Ғабиден Мұстафин - қазақ әдебиетінің классигі

ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялық толқулар ұлт
аймақтарындағы азаттық, тәуелсіздік жолындағы қозғалыстардың шығуына түрткі
болғаны мәлім. Басқа да Ресей қарамағындағы отар халықтар сияқты, қазақтар
да революция дүмпуімен оянып, ұлттық езгі мен отаршылдықтан азат,
мәдениетті ел болудың жолдарын іздестіре бастады. Қазақстанда мұндай
қозғалыстың басында ой-пікірі бар, саяси бағдарды түсіне алатын
творчестволық интеллигенцияның өкілдері тұрды. Олар барлық халыққа жар
салып, патриархалды тұрмыстың ауыртпашылықтарынан құтылуға, оқу-өнерге
ұмтылуға, азаттық жолына шақырды. Ахмет Байтұрсыновтың ұйқыда езілген
халқының құлағына маса боп ызыңдап, “Қанған жоқ па әлі ұйқың, ұйықтайтын
бар не сыйқың” деп үн көтеруі, Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ!” деп жар
салуы – осының айғағы еді. Осы бір дыбысты үн қазақ оқығандары мен
күрескерлерінің, халқының тағдырын өз тіршілігінің мән-мағынасына
айналдырған ұрпақтың жаңа өкілдерін туғызды. ХХ ғасырдың басында қоғамдық
аренаға шығып, әлеуметтік күреске араласқан бұл ұрпақ 20-жылдардың ішінде
әрі қарай жалғасып толықты. Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен
Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұқтар Әуезов, Сәбит Мұқанов,
Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты таланттардың тобын, бір кеде Ғабит
Мүсірепов “Алыптар тобы” деп атаған ұрпақты, өмірдің өзі осылай жарық
дүниеге алп келіп еді. Революцияның аласапыраны тұсында бірі оң жолмен,
бірі сол жолмен мақсатқа жетеміз деп таласқа түскен кездері бола тұрса да,
олардың бәрінің түпкі мақсаты – халықтың азаттығы, мәдениетті, дамыған,
тәуелсіз ел қатарына қосылуы болатын. Олар ұлт мақсатын ортақ ойласты. Көбі
кейін тарихтың табанына жаншылып қалса да, ұлттық мүддеге опасыздық жасаған
жоқ. Ғабит пен Ғабиден ұзақ жасап, ағаларының арман-мүддесіән арқалап,
келешек ұрпаққа жеткізген сол топтың соңғы могиканы сияқты еді.
Қай жазушы болса да өз заманының шындығынан алыстап кете алмайды,
онымен бірге жасап, көңілдегі ойын заманының проблемалары арқылы көтереді.
“Адамды заман билемек” деп Абай тегін айтпаған. Заманмен кереғар болып,
онымен ашық тартысқа түсу арқылы ешбір жазушы “батыр” болмаған. Ол қайта
онымен ымыраға келе отырып, дәуір, заман қайшылығын көркем образдар арқылы
ашқан. Сол арқылы заманына, Чернышевский тілімен айтқанда, үкім шығарған.
Жоғарыда аталған ұлы таланттардың қалдырған мұралары бізге осы жағынан
бағалы.
Ғабиден заманы қайшылықты, күрделі заман болғанын бүгін жұрттың бәрі
біледі. Бір жағынан, қазақ халқының екі рет аштыққа душар етіп қырғынға
ұшыратқан қатыгездік, советтік импеияның ұсақ ұлттардың үнін шығармай,
басып ұстаған өктемдігі, ұлттық иетеллигенцияны ұлтшылдық айыппен мезгіл-
мезгіл жойып отырған коммунистік идеология үстемдігі – оның ішінде халыққа
айрықша апат әкелген – 1937 жыл да бар, - қазақ жеріне басқа халықтарды
көшіру арқылы жергілікті ұлтты азшылыққа айналдырып, оның тілін, әдет-
ғұрпын жоюға бет алу; екінші жағынан, аз жылдың ішінде дүние жүзіндегі ең
қуатты мемлекетті орнатқан совет өкімет, соның қолымен жасалған алып
құрылыстар, өндіріс орындары, ауылда миллиардтап астық алған, мал өнімін
өндірген шаруашылықтар, халықты жаппай сауаттандырып, мектептер, жоғарғы
оқу орындарын, ұлттық Академия мен театрлар ашқан мәдени революция, тағы
басқалар. Адам еркімен есептеспей, оның азаматтық хұқын жойып, еріксіз
еңбекке жеккен заман солардың қолымен осындай кереметтер де жасаған.
Ғабиден осы заманның жыршысы болды. Сол дәуірдің проблемаларын,
табыстарын, қайшылық-қиыншылықтарын көтерді. Ол өмірге оптимистік көзбен
қарады. Сондықтан да қиыншылықтарды көре отырып, келешекке сенді, оның алып
өндіріс - Қарағандыны жырлауы, ауылдағы өзгерістерге мұрындық болған
Шығанақ сияқты ұмтылған миллионер колхоздар болса деген арманы осыны
аңғартады. Ол революциядан кейінгі ауылды күрес жолына түсіру жылдарының
қайшылықты тіршілігін ашып жазды. Феодалдық-патриархаалды өмір кешіп келген
қазақты бірден кеңес өкіметіне тарту, көшпелі елді бірден отырықшы етіп,
оларды ортақтастыру оңай болмағанын, таптар тартысы саясатының да халық
басына аз ауыртпалық әкелмегенін жасырған жоқ. Сөйте тұра ол жаңа өкімет
саясатның негізін құптады. Мұның өзі өмір шындығы еді.
Көшпелі елдің орнығуы, жермен кәсіп етуге үйренуі, жаңа өмір жасаңға
қажет кадрларды кедейлер мен бұрын езіліп келген топтардан іздеу, халықты
сауаттандыруға бет алу – барлығы да жалпы қазақ халқы тарапынан қолдау
тапты. Халық сеніміне ие болып алып, жаңа өкіметтің артынан халықтың өзіне
қол салуы – кейінгі мәселе.
Біз неше түрлі қаламгерлер көрдік, әр сападағы кітаптарды, көркем
шығармаларды оқыдық. Олардың ішінде саястақа ыңғайланғыш, жалаң ұранға
құрылған әдебиет те аз емес еді. Олар өмірде болғанның бәрін де мадақтап,
жылтыратып көрсетуге тырысты. Ғабиден ұлы суреткер есебінде мұндай жеңіл
жолға барған жоқ. Ол – нағыз творчество адамына тән еңбектің азабын тартқан
жазушы. Ол заман идеологиясының жолымен емес, шындықтың жолымен жүрді. Оның
кітаптарының мәңгілік сыпаты да осында. Оларда жазушы өмір сүрген дәуірдің
кең жасалған панорамалық суреті мен заман қиыншылықтарын кеше отырып,
ілгері ұмтылған жаңашыл халық бар, сол халықтың ісі, қызметі, арман-тілегі
бар. Егер “Көз көргеннен” бастап, “Дауылдан кейінге”, “Шығанақ” пен
“Миллионерге”, “Қарағандыға” қарай жүрсек, олардан біз ХХ ғасырдың басынан
бастап, жарты ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ халқы бастан кешкен күрделі
де қайшылықты өмірдің кең жасалған суреттеріне кездесеміз. Заманның қоғам
дамуы алдына қойған өткір проблемалары мен оны шолу жолындағы адамның
тіршілігін, қимылын көреміз. Бұлардың негізінде отаршылдық пен езгіге қарсы
күресе отырып, халықтың өз билігі, тәуелсіздігі үшін күресі, рухани
ізденісі, адамның қоғамдық өзгерістер легінде жаңаруы, өсуі, өшуі, тағы
басқа мәселелер қойылады. Осы тұрғыдан алғанда, Ғабиден романдарының
проблемалық сыпатын ерекше атауға болады. Ол нені, кімді суреттемесін, сол
кездің, кейіпкердің тағдрын дәуірдің өзекті мәселелерімен байланыста ашады.
Сол арқылы әрқилы тарихи тартыстар фонындағы адамның тіршілік жолы
бейнеленеді.
Әрине, әдебиет әлеміндегі характерлер де біркелкі бола бермейді.
Олардың уақытқа бой алдыратыны да, алдырмайтындары да болады. Заман
өзгергенмен, адамның ұғым-түсінігі, адамгершілік қылықтары, заман ағымы
туралы ойлары қалады. Ғабиден кейіпкерлері де осы тұрғыдағы биік талапқа
жауап бере алады. Ол адамды заман, уақыт жағатын бояулардың түсімен емес,
ісімен, адамгершілік қылықтарымен, ой-талғамымен өлшейді.
Бұл саладағы жазушы табыстары “Шығанақ” романынан (1945) бастап, анық
көзге түсе бастайды. Онда Ғабиден адам мен табиғаттың арасындағы мәңгілік
тартысты жаңаша көре білді. Өмір бойы табиғаттан алуға тырысқан, бірақ
жарымаған адам еңбегі жанды, оның арманы іске асты, - міне, романның
негізгі тақырыбы осы. Шығанақ бойына Ғабиден халықтың диқаншылық өнерінің
ұзақ ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтап, оны жаңа жағдайда дамытушы етіп
көрсетеді, тарыдан мол өнім өсіріп, дүние жүзілік рекорд жасаған Шығанақ
аты, жазушының өз тілімен айтқанда, “алпысқа келгенше алты шақырым жерге
аты шықпаған” Шығанақ есімі, әлемге танылды. Адам еңбегінде, оның
ізденісінде шек жоқ. Заман шаруаның ретін білетін еңбек адамын ілгері
шығарды, оның рухын көтерді, өмірге жігерлендірді. Роман осыны паш етеді.
Бүгінгі біз қайта-қайта сөз етіп жүрген шаруа мен жер проблемасы осыдан
өрбиді.
Немесе, кезінде бүкіл кеңес әдебиетіне үлкен жаңалық болып кірген
Олжабек бейнесін алып көріңіз. Бұл да дәуiрдiң, нақтырақ айтқанда,
колхоздастыру кезiнiң үлкен iрi проблемасын көтерiп тұр. Шаруа адамының
рухани шектелушiлiктен шығып, жаңа қоғамдық ортаға икемделуiнiң, бiртiндеп
жетiлуiнiң жолы бұл образда шынайы шындыққа айналады.
Ғабиден кейiпкерлерiнiң жалпы емес, нақтылық сыпаты да оның адамдық
бейнелерiнiң жан-жақты көрiнiс табуында. Олардың көбi – жазушының өз
құрбылары. Оның өзi сияқты, қазақ қоғамы дамуының екi кезеңiн де басынан
кешкен, олардың жақсы-жаман жақтарын екшеп, ойлап, өлшей бiлетiн ойлы
қарттары. Өмiрден шегiнiп қалмай, оған батыл араласып, қоғамдық
өзгерiстердiң басы-қасында жүрген еңбек адамдары. Мұны бiз Шығанақ пен
Олжабектен ғана емес, Жақып (“Миллионер”), Ермек (“Қарағанды”) бейнелерiнен
де танимыз. Кеңес тұсындағы шаруа тiршiлiгiнiң куәсi болып, оның бар
қиыншылығын бiрге кешкен Жақып та, ағылшындар билеген Қарағанды мен жаңа
өндiрiс орнының ашылуын бiрдей атқарған Ермек те – сол ортаның тiрi тарихи
есебiнде бағалы.
Осы тәрiздес өз замандастарының жарқын бейнесiн жасаған Ғабиден
солардың көзiмен қоғам, тарих сырына үңiле отырып, жаңалықты сезгiш, соған
басшы боларлық жас ұрпақтың да жаңа образдарын сомдады. Бұл тұрғыдан бүгiн
Ғабиден кiтаптарына сын айтушылар да табылар. Щербаков оларға жаттанды
достықтың куәсi болып та көрiнер. Мейрам партия өкiлi деп те кiнә тағуға
болар. Бiрақ осы бейнелердiң негiзiнде үлкен тарихи шындық жатыр ғой.
Қарағандының ашылу кезiнде оған Донбас жұмысшыларының көмегi келiп,
оны Горбачев, Костенко атты шахтерлер бастап келгенi (Қарағандыда Горбачев
атында шахта, Костенко атында парк бар), жаңа Қарағандыны өркендету iсiне
сол кезде елдi билеп отырған коммунистiк партияның басшылық жасағаны һ бәрi
де тарих, бәрi де шындық. Ендеше Шербаков тв, Мейрам да ойдан шыққан
бейнелер емес, тарихи шындыққа негiзделген өмiрде болған адамдардың типi.
Ғабиден оларды көшiре салмай, жалаң идеяның құлы етiп қоймай, тұтас,
тұлғалы дара бейнеге айналдыра бiлдi. Щербаков халықтар достығының символы
болуымен бiрге адам есебiнде де бағалы. Ал Мейрам - үлкен қала, алып
өндiрiстi қайта жасаудың басы-қасында болған ғылыми-техникалық
интеллигенцияның өкiлi. Ең алдымен – Адам. Ақылы, ойы, iсi бойынан тұтастық
тапқан жаңа сапалы Азамат. Бiз iздеп таба алмай жүрген, әлi де арман
боларлық тұлға.
Осы тұрғыда Жомарт образының да тарихи негiзi барын мойындау қажет.
Колхоз құрылысының ұзақ жолында әр қилы сәтсiздiктердiң көп болғанын, оны
қайтсек түзетемiз деп тырысушылықтың ол кездердiң өзiнде аз болмағанын бiз
тарихтан жақсы бiлемiз. “Миллионер” Ғабиденнiң сол кездегi колхоз
тiршiлiгiне риза болмай, оны өркендетудiң жаңа жолы жайындағы бiр
толғанысын бейнелейдi. Ол iс басына арманшыл, қиялшыл жастарды қойып,
солардың қолымен жаңа колхоз жасауды армандады. Жақыптардың iсiне
қанағаттанбады. Заман өзгерiсi, техникалық прогресс шаруа тiршiлiгiн де
айналып өтуге тиiс емес екенiн көрдi.
Бiр жақсысы – заман жаңа екен деп, Ғабиден адамдарын да оп-оңай
жаңарта салмайды, бiрден революционер етiп те жiбермейдi. Оларды өмiр
талқысынан өткiзiп өсiредi, жетiлдiредi, “Дауылдан кейiн” романының басты
кейiпкер Аманның, “Көз көргеннiң” кейiпкерi Сарыбаланың өсу жолын
аңдасаңыз, бұған көзiңiз әбден жетедi. Табиғаты адал, мейiрiмдi,
мойынындағы адамдық қарызын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz