай
жетім қалған ол үлкен шешесінің қолында өседі. Ол өзінің “Жаңа әдибиет”
журналының 1931 жылы 6-7 – сандарында жарияланған “Мен қалай жаздым” деген
мақаласында; ”Бір жасқа жетпей әкем өлген екен, үлкен шешем қолына алып
тәрбиелепті”. Жұмыстан қалт етіп қолым босаса, мені молдаға қарай сүйреу
шешемнің әдеті еді. Шаншар молда деп аталған бір ноғай молда болды. Біздің
ауылда бірталай жыл тұрды. Бар білімі “Бақырғанды” әндетіп оқу еді. Сол
молдадан хат таныдым. Сол молдадан “Бақырғанды” оқуды үйрендім.
“Бақырғанды” басқа қиссалар жалғасты. Қол тигенде, жұмыстан босап ауылға
келгенде, өлең кітаптарын оқуды әуес көрдім”, - деп жазады.
1911-12 жылдары Б.Майлин көршілес ауылдағы Арғыпбай дейтін қажының
медіресенен сабақ алған. 1913 жылы Троицк қаласындағы “Уәзифа” мектебіне
келіп оқыған. Болашақ жазушының білімін біраз толықтырған оқу орны – Уфа
қаласындағы “Ғалия” медіресесі. Ол 1915 жылы осы медресенің 1-курсын
бітіріп, еліне оралады.
Б.Майлин Троицк қаласында шығарылып тұрған “Айқап” журналыментанысуы,
оның беттерінен М.Сералин, С.Торайғыров, С.Дөнентаевтардың мақала,
өлеңдерін оқуы өзінің де осы журналға жазып тұруына себеп болады.
Б.Майлин 1916-22 жылдар арасында туған ауылында мұғалімдік қызметте,
халық ағарту орындарында істейді. 1922-36 жылдары “Еңбекші қазақ”, “Ауыл”,
“Ауыл тілі”, “Социалды Қазақстан” редакциалары мен баспасөз орындарында
журналистік қызметтер атқарады, 1926 жылы коммунистік партия қатарына
кіреді. Ол 1934-37 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің жауапты редакторы
болады, әдеби творчествомен шұғылданады.
Б.Майлин творчествосындағы ұзілмес арқау, күретамыр - қазақ кедейінің
өмір өткелдерін жырлау. Сондықтан да: “Жырлағаным – кедейдің жыры,
сырлағаным – кедейдің сыры”, - дейді ол.
Майлин поэзиясында Мырқымбай есімінің алғаш аталып, оның әдеби
кейіпкер галереясына қосылуы 1922 жылы жазылған “Мырқымбайә өлеңінен
басталатыны мәлім. Осыған жалғас 1923 жылы “Кедейдің кейістігі” жазылды.
Екі өлеңде де Мырқымбай мінезіндегі, шаруаға шалымы жөніндегі шалағайлықты
әкесінің оған деген кейістігінен білеміз.
Сөйтіп, Б.Майлин Мырқымбай образын үлкен жоспарда алып, бірқатар өлең,
поэмаларында біртіндеп толықтырып бейнелеп, көшегі қазақ кедейінің, бүгінгі
совет шаруасының типтік образы дәрежесіне көтереді.
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысы мен отызыншы жылдардың басында
жазушы қаламын дамылсыз тербеткен елеулі тақырып, әлеуметтік мәні орасан
зор құбылыс - қазақ даласындағы батыраңқы жеке шаруалардың, талай
Мырқымбайлардың бірлесіп күш қосып, берекелі іске аяқ басуы –
коллективтендіру шындығы болды. Бұл тұста жазылған “Керегесін қалады”
(1929), “Жаңартты қазір жырды ауыл” (1929), “Коллективтің жырын айт”
(1930), “Келелі күнің келгенде” (1930), “Даланың дабылы” (1930) сияқты бір
топ өлеңдерінде ақын ауылдағы жаңа өмірдің сипатын, шаруа психологиясындағы
түбірлі өзгерістерді, жаңаның жеңісін, бірлескен еңбек берекесін
бейнелейді.
Жаңа өмірге кірді ауыл,
Жаңартты қазір жырды ауыл,-
Деп ақын жаңа өмірді бастаған ауылды құттықтайды, әлі де көп асулардан
өтіп, ұлы өзгерістер боларына берік сенім білдіреді.
Даланың жаңа өмірін жырлау үшін ақын қазақ өлеңінің түрі мен мазмұнын
байыты түседі.
Б.Майлин – оннан астам поэманың авторы. Оларды екі топқа бөлуге
болады. Біріншісі: әйел тағдыры, әйелдің бас бостандығына ұмтылуы жолында
кездескен трагедиялық оқиғалар толғанатын “Байдың қызы” (1917), “Қашқан
келіншек” (1921), “Рәзия қыз” (1919) және “Маржан” (1923) поэмалары.
Екіншісі; ауылдағы тап тартысы, азамат соғысы, совет өкіметін орнату,
социалистік құрылыс тақырыбын арқау еткен “Кемпірдің ертегісі” (1927),
“Сағындық” (1927), “Қанай” (1926), !Досалыдан бір дастан” (1931) аталған
поэмалар.
Ақынның алғашқы шағын поэмасы “Байдың қызы” ғашықтық, махаббат пен
опасыздық сияқты мәңгілік құбылысты толғайды. Байдың сұлу қызы әлдеқалай
кездескен жігітке ғашықтық сырын ашады, жігіт те қызды сүйемін деген
антымен оны сендіреді, бірақ жігіт махаббат қадірін білмейтін, шын сүюді
түсінбейтін тас жүрек алдаушы жан болып шығады.
Жас сүлудың жараланған жүрек лүпілі, қайғы-қасіреті мен үміті, намысы
мен ызасы, мазаббатсыз өмірден безінуі әсерлі суреттелген.
Трагедиялық сюжетті хикаяланған !Қашқан келіншік” поэмасы қазақ
әдебиетінде көп жырланғын қыз басып саудаға салып, мал алу, қыздың бас
бостандығын аяққа басып, сүймесіне қосу сияқты сүреңсіз дәстүрді
әшкерелейді. Поэманың өлеңдік кестесі шебердің қаламын танытуымен бірге
мұндағы жаңалық шешім – келіншектің өз тағдырына бойұсынып, қайғымен мерт
болмай, батыл әрекетке баруы, өз әлінше әділетсіздікке қарсы күресуі,
тұйыққа тіреліп жеңілсе де бас имей, өршілдікпен қаза табуы оқырманды солай
болуы қажет дегізеді.
Аңсаған армандарына, бақытты өмірге қоғамдағы теңсіздік, әділетсіздік
жеткізбеген қыздар трагедиясы “Разия қыз” бен “Маржанда” бұрынғы осы
тақырыптас поэмалардан кеңірек, теренірек алынып жырланады. Кейіпкерлер
образының даралануы, келісті мінездемелер, диалогтар мен ішкі монологтар
екі шығарманың да әсерін арттыра түскен. Бұл шығармалардан әділетсіздіктің
мәңгі еместігі, жарық таң атары сезіледі.
“Қанай”, “Кемпірдің ертегісі”, “Досалыдан бір датсан” поэмалары өткен
күрес күндерінің құрбандықтарын еске түсіру тәсілімен жазылған, кедей
теңдегі орнап, еңбегі жанған шақта сол бақытты тұрмыс үшін күрескөрлер рухы
авторға шежіре беттеріп қайта аудартады, енді ертегі, дастанға айналған
өткен қанды оқиғалар шындығын әрі сабақ, әрі ерлік дәстүрі етіп жас ұрпаққа
айтып беруге міндеттейді.
Жаңа өмір құбылысын жаңаша жырлаған Б.Майлин поэзиясы оқуға жеңіл,
тілі оралымды, оқиғасы қарапайым болып келетіндігімен ерекшеленеді.
Қазақ әдебиетінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Б.Майлиннің өмір жолы
Сәкен Сейфуллин (1894—1938)
Қазақ совет балалар әдебиетінің қалыптасуы
Б.Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік» атты сын мақалалар жинағы
Бейімбет Майлин мұрасы
Нұртазин және Мұқановтану ілімі мәселелері
Қазақтың қайсар Үш Арысы
Отызыншы жылдардағы әдеби сынның негізгі бағыттары
Пәндер