ЧАРЛЗ ДАРВИН



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   


ЧАРЛЗ ДАРВИН
(1809-1882)

Табиғи сұрыптау жолымен органикалық эволюция теориясын дүниеге
келтіруші Чарлз Дарвин 1809 жылдың 12 ақпанында (дәл сол күні Авраам
Линкольн да туған) Англияның Шрусбери қаласында туған. Ол он алты жасында
Эдинбург университетіне оқуға түсіп, медицинаны оқып-үйрене бастайды,
алайда ол үшін медицина мен анатомия адам жалықтыратын дәрістер болып
көрінеді де, көп ұзамай өмірін дін саласына бағыштамақ боп Кембридж
университетіне ауысады. Кембриджде ол салт атқа мініп қыдыру мен ату өнері
оқудан гөрі жанына жақынырақ екенін ұғады. Сонымен бірге ол ондағы бір
профессорге қатты ұнайды да оған британдық Бигль әскери корветіне табиғат
танушы болып орналасу туралы ұсыныс жасайды. Әкесі бұл ұсынысты баласынын
дұрыс жол таңдауына кесірін тигізетін іс деп ұғып, оған қарсы шығады.
Әйтеуір, бақытына орай, әкесі бұл сапарға қарсы болмайды, өйткені дәл сол
кезде бұл сапар бүкіл батыс ғылымы тарихындағы дүниені айналып шығудағы ең
бір табысты экспедиция болады деген болжамдар жиі айтылып жүрген болатын.
Дарвин Бигльдің бортына көтерілгенде, ол жиырма екі жаста еді.
Бигль сонан кейінгі бес жыл ішінде дүниені айналып шығып, аспай-саспай
Оңтүстік Американың жағалауына тұмсық тіреді. Ол Галапагосс архипелагының,
Тынық және Үнді мұхиттарының Онтүстік Атлантика аралдарын аралап шықты.
Дарвин осы бір ұзаққа созылған теңіз сапары кезінде көптеген таңғажайып
табиғат құбылыстарымен танысты, жабайы тайпалар арасында болды, көптеген
көне тас ескерткіштер тапты, аса мол есімдік түрлері мен жан-жануарлар
дүниесін көрді. Дарвин ол көргендерінің бәрін моншақ тізгендей етіп
толықтай қағаз бетіне түсірумен болды. Ол жолжазбалар кейіннен болашақ
ғылыми жұмыстарының негізін қалап қана қойған жоқ, сонымен бірге олардан
өзінің басты идеялары мен дәйек-дәлелдемелерін алды, теорияларының
іргетасын мызғылмастай етіп бекітуге пайдаланды.
1836 жылы Дарвин үйіне оралып, жиырма жыл ішінде оны Англия
биологтарының жетекші тобына қосып жіберген кітаптар сериясын басып
шығарды. 1837 жылдың өзінде-ақ Дарвин жан-жануарлар мен өсімдіктер өзінің
алғашқы формасында өмір сүрмейтінін, үнемі эволюциялык жолмен дамып
отыратынын ашты. Алайда Дарвин сол тұста ол эволюцияның түпкі себеп-
салдарын біле қойған жоқ. Ал 1838 жылы ол Томас Мальтустың Халықтың
орналасу заңдылығы туралы тәжірибе деген еңбегімен танысып, табиғи
сұрыптау өмір сүру үшін күрес арқылы іске асады деген қорытындыға келді.
Дарвин табиғи сұрыптау принципін қалыптастыра тұра, ол жаналығын жариялауға
асыға қойған жоқ. Өйткені бұл теория ғалымдар арасында үлкен дүбіліс пен
айтыс-тартыс тудыратынын білді. Сондықтан Дарвин көп уақытын өзінің
болжамын қорғауға қажетті ақпарат жинауға және аргументтер дайындауға
жұмсады.
Ол өзінің бұл теориясының негіздерін тек 1842 жылы ғана жарыққа
шығарды. Ал 1844 жылы осы проблема жөнінде арнайы кітап жазып шықты. Алайда
1858 жылдың маусымында, өзінің бұл ұлы еңбегін толықтыру мен өңдеуден
өткізіп жатқан тұста, эволюция теориясы жасақталған Альфред Уоллестің (сол
кезде Вест-Үндіде тұрып жатқан ағылшын табиғат танушысының) қолжазбасын
қолға түсірді. Уоллес теориясының көптеген тұстары Дарвиннің теориясымен
дәл болып шықты. Уоллес өзінің теориясын ешкімнің ықпалынсыз өзінше
жасақтап шыққан болатын, ол өзінің қолжазбасын Дарвинге жіберген себебі,
оны сол кездегі ең беделді биолог ретінде бағалай отырып, оның пікірін
білмек еді. Ақыр соңы айтыс-тартысқа созылып кететіндей ыңғайсыз-ақ жағдай
туды. Бірақ, құдай оңдап, олай бола қойған жоқ. Уоллестің қолжазбасы мен
Дарвиннің жүйеленген кітабы келесі айда-ақ біртұтас құжат ретінде
жұртшылықтың назарына ұсынылды.
Таңқаларлығы сол, бұл еңбектің тұсау кесері тұсында ешқандай да айтыс-
тартыс бола қойған жоқ. Солай бола тұра келесі жылы шыққан Дарвиннің кітабы
оқырмандар арасында үлкен сілкініс тудырды. Сол уақытқа дейін жарық көрген
кітаптардың бірде бірі Табиғи сұрыптау жолымен пайда болатын жан-жануарлар
мен өсімдіктер түрлері мен Өмір үшін күресте тектердің сақталып
қалуындай ғалымдар тарапынан да, қарапайым оқырмандар тарапынан да кең
түрде талқы-таразыға түскен емес еді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарвиннің эволюциясы
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Эволюциялық идеяның туылуы
Дарвин Чарльз Роберт
Ч. Дарвин
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Өзгергіштік түсінігі
Эволюциялық ілімнің дамуы, Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау жайлы ақпарат
Пәндер