Ғани Мұратбаев (1902 - 1925 жж)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ғани Мұратбаев

(1902-1925 жж. )

Орта Азия мен Қазақстандағы комсомолды ұйымдастырушылардың бірі, ЛБКЖО, жастар коммунистік интернационалының, Түркістан мен Түрікмен АССР-нің қайраткері Қызылорда облысынын Қазалы ауданында туған.

1910-1918 жылдары Мұратбаев Қызылордадағы орыс-қазақ мектебінде, жоғары бастауыш үчилещесінде оқиды. Қазалы оязында Кеңес өкіметін орнатуға және Қызыл гвардия отрядтарын құруға белсенді қатысқан. 1919 ж. ол Ташкенттегі, сонан соң Верныйдағы Кеңес өкіметіне қарсы шабуылды жаншуға қатысады. 1920 ж. қазақ-қырғыз педагогикалық училищесіндегі оқуын тәмамдайды, кейінен ол қазақ-қырғыз институтына айналдырылады. Ғани Жетісу облысында мұғалімдерді даярлау курсын ұйымдастырады, Жетісу облыстық және верныйлық қалалық комсомол ұйымдарын құруға қатысады. 1920-1921 жылдары Ташкентте орыс тәжірибе-үлгілі орта мектепті бітіреді. Бұл кезде Мұратбаев оқу орындарында лекция оқиды, мұғалімдер даярлау жөніндегі жедел курстарын ұйымдастырады, халық арасынан жастарды Түркістанның әртүрлі оқу орындарына және онан сырт жерлерге жібереді, оларға материалдық көмек көрсетеді. 1923 жылы ол Түркістан университетіне түсуге дайындалады.

Бұл уақыттарда Мұратбаев Түркістан комсомолы газеті «Жас алаштың» жауапты хатшысы және қазақ-қырғыз жастарын коммунистік тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ұйым бюросының төрағасы болды. 1921 ж. Түркістан комсомолы ІІІ съезінде мүше және ОК хатшысы болып сайланады. Осы жылы аштық кезінде Мұратбаев босқындарды жұмысқа орналастыру, тамақтандыру пункттерін ашу, аштықка ұшыраған аудандарға азық-түлік жіберу жөніндегі үлкен ұйымдастырушылық жұмыстарын күшейтті.

1922-1924 жылдары Мұратбаев - РКСМ ОК Орта Азия бюросы жауапты хатшылығының мүшесі, Хорезм және Бұхарада Кеңес республикаларының комсомол ұйымдарына көмек көрсету жөніндегі комиссияны басқарады. Орта Азия мен Хорезмдегі комсомол ұйымдарының жұмысын басқарудағы және басшылармен күрестегі көрсеткен жігері үшін ол Хорезм Кеңестік республикасының Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады. Сонымен бірге, Түркістан комсомолы тарихын зерттеу жөніндгі комиссияның төрағасы болады.

1924-1925 жылдары - РКСМ бюросы мүшелігіне кандидат, Шығыс елдері арасында жұмыс жүргізу жөніндегі Коммунистік интернационал жастары атқару комитетінің меңгерушісі, Түркістан комсомолы ІІІ-Ү съездерінің, РКСМ - ІҮ-ҮІ съездері, Түркістан Республикасы Кеңестерінің ХІ-ХІІ съездерінің, жастардың Коммунистік Интернационалының ІІ-ІҮ конгрестерінің, Коминтерінің ІҮ конгресінің делегаты, комсомолдың Ү съезінде (1922) мүшелікке кандидат, ҮІ съезде ОК мүшесі, Түркістан КП ҮІІІ съезінде (1924) - ОК мүшесі, республика Кеңестерінің ХІ-ХІІ съездерінде - ОАК мүшесі, жастардың Коммунистік Интернационалының ІҮ Конгресі атқару комитетінің мүшесі болды.

Өкпе ауруы Мұратбаевты 1925 жылы наурызда Сухумиге баруына мәжбүр етті, бірақ ем-дом оған көмек етпеді, ол 1925 жылғы 15 сәуірде қайтыс болды. Мұратбаев Қазақстандағы комсомолдың құрылуы мен дамуына көп еңбек сіңірді. Ол РСФСР Әскери-Теңіз Флотының Құрметті матросы болды.

Комсомол жұмысымен айналыса жүріп, Мұратбаев ұлттық мәдениетіңін дамуына үлкен көңіл бөлді. Оны халық эпосы, өлеңдері мен күйлері толғантты, халық шығармашылығының таңдаулы шығармаларын таспаға жазып алу және сақтау үшін ылғи да ұсыныс жасап, оған бар күшін салды. Мұратбаев А. В. Затаевичтің «Қырғыз халқының 1000 әні» атты музыкалық еңбегін де атап өтті.

Алматыда Ғани Мұратбаевтың есімімен көше аталған, ескерткштері Мәскеуде (Ваганьков атындағы қабір), Шымкентте, Алматыда қойылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа экономикалық саясат
Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының теориялық мәселелері
Ғани Мұратбаев
Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындығы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы
Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Пионер звеносы
Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық- саяси өмірі
Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
ХХ ғ. 20-30 жылдардағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz