Дина Нұрпейісова. Күйімді тарт күңірентіп



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Дина Нұрпейісова

Өткен ғасырдың орта кезінде, Европаны, оның ішінде классикалық бидің
бесігі – Парижді шулатқан атақты балерина – Мария Талионий Москваға
келгенде, оның шеберлігін аңыз қып айтып жүрген. Әрине, аңыздың ішінде
шындық та болатын. Біреулер Талионийдің биі, биді түсінбейміз деушілерді де
түсіндірді деген. Біреулер Талионий билеп жүргенде аяғы жерге тимей, ұшып
жүр деуге болатын болды, - деген. Біреулер сахнада Талионийге тасталған
букет шөмеле болып қалды. Талионийдің гастролінің тұсында саудагерлер,
басқа кәсіптен көрі, түсімі аса көп болған себепті шөп саудасына айналды –
деген.
Дина алғашқы Алматыға келгенде, тап Талионий сияқты болмағанмен
бірқатар аңыздар тарап жүрді. Сахнада Дина Төремұратты дүрілдетіп,
Бұлбұлды безілдетіп, екі ғасырдың домбыра тарту практикасын астана
көрермендердің алдына тартқанда, О, мың жаса! демеген адам қалған жоқ.
Сахнаға шөмелелеп шөп үймегенмен, осы айтылған ризалықтың алғысы олқы
сыйлық емес еді. Домбыраның шын иесін көрген халықтың бұл қошеметтеуі
сексенді алқындырған Динаның да рухын көтеріп, бірінің артынан бірін, күйді
түйдектетіп тастап еді. Байтал шауып бәйге алмас деген мақалдың адыра
қалғанын жұртшылық өз көздерімен көріп еді.
Міне, сол Дина әңгімелескеннің де, қолына домбырасын алып, сом дене
әлі де беріктігін көрсетіп, тіп тіке шарта жүгініп отырып:
Құрекең – деп бастайды әңгімені. Өйткені, Нарынның құмында ел
бостандығы үшін, ала ту ұстап ер Исатай аттанса, сол ұрында екі шекті
домбырада көтерген Құрманғазы өлер алдында Динаға қолындағы домбырасын
ұсынып:
Домбырам мұрам, ал, балам,
Мүлкім осы қалдырған.
Ұсынамын қолымнан,
Иелік ет, балдырған.
Құрманғазы кім десе,
Өмірін отқа шалдырған.
Күйімді тарт күңірентіп
Тыңдаушысын қандырған.
Перне сайын тілім бар,
Екі шекті үнім бар.
Ашуым бар, мұңым бар,
Кейінгіге сырым бар.
Сақтай білсең, жан балам,-
Сенімен бірге жасарып,
Жасайтұғын түрім бар.
Қыс арылып, жаз келіп,
Жайнайтұғын күн болар;
Азап кетіп, бақ келіп,
Қайнайтұғын күн болар.
Өмір орнап, өлімді
Айдайтұғын күн болар.
Ән менен күй ағылып,
Сайрайтұғын күн болар.
Домбыраның құлағын,
Шын бұрайтын күн болар.
Сонда енең Дина жан
Ұрпағым келіп алдыңа
Атамыздың күйін тарт!
Деп сұрайтын күн болар.
деп кеткен болатын. Жоғарыдағы айтылған Динаның халықты таң калдырған
күші, шеберлігі, осылай тарихи мұра, күрестің күйі, елдің, ердің ұраны
болғанынан еді. Тыңдаушыны таңқалдырған тарих пен таланттың бас қосқаны
еді.
Дина 1861-жылы, осы кездегі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала
ауданындағы Бекетай құмында туды. Әкесінің өз шаруасы өзінде, артық
дәулеті болмағанмен, өзінің сауса сауыны, көшсе көлігі, негізгі кәсібі мал
бағу болды. Ол кездің азаматтық құқығы бойынша, Динаның әкесі әкімшілік
биліктен дәме етпейтін адам еді. Сұлтандық шенге ие болып келіп, қазаққа
ала-бөле, ерекше туыс болып көріну үшін өздерін төре деп атағандардың
езуінде көп жылдар жүрді. Мал бағудан басқаға алаңдамас, жасынан өжет қыз
Динаның еркінірек өсуіне бұл жағдай себеп болды.
Дина, өзінің айтуы бойынша, тоғыз жаcқа келгенде-ақ, қолына домбыра
ұстады. Домбырашы болатындағы білініп тұрды. Жасы он тоғызға келгенде,
белгілі домбырашылар қатарына қосөзен айналасындағылардың ішінде
домбырашылығы бірден-ақ көзге түсті. Сол айналада домбырашылардың
репертуарында жүрген- Соқыр Ешан, Бала Майсан, Ұзақ сияқты домбырашылардың
күйлерімен қатар, Дәулеткерей, Құрманғазылардың халық арасына тарап кеткен
күйлерін тартты. Көп ұзамай, Дина жоғарыда айтылғандай Құрманғазыны көрді.
Құрманғазының күйлерін енді өз қолынан үйрене бастады. Құрманғазының теңіз
техникасы Динаны таңқалдырды. Бірақ, қалай да тек күйін ғана емес,
Құрманғазының домбыра тартудағы өзі есте жүрген, көре жүрген
домбырашылардың ерекшелігін түсінуге тырысты. Осы оймен Дина Құрманғазының
қасына ерді. Біраз уақыт жолдас болды. Жас Динаның жаздай жарқыраған
домбырашылық болашағын көріп қуанған Құрманғазы аянбастан өнерін үйретті.
Домбыраның домбыра үшін ғана емес, өмір үшін қолданылатыны, күйдің өмір
екендігі, күйдің тарих екендігі Динаға енді анықталды. Дина Құрманғазының
репертуарын алумен қатар, оның ойнау техникасын, домбыраның даму жолындағы
кіргізген жаңалықтарын меңгерді. Динаның өзінше айтқанда, ол солай етіп
Құрманғазыдан форма алды. Осы кездерде, Дина асқан домбырашы, әкесінің
өнерін ұстап қалғаның бірі, Дәулеткерейдің баласы Салауатпен танысты.
Салуаттан Дәулеткерейдің күйлерін үйренді. Салуатпен да жолдас болып,
Дәулеткерейдің Жігер, Бұлбұл сияқты күйлерін, Әлікейдің Аңшылық
сияқты күйлерін, Түркештің Байжұмасы сияқты күйлерін үйренді. Сөйтіп,
Дина өз заманындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домбыра аспабы құрылысы
С. Бақбергеновтің өзіндік қолтаңбасына, стиль ерекшеліктеріне талдау жасау, баға беру
Қазақ халқының күй өнері
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі
Дина Нүрпейісова
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
Халықтың музыкалық шығармашылығы
БАЯНҒА ЛАЙЫҚТАЛҒАН ДОМБЫРА КҮЙЛЕРІ
Домбырашының концерттік орындаушылық репертуары
Казақ халқымыздың музықалық мұралары
Пәндер