Бируни Әбу Райхан


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Бируни Әбу Райхан1

Қолданылған әдебиеттер5

Бируни Әбу Райхан

Бируни Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед (4. 10. 973-1050) -Орта Азияның даңқты ғалымы, астроном, математик, географ, геолог, философ, филолог, тарихшы, этнограф, дәрігер және ақын. Ол ежелгі Хорезмнің астанасы - Қият қаласының іргесіндегі ауылда туған. Қазір Қият жұртында Бируни қаласы бар, ол - Қарақалпақ АССР-не қарайтын аудан орталығы. Бируни Ғазна қаласында (Ауғанстан) қайтыс болған. Араб тіліндегі «әл-Бируни» ныспысы «бирун» сөзінен шыққан, оның хорезмше мағынасы - «дала сыртындағы ауыл».

Жасынан дарынды болып өскен Әбу Райхан ауыл арасында сауатын ашып, өз бетімен Хорезма, Әбу Еаср әл-Фа-раби, Жауһари, Ферғани сияқты озық ойлы ғақли адамдардың кітаптарын оқиды. Ескілікті аңыздар мен жырларды тыңдайды. Керуеншілерге «бақыршы бала» болып ілесіп, Орта Азия мен Иранның әр түрлі қалаларына барады. Кейінірек Әбу Наср Мансур ибн Ирак (1020 ж. ө. ) деген ғалыммен кездесіп, екі жылдай содан оқиды. Ибн Ирак - грек тіліндегі бірталай кітаптарды араб тіліне аударған математик. 22 жасында Бируни әйгілі ғалым ретінде танитын, ол парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін еркін меңгерген. Ол кезде көптеген адамдар ислам дінін тұтып, намаз оқығандарымен, дінге онша сенбейтін. Осындай адамдарды қолдағаны үшін қуғынға ұшырап, Бируни Хорезмнен кетуге мәжбүр болған. 995-1010 ж. Иранда тұрады. 1000 ж. орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы атанған «Әл-асар ан әл-Бирун әл-һалия» атты әйгілі еңбегін жазған 1010 ж. Хорезмнің әкімі Мәмун ибн Мамун Үргенішті астана етіп (қазіргі «Көне Үргеніш»), онда академия іспетті ғылми мекеме ұйымдастырган. Оны Бируни басқарған, ибн Сина, Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, Әбу Наср ибн Ирак т. б. көрнекті ғалымдар Бирунидің басшылығымен Үргеніште ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе бастаған. Алайда «Үргеніш академиясының» өмірі қысқа болған. 1017 ж. Хорезмді Ғазна сұлтаны Махмуд ибн Сәбіктегінің (998-1030) әскерлері басып алып, осы соғыста Бируни, әл-Хуммар және ибн Ирак жау қолына түсіп, соғыс тұтқындары ретінде Ғазнаға айдалып апарылған. Басқа ғалымдар қашып құтылған. Атақты парсы ақыны «Шаһнаманың» авторы Әбу-л-Қасым Фирдауси да осы кезде Махмұдтың қол астында болатын. Бирунидің қалған 33 жыл өмірі осы Ғазнада өткен. Махмұд ұлы ғалымды өлтіруге батылы бармай, 6 ай түрмеде ұстап босатқан. Бірақ еліне кетуіне рұқсат бермеген. Өзінін; «атын» шығаратын кітап жаздыртуды көздеп, оған сыйлық ұсынған. Ғалым оларын алмаған. Махмұд жөнінде кітап жазбаған. Жазған шығармаларында сұлтанның саясатын, шапқыншылық әрекеттерін іштей сөгіп, айыптап отырған. Рұқсат алып, біраз уақыт Үндістанның Faзнаға қараған аудандарына барып тұрған.

Бирунидің ғылми мұрасы ұшан-теңіз. Олардың бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол 150 кітап жазган, бұлардың 45-сі астрономия мен математикаға арналған. Бируни еңбектерінің кейбіреулері өткен ғасырда; ағылшын, неміс, француз тілдеріне аударылған. Қазір орыс тіліне аударылуда. Астрономиялық шығармаларында Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) айтқан. Сол кездегі ірі қалалардың координаталарын көрсеткен, жер -мөлшерін т. б. анықтаған. Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізген. Математикадан көбінесе геометрия мен тригонометрия мәселелерімен шұғылданған. Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, материктердің өзара орналасуы, бір-бірінің жалғасу реті картаға салып көрсетілген. Мұхит, теңіз, тау, өзен, көл, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Бирунидің картасы Ұлы Тынық мұхиттан Атлантикаға, Үнді мұхитынан Солт. мұз мұхитына дейінгі жерлерді қамтыған. Бирунидің географиясы, геологиямен, минералогиямен, экономикамен, халықтардың мәдениетімен тығыз байланысты баяндалган. Бируни биологиялық мәселелерімен де шұғылданған. Әр түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Баланың қолсыз немесе аяқсыз дімкәс болып туу себептерін түсіндірген. Ол өз еңбектерінде ғылми терминдерді бес-алты тілде келтіріп, мағынасын түсіндіріп отырған. Мәселен, меруерт асыл тасының атауы араб, парсы, үнді, сирия, грек, латын тілдерінде келтірілген.

Бируни шығармаларының ең көлемділері: «Үндістан», «Өткен буындардың ескерткіштері», «Асыл тастар» «Масуд таблицалары». Бұлар ағылшын, неміс, орыс, парсы тілдеріне аударылҒан. «Үндістанның» (1031) көл. 60 баспа табақтай. 80 тарауға бөлінген, оның 40 тарауында үнділердің астрономиялық және математикалық білімдері талданған, үнді ғалымдарының табыстарымен қатар «ақылға сыймайтын» қателіктері көрсетілген, қалған 40 тарауында Үндістан жерінің шекаралары, ауа райы, таулары мен өзендері, өзендерінің тасу және қайту мезгілдері, үнділердің тілі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары, діні, кәсібі т. б. айтылған. «Үндістан» - ғылымдар тарихында аты өшпес, аса маңызды еңбек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Наср әл -Фараби туралы ақпарат
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Орта Азияда астрономияның дамуы
Орталық Азиядағы ғалымдар
Ортағасырлық ойшылдар туралы
Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Әлемнің белгілі ойшыл, педагогтары
Ерте және дамыған орта ғасырдағы медицина
Ерте орта ғасырлардағы алдыңғы қатарлы оқымысты, тарихшы, түркі ұлыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz