Л. Н. Гумилев
Л. Н.Гумилев
Арыстан деп есімін қазақшалап алып отырған Лев Николаевич кім? Оның
ұзына өмірдегі тағдыр соқпақтары қалай өрілген? Гумилев пен Омархан
кездескен бе? Олжас Гумилевты, ал Арыстан Омардың баласы Олжасты қаншалықты
деңгейде танып-біледі? Міне, қысқа-қайырым осы сауалдарға түйінді жауап
іздесек, тоғысқан тағдырлар құпиясы пердесін алдымыздан айқара ысырып
тастамағы хақ.
Егер Гумилевтардың арғы ата-тек тарихын тексеріп қарасақ, бабасының
бабасынан немере-шөберелеріне шейін әскери қызметтегі адамдар болганын анық
көреміз. Мәселен, алыстағы аталарының бірі әйгілі Куликов даласындағы
кескілескен ұрыста мыңбасы деңгейіндегі қолбасы болып, қайыспас
қаһармаңдығымен танылып қаза тауыпты. Ал Лев Николаевичтің өз әкесі, орыс
халқының XX ғасырдағы ұлы ақыны Николай Степанович Гумилев (1886-1921) ақ
патша әскері құрамында көрсеткен ерен ерліктері үшін екі мәрте Георгий
орденімен марапатталған. Ол аз дегендей, Кеңес өкіметі байырғы әулеттік
шаңырағын ойып ортасын түсіргеніне қарамастан, Лев Гумилев Ұлы Отан соғысы
жылдарында Отан қорғау мақсатында майданның алғы шебіне өзі сұранып барған.
Демек, жалпақ әлемге зиялылығымен танылған Гумилев отбасын әскери тектегі
зиялылар десек те болады екен.
Есімі А.Блок, Пастернак, Хлебников, П.Васильевтермен қатар тұратын
орыс әдебиетінің алыбы, "Әлем әдебиеті" баспасының коллегия мүшесі,
Бүкілроссиялық жазушылар одағының Петроград бөлімшесінің төрағасы Николай
Гумилев 1921 жылғы тамыз айының 2-інде қызыл төңкеріске, кеңестер өкіметіне
қарсы әрекет-пиғылдары үшін ауыр айьп тағылып, атып тасталады. Оның жұбайы,
орыс әдебиетінің классигі, есімі әлемге танылған ақын Анна Ахматова (Анна
Андреевна Горенко, Анна деп әжесі Анна Егоровна Мотовилова құрметіне
қойылған. Ахматова деген әдеби лақап атты әжесінің анасы, татар кінәзі
фамилиясынан алыпты) тексеру-тұтқындағы күй кешіп, шығармалары еш жерде
жарияланбай, өзін ешкіммен қатынасуға рұқсат бермей, жападан-жалғыз
күңіренген ғұмыр кешеді. Ағылшын және француз әдебиеті інжулерін
түпнұсқадан оқи алатын асқан білімдар, көзі ашық әйел Анна Ахматова (1889-
1966) өзінің 1912 жылы қазан айында туған жалғыз ұлы Левтан өте ерте
айырылып қалып, үнемі айдауда, қуғын-сүргіңде жүрген баласының қайғылы хал-
жайын ойлағанда аналық қасырет-сезімі жер-көкке сыйғызбастан қинап-азаптап,
тоқтаусыз жүрек сыздатады. Екінші күйеуі, белгілі өнертанушы Николай
Николаевич Пунинді екі рет тұтқындап, елу үшінші жылы Воркута түбіңде
сталиндік лагерде азаптап өлтіріп тастағанда енді оған бұл жарық жалғанда
ешбір қызық қалмағаңдай көрінеді.
Анна Ахматова жетпіс үш жасына келген шағында ғана тәтті тіршіліктің
болмашы себезгілеген сәулесіне шаршаған, әбден қажыған тәнін тосып жылу
алғандай күй кешіп, екі дүниежүзілік соғысты, талай-талай төңкерісті бастан
кешіріп, жарты ғасыр бойына барлық сүйікті адамдарынан айырылып, еш
жазықсыз жапа шеккендігінің төлеуін қайыра бастағандай әсерге бөленгені
бар. Оның жарқын мысалы деп, қанша түзеліп-күзелді, қысқарып-жонылды
дегенімен өлең кітаптары (Бег времени, 1965) жаңадан басыла бастауын,
1964 жылы Ұлыбританияда Оксфорд университетінің филология ғылымы докторы
атағы берілуін, сол сияқты Италияда "Игна-Таормина" әдебиет сыйлығы
А.Ахматоваға лайық деп бір ауыздан мақұлдануын айтуға болар еді.
ААхматованың тас құрсағын кеңейткен, тұла бойын иіткен жалғыз перзеті,
небары тоғыз жасында әкесінен айырылып, артынша аяулы анасынан аласталып,
тағдыр тәлкегі бірінен соң бірі төрт рет төмпештеп тұтқындауға ұшыраған,
сөйтіп жалынды шағындағы он бес жыл өмірін сталиндік лагер қабырғалары мен
түрме қапасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz