Ғабит Мүсіреповтің портреттеу шеберлігі: Ұлпан романындағы Есеней бейнесін талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Ғабит Мүсірепов - портретші2

Пайдаланған әдебиеттер7

Ғабит Мүсірепов - портретші

Заманымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов сыншы Сағат Әшімбаевпен сұхбатында былай депті: «Біз әкенің намысын, адамдық арамызды қалай жан-тәнімізбен қызына қорғасақ, әдебиеттің арын да қызғыштай, азаматтықпен қорғауымыз керек. Әдебиет ары - халықтың ары» /1. 543/

Кезінде ұлттық әдебиеттің өркендеуі жолында аямай тер төккен Ғ. Мүсірепов қаламынан «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан» тәрізді салмақты романдар туды. Аталған туындылардың әдебиетімізден алар орны туралы әдебиетші - ғалымдардың жылы лебіздері, қомақты зерттеулері аз емес.

Сөз зергері ретінде танылған жазушының образ жасау, характер сомдау шеберлігі бұл күнде «Көркем образ сомдаудағы Мүсірепов мектебі» дерліктей деңгейге көтерілді. Қаламгердің образ жасауда ұтымды қолданған тәсілі - портрет.

Зерттеуші Х. Әдібаев «Талант. Талғам. Тағдыр» еңбегінде Мүсіреповтің портрет жасау шеберлігін айырықша атап өтіп, «Оянған өлке» романындағы Жұман портретіне мән береді. Осы ретте «Ұлпан» романындағы Есеней бейнесінің жеке характер ретінде танылуына көркем портреттің қосқан үлесі өте зор.

Есеней - иісі қазаққа мәлім айтулы тұлға. Оның көркем бейнесі романда жан-жақты ашылған. Жазушы оқырман қауымға Есенейді, ең алдымен, Ұлпанның қабылдауы арқылы таныстырады. «Қалың қара шұға жалбағай бет - аузын жауып кеткенімен, атандай қара кер аттың үстіндегі зор денелі адамның Есеней екенін Ұлпан да ішінен таныған» /2. 11/

Қысқа ғана портреттік белгісінен болашақ кейіпкердің оңай адам емес екені сезіледі. Романның өн бойында автор Есенейді, көбінесе, өзге кейіпкерлердің көзқарасы, қабылдауы арқылы көрсетуге тырысқанын айтқымыз келеді. Алғашында Ұлпан көзімен берілген Есеней портреті одан кейін аға сұлтанның, қызы Біжікеннің топшылауынан терең танылып, характерлік болмысын айқындай түскендей. Автордың тарапынан ерекше бір портреттік белгісі ретінде Есенейдің таяқтай-таяқтай қара шұбар саусақтары жиі ескеріліп отырады. Тіпті одан әрі кейіпкердің сырт келбеті, бітім - болмысы жіліктеліп берілмеген күнде де осы бір сараң ғана портреттік белгінің өзі аз жүк көтермеген болар еді.

З. Қабдолов былай дейді: «Портрет адамның бүкіл анатомиясын түгел қамтып, жіпке тізе беруі шарт емес. Әр портретте әр адамның ең бір ерекше сипаты ғана нақты, затты, қысқа, қызық суреттелген жөн. Портрет сонда ұтымды шықпақ» / 3. 110/

Жазушы қаламына тән ерекшелік - Есеней бейнесін сомдағанда кейіпкеріне портрет беруге жөнсіз мырзалық танытпайды. Керісінше, үлкен сақтықпен қажетті деген портреттік белгілеріне ғана тоқталып отырады. Мәселен, төмендегі үзіндіден Есенейдің характерлік сипаты, ішкі жан-дүниесі, мінез-құлқы елес бергендей: «Бет-аузына адам тура қарай алмайтын қара шұбар, орта бойлы Есенейге аға сұлтан әрі таңдана, әрі қауіптене қарайтын еді». /2. 14/

Әдебиеттегі психологизм бағытын зерттеуші ғалым И. В. Страхов кейіпкердің характерлік сипатын тануда оның жеке физиологиялық белгілерінің үлкен қызмет атқаратынын ескертеді. Осы ретте романда Есенейдің таяқтай-таяқтай қара шұбар саусақтары мен қара шұбар бетінің берілуін қаһарманын даралаудағы жазушы қолданған көркемдік әдіс деп қорытуға болады.

Портретші Ғ. Мүсіреповтің тағы бір ерекшелігі - өмірден, тіршіліктен көрген рахаты, болмаса тартқан азабына, түрлі жағдайларға байланысты кейіпкердің психологиялық портретін дәлме-дәл бере білетіндігі. Бір сапарынан қатты қалжырап, әбден болдырып, сырқаттанып келген Есенейдің портреті: «Есеней ертеңіне түске жақын оянды. Сақал-шашы өлі жүндей ұйпа-тұйпа, өңінен айрылып бозарып кетіпті. Бет-аузы өзінікі емес, сексенге келген шалдікі дерлік. Барлық бет - терісі алқымына қарай салбырап, ең кемі он жас қартайып тұрды. Бұрынғы әжім дегендері енді көп киілген кенеп шалбардың тақымдығындай қатпар-қатпар жүзінде бірден көзің үйрене алмас айбар, ызғар болушы еді. Қазір Есенейдің жымиғаны, Ұлпанға мейірім төге қарағаны көргің келместей жалынышты екен». /2. 156/

Үзіндіден кейіпкердің жан күйзелісі, айырықша психологиялық ахуалы сезіледі. Бір қарағанда оқырманның аянышын тудыратын Есенейдің осы күйі оның сорлылығының, дәрменсіздігінің дәлелі емес. Есеней жанға батқан аурудың азабын тартып қалжырап жатыр. Әйтпесе, қартайдым деп тұғырдан түсер, мүсәпірсір адам Есеней емес. Ойымыздың дәлелі ретінде Біжікен көзімен берілген портреттен қанша сырқаттанып, қиналып жатса да бұрынғы өрлігінен, ірілігінен айырылмаған Есенейді танимыз: «Мұндай да үлкен бас болады екен - ау! Қырау басқан бураның басы ма дерсің. Бет-аузы табақтай жалпақ, қатпар-қатпар, қара шұбар. Бар денесі селк-селк етіп жатыр. Екі қолын екі үлкен адам ұстап отыр. Әкесінің селкілдеген қолдарымен бірге екі үлкен адам да селк-селк етеді». /2. 192/

Қырау басқан бураның басымен салыстырылған Есенейдің басы иесінің әлі де болса айналасындағылардан анағұрлым биікте екенін айғақтайды. Сыртқы тұлға - бітімі мен ішкі жан-дүниесі қатар қабысып, өзара сәйкес келген кейіпкер бейнесі қашан да сәтті болмақ.

«Ұлпан» романында жазушы Есеней бейнесін ашу үшін оған тәптіштеп мінеземе беріп жатпайды. Сирек сөз болатын жеке портреттік белгілері арқылы, бет - жүзіндегі бір өзгешелікті беру арқылы көздеген нысанасына жеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабит Мүсіреповтің Ұлпан романы: жазылу тарихы және Ұлпан мен Есеней бейнелері
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы мен Ұлпан романындағы ана бейнесі
Ғабит Мүсіреповтің Ұлпан романындағы лексика-фразеологиялық және көркемдік стиль ерекшеліктері
Ғабит Мүсіреповтің Ұлпан романындағы қазақ әйел образы мен өзге ұлт өкілдерінің характерін жасау тәсілдері
Ғабит Мүсіреповтің алғашқы повестері: Ұлпан мен Оянған өлке шығармаларының көркемдік-идеялық зерттеуі
Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты, Оянған өлке және Ұлпан романдарындағы кеңістік пен уақыт мәселесі
Ғабит Мүсіреповтің Ұлпан романы тілінің стильдік ерекшеліктері: фразеологизмдер, мақал-мәтелдер және лексикалық құралдар
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы Ана тақырыбы мен романындағы Ұлпан бейнесінің тілдік-идеялық талдауы
Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романындағы идеялық-көркемдік ерекшеліктер
Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романындағы етістіктердің өткен шақ формалары мен мағыналық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz