ГОЛОЩЕКИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ
ГОЛОЩЕКИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Тарихымыз ақтаңдақтардан арылту бүгінгі таңда айрықша
маңыздылығына, аса қажеттілігіне біріміз де күмәнданбайтын бірегей
міндеттер бел ортасынан орын алады. Ел шежіресінің күні бүгінге дейін
шындық сәулесі түспей келген белгісіз беттерін қайта қарауға, ащы
ақиқаттарды ашына айтуға қоғам өмірінің барлық саласын баурап алған атақты
Апрель алтын серпілісі жол ашып берді. Тарихтың уақыт табынан сарғыш
тартқан парақтарына жаңаша көзқараспен көз жүгірткенде, сол кезеңдердің
орны толмас өкінішті оқиғаларына бүгінгі талап биігінен баға бергенде, біз
сол тарихта азды-көпті бедер қалдырған жеке адамдардың ұрпақ алдында
жауапкершілігін де жадымыздан шығаруға тиісті емес-піз. Тынысымызды
тарылтып, ырысымызды суалтқан тоқырау жылдарынан бері шен-шекпені әр түрлі
деңгейден халық көсемдерін, аса көрнекті, кемеңгер, т. б. деп
дәріптейтін лепірме құлағымызға қанша сіңісті болып кетсе де, айтылмақ
ақиқат қаншама ащы болса да, әділдік мерейі толығымен үстемдікке жетуге
тиіс. Бұл уақыт ұраны, өмір талабы.
Қазақстан тарихында із қалдырғандар қатарында Қазақстан өлкелік
партия комитетінің 1925—1933 жылдар аралығындағы бірінші хатшысы Ф. И.
Голощекиннің де аты аталады. Бүгінгі таңда оның жеке басына байланысты
жарық көріп жатқан газет-журнал материалдарын ой елегінен өткізсек, бұл
адам туралы қарама-қарсы екі ұдай пікір қалыптасқанын байқай аламыз. Бір
газет, мәселен, Голощекинге сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны ретінде
ескерткіш қою мәселесін көтерсе, басқа басылымдар, радио мен теледидар
Қазақстан жеріңде оның қолымен жасалған қылмысты әрекеттерді аяусыз
әшкерелеуге, күні бүгінге дейін оның атымен аталып келе жатқан станциядан
Голощекин есімін аластауға шақыруды.
Ф.И. Голощекинніц партия қатарында алар азды-көпті орны мен Қазақстан
жеріндегі қанқұйлы қызметтіне талдау беруден бұрын оның саяси
қайраткерлігіне, марксизм-ленинизм теориясын меңгеру деңгейіне, жеке басты
ерекшеліктеріне, т.б. сипаттарына тарихи документтер негізінде тоқталып
өткеніміз мақұл.
Сонымен саясат қайраткері ретінде Голощекинге тән белгілер қандай еді.
Ф. И. Голощекиннің 1876 жылдың 26 ақпанда (жаңа стиль бойынша 10
наурызда) Витебск губерниясындағы Невель қалашығында, ұсақ буржуазия
семьясында дүниеге келгені мәлім. Оның өз аузынан жазылып алынып, 1925
жылғы 18 қыркүйекте “Советская степь" газетінде жарияланған өмірбаянындағы
деректерге сүйенсек, Филипп Голощекин алты кластық гимназия курсын, сосын
(1901—1903 жылдары) тіс дәрігері мектебін бітірген. Осыдан әрі ол білім
беру мекемелерінде жүйелі түрде сауатын көтермегенге ұқсайды.
Айтпақшы, жер аударылған революционерлердің басқан қадамын қалт
жібермей қадағалайтын түрме бақылаушыларының бірі өзінің әлдебір хұзыры
биік мәртебеліге жөнелткен хатында оны Шая Ицкович деп атайды. Яғни,
Голощекиннің ақиқат ныспысы да сол — Шая Ицкович болған. Бұл жайындағы
мәліметтерді оқырман Ю. П. Плотниковтың Свердлов в Туруханской ссылке
(Красноярск, 1976) атты кітабынан таба алады.
Шая Ицкович 1896—1900 жылдар арасында жазу қағазымен сауда жасайтын
дүкенде приказчик болған. Кейіннен, стратегиялық және тактикалық ірі
мәселелер жөніндегі алқалы жиындар үстінде Голощекин өзінің теориялық
тұрғыдан шалағайлығын талай рет тайға таңба басқандай танытса, тайғанақ
позиция ұстаса, оның негізгі себебін Шаяның марксизм-ленинизм ілімін
творчестволық тұрғыдан еш уақытта меңгере алмағандығынан, білімінің
таяздығынан іздеу керек. Бұған дәлелдер көп-ақ. Соның бірін аталмыш
өмірбаянның өзінен-ақ тауып аламыз.
Филипп Исаевич бала кезінде көп окыған, бірақ оқуында жүйе болмаған.
Ол барлық мәселелер жөнінде шашыраңқы білім жинақтаған. Әуелде
философиямен, кейіннен қоғамдық ғылымдармен шүғылданған. 1900 жылдан
бастап тиіп-қашып, тыйым салынған әдебиетті оқи бастайды— делінген бұл
документте.
Профессионал революционер бола тұра, Голощекин революциялық
әдебиеттің жай-жапсарын, терең мәнін жеткілікті дәрежеде ұға алмапты.
Оны өзі де мойындайды. Э. Бауман, И. Бабушкин, Ф. Дзержинский, Е,
Ярославский сияқты белгілі большевиктер маркстік-лениндік теорияны жете
меңгеру жөніндегі жұмыстарын нелер қиын заманда да, тіпті абақтыда, айдауда
жүргенде де бір сәт тоқтатпағанын еске алсақ, Голощекиннің білім көтеру
мәселесінде кежегесі кейін тарта бергенін ашық айтудан өзге амал жоқ.
Өйткені, білімсіз бірінші хатшының күндердің күнінде Қазақстанда
авантюристік саясат жүргізіп, халықты апатқа ұшыратуының бір ұшығы осында
жатыр. Партияньң әр түрлі форумдарында сөйлеген сөздері мен Қазақстан
Республикасын басқарған кездерде жасаған баяндамаларын байыппен оқып шыққан
кез келген көзі қарақты тарихшы Голощекиннің теориялық жарым жандығына,
диалектика зандарынан бейхабар екендігіне қиналмай көз жеткізе алады. Ал
осы бір шала сауатты күрескердің бірден-бір артықшылығы болса, бл— өзінің
практикалық істерге бейімділігі. Ю. Н. Атлантовтың Вопросы истории КПСС
журналында (1966, № 68, 101—105-6.6.) жарияланған Голощекин туралы
материалында Филипп Исаевичтің еш уақытта қиядағыны шалатын қыран бола
алмағандығы, керісінше, атқарушылық, орындаушылық сияқты қосалқы
шаруалармен көзге түскені баяндалады. Революциялық күрестің аумағы ұлан-
ғайыр, әлеуметтік өмірдің барлық салаларын қамтитын болғандықтан,
профессионал күрескерлер сол ұлы майданның нақты бір міндеттерін жүзеге
асыруға машықтанғаны мәлім. Мұндай еңбек бөлінісінің мәні, әсіресе,
астыртын қимылды керек ететін мезгілдерде айрықша жоғары болған. Лениндік
гвардияның әрбір жауынгері өзінің бейімділігіне қарай революциялық
қозғалыстың белігілі учаскелерін таңдап алатын, иә жоғары ұйымдар оларға
немен айналысуды айқындап беретін. Мәселен, М. В. Фрунзе — әскери
ұйымдастырушылық жұмыста, М. И. Калинин — насихат жұмысында, ал С.Г. Шаумян
ұлт мәселелерін негіздеу жөнінде білгір мамандар ретінде танылды. Филипп
Исаевич болса, партияньщ Орталық Комитетінің нақты тапсырмаларын орындауға
(назар аударыңыз: атқарушылық қана) машықтанған функционер еді. Ол кейіннен
тағдыры қолына тапсырылған халықтың сорына қарай, осы деңгейден бір елі де
жылжыған емес. Менің өз пайымдауымша, бұның бірқатар себептері бар.
Біріншіден, Голощекин шала қиялдың, шапшаң әрекеттің адамы еді.
Астыртын жұмыс уақытында бұл қасиеттің жоғары бағалағанында дау жоқ. Бірақ
өзін революциялық күрестің бастапқы кезеңінде толық ақтаған осы қасиет
кейіннен, социализм құрудың бейбіт дәуірінде, ұйымдастырушылық қабілет пен
теориялық білімді, сабырлылық пен саяси көрегендікті ұштастыра білуді талап
еткен тұстарда, орны опық жегізіп, миллиондаған тағдырлардың талқанын
шығаруға әкеліп соқты. Міне, осы тұста біз Голощекиннің жеке басына тән
ұрда-жықтың шаш ал десең, бас алғыштықтың, ұраға жығар ұраншылдықтың үсті-
үстіне үдей түскенін көре аламы. (Революция- жауларына деген жек көрушілік
сезімі Голощекиннің санасына кірігіп кеткені сонша — ол тіпті революция
жеңісінен кейін де кас пен достың шын аражігін ажырата алмастай дәрежеге
дейін асқынды. Дәлірек айтсақ, Филипп Исаевич өзінің бағытына сын
айтушылардың бәрін де тек қатерлі дұшпан, қауіпті жау деп жариялаудан
танбады. Сөйтіп, астыртын күрес кезеңінде әжептәуір ысылған батыл большевик
социалистік құрылыстың жаңа дәуірінің талаптарына мүлде жарамсыз болып
шықты. Әлбетте, Голощекиннің әпербақандығы бұдан бұрын да әлденеше рет
байқалған. Азамат соғысы жылдарында солшыл әсерлердің комиссар
Голощекинді ешкімді бетіне келтірмейтін билікшілдеп зар қақсауы тегіннен-
тегін болмаса керек. (Қараңыз: Вопросы истории Урала Ученые записки
Уральского госуниверситета им. А. М. Горького, № 4, серия историческая,
вып. 2, Свердловск, 1867, 33-бет).
Екіншіден, (социализм теориясы мен практикасында сталиндік тұрғыдан
бұрмалауда функционер Голощекинге ілесе алғандар саусақпен санарлық. Ол
Ленин ілімін шын мәнінде Сталинше түсіндіру символына айналдырды. Сталиннің
қасаң қағидаларына қалтқысыз қызмет етіп, социализм ісіне шексіз адалдық
танытқан функционер өзінің де, өзгенің де ку жанын қуырдақ етіп, аз
уақытта халықты қасірет теңізіне батырып үлгерді. Сөйтіп, белгілі
революционер-функционердің колы жазықсыз елдің қып-қызыл қанына малшынды.
Ол еш уақытта кешірілмейтін ауыр күнәға батты.
1903 жылы Шая Голощекиннің тіс дәрігерлері мектебін тәмамдағаны
жоғарыда айтылды. Оның РСДРП мүшелігіне өтуі де сол уақытпен тұспа-тұс
келеді. Содан Ұлы Қазанға дейінгі аралықта Голощекин тыным көрген емес.
Әкімдер тарапынан болған қуғын-сүргін оны есінен тандырып жібере жаздады.
Аталмыш мектепті бітірген соң ол Вяткаға келіп, жеке кабинет ашты да, екі
жыл сонда тіс дәрігері болып жүрді. 1905 жылы Петербургке қоныс аударған
соң ғана (Голощекин партиялық жұмыспен айналыса бaстaды. 1905—1912 жылдар
арасында (бар болғаиы 6-ақ жыл), Москва партия ұйымынан Прага
конференциясына делегат ретінде аттанғанға дейін Филипп Исаевич патша
түрмелерінде жеті рет жатып шыққан еді.
1909 жылы жойымпаздар фракциясының лидері А.А. Богданов большевик
партиясы қатарынан қуылғанда, Голощекин шыр-пыры шығып, партияға қарсы
платформа өкілдерін қорғап қалуға жан салды. Оның ойынша, жойымпаздар халық
бұқарасының мүдделерін білдіреді-міс. Ленинмен 1909 жылы Парижде бірер
мәрте әңгімелескеннен кейін ғана, Голощекин қатеге ұрынғанын мойындады
(Қараңыз: Вопросы истории КПСС,1966, № 8, 101—102-бб.).
Голощекиннің теориялық әзірлігінің әлсіздігі РСДРП-ның Бүкілроссиялық
XI конференциясында да (ол конференция делегаты болатын) айқын көрінді.
Конференция партияның жаңа революциялық өрлеу кезеңіндегі саяси
бағыты мен тактикасын айқындауға тиіс еді. В. И. Ленин дайындаған қарарлар
жобасын, конференцияны жалпы партиялық форум ретінде тану туралы жобаны
талқылау жүріп жатты. Ильичтің баяндамасында РСДРП 1908—1911 жылдарда душар
болған ауыр жағдайға ақиқат баға берілді. Көсемнің нақты тарихи кезең
ерекшелігін диалектикалық тұрғыдан сипаттаған ойларына Голощекин қарсы
шығып, баяндама көнерген тілмен жазылыпты, ойы Бұлдыр деген айып тақты.
Кезең міндетін түсінуде Голощекиннің өз пікірі бұлдыр еді, бірақ, соған
қарамастан, ол айтқанынан кайтпай, қарысты да қалды. В. И. Ленин өзіне тән
зор сабырлылықпен байсалды түрде оның пікіріндегі ұшқарлықты жан-жақты
ұқтырып берді.
Борис, жолдас,— деді ол сөзінде В. И. Ленин,— мәселені жеңілдетудің
орнына оны едәуір шатастырып жіберді... (Голощекин конференцияға Борис
Иванович деген партиялық бүркеншік атпен қатысқан еді.—М. К,.) Ол қарар
жобасын тым шұбалаңқыландырып отыр. Оның ұсыныстарының көбі ағымдағы кезең
туралы (қарарда) айтылу және айтылуға тиіс. Ескі "қарарда әр пункттің
өзіндік мәні бар... (Коммунист 1988, № 8,. 51-бет).
Делегаттар Ленин сөзін қолдады. Осы конференцияда Владимир Ильич
Халықаралық Социалистік бюро туралы баяндама жасады. Голощекин баяндамашыға
Шығыста болған революциялардың халықаралық жағдайға қандай әсері болуы
мүмкін деген сұрақ қойды. В. И. Ленин бұл сұрақтың баяндама тақырыбына еш
қатысы жоқ екендігін дәйекті түрде түсіндіріп берді.
Бористің сұрағының,—деді Владимир Ильич, — менің баяндамама қатысы
аз, ол ағымдағы жағдайға көбірек қатысты. Азияда демократиялық революция
басталды, ал Европада аяқталды. Социалистік революцияның да басталуы болуға
тиіс қой (Сонда, 58-бет).
Әлбетте, осыдан кейін оқырман көңілінде Ф. Голощекиннің Лениннің
назарына қалайша ілікті және партияның басшы органына қалайша мүше болып
сайланды деген күмәнды сұрақ тууы заңды. Оның мәнісі мынада. Голощекин
аталмыш конференцияда өзінің партия жұмысының стилі мен оның ішкі құрылымын
әжептәуір білетін функционер ретінде танытты. Прага конференциясының 12-
мәжілісінде Голощекин еңбекшілерді тәрбиелеу үшін астыртын партия ұялары
жария ұйымдарда жұмыс істеуге тиіс деген дұрыс пікір айтты, өз пікірінің
дүрыстығын дәлелдей білді (Коммунист журналының 1988 жылғы 9-саны, 76—77-
беттер). Әділін айтсақ, басқа да партиялық форумдарда оның партия қүрылысы
мәселелерін жақсы меңгергені байқалды. Алайда, Прага конференциясынан кейін
де Голощекин революциялық жұмысқа еркін араласып кете алмады. Бар-жоғы төрт-
ақ айдан соң, 1912 жылдың сәуірінде, ол тұтқындалып, Тобыл губерниясына жер
аударылды. Көп ұзамай айдаудан қашып шыққан Голощекин Екатеринбургке
келеді. Бір жылға жетер-жетпес уақыттан, соң, 1913 жылдың наурызында оны
патша тыңшылары тағы да қақпанға түсірді. Бұл жолы ол шалғайдағы Турухан
өлкесіне айдалды. Шындығын айтқанда, 1917 жылға дейін Ф. И. Голощекиннің
революциялық қозғалысқа қолма-қол араласқанынан гөрі абақты мен айдауда
жүрген уақыты көбірек болды.
Ф. И. Голощекиннің Ақпан революциясынан кейінгі қызметі Азамат
соғысы және СССР-ге жасалған интервенция атты энциклопедияда толық
баяндалған. Энциклопедияда мынадай мәліметтер бар:
VII (Сәуір) конференциясының, РСДР(б)П VI съезінің және Советтердің
Бүкілроссиялық II съезінің делегаты. Петроград Әскери-Революциялық
Комитетінің мүшесі, БОАК мүшесі, 1917 жылдың желтоқсанынан бастап, РСДР(б)П
Екатеринбург комитетінің жұмысына араласқан. Советтің соғыс істері
жөніндегі комиссары. 1918 жылдың ақпанынан Урал облыстық әскери комиссары,
облыстық партия комитеті мен облсовет мүшесі, мамыр айынан бастап округтік
әскери комиссар. Осы қызметпен бір мезгілде (1918 жылдыц қыркүйегі мен 1919
жылдың қаңтары (аралығында) 3-армияның бас саяси комиссары (3-армияның
әскери қимылдары өрістеген аудандардағы әскери бөлімдер мен жергілікті
азаматтар арасындағы партиялық саяси жұмыстың жетекшісі). 1918 жылдың
желтоқсанынан бастап РК(б)П Орталық Комитетінің Сібір бюросының мүшесі және
Урал әскери округінің әскери комиссары (Аталмыш энциклопедияның 153-бетін
қараңыз, М., 1987 ж.).
Дәл осы кезде Оралда естіген елді елең еткізер ерекше шулы оқиға
болған еді. Әңгіме Ресей империясын 300 жылдан астам уақыт билеп- төстеген
Романовтар әулетінен щыққан соңғы монарх II Николай турасында. Осы күнге
дейін Бұл оқиғаға байланысты алуан түрлі даулы мәселелер айтылып жүр. Бұдан
70 жыл бұрын өлім жазасына кесілген патша жайындағы әңгімелер буржуазия
тарихшылары тарапынан талқыланып біткен жоқ. Оқырманға түсініктірек болуы
үшін, сірә, аталмыш жағдайдың ақиқат сырын ашуға ұсыныс жасағанымыз дұрыс
болар.
1917 жылдың тамызында Керенский басқарған Уақытша өкімет патшаны үрім-
бұтағымен бірге Царское селодан Тобыл қаласына аттандырды. Іштей патшаға
бүйрегі бүратын Керенский ол үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасады;
тақтан айырылған әміршіге 35 малай, екі князь, бір графиня, мұғалімдер және
дәрігер қосып берді. Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Орал мен Омбының партия
және кеңес органдары патшаны сотқа тарту туралы шешім қабылдады. Бүның
айрықша себеп-тері бар еді. Романов әулеті Орал жерінде көптеген заводтар
салып, онда жұмысшыларды аяусыз езгіге түсірген болатын. Сібір мен Оралдағы
монархияшыл офицерлер кейбір қаражүздік ұйымдармен және Оңшыл Орталықпен
тізе қоса отырып, Романовтар семьясын құтқарып жіберуге бірнеше рет әрекет
жасап, олары сәтсіз аяқталды. Бұл топтарға белсене қатысушылар II Николайды
орыс тағына қайта отырғызуды; сосын өкімет билігін оның заңды мұрагері
Алексейге алып беруді мүмкін деп есептеді. Монархияшылдардың әр түрлі
топтарда болашақ тақ иелігіне лайықты деп табылған өзге де кандидатуралар
айтылатын. Жас кеңес республикасы ақгвардияшылардың көкейін тескен мұндай
монархияшылдық желіктің тамырына балта шаппай отыра алмайтын еді. 1918
жылдың сәуірінде патша семьясы Тюмень арқылы Тобольскіден Екатеринбургқа
(қазіргі Свердловск) жеткізілді. Үш айдан соң Екатеринбург қаласы ақ
казактар мен Бұліншілік жасаған чехтардың қоршауында қалды. Орал облыстық
кеңесі-нің қүрамында солшыл эсерлер, анархистер мен максималист
революционерлер Романовтардың көзін жоюды талап етті. Патшаның көзін жоюды
талап еткендердің арасында Голощекин де болды. Сонымен, Урал облыстық
кеңесінің шешімі бойынша, 17 шілдеге қараған күні Игнатьевтер үйінде жатқан
II Николай семьясымен бірге атылды. (Қараңыз: Гражданская война и военная
интервенция в СССР. Энциклопедия. М., 1983; 503—504-беттер).
1918 жылдың 18 шілдесінде, БОАК Президиумының мәжілісінде, Я. М.
Свердлов мәжілісіне қатысушыларға Екатеринбургтен келген телегра.мманың
тексін оқуп берді. Президиум Орал облыстық Кеңесінің шешімін төтенше
жағдайға байланысты қабылдаған деп тауып, мақұлдады. Осы документтің
негізінде 19 шілде күні Халық Комиссарлары Советі Романовтың және император
әулетінің басқа да мүшелерінің дүние-мүлкін конфискациялау туралы декрет
шығарды. 23 шілде күні Правда газеті Романовтар семьясының атылғаны
жайында арнайы хабар берді. Бұрынғы әміршісінің өлімі үшін кек алуға бел
буған Колчак-Орал мен Сібір жерін қанға бояды. Мәселен, Алапаевскіде Колчак
әскерлері тереңдігі 8 метрлік шахтаны азаптап өлтірілген жұмысшылар
денесімен толтырды.
СФ. И. Голощекин РК(б)П-ның VII және VIII съездеріне делегат ретінде
қатысты. VIII съезде оның ескі солшылдық ауруы қайта қозып, әскери
оппозиция лагерінен бір-ақ шықты. Бұл оппозицияға енген делегаттар тұрақты,
бір орталыққа бағынған, тәртіпті мойындайтын Қызыл Армия құруға қарсы
шықты. Олар, сонымен қатар, Қеңес үкіметін мойындап, революция жағына
шығуға ниет білдірген ескі офицерлерді пайдалануға, командирлік қызметтерге
тағайындауға қарсы өре түрегелді.
Партияның армиядағы жұмыс саласындағы саясаты Орталық Комитеттің
РК(б)П VII съезіне берген есепті баяндамасында, Лениннің сөздерінде РК(б)П
Бағдарламасында және Орталық Комитетінің әскери мәселелер жөніндегі
Тезистерінде айқын да дәйекті түжырымдал-ғанына қарамастан, Ярославский,
Сафаров, Ворошилов, Голощекин сияқты адамдардан құралған әскери оппозиция
Қызыл Армия құру мәселесі бойынша теріс позиция ұсынды. (Съездің 1918 жылғы
21 наурызда болған жабық пленарлық мәжілісінде Ленин сөйлеп, партияның
тұрақты армия құру жөніндегі бағытын терең дәлелдеп берді. Көсемнің жарқын
сөзінде әсксри оппозицияға принципті түрде баға беріліп, темірдей тәртіп,
ұйымшылдық, әскери ғылым жетістіктерін пайдалану негізінде кеңес
мемлекетінің қарулы күштерін нығайту қажеттілігі бұлтартпас айғақтармен
айқындалды. В. И. Ленин пленарлық мәжілісте Пятековтың, Буяновтың,
Ворошилов пен Голощекиннің ескі армияның мамандарын пайдаланудан бас тарту
жөніндегі қате көзқарастарын сынға алды. Лениннің жігерлілігі партияның өз
ішіндегі қайшылықтар мен алауыздықтарды жоюға көмектесті. Съезд әскери
құрылыс саласындағы лениндік саясатты толығымен мақұлдады. (Қараңыз:
История КПСС, т. III, кн. вторая, М., 1968, 262—279-66. Восьмой съезд РКП
(б), март, 1919 Программы. М., 1959; Гражданская война военная интервенция
в СССР. Энциклопедия, М., 1983, 98-бет).
Ф. И. Голощекиннің әскери оппозицияның сойылын соғу тегіннен-тегін
емес еді. Оның мінезіне тән қызбалық, асыра сілтеушілік азамат соғысы
жылдарында айрықша асқына түсіп, тіпті шектен асып кеткен болатын.
Армиядағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz