Абай лирикасы
Жоспар
Кіріспе 2
Абай лирикасы 2
Абай поэзиясы 3
Абайдың поэмалары 5
Қарасөздері 5
Абай – музыкалық шығарма жазған композитор 6
Кіріспе
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері
мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев - өз
ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын
қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің шындығын дәл бейнелеп,
дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын. Ол халқының балашағы үшін
жан аямай қызмет етті, оны мәдиниет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи
кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін зор
мақсатқа меңзеді.
Кемеңгер ақынның ұлы мақсат – мүдделері бізге тамаша әдеби
еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі
мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ қоғамының шын сырын ашты. Абайдың
шығармалары - өз дәуірінің келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін,
мазмұнға бай, ізгі ойға толы, шебер тілді көркем туындылар.
Абай қазақ халқын қараңғылықтан алып шығатын жол тек алдыңғы
қатарлы мәдениет ғана деп білді. Сондықтан да ол қазақты мәдениеті ілгері
елге жақындату амалын, халықтардың мідени бірлестігі жолдарын қарастырды.
Осы бір ізгі мақсаттарды ақын өзінің тамаша шығармаларының өзегі ете білді.
Абай лирикасы
Абай лирикалары – алуан сырлы, мазмұнға бай, адам жанын тебірентерлік
нәзік. Ақын лирикасы – нәзік сезімді толғауымен ғана емес, сонымен бірге,
өзінің әлеуметтік рухымен де, терең ойлылығымен де, асқан суреттілігімен де
жаңа мәнді реалистік шығармалар. Абай өлеңдерінің реализмі өзінің
шынайылығымен, озық идеялылығымен Европа классиктері реализміне сабақтас.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Абай да реалистік әдебиет үшін күресті,
әдебиетке айрықша қоғамдық маңыз берді. Оның көзқарасы бойынша, әдебиет
қоғам әділетсіздігін айыптап, халықтың санасын оятуға, жарқын болашақтың
жолын нұсқауға тиіс. Сондықтан ақын былай деп жазды:
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ,
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан – саулық ойда жоқ әуел баста-ақ.
Абай халық сүйіп, қадірлейтін осындай жоғары идеялы реалистік поэзияны
жасау жолында талмастан еңбек етті. Ол мұндай поэзияны жасады да.
Абай лирикалары - өмірдің шынайы жылуына толы, күн нұрындай әсерлі
шығармалар. Онда жан сергітер самал лебі есіп тұр. Ақын өлеңдері оқушысын
күн нұрына бөлеп, көк майсаға орағандай керемет ләззат береді. Ол кейде
шексіз қуаныш бесігінде тербетсе, кейде қайғы – қасіреттің қар түнегіне
душар етеді. Бойыңа талмас жігер құйып, жан дүниеңді жадырата береді.
Соқтықпалы, соқпақсыз заманға, қайғысы мен зары мол қоғамға деген
өшпенділігіңді өршіте түседі. Сондықтанда Абай сөздері күні өткен тарихтың
мүлкі бола алмайды. Қазіргінің ең қажет рухани құралы боп қала береді.
Ақынның әлеуметтіктік көзқарасы, дүниетаным бағыттары – айдан анық.
Халықтық, бұқарашылдық жақтан ауытқыған емес, әрдайым өз дәуірінің
көкейтесті мәселерін көтере білді. Кемеңгер шығармалардың әр жолынан дәуір
үні сайрап тұрады. Сондықтан да Абайды заманының тамаша ұраншысы, оқу-өнер,
білім ісінің жалынды жаршысы, жақсылық пен жарқын болашақтың жаршысы деу
орынды.
Абай өлеңдері өзінің реалистігіне қоса асқақ та өршіл романтизмге
тән сипаттарымен де ерекшеленеді. Ақынның жүрек сезімін шерткен махаббат
лирикалары мен қияға қанат қаққан көңіл күй лирикалары, негізінен алғанда,
романтизм сарынындағы шығармалар. Ондағы ақынның ой серпіні, қиял қанаты
аспанға шырқып, өмір өрін кезеді, адамгершілік пен әділет үміті желдей
есіп, оқушысының сізімін сырға бөлеп, өмірге болашаққа деген сенімін
арттырады. “Өзгеге, көңілім, тоярсың”, “Кейде есер көңіл құрғырың”,
“Жүрегім, ойбай соқпа енді!”, “Көңілдің күйі тағы да”, “Не іздейсің
көңілім, не іздейсің?” – деп келетін ақын өлеңдері – осындай романтизм
сарынындағы шығармалар. Онда ақынның ішкі жан дүниесі, сезімі, арманы,
үстем тап қауымына наразылығы, өз басының қайғысы, жан сыры ашылыды.
Жалын мен оттан жаралып, Жүрегім, нені сезесің?, Жапырағы
қураған ескі үмітпен, Ішім өлген сыртым сау, Ем таба алмай, Ауру
жүрек ақырын соғады жай, өлеңдерінен ақын романтизмі айқын көрінеді.
Сәнсіз жастық шақ, сәтсіз махаббат, отсыз сезім, зары мен шері көп ел, дел-
сал дала, сұрғылт аспан, мұнартқан өлке, құнарынан айрылып, қураған дала,
құлазыған сүреңсіз өңір ақын өлеңдерінде кеңінен қамтылып, адам жанын
жігерлі роиантикаға бөлейді. Бұл шығармалар ақының жаңа стильде жазылған
өзге сападағы еңбектері.
Абай поэзиясы
Абай поэзиясының тілі туралы алғаш ғылыми пікір қозғаған профессор
Құдайберген Жұбанов: Абай тілінің сөздігі, грамматикасы, Абай өлеңінің
өлшеуі, ырғағы, ұйқасымы, Абай суретінің бейнесі – бәрә бәрге қосылып та,
бәрге тұрып та, жеке тұрып та негізгі тақырыптың күйіне билеп тұрады. Абай
өлеңінің тілі өткір дедік. Мұның тамаша үлгісін оның сын-сықақ өлеңдерінен
де айқын көреміз. Мысалы, би-болыстарды мысқылдаған сөздерін еске алайық.
Онда бір ерекше күш жатыр.
Байы – баспақ,
Биі саспақ,
Әулекі аспақ сыпыра
қу...
Немесе:
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап,
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
Осы үзінділердегі мал жанды пасық бай, дәрменсіз қу би, екіжүзді болыс
бейнелері ақын мысқылының аса бір өткірлігін, халықтық сырын жақсы
танытыды.
Абай адам баласының баршасына достық, өзара ынтымақ керек деп
түйіп, адамгершілік, достық туын кқтерді. Ұлтына, жынысына, сыртқы түр –
түсіне қарап немесе қоғамдық дәрежесіне қарай адам баласын алалауға наразы
болды. Ұлттар арасындағы, дәулеттілер мен дәулетсіздер
қауымындағықайшылықтардың отын сөндіріп, зор адамгершілік идеясын жырлады.
Адамнан екінші бір адамның артықшылығы басқада емес оның ақыл –ой
дәрежесінде, білімділігінде, ар-ұятында, мінезінде деп атап көрсетті.
Өзгеден оздым ғой деушілік (не малы, не дәулеті, не даңқ-дәрежесі, не түр-
түсі) бәрі-бос даурығу, мүлде ақымақшылық деп ашықтан-ашық атап көрсетті.
Осылайша, Абай ең алдыңғы қатарлы сананы жақтап, барлық озбырлық атаулыға,
кертартпа-керенаулыққа қарсы шықты.
Абай да басқа ақындар сияқты өз дәуірінің төлі, өлеңдері де сол
кезеңнің негізгі мәселелерін қамтыды. Бірақ күні өткен, ескірген дүние
емес. Ол – заманының алдыңғы қатарлы ой-санасын жырлап, кейінге өшпес мұра
қалдырған, творчестволық рухы өмір сүре беретін мәңгілік тұлға. Абай
жасаған керемет поэзия, тамаша картиналар - әлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz