Геродот-тарихшы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Геродот

Б. э. дейінгі V ғасырда «тарихтың атасы» деп аталған, шын мәнісінде тарихи шығармалар берген, нағыз тарихшы Геродот (б. э, дейінгі 484-425 жылдар) өмір сүрген. Ол Кіші Азияның батыс жағалауының оңтүстігінде орналасқан Галикарнасс қаласынан шыққан. Геродот көп саяхат жасаған: Жерорта теңізінен бастап Элефантиниге дейін бүкіл Египетті аралаған, Эгей теңізінен парсы астанасы Сузыға дейін «патша жолы» деп аталатын жолмен жүріп өткен. Ол сондай-ақ Солтүстік Қара теңіз жағаларының далаларында болып, грек білімділерінің орталығы - Афины қаласында тұрған.

Геродот, негізгі тақырыбы грек-парсы соғыстары болған, тарих жазған. Оның жазған тарихы тек соғыс қимылдарының көрінісін жазудан әлдеқайда кең, ауқымды. Негізгі тақырыпқа кіріспе ретінде Геродот Парсы мемлекетінің құрамына кіретін елдер жөнінде жазған және Грецияның бұдан бұрынғы тарихын қысқаша баяндаған.

Геродоттың еңбегі Ср£ЕЛа£сы соғыстары, архаистік және классикалық Грецияның, Скифияның және бүкіл алдыңғы. Шығыс тарихы бойынша маңызды деректер болып табылады. Кейбір елдер, мысалы, Лидия жайында тек Геродот қана жазған, ал енді біздің ол жөнінде басқа ешқандай мәліметтеріміз жоқ. Оның тарихының логографтардың еңбектерінен ерекшелігі ең алдымен Геродоттың тарихының айтқанда қарапайымдау концепциясы бар. Оның ойлауынша тарихта барлығы да құдай мен тағдырға байланысты. Гректердің парсыларды жеңуін де ол құдайдың әмірі деп түсіндіреді. Ол көз жеткен нақты фактілер беруге тырысады, өзі көрген нәрселерге ғана сенеді, сондай-ақ өзіне басқалар айтқан нәрселерді де айтып береді. Ол былай деп жазды: «Мен басқалардың айтқанын да жеткізуім керек, бірақ барлығына сенуге міндетті емеспін . . . » Осылай оның тарихи деректерге сын көзбен қарауы туа бастайды . . .

Фукидид

Оның заманында болған, Пелопоннес соғысына арналған тарихтың авторы Фукидид (б. э. дейінгі 460-395 жылдар) Геродоттан жиырма төрт жас ғана кіші болған. Бірақ ол бұл кезде басқа дәуірдің және дүниеге басқа көзқарастың адамы еді.

Фукидидтің тарихы - антик дүниенің аса ерекше тарихи шығармаларының бірі. Ол өзінің құрылысын, қандай да болмасын фактінің себебі мен салдарын терең зерттеуімен және оқиғаны баяндаудың дәлдігімен тамаша.

Фукидид тарихты білімділікке үйрететін ғылым деп сана бірінші адам. Бұдан бұрынғылардың ойлағанындай, тарихтың мақсаты өткенді қызықты етіп әңгімелеп беру емес деп жазды ол. Оның мақсаты - оқиғаны, кейінгі ұрпақтар пайдалы ұғым алатындай етіп, әділетті, дұрыс баяндау. Қандай да болмасын бір тарихи болмашы фактіні әр түрлі ойдан шығарылған нәрселермен әсірелегеннен гөрі, дұрыс та қарапайым етіп баяндаған тәуір деп жазды ол.

Бұл идеялар, әрине, тарихи ғылымда сол кез үшін прогрессивті құбылыс болып табылады.

Фукидидтің атақты еңбегі, сондай-ақ, оның өзі жасаған тарихында оқиғаны өз көзімен көрген адамдардың мағлұматтарын пайдаланғанында ғана емес, сонымен қатар документтік деректерді: келісімдерді, жазбаларды пайдаланғандығында. Сонымен ол, объективтік түп деректер дегенді тарихи қолдануға бірінші рет енгізіп отыр.

Фукидидтің тарихы сол уақыттың ғылыми шығармасы болып табылады. Ол қатан хронологиялық, тәртіпте жазылған, онда қандай да болмасын оқиғалардың себептері мен салдарлары түп деректер негізінде берілген. Фукидид тарихи дамуды әр түрлі адамдар мен топтар мүдделерінің күрес нәтижесі деп қараған. Оның бірінші, кіріспе тарихи кітабы Грецияның тарихын ежелгі уақыттан бастап баяндайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геродот
Ежелгі Грекия мен Рим тарихнамасы
Ежелгі тарихи жазбалардың тарихнама ғылымындағы рөлін анықтау
Қазақстан тарихы туралы көне жазба деректері (иран, грек, қытай)
Ежелгі грек жазба деректері
Ежелгі заман және ортағасырлардағы ұлы тарихшылары
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
Көшпенді түрік тілдес халықтар өркениеті зерттелу дәрежесі
Греция тарихының ежелгі кезеңі
Қытай деректері көшпенді халықтар өркениетінің дерек көзі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz