Бұқар жырау - XVII ғасырда қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Бұқар жырау

Бұқар жырау - XVII ғасырда қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі. Қазақ поэзиясының тарихындағы ең мақтаулы тұлғаларының бірі Бұқар жырау шамамен 1668 жылдары туады. Жыраудың әкесі Қалқаман батыр, сірә ел билеуші шонжар емес, жеке басының ерлігімен аты шыққан адам. Жыраудың қайда оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені туралы нақты деректер жоқ. Біз оның тым ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болғанын білеміз. Алайда, Бұқардың Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса алмағаны аңғарылады. Жырау кедейшілікке ұрынады. Тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларының да көрінетіндей, Бұқардың тіпті, сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн кешеді. Алайда, өмірдің соңғы кезеңдерінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап 1781 жылы шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Данба тауының етегінде. Бұқар XVIII ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың ақыл кеңесшісі, ақыл ой поэзиясының ірі өкілі. Абылайдан жасы үлкен болған. Бұқар өзінің “Ей Абылай ” деген өлеңінде:

Ей Абылай, Абылай!

Сені мен көргенде

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің

Әбілмәмбет патшаға

Қызметкер болып тұр едің: -

Бұқар аласапыран заманның тіршілік болмысын, ел басына төнген қауып қатер, екі талай кезеңде жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына ортақтасқан. Еліміз өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, тәуелсіздік алғаннан кейін. Абылайдың оның данагөй ақылшысы, философ ақын Бұқардың есімі халыққа таралады. Жыраудың өз сөздеріне және ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол хат білген адам болса керек. Бірақ оның “Керей, қайда барасың?”, “Айналасын жер тұтқан”, “Бірінші тілек тілеңіз”, “Жал - құйрығы”, “Асқар таудың өлгені”, “Ей Абылай, Абылай” т. б. өлеңдерінің бірі де бізге жазба түрде емес, ауызша жеткен. Толғау - заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын үгіт, дидактикалық өлеңдер. Жыраулар қоғамдық мәні бар үлкен - үлкен тақырыпта алады да, аз сөзге көп мағына сыйғызып, өмір құбылыстарына кеңінен шалады, жаңсақ ой болмайды. Бұқар жырау жырлары әлеуметтік мәселелерге арналған және олар белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты туған. Оның толғаулары ой тереңдігімен білгірлік, - парасаттылығымен, өз сөзбен көп мағына бере алуымен ерекшеленеді. Бұқар ақындығы философиялық толғауларында айрықша байқалады. Үлгі-өрнекке толы жырау нақылдары күні бүгінге дейін аузында Бұқар толғаулары афоризмге бай. Оның көпшілігі мақал-мәтелдерге айналған. Бұқар поэзиясы қазақ әдебиеті тарихында дидактикалық поэзияның жақсы үлгісі. Ол қазақ әдебиетінің мұңынан дамыған. Бұқар өлеңдерінің өзіне тән тағы бір айрықша ерекшелігі - табиғат құбылысы мен адам өмірін жарыстыра бейнелеу арқылы өмір құбылыстарына тереңдеп бара алған философиялық пайымдау жасаған.

Бұқар жыраудың өлеңдері (“Асқар таудың өлгені сияқты”) ғибрат, үлгі өнеге толы. Заманға жайлы, өмір жайлы көп толғанған жырау байсалды терең пікірлер қалдырған. Ол өлеңінде табиғат құбылыстарына терең көз жібере отырып, солардың бірінің де өліп, өшіп, өзгеріп отыратынын нанымды дәлелдейді де, “Өлгенде не өлмейді?” - деп сұрау қойған оған: “Жақсылық аты өлмейді, ғылымның хаты өлмейді”, - деп жауап беріп, бүкіл ой-билігін, талант - дарынын өмірін адамзаттық асыл арманы үшін сары өткен адамдардың есімі де олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасайды. Жыраудың адам өмірінің кезең-кезеңдері туралы толғауларында ғибрат мол. Ақын осы тақырыпқа бірнеше өлең арнаған. Оның “жиырма деген жасыңыз”, “Ей, Абылай, Абылай”, “Сен он бір жасыңда”, “Атам болған жиырма бес”, деген өлеңдерінде адам өмірінің әр кезеңі суреттелген. Ол әсіресе жастық шақты сүйсіне жырлайды:

Жиырма деген жасыңыз

Ағып жатқан бұлақтай,

Отыз деген жасыңыз

Жарға ойнаған лақтай,

Деп адамның қайрат қуатының да дүниеге берерінің де, дүниеден аларының да, жасырының да, жаратарының да, қызықтарының да, осы “суды талқан бұздырған”, жастық шақ екенін тамаша айтып берген. Жырау онан әрі бұған қарама-қарсы кәріліктің мұңды дәрменсіз шақтарын бейнелейді.

Тоқсан бес деген тор екен,

Дүйім ханның қор екен, -

Қарғиын десем екі жағы ор екен.

Найза бойы жар екен

Түсіп кетсең түбіне,

Түбі жоқ терең көл екен,

Ел Қонбайтын шөл екен,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата кітап
XIX ғасырда өмір сүрген ақын - жыраулар
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында
Сөзден ұтылған хан
XVIII ғ. қазақ халық шығармашылығындағы азаттық күрестің бейнеленуі
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz