БӨГЕНБАЙ БАТЫР (1690 - 1775)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
БӨГЕНБАЙ БАТЫР
(1690—1775)

Қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғаған, халық
қорғаны, халықтың суйікті ұлдарының бірі, батырлар әулетінің ұрпағы
Бөгенбай батыр 1690 жылы Бөген өзенінің жағасында дүниеге келіпті. Ұлы
атасы Әлдеубек Еңсегей бойлы Есім ханның атақты батырларының бірі болған.
Әлдеубектің баласы Ақша батыр Тәуке ханның 80 мыңдай қолын бастаған сардар
екен.
Бөгенбай 1708 жылы 18 жасында 30 мың қолға қолбасшы болып, қазақ
елінің берекесін алып, құтын қашырған казак-орыстарды талқандап, Еділден
ары асырып тастады.
1710 Жылы Қарақұмда бүкіл қазақтың құрылтайы өткені белгілі.
Құрылтайға қатысушылардың бір тобы тағдыр талқысына көніп, жоңғар
қалмақтарына бағынуды жөн көрді. Басқалары үй-күйін тастап, — деп жазады
Я.Гвардовский, — Еділдің сыртына көшіп барып жан сақтағысы келді, ал енді
біреулері қоян сияқты жан-жаққа бытырап кетпекші болды, талайы толқып
жүрді, бірақ сол кезде ерлігімен әйгілі болған рубасы батыр Бөгенбай мұндай
әрекеттердің бәріне тыйым салды.
ХҮШ ғасырдың 20-жылдарының басында (1723 ж.) жоңғарлардың бір тобы
Тарбағатай, Сауыр жоталарын асып, екінші бір қолы Тұрпаннан шығып, Жоңғар
қақпасынан өтіп, Итішпес — Алакөл маңына тоғысты. Қасарысқан жаумен жаралы
арыстандай Қабанбай алыс-елімен бір араздасып, шекісіп қалған кезде хан
Абылай даудың шешімін Бөгенбай батырға беріпті.

Бөгенбай батыр, Бөгембай батыр (1690—1775) — Абылай заманындағы атақты
қолбасы, батыр. Ол кездегі қазақ жауынгерлерінің үлкен ағасы, сондықтан оны
халық аңыздарында ардақтан Қанжығалы қарт Бөгенбай деп кеткен. Шыққан
ортасы—Ереймен тауы мен Сілеті өзенінің арасын қоныстайтын Арғын ішіндегі
Қанжығалы руы. Бөгенбай батыр Сыр бойында туып, Торғай өзенінің бойында
қайтыс болған. Ол жерді қазір Шахта дейді, бұрынғы аты Бөгенбай сөресі.
Сүйегі Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауидің күмбезіне жерленген. Бөгенбай
батырдың ұлы атасы—Әлдекүн, өз әкесі—Ақша, әнасы—Баяу. Тұраналы, Тұрымбет
деген екі баласы болған. Тұраналыдан Бапаң би, одан Сақтаула- би. Бөгенбай
батырды халықтың ерекше ардақтан, ғасырлар бойы жырлап келуі — оның ерлік,
әскер басылық істеріне байланысты. 18 ғ-дың 1-жартысында қазақ халқын
торлаған көп жаудан елді қорғауда Бөгенбай батыр үлкен ерлік көрсетті. Ол
Олжабай, Қабанбай, Малайсары т. б. батырлармен тізе қосып, халық
тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға кірді. Оның даңқы, әсіресе, құба
қалмақпен (жоңғар), кейін қытай әскерімен соғысқанда ерекше дәуірледі.
1725—27 ж. қазақ жұртының астанасы — Түркістан қаласын қорғауда қайрат
көрсеткен Абылаймен бірге қазақ жасақтарын соғысқа бастады, сөйтіп
Түркістан мен Саураннан жоңғарларды қуып шығып, Жоңғар Алатауынан асыра
бөксерді. 1756—58 ж. бірінші рет Шығ. Түркістанға келген қытай әскерімен
болған әйгілі Талқы соғысында қытай әскеріне қатты соққы беріп, оларды
Үрімжіден асыра қуды. Бөгенбай батырдың соңғы үлкен жорығының бірі 1750
жылдары Аякөз бойында болған. Жоңғарлар Бөгенбай батыр бастаған қазақ
қолына төтеп бере алмай, қатты соққыға ұшырап жеңілді. Осы арада Бөгенбай
батыр жоңғарлардан ат-үйлі аманат алып, бұдан былай жауласпауға анттасып,
татулыққа келді. Татулықтың белгісі ретінде қалмақтың қолбасылары
астарындағы аяулы тұлпарларын сойып, олардың бастарын қазақ қолбасыларына
тартты. Бөгенбай батыр — ақыл, ой иесі де болған кісі. Ол елшілік қызметін
атқарып, 1761 ж. Абылайдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ батырлары таихы
XVIII ғасырдың басындағы қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосылуының алғышарты
Ақшаұлы Бөгенбай
Есіркеп сұлтан
Бөгенбай батыр (1690 - i778)
Қожағұлұлы Қабанбай батыр. Бөгенбай батыр
Қазақ батырлары туралы
Қорымдарды зерттеу
Біздің отбасы
ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
Пәндер