Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны. Ол -көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны3

Қорытынды8

Қолданылған әдебиеттер тізімі9

Кіріспе

XX ғасырда Ресей империясында ұлттық-либералдық демократиялық қозғалыс өрістеді, монархиялық Ресей конституциялық жолға түсті, экономикасын жаңғыртып, еуропалық ізге түсе бастады. Қазақ зиялылары ресейлік жаңа реформаторлық буынның біp тармағы есебінде бой көтерді.

Сол сәтте ұлт-азаттық қозғалысының бірден-бір көсемі болып, Әлихан Бөкейханов шықты. Ол еуропалық тәрбие алған, еуразиялық деңгейдегі энциклопедист-ғалым, қоғам қайраткері еді. Әлихан қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық демократиялық, конституциялық, парламентік күрес жолына салды.

Әлихан Ресей реформаторларының көсемінің біpі болды. Уақыт өткізіп, Әлекең орыс реформаторларының ұлттың өзін-өзі билеуіне қарсылығын көрді, олардың қазақ жерін талауға бағытталған орыс қарашекпенділерін көшіру саясатын жүргізуге ынталы екенін түсінді, қазақты орыстандыру, шоқындыру, өз дінінен, ділінен бездіру саясаты ендеп, бойлап бара жатқанын жіті байқап, Әлихан орыс зиялыларынан бөлініп, Алаш туын тікті.

Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны

Әлихан Бөкейханов 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туды.

Ол Омбыдағы техникалық училищеде оқып 1888 жылы бітіріп шықты. Содан кейін оқуын патшалы Ресейдің астанасы Санкт-Петербургте ормантехникалық институтының экономикалық факультетінде жалғастырды. Онда білім алғаннан кейін Омбы училищесінде сабақ берді. 1903 жылы шыққан «Ресейдің толық географиялық сипаттамасы» атты энциклопедиялық кітапта ол арнайы мақала жазып онда қазақтар туралы егжей-тегжейлі баяндайды. Ол бұл мақаласында тұңғыш реет Абай Құнанбаев туралы жазады. Сөйтіп Абайды орыс оқырманына таныстырады.

1905 жылы ол патшалық отаршылдыққа қарсы петицияға қол қоюшылардың арасында болады.

Патша өкiметi халықты революциялық қозғалыстан бөлiп шығару үшiн, олардың өкiлдерi қатыса XX ғасырдың басында қазақ жеріндегі отаршылықтың күшеюі ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуіне әсер етті. Бұл кезде қазақ ұлт интеллигенциясы өкілдерінің арасында Петербор, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы, Орынбор жоғарғы оқу орындарын бітіргендерден либерал-демократиялық қозғалысы қалыптасты. Оның басында ірі саяси қайраткер, көрнекті экономист-ғалым, "Алаш" партиясының негізін қалаушы, кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Мемлекеттік думадағы мұсылмандар тобының мүшесі Әлихан Бөкейханов тұрды.

Ұлттық қозғалыстың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал-демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. Олар патша өкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды, Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды талап етті. тын Мемлекеттiк Дума шақыру жөнiнде өзiнiң шешiмiн қабылдады. 1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттiк Думаны шақыру жөнiнде патша үкiметiнiң жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазақ сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бiрiмжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. I Думаның көптеген депутаттарының патша үкiметiнiң саясатына қарсы шығуымен байланысты, ол 1906 ж. 8 шiлдеде қуып таратылды.

1905-1907 жылдары ол кадеттік «Ертіс», «Омич» газеттерінде редактор болып қызмет істейді.

1910-1914 жылдары ол қазақтардың санасын ояту мақсатында жұмыс атқарып 1913 жылдан бастап «Қазақ» газетін ашады. Ол мұндағы мақалаларын «Қыр баласы» атты псевдониммен шығарып отырады.

1916 жылы Бөкейханов земский съездің бұратана халықтар бөлімін басқарды. 1916 жылы қазақ интеллигенциясының көсемдері, яғни ұлт-азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне қарсылық көрсете алмай, тағы да қырғынға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны - халық көтерілісін тоқтату мүмкін болмады. "Қазақ" газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады.

Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір Әлихан Бөкейхановтың болжамының дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жылы 27 ақпанда бас-аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады.

Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас-көз болып, кейін аман-есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары серіктерімен бірге майданға аттанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек.

1917 жылы елдегі төңкерістер кезінде ол кадеттер партиясынан шықты.

Бұл кездегі империя көлемін қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар "Қазақ" газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда болған "Бүкіл қырғыздық" съезде "Алаш" партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Раббасов, т. б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 /18-26/ желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың автономиясы - Алашорда Үкіметі - Ұлт Кеңесі құрылды. "Алаш" партиясының Бағдарламасы бекiтiлдi. Ол негiзгi 10 бөлiмнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дiн туралы, дiндi мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегi билiк және сот туралы; 6) Елдi қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және бiлiм туралы; 10) Жер мәселесi.

Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. Осы қозғалыстың өмірге келуі отаршылдық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бергі қордаланып келген және әбден пісіп-жетілген наразылығының айқын көрінісі болды.

Ә. Бөкейханов әуелі баста оппозициялы либералдық зиялы қауымның қозғалысының басы-қасында болған лидердің бірі болса, енді ол Алаш қозғалысының көсемі болып, ту ұстады.

Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, "Оңтүстік шығыс одағы" деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Казақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, т. б. басқарды.

Соңыра Қазақстанда Кеңес үкіметі орнаған кезде Әлихан Бөкейханов оның терроршылдық әрекеттерін сынап «Сарыарқа» газетінде мақала жариялады.

Мұнан кейін ол әртүрлі қызмет атқарып мәдениетімізді байытуға ат салысты.

1926 жылы БК/б/П Қазақстан өлкелік комитетінің III пленумында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Мендешев, Ж. Аймауытов, С. Қожанов және басқалар орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын интеллигенцияға қарсы ашықтан-ашық қудалауға және айыптауға ұласты.

Оны 1937 жылдың 27 қыркүйегінде Мәскеу қаласында жазықсыз атып тастады.

Қорытынды

Әлихан ұлт-азаттық қозғалысының саяси көсемі.

Әлихан Бөкейхановтың ақсүйек, төрелігі бар, батыс рухындағы ғалым, күрескер-стратег, тактик, саясаткерлігі басым тұлға. Әлихан Бөкейханов Еуропа мен Азияда тең басар Шоқан рухтас дауылпаз.

Ғасыр басында қазақтың ұлттық болмысы қандай деп қатты тебіренген жан - ұлы Абай. Қазақтың замана талабына бейімделе білу қасиетін "орынды қаракет" деп таныды ол. Абай ісін жалғаған ХХ ғ. зиялы қауымның көсемі Әлихан ұлт болмысын - менталитетін "құдайдан соңғы күшті тұрмыс іс" дейді.

Әлихан Бөкейхан қазақ халқы үшін өркениеттің европалық эволюциялық-конституциялық жолын қалады, француз революциясы әйгілеген бостандық, теңдік, еркіндік принциптерін қолдады.

1989 жылдың 14 мамырында КСРО Жоғарға сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан Әлихан Бөкейханов ақталды. 52 жылдан соң. Ұлы қайраткер, кемеңгер қазақ, асыл азамат, ел Арысы, алты алаштың Әлиханы енді Азат . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан тарихы
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны
Әлихан Бөкейханов. Алаш Орда
Алихан Бөкейханов өмірбаяны
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
Абайтанудың негізін қалаушы
Алихан Бөкейханның ролі
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz