ЖАЗУШЫНЫҢ ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ


ЖАЗУШЫНЫҢ ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ
«Мен дүниеге келген кезде, қазақ өлгенін, туғанын қағазға жазбайтын. Әке-шешемнің жыл қайырып айтуынша, 1902 жылы тусам керек» (V, 9), - дейді Ғабиден Мұстафин өзінің өмір белестері туралы айтқанда. Жас кезінде ауылдағы молдалардан дін сабағын оқыған болашақ жазушы 1916 жылы Спасск заводында табельщик болып істейтін Мауқымның Жүсібі дегеннен бір жыл орысша оқиды. Екінші жылы сол заводтағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің төртінші бөліміне келіп түседі,
Жазушының дүниеге келгенде көргені, сауат ашып, оқу жолы - бұлардың қай-қайсысы да онымен тұстас азаматтардың көпшілігіне таныс, ортақ. Бұл тұрғыдан келгенде, Ғабиден Мұстафиннің өмір жолы өзгелерден көп даралана қоймайды. Оқуы туралы ілгерідегі ойын жалғастырғанда, жазушы жоғарыда аталған орыс-қазақ мектебінің төртінші бөлімін бітірген соң, одан әрі оқуға мұршасының болмағандығын айтады. (V, 10), оқуға, білімге сусап келген, білуге құштар жас жігіттің ендігі мектептері өмірдің өзі болады. Жазушының өмірбаянында оны өзге қаламгерлерден даралап тұратын бір ерекшелік осы. Өз өмірінің белестеріне, осындай ерекше өткелдеріне кейінгі биіктерінен көз салып қарағанда, Ғабең жазушы жолына қалай түскеніне қайран қалады (V, 230) . Расында, білімнен, оқу мен жазудан алшақ, алыс ауылда туып, бар болғаны орыс-қазақ мектебінің төртінші бөлімін ғана бітірген азаматтың өмірден жазушылық жолды таңдауы кімді де болса қайран қалдыруы ғажап емес-ті. Өйткені бүгінде орта мектепте - он жыл, жоғары мектепте бес жыл оқып шыққандардың өздерінің де жазушылық өнерге келуге жүрегі дауалай қоймайды. Жазушылықпен шұғылданғандардың да бәрі бірдей халық көңілінен шығып жатпағаны және рас. Олай болса, жазушылық жолға түсуіне Ғабиден Мұстафиннің өзі ғана емес, өзгелер де таң қалса, оның еш әбестігі жоқ. Ал шындыққа жүгінгенде, жазушының творчестволық жолында ешқандай да керемет ғажайыптар болмаған еді. Жазушылыққа оны мұғалімнің сабағы, профессордың лекциясы емес, өмір, табан ақы, маңдай тері алып келген болатын. «Менің өскен ортам алпыс үй Елібай ертерек жерінен айырылып, қоныс ауып, кедей болды, - дейді жазушы өмірбаянында. - Сол кедейдің бірі, түбі өзбек Сейткемелдің Әубәкірі Пәтима деген тұңғыш қызын маған атастырыпты. Әубәкір 1910 жылдан бастап саудаға айналысып, байи бастайды. Жазы-қысы бір ауылда отырамыз. Байыған сайын бізді менсінбеуге айналды. Үш-төрт жылдың ішінде, әсіресе 1916 жылы Әубәкір бір дуан елге ықпалын жүргізді. Қызын бермеуге айналды» (V, 13) .
Бұл оқиға Ғабиден Мұстафиннің ауылдағы таптық қайшылықтарды жете танып-білуіне себепші болып қана қоймайды, сонымен бірге оның таптық сана-сезімінің оянуына әсер етеді. 1916 жылы Әубәкір қызын айттырған жеріне беруге мәжбүр болады. Бірақ Әубәкір мен Ғабиден Мұстафин араларындағы таптық жаттықты мұндай туыстық жоя алмайды, Бай қайын мен кедей күйеудің арасы алшақтай береді. Оның үстіне ұзатылғаннан кейін бір жылдан соң Пәтима қайтыс болып, Ғабиден мен Әубәкір бай арасындағы туыстық байланыс үзіледі де, бұлар ашық күреске шығады. Ауылда милиционерлік қызметке тұрған Ғабиден Мұстафин Әубәкірге қарсы совет заңдарын қолданып, оны қысымға ала бастайды. Алайда Әубәкір бай орысша оқыған балдызы мен Салкен деген газет қызметкері және басқа да сойыл соғарлары арқылы күйеу баласына неше алуан айла-шарғылармен қарсы шығады. Ақырында, елде тұрып айтысуға Әубәкір бай бой бермейтін болған соң, Ғабиден Мұстафин 1925 жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылордаға оқу іздеп келеді. Бұл кезде ол жиырма үште еді де, сол жылдың қаңтарында қолына қондырған құсы, жұбайы Зейнел, он алты жаста болатын (Жалын, 1987, № 3, 30-бет) . Оқуға іліге алмаған Ғабиден Мұстафинді Қызылордада сол кезде Қазақстан Жоғарғы сотының председателінің орынбасары болып қызмет атқаратын Сапар Мұстафин деген азамат өз камқорлығына алып, Жоғарғы соттың іс тіркеушілік қызметіне ориаластырады, ауылдағы Әубәкір мен оның тобындағылардың жала материалдарын қысқартып тастайды. Өзінің осы тұстағы жайы туралы жазушы былай дейді: « . . . қатынас қағаздар тіркеуші болып отырып, газет оқуға ауыздандым. Алдымен менің оқитыным ұсақ хабарлар, жарнамалар болды. 1925 жылдың күзінен бастап, республиканың «Еңбекші қазақ» газетіне ұсақ хабарлар жаза бастадым»
(ЧЮ) .
Ғ. Мұстафин «Еңбекші қазақ» газетіне ұсақ хабарларды және басқа материалдарды Сәкен Сейфуллин мен Сэбит Мұқановтың жол көрсетуі бойынша жазады. Сәбит Мұқанов ол кезде Қазақстан Жазушылар одағыныц секретары, оған қоса «Еңбекші қазақ» газетінің партиялық және әдебиет бөлімінің меңгерушісі болатын. Сәкен Сейфуллиннің ұсынысы бойынша, Сәбит Мұқанов Ғабиден Мұстафиннің газетті оқушыларына жөнелтетін экспедиция қызметіне бастық болып орналасуына қол ұшын береді. Мұстафиннің осы тұстағы қызметі хақында Сәбит Мұқанов мына жайларды еске алады: «Тиісті қызметін атқарумен қатар, Ғабиденге біз әуелі газетке елден келген хаттарды қорыттырып, біразын жариялай бастадық. Осыдан жазу ісіне баулынған Ғабиден газет бетінде қысқаша әңгімелерін жариялауға айналды. Содан кейін Ғабиденді біз Жазушылар одағына мүшелікке алдық» (XV, 367) *.
Өзінің айтуына қарағанда, Ғабиден Мұстафин ол кезде жазушы еңбегінің маңызын да, сырын да түсінбеген. Жазғысы келгенде, көргені мен сезгенін сол көрген немесе сезген қалпында жаза салатын болған. Алайда өмірдің қайнаған қызу оқиғаларының ішінде оқу мен жазуды қатар бастап, қатар алып жүру жас автор үшін өте пайдалы, нәтижелі болады. Оның үстіне, орыс тіліне жете түсінбейтініне қарамай, марксшілдерді оқуға ден қояды. Осылай іздене, оқи жүріп, жазу ісімен шұғылдана береді. Ғабекеңнің Қызылордада шығатын «Еңбекші казақ» газетінің бетінде тұңғыш рет жарық көрген тырнақалды еңбегі «Таң келеді» деп аталған. Автордың кейіпкері шаруа болады (Сөзстан. Бірінші кітап, Алматы; Жалын, 1980, 43-бет) . 1927-1928 жылдары «Жыл құсы» журналында Ғабең «Сәрсен мен Боқаш» деп аталатын алғашқы әңгімесін жариялайды (V, 6) . 1928 жылы С. Мұқанов Ленинград университетіне оқуға кеткенде, Қазақстан Жазушылар одағының секретары қызметінде қалады. 1929 жылы «Ер Шойын» атты әңгімелер жинағын баспадан шығарады. Осы жылдары әдебиет туралы, әдебиеттің даму заңдылыктары туралы ойларын айтып, Ғ. Тоғжанов, С. Сейфуллин секілді белгілі әдебиетшілермен пікір таластыруға дейін барып жүреді. Бірақ бұл батылдық жас авторға оңайға түспейді. С. Сейфуллиннен басқа әдебиетшілер Ғабекеңе әдебиет майданында қағажу көрсете бастайды. Қайсы бір газет-журнал Ғабекеңнің кейбір еңбектерін жариялаудан бас тартады. Жазушының жұбайынын айтуына қарағанда, мұндай жағдайда Ғабең бірден Тұрар Рысқұловқа баратын болған. «Турасын айту керек, - дейді Зейнел Мұстафина, - бұл кісінін, кішіпейілділігі мен қарапайымдылығы ғажап! Әсіресе, Ғабиден сынды жазуды жаңа бастаған жас талапкерлерге деген қамқор көңілі оның қиялына қанат бітіріп, ерік-жігерін еселей түсетін» (Жалыы, 1987, № 3, 30-бет ) . Сөйтіп, бірқатар еңбектерін жариялауда Ғабең Тұрар Рысқұловтың көмегіне сүйеніп отырады. Алайда жазушылық өнердің қыры меп сырына қаныққан сайын, Ғабекең оның қиындығын да ұғына түседі. Жеңіл жазған еңбектерін баспасөз де қабылдай қоймайды. «Жазғаным өтпей қойған соң, 1930 жылы май айының ішінде Қарағандыға жұмысқа кеттім» (V, 11), - дейді жазушы бұл тұстағы іс-әрекеті туралы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz