Дарвиннің эволюциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Дарвин Чарлз Роберт 2
Ч. Дарвиннің эволюция теориясы 4
Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының 7
қазіргі заманғы дамуы. Молекулярлық-генетикалық тәсіл 7
Әдебиеттер 10

Дарвин Чарлз Роберт

ДАРВИН Чарлз Роберт (12.2.1809, Ұлыбритания, Шропшир графы, Шрусбери
қ. — 19.4.1882, Даун, Лондон төңірегі) — ағылшын табиғат зерттеушісі,
жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің табиғи сұрыпталу арқылы пайда болуы
жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы (қ. Дарвиншілдік). Д. 1831 ж.
Кембридж ун-тін бітірген соң, “Бигл” кемесімен дүние жүзін айналып шығу
саяхатына қатынасқан (1831 — 36). Осы саяхат кезінде ол көптеген зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, зоология, ботаника, геология, палеонтология,
антропология және этнография саласынан аса маңызды мәліметтер жинаған.
Кейін осы мәліметтерге сүйене отырып, ол “Маржан рифтерінің құрылысы мен
таралуы” деген еңбегінде (1842) ерте заманда өліп біткен жануарлар мен
қазіргі жануарлардың арасында тарихи байланыстың барлығын; “Жанартаулы
аралдарды геологиялық бақылау” деген еңбегінде (1844) Галапагос аралдарынан
бұрын еш жерде кездеспеген кесіртке, тасбақа және құстардың түрін тауып,
олардың Оңт. Америка түрлеріне жақындығы бар екенін; “Оңтүстік Американы
геологиялық бақылау” деген еңбегінде (1846) Оңт. және Солт. Америка
құрлықтарының жануарлар дүниесін салыстырғанда, олардың түрлік құрамында
үлкен айырмашылықтың бар екенін анықтап, жануарлардың геогр. таралу
заңдылықтарын ашты. Д-нің ең маңызды еңбегі — “Табиғи сұрыпталу жолымен
түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың
сақталып қалуы” (1859). Д. бұл еңбегінде өсімдіктер мен жануарлар
түрлерінің өзгеріп отыратындығын, олардың қазіргі түрлерінің табиғи
сұрыпталу арқылы ертедегі басқа түрлерден пайда болғанын атап көрсетті.
1868 ж. жарық көрген Д-нің екінші маңызды еңбегі — “Үй хайуанаттары мен
мәдени өсімдіктердің өзгеруі”. Бұл еңбегінде Д. өсімдіктер мен жануарлардың
адамға пайдалы түрлерін қолдан сұрыптау арқылы шығару жөніндегі мәліметтер,
органик. формалардың эволюциясы жайында аса құнды дәлелдемелер келтірілген.
Үшінші маңызды еңбегі — “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” (1871).
Мұнда ол эвол. ілімді қолдана отырып, адамның арғы тегінің жануарлардан
шыққандығына көптеген дәлелдер келтіреді. Ал “Өсімдіктер әлеміндегі айқас
тозаңдану мен өздігінен тозаңдану әрекеті” деген еңбегінде (1876), өсімдік
гүлінің құрылысы олардың өздігінен емес, айқас тозаңдануға мүмкіндік
туғызып, соның нәтижесінде жақсы тұқым алуға болатынын анықтады.
Өсімдіктердегі айқас тозаңдану — табиғи сұрыпталудың бірден-бір факторы
деген тұжырымды дәлелдей түсті.
ДАРВИНШІЛДІК, дарвиндік теория — органикалық дүниенің эволюциясы, яғни
оның тарихи даму процестері мен заңдылықтары жайлы Ч.Дарвиннің көзқарасына
негізделген теория. Дарвиннің ілімі бойынша, эволюцияның қозғаушы күштері:
тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыпталу. Өзгергіштік жаңа
белгілердің қалыптасуының негізі болса, тұқым қуалаушылық ол белгілердің
ұрпақтарға берілуін қамтамасыз етеді, ал табиғи сұрыпталу тіршілік
жағдайларына бейімделе алмаған организмдердің жойылуына себепші болады.
Осының нәтижесінде организмнің бейімділік белгілері күшейіп, жаңа түрдің
түзілуі жүреді. Дарвиннің эвол. теориясын жақтаушы ғалымдар Д-ті
насихаттап, одан әрі дамытып, жаңа ғыл. бағыттарды: эвол. палеонтологияны
(В.О. Ковалевский, Л.Долло), эвол. морфология мен эмбриологияны (Э.Геккель,
Ф.Мюллер, А.О. Ковалевский, И.И. Мечников), салыстырмалы және тарихи
биогеографияны (А.Уоллес, Н.А. Северцов, М.А. Мензбир, т.б.) қалыптастырды.
Неміс ғалымдары Э.Геккель (1834 — 1919) және Ф.Мюллер (1821 — 1897) Дарвин
болжам жасаған биогенетикалық заңды тұжырымдады. Э.Геккель органик.
дүниенің шежірелік кестесін құрып, бүкіл тірі табиғатты үш типке бөліп,
олардың бір ата-тектен шыққанына күмән келтірмеді. Классикалық Д-тің
жақтаушылары: ағылшын биологы Т. Гексли (1825 — 1895; 1860 ж. “Д”. терминін
ұсынған) және орыс ғалымы К.А. Тимирязев (1843 — 1920) айқын емес
өзгергіштік пен тіршілік үшін күреске негізделген табиғи сұрыпталуды
эволюцияның аса маңызды жетекші және бағыттаушы факторы екендігін қуаттады.
19 ғ-дың 80-жылдарында Д-те неміс ғалымы А.Вейсман (1834 — 1914) және
ағылшын биологы А.Уоллестің (1823 — 1913) көзқарастары негізінде жаңа
дарвиншілдік деген жаңа бағыт пайда болды. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың
басында Д-те бірнеше жылдарға созылған дағдарыс болды. Бірқатар белгілі
ғалымдар (Р.Оуэн, Л.Агассис, Р.Вирхов және Н.Я. Данилевский) табиғи
сұрыпталу теориясын қатты сынап, тіпті оны жоққа шығарды. Мендельдік
генетика қалыптасқаннан кейін де кейбір ғалымдар (Де Фриз, Т.Морган, т.б.)
тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдарының ашылуы Д-тің қажетсіздігін
көрсетеді деген ойда болды. Дегенмен, Д-тегі бұл дағдарыс табиғи сұрыпталу
теориясын тереңірек зерттеуге түрткі болды. Д-тің онан әрі дамуы
биологияның, медицинаның жинақтаған деректерін қорыту, жинақтау арқылы іске
асырылып, қазіргі кездегі эвол. ілімге айналды. Эвол. факторлардың
(мутациялық процесс, популяциялық толқындар, оқшаулану, тіршілік үшін
күрес, табиғи сұрыптау) атқаратын рөлдері, алатын орны анықталды,
эволюцияның қарапайым бірлігі — популяция, ал эволюцияның қарапайым
құбылысы — популяцияның генотиптік құрылысының өзгеруі екендігі
тұжырымдалды. Генетик. түр дамуы теориясының, сондай-ақ, биология ғылымының
басқа да көптеген салаларының мәліметтерін Д. негізінде жинақтап қорыту
эвол. теория дамуының қазіргі синтездік кезеңін, ең алдымен микроэволюция
туралы ілімді қалыптастырды. Микроэвол. деңгейді, оның ішінде жүретін эвол.
процесс механизмдерін зерттеуден алынған күрделі табыстар макроэвол.
деңгейдегі мәселелерді (түрден жоғары деңгейдегі таксономиялық топтардың
пайда болуы, эволюцияның қарқыны, т.б.) шешуге мүмкіндік жасады. Д.
қоршаған табиғи ортаны, олардағы тұрақтылық пен тепе-теңдік қатынастарды
бұзбауға, табиғатты қорғау және оның байлықтарын ғыл. негізде тиімді
пайдалана білу керектігін түсіндіреді. Д. жан-жақты сыналып,
талқыланғанымен оның негізгі қағидалары әлі күнге маңызын жойған жоқ,
қазіргі ғылымда өзінің жалғасын табуда.

Ч. Дарвиннің эволюция теориясы

Тірі табиғат үшін эволюциялық даму - ажыратылмайтын және ерекше қасиет.
Биологияда бұл тұжырымдама әр текті мамандандырылған биологиялық білімнің
синтезі жүргізілетін платформа функциясына ие болды. Нәтижесінде
айтарлықтай дербес білім саласы - эволюциялық биология қалыптасты.
Эволюциялық биология ғылымы тірі организмдердің өзгеруі мен даму
заңдылықтары, дамуға қозғаушы күштері мен себептері туралы ғылым. Эволюция
теориясы бойынша барлық тірі организмдердің әр түрлілігі бір-бірімен
байланысқан үш фактордың әсерінен туады: тұқым қуалаушылық, өзгергіштік
және табиғи сұрыптау. Бұлар эволюция теориясының негізгі принциптері.
Сізге, әрине, орта мектеп курсынан дарвинизм негіздері жақсы таныс. Ч.
Дарвин өз теориясын кәдімгі натуралист болып жасады: оның ілімі - тірі
табиғатты оның ең әр түрлі көрініс-құбылыстарды жан-жағынан зер сала, ынта
қойып бақылауының жемісі. Ағзалардың химиялық құрамы мен заттар алмасу
процестері туралы оның заманындағы шамалы білімдердің ол үшін аса маңызы
бола қойған жоқ. Сонда да кейін біртұтас теорияға айналған басты идея -
табиғи сұрыптау идеясы туу үшін тек бақылаулар мен суреттеулер жеткілікті
болып шықты. Ч. Дарвин оларды бір жүйеге келтіріп, жинақтағанда жан-жақты
мәнге ие болатын фактілерді ашты. 1859 жылы ол өзінің әйгілі “Түрлердің
табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы” атты еңбегінде өзінің зерттеу
нәтижелерін тұжырымдай отырып, органикалық әлемнің эволюциясының негізгі
факторлары мен себептерін ашты. 1871 жылы Ч. Дарвин “Адамның пайда болуы
мен жыныстық сұрыптау” атты еңбегінде адамның маймыл-тұқымдылардан шыққаны
туралы гипотезасын жасады.
Ч. Дарвин Ламарктың эволюциялық концепцияларының кемшіліктерін жоя
отырып, органикалық әлемнің эволюциясы жоғарыды айтып кеткен үш негізгі
фактордың әсерінен болатын көрсетті: тұқым қуалаушылықтың, өзгергіштіктің
және табиғи сұрыптаудың. Өзгергіштік организмдердің құрылымдарындағы жаңа
қасиеттер мен функциялардың қалыптасуына әкеледі. Тұқымқуалушылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық биология
Эволюциялық идеяның туылуы
Еңбек тұжырымдамасы
Эволюциялык идеялар
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Органикалық дүниенің даму мәселелері
ЧАРЛЗ ДАРВИН
Ғылыми білімнің құрылымы
Пәндер