Кемеңгер ойшыл, дана Абай


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кемеңгер ойшыл, дана Абай

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Абай

Жоспар:

І. Кіріспе.

Кемеңгер дана Абайдың жол бастауы

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Қазақтың бас ақыны
  2. Ұстаздық еткен жалықпас

ІІІ. Қорытынды.

Болашаққа - Абаймен

І. Кіріспе.

Кемеңгер дана Абайдың жол бастауы

Ас сөзбен көп мағына беруді мұрат тұтқан ой зергері жалғыз ауыз өлеңнің төрт жолына бүкіл адамзат баласының әрқайсысының өз заманы аясындағы тірішілік болмысын сыйғызып, өмірдің шындығын алға тартады. Абай - өз дәуірінің бар қайшылығының қақ ортасында болған, сол қайшылықтар қақтығысында өзінше туралық іздеп "мыңмен жалғыз алысқан" дана.

Ес біліп, сөз мағынасын аңғарарлық кезге жеткеннен бастап, Абай қазақтың әні мен өлеңінің, жыры мен дастанының небір өрнекті сөзінің қалың ортасында болып, соның асыл нәрін еміп, нұр сәулесін көкірегіне құйып өсті. Бұлай дейтін себебіміз, Абайдың өз әкесі Құнанбай - жақ біткеннің шешені, жөн білгеннің көсемі болған. Жастайынан билікке араласып, патша өкіметі қазақ даласына ел билеудің аға сұлтандық жүйесін енгізгенде қарадан шыққанына қарамастан, жеке басының алғырлық қасиетімен аға сұлтан болған үлкен дарыды талант иесі. Міне, осы Құнанбай үйі - исі қазаққа ортақ өнер иелерінің іздеп келіп түсер жайы, бүкіл тобықты ғана емес, көршілес ағайындар - наймандар мен керейлердің, уатардың сөз ұстаған билерінің бас қосып, дау шешер орны болған, былайша айтқанда қазаны оттан түспеген, кісісіз тамақ ішпеген, келелі кеңесі үзілмеген үй болған. Жаратылысынан зерделі туған құймақұлақ бала Абай осы кеңестерге, айтылған ел тарихына, рулардың айтыс - тартысына қаршадайынан қанық болып, соның бәрін де жадында сақтап, жатқа білген. Оның осылайша ел тарихын, жер тарихын жастайынан жете білуіне көпті көрген дана әжесі Зере мен тұқымында шешендік, тапқырлық, ақындық, өнерпаздық дарыған анасы Ұлжан да елеулі еңбек сіңірді. Абай балалықтан асып, бозбалалық, жігіттік жасына жеткен уақытта қазақтың ескі сөзі, көне жол жобасы, мақал-мәтел, тақпақ, ескі биліктеріне елдің маңдайалды кісілерімен қатар түскендей білім жинады. Бұрыңғы өткен ақындар, шешендер, батырлар болсын барлығы жайында әңгімелер Абайға енді таныс дүние болды.

Осы күні дана Абайды білмейтін қазақ жоқ десек, қателесе қоймаспыз. Жалғыз қазақ емес, ұлы ақынымызды байыптап оқыған әрбір адам оның кемеңгерлігін мойындады. Мұны Абай туралы толғаған басылым беттеріндегі сөздердің қайсысынан болса да байқай аламыз. Мейлі оны орыс жазушысы, мейлі француз не испан зерттеушісі жазсын, Абайдың ойшылдығы алдында бас иеді. Ақынымыздың жүз елу жылдық мерейтойын бүкіл дүние жүзі болып атап өткені де соның айғағы. Дүние жүзіне мұншалық атағы жайылардай Абай кім еді? Қандай қадір -қасиетімен әлемге есімі мәшһүр болды? Ол - қазақтың классикалық әдебиетінің атасы. Оның терең ойлылығы, кемеңгер ойшылдығы бәріміздің де жүрегімізді жаулап алды.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс көнсеңіз.

Шынында да, ғажап емес пе? Бұл асыл сөздерді оқыған әрбір азаматтың мұнымен келіспей қоймауы екіталай. Ал оның "Ғақлиясы" ше? Бұл - нағыз кемеңгерліктің, асау өзендей арқыраған қазақы философияның қайнар бұлағы. Бұл сөздердегі шындықтың бойыңды шымырлатар асыл қасиеті бар. Абайдың өзіне жүгініп көрелік: "Осы мен қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жоқ әлде жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын жақтасам керек еді"… Бірақ дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады демекші, Абай да шындықтан әрі аттап кете алмайды, қайта, ақиқатты жасырмай айтып, қазақтың жалқаулығын, надандығын бетіне баса отырып, халқын кемсіту үшін емес, халық қамын ойлағандықтан осылай жазғанын айтады. Ғақлиядағы мазмұнның соншалық бай әрі шырынды болуымен қатар, сөз құрау шеберлігі де таңғалдырады. Мұнда халық даналығын да, риторикалық сұрауларын да орынды қолданады. Артық ауыз сөз жоқ: айшықтауы да, түрлі сөз өрнектерін де шебер қолданғаны соншалық, бүкіл денеңді елжіретіп, баурап әкетеді. Оқи отырып, жүз ойланып, мың толғанасың. Бар күштің бәрі қалам ұшында екендігіне мойынсұнасың. Ойшылдың мұншалық шеберлігіне, даналығына қайран қаласың, таңдана отырып Абайдың қазақ болғандығын мақтан тұтасың.

Абайдың осындай кемеңгерлігінен басқа ұстаздық еткені де баршаға аян. Сөздеріндегі өзіне ғана тән ұлылықты шәкірттеріне дарыта білгенімен қоймай, артынан ерген осы інілерінің жан-жақты білім алуына жағдай жасайды. Білімнің құдіретті күшін түсінетін Абай:

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, - дейді.

Абай шәкірттері - Шәкәрім, Әріп, Көкпай ақындармен қатар Ақылбай, Мағауиядай балаларына да ақындық өнердің қыр-сырын үйретеді. Тапсырма бере отырып қабілетін, ой тереңдігін бағдарлайды. Әр шәкіртінің қабілетіне, ерекшелігіне байланысты бағыт-бағдар беріп отырған. Сол арқылы шәкірттерінің әрқайсысынан қайталанбас тұлға, қазақ әдебиетіне қосар үлесі бар ақын-жазушыларды тәрбиелеп шығарды. Жалғыз Шәкәрім, Көкпайлар ғана емес, өзінен кейін өмір сүрген қаламгерлердің қай-қайсысына да өз әсерін тигізбей қоймайды.

Абай халқымыздың жазба ің негізін қалаушы ұлы ақыны, ойшыл да сыншыл данышпаны. Ол - орыс патшасының отарлау саясаты сахарада салтанат құра бастаған кезде өмірге келіп, көшпелі елдің басына тәуелділік ноқтасы біржола кигізіліп, жетекке алған кезінде тіршілік кешті. Оның өзі айтқандай, "соқтықпалы, соқпақсыз" заманда "мыңмен жалғыз алысып" өсті. Өз заманынан, өз ортасынан түсіністік таппай, жұмбақ жанға айналған ол ұрпағына үміт артып, "жүрегімнің түбіне терең бойла" деп үн қатты. Сонысы үшін де кез келген халықтың маңдайына біте бермейтін осынау сирек кездесетін аса ірі де күрделі тұлғаның, сан қырлы таланттың жұмбақ жанын түсініп, құпия сырын ұғыну, оның парасатты болмысын танып, білу бүгінгі біз үшін де орындалуға тиіс аманат-міндет деп ұққан жөн. Абайды осылайша танып, ол көрсетіп кеткен тағылымдарды үйрене отырып, халқымыздың болашағына қызмет етуіміз қажет, алған еркіндігімізді баянды етуіміз керек. Азаттық алу, тәуелсіздікке қол жеткізу - үлкен іс. Ал азаттықты ұстап қалу - онан да үлкен іс, онан да қиын ұлы тірлік. Азаттықты ұстап қалу үшін, тәуелсіздікті баянды ету үшін қаутты білім керек. Олай болса, бүкіл ғұмырын ілім мен білімнің шырағын жағумен өткізген Абай өсиеті, Абай өнегесі, Абай жолы - біз үшін өмірлік бағдарлама!

Тәуелсіздік алғанымызға биыл он жыл толып отыр. Олай болса, осы бағдарлама абыроймен орындалуда: Абайдың өсиеті мен өнегесі, Абай жолы біздің қызық та қиын өміріміздің бағыт сілтер бағдаршамы іспеттес. Ал ұлы ақынның өзі болса:

- Өзімнің жеңеріме, туған халқымның жеңеріне сендім… Мен жеңіске жеттім. Мен бүгін сендермен бірге, болашақтың шыңына аршынды қадаммен барамын, - деп тұрғандай.

Әзімшайық Еділ

Қоғалы орта мектебі

Кербұлақ ауданы

Кемеңгер ойшыл, дана Абай

Шын хакім, сөзін асыл-баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

Мағжан Жұмабаев

Жоспар:

І. Кіріспе.

Абай - ерекше тұлға

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Абай - кемеңгер
  2. Абай - ойшыл
  3. Абай - дана

ІІІ. Қорытынды.

Абай шығармалары - тәрбие құралы

Абай - бүкіл Шығыс әдебиетіндегі шыңдардың бірі. Абай - қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында орны зор, жан-жақты оқыған, білімді, замандастарынан ойы қызық, талабы биік ерекше тұлға.

Жүрегімнің түбіне терең бойла.

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла

Соқтықпалы, соқпасыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол санаған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегінен ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көр сетті. Осы жолды қазақ халқының әрбір азаматы, біздер, дұрыс жүріп өтуге тиістіміз. Біздерді адастырмас тура жол Абай шығармаларында анық айтылған данышпандық ой-пікірлер, алдағыны дәл болжаған кемеңгерлігі дер едім. Ендеше, осы жерде Абай қалдырған кемеңгерлік пен болашақтың болжамын телегей теңізге, кең мұхитқа балайтын, әр таудың өз биігі, әр мұхиттың өз тереңі бар екені сияқты, Абай дүниесі - тереңнен тамыр тартқан құнарлы алып бәйтеректей.

Абай даналығының бір саласы қараңғылықпен күресуінде жатыр. Отаршылдықтың халыққа қарсы қолданылатын ең үлкен қаруы қараңғылық пен надандық деп түсінемін. Ендеше, Абай халықты азаттық пен бостандыққа қарай алып шығу үшін алдымен оны қараңғылықтың отарынан, надандықтың боданынан құтқару керек деп ұқты. Қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат болмаған ел еш уақытта да азаттық ала алмайды деп білді. Бұл жерде Абай кемеңгерлігіне бас шайқамасқа болмайды. Өткен ғасырдағы Абайдың алыстан жеткен осы үні қазіргі заманымызбен үндесіп тұрғандай. Тәуелсіздіктің тұғыры осы қараңғылық пен надандықтың күрес нәтижесінде берік орнайды дегім келеді. Абай данышпандығы қазіргі саясатымызға үн қосқандай. Бұл жерде Абай шығармаларының негізгі тақырыптары қазіргі заманымызбен үндеседі.

Абай кемеңгерлігі, терең ойшылдығы, болжағыш даналығы бүкіл поэзияның көлеміне сыйып тұр. Абайдың мәңгі өшпес даңқы, шұғылалы шыны да осы! Теңдесі жоқ шығармалар арқылы Абай ешкім шықпаған биікке самғады. Дүниеге толқын-толқын боп келіп жататын дүйім ұрпақтар ондай ұлы тұлғалардан өз керегін, рухани тірегін іздейді. Оның кемеңгерлігінің, тереңдігінің де адамгершілік асылдығының да ғажаптығы сонда - әр ұрпақ өз іздегенін табады.

Абай өлеңдері - мәңгі жасайтын асыл сөз қазынасы. Ол бүкіл ілім-білімін, бүкіл жан жылуы мен қан қызуын, бүкіл күш-қуатын өз халқына арнады. Халықтың қамын ойлаған Абай азаматтық борышты мойнына алды. Олардың алдағы болашағына шын жүректен тебіренді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары
Философ Абай Құнанбаев
Қазақ философиясы қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары
Абайдың этикалық көзқарасы
Ұлы ақын - Абай Құнанбаев
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Абайша сүйіп, абайша күйіп жүрміз бе?
Абай шығармаларындағы дүниетанымдық деректер (А. Нұрқатов зерттеулері бойынша)
Абай Құнанбаев - "Қазақтың бас ақыны"
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz