Лев Николаевич Гумилев (1912-1992): өмірбаяны және пассионерлік этногенез теориясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Гумилев Лев Николаевичтің қысқаша өмірдеректері

Гумилев Лев Николаевич (1. 10. 1912, Ресей, Царское Село - 18. 6. 1992, Санкт-Петербург) - орыс ғалымы, тарих ғыл. докт. (1962), геогр. ғыл. докт. (1974), Ресей Жаратылыстану ҒА-ның академигі (1992) . Белгілі ақындар Анна Ахматова мен Н. С. Гумилевтің ұлы. Санкт-Петербург ун-тінің тарих ф-тін бітірген (1946) . 20 ғ-дың 30-жылдары Азиядағы бірнеше этногр. және археол. экспедицияларға қатысқан. 1935 жылдан бастап саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. 1938 ж. өлім жазасына кесіледі, бірақ қатаң жаза жер аударумен алмастырылады. Лагерьден соғысқа аттанып, Берлинге дейін жетеді. 1948 ж. “Бірінші Түрік қағанатының толық саяси тарихы” тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды. 1949 ж. 6 қарашада қайтадан қамауға алынып, 7 жылдан соң (1956 ж. 15 мамыр) бостандыққа шығады. Эрмитажда ғыл. қызметкер болды. Санкт-Петербург ун-тінің география ф-тінде дәріс оқыды. Гумилев 200-ден аса ғыл. еңбектер жазды.

Ол өзінің пассионерлік идеясы арқылы ерекше ғыл. теорияның негізін қалады. Этногенездің пассионерлік теориясы адамзат тарихын суперэтн. деңгейде қорытуға негізделеді. Аса бай (“Трояның құлауынан Наполеонның күйреуіне дейінгі”) материалдарды талдау арқылы Гумилев адамзаттың сатылы шығу тегін түсіндіру ісіндегі “баяндаумен шектелетін” дәстүрлі тарихи-этногр. методологияның жарамсыздығын дәлелдеуге тырысты. Жүйелік тәсілдің принциптерін (әсіресе, Л. фон Берталанфидің жүйелеу ілімін) қолдана отырып, ол этносты әлеум. категория ретінде қарайтын көзқарасты сынады. Сол арқылы өзі “этнос - заңды түрде пайда болатын табиғи жүйе” деген қорытындыға келді. Этногенез бен социогенездің тетіктері өздерінің мәні жағынан әрқилы, өйткені әлеумет пен ұлт салалас, қосанжар құбылыс болғанымен, өлшемдес емес, бір-бірімен шендеспейді. Барлық этностың және олардың этноценоздарының үйлесімі аясында ұлттар бейімделе дамитын экожүйелер алуан текті, ала-құла антросфераны құрап, этносфераға айналады. Гумилев осындай үйлесімдердің сипатына айрықша көңіл бөлді. Қайтыс болғаннан кейін жарық көрген (1993) “Апокриф” атты еңбегінде ол өзінің этн. байланыстар туралы ілімінен туындайтын негізгі этик. ережелерді мазмұндады. “Этногенездегі теріс мәндер” (1979) және “Этносфераның биполярлығы” (1979) атты трактаттарында әрқилы суперэтн. жүйелердегі (химерлер) ұлттардың табиғи емес байланыстары, көбінесе, сананы этнопсихол. ауытқушылыққа ұшырататынын айтты. Химер қойнауында антижүйелер - өз тұрғыластарына ортақ антибиосфералық дүниетанымды қалыптастыратын кереғар түйсікті адамдар шоғыры пайда болуы мүмкін. Жаратылыстану ғылымдарының - биология мен географияның методологиясына сүйене отырып, Гумилев гексафазалы этногенез ілімін (өрлеу фазасы - пассионерлік дүмпуден кейінгі пассионерлік кернеудің тұрақты өсуі; автоматты фаза - ұлттық ең жоғары пассионерлік кернеу; сыну фазасы - этн. өрістің жікке жарылуы; инерция фазасы - пассионерліктің баяу азаюы; обскурация фазасы - гомеостатикалық төмен деңгейден пассионерлік кернеудің төмендеуі; мемориалды фаза - этн. гомеостазға салтанатпен өтуі) ұсынды. Гумилевтің айтуынша, пассионерлік дегеніміз түбінде жаңа этн. жүйелердің пайда болуына алып келетін пассионерлік дүмпулердің әсерінен биосферадағы тірі заттектердің биохим. энергиясының артып кетуі. Пассионерлік құбылыс космогенді микромутациялар үрдісінде генетик. негізге ие болады. Осы ой-қорытындыларды жинақтап түйіндеу арқылы жаңа ғылым - тарихи дәуірде ұлттың пайда болуын, өсіп-өнуі мен өшуін зерделейтін этнология пәнінің қалыптасуына жол ашты. Гумилев, сондай-ақ, этнопсихология ғылымын жаңа мазмұнмен толықтырды. Оның пікірінше, этнопсихология - этн. құбылыстың психол. қырын зерттейтін дербес ғылым. Гумилев Еуразия тарихын жазушы ғалымдарға елеулі ықпалын тигізіп, осы геокеңістіктегі ұлттардың мәдени дәстүрлерінің тарихи тағдырын ұғынуларына жәрдемдесті. Еуроазияшылдық идеясы оның пассионерлік туралы ілімінде және В. И. Вернадскийдің биосфера туралы теориясында көрініс тапты. Әсіресе, Гумилев нақты бір этностың бір кезде пайда болып, жүйе ретінде қалыптасатын отаны - “асыраушы ландшафт” ұғымын енгізді. Гумилевтің этногенез теориясын шәкірттері: этнолог В. А. Мичурин, географ В. Ю. Ермолаев, жазушы Д. М. Балашов, т. б. жалғастырып, байыта түсті.

Гумилев - түркі халықтарының, славяндардың көне тарихы туралы да бірқатар еңбектердің авторы. Ол өз еңбектерінде адамзат тарихы туралы Еуропаға табынушылық көзқарасқа қарсы шықты. Ғұндардың, көне түркілердің адамзат өркениетіне елеулі үлес қосқандығын дәйектеді. Шыңғыс хан империясы орыстар үшін ұлттық апат әкелмегендігін тұжырымдады. Оның пікірінше, Бату шапқыншылығынан Русьте қираған қалалар мен құрбан болған адамдар саны орыс князьдерінің іштей, өзара қырқыстары кезінде опат болғандардан артық болмаған. Кезінде Гумилевтің ғылыми пікірлері кеңестік ғалымдар тарапынан негізсіз сынға ұшырады. Ол КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1989) . Қазақстанда Астана қ-ндағы Еуразия ұлттық ун-тіне Гумилев есімі берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лев Николаевич Гумилев: тарихшы-этнолог, ғылыми еңбектері мен мұражайы
Лев Н. Гумилев (Арыстан): өмірбаяны, ғылыми мұрасы және Омарханмен кездесуі
Л. Н. Гумилев: өмірі, пассионарлық теориясы және Дала трилогиясы
Л.Н. Гумилевтің өмірі мен ғылыми мұрасы: этногенез теориясы және Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі
Л.Н. Гумилев: тарихшы ғалым және оның тарихи еңбектері
Дінмұхамед Қонаев (1912-1993): өмірбаяны және Қазақстанның дамуына әсері
Ақтан Керейұлы (1850-1912): шығармашылық өмірбаяны мен әдеби мұрасы
2015-2020 жж. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми жетістіктерінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарын талдау
Лев Гумилевтің еуразиялық тұжырымдары, рухани интеграция және дарвинизмнің идеологиялық салдары
Этникалық бірлік және этногенез: түрлері, сипаттары мен тілдің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz