Дулат Бабатай-ұлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Дулат Бабатай-ұлы1

Библиография2

Дулат Бабатай-ұлы

(1802 - 1874 жж)

Дулат Бабатайұлы - туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Биылғы жылы республикалық деңгейде Дулат Бабатайұлының 200 жылдық мерейтойы аталып өтілмекші.

Қолда бар деректерге қарағанда Дулат жырау 1802 жылы дүниеге келген. Оның туып өскен жері қазіргі Семей облысы, Аякөз ауданы, бұрыңғы ру жүйесімен таратқанда Найман ішіндегі Қара Керейге жатады.

Алтай, Ертіс өңірін жайлаған қалың найманды Абылай хандығына бағындыруда Қабанбай батыр мықты ұйытқы болып, қол бастайтын батырлығы және ел салмағын аудармай ұстаған ру басы ақсақал екені анық. Осы ортадан шыққан толғау ақыны Дулат өзінің өлең жырларында Қабанбай батырды пір тұтып, оның жасаған еңбегін қол жетпес арман етеді.

Ол патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген адамдардың бірі. Дулат халқының тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын. Жырау ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Оның шығармалары көзі тірісінде ел арасында мол тарағанмен көпке дейін қағаз бетіне түспей келген. Оның тұңғыш жинағы 1880 жылы "Өсиет -наме" деген атпен Қазан қаласында басылып шыққан. Бұл кітапқа өсиеттері мен толғаулары енген.

Жырау шығармашылығынан елеулі орын алатын "Еспембет" атты ұзақ толғау. Ақын бұл шығармасында жетім бала тағдырын сөз қылады.

1990 жылы қарт Шәрбән Асқарқызы ананың басшылығымен Дулат ақынның кесенесі, қабірі, тасқа жазылған белгісімен Ақшатауға 20 шақырым жердегі Қызылжардан табылған. Қабір басындағы таста арапша Дулат деген жазудың астында Әріп деген жазу бар. Демек бұл тасты қабір басына қоюшы Әріп Тәңірбергенов. Аякөз жұртшылығы және жазушылар Қабдеш Жұмаділов, Несіпбек Айтұлы 2001 жылы ақын кесенесінің басына жиналып, құран оқып, оны қайтадан жаңадан тұрғызуға, дүниеге келгеніне 200 жыл толуына байланысты мереке өткізуге уағдаласты. Сөйтіп, небары 2, 5 айда сегіз қырлы кесене бой көтерді. Кесенені көтерген "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясына қарасты Аякөз темір жол станциясының қызметкекрлері.

Дулат шығармаларын зерттеген талантты ғалым Қ. Өмірәлиев. Бұл жайлы "Қазақ поэзиясының жанры мен стилі" атты еңбегінде жан -жақты талдаған.

Зерттеудегі сүйенетін екінші дерегіміз халық ақыны семейлік Шәкір Әбенов тапсырған қолжазба.

Дулаттың ақындық шеберлігі, тіл кестесі, шығармаларының көтерген мәселелері жайлы кейінгі жылдары ғалымдар: Р. Сыздықова, М. Мырзахметов, С. Негимов, А. Сәбитовтердің жан-жақты мақалалары шықты.

Сөз соңында айтарымыз "сөзбен сурет салып, ой түйемін" деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, Дулат жасаған "жібек сөзді кестелі жырдан" алар нәріміз де, дәніміз де мол.

Библиография

Алтай Ж. Философия тарихы : Жоғары оқу орындарына арналған оқулық . -Алматы: Жеті жарғы, 1999. -288б.

Ахметов З. Елдіктің жыршысы, еркіндіктің жоқшысы//Қазақ әдебиеті. -2002. -19 тамыз. -Б. 14

Бабатайұлы Д. Тұнық тұма: Өсетнама: Өлеңдер мен дастандар / Сын зерттеу көзқарастар. -Алматы: Раритет, 2002. - 288 б.

Бекбосынов М. Отарлық дәуірдегі әдебиет және Дулат Бабатайұлы шығармаларындағы заман сұрқы //Вестник университета Қайнар. - 2000. - N9. - Б. 19-25

Бекбосынов М. Орталық дәуірдегі әдебиет және Дулат Бабатайұлы //Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2000. - N9. -Б. 30-34

Дәстүрлі реалистік әдебиет // Сүйіншәлиев Х. Ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: Санат, 1997. -Б. 435-442

Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. - Алматы: Ғылым, 1987. -344б.

Исматова С. "Еспембет" дастанының көркемдік ерекшелігі мен тілі // Қазақ тілі мен әдебиеті. -1997. - N9-10. -Б. 37-41

Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі: XIX ғасыр бірінші жартысы. - Алматы: Ғылым, 1983. -237б.

Пертаева Э. Дулат Бабатайұлының әлеуметтік саяси көзқарасы// Қазақ тілі мен әдебиеті. -1998. - N9-10. -Б. 83-84

Рай К. Жарияланбаған жырлардың жұмбағы //Жұлдыз. -2001. - N6. -Б. 143-148

Сабырбаев Қ. "Би мен бектің сәні жоқ, елін қорғай алмаса"// Семей таңы. -2002. - N38. -Б. 2

Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті XVIII-XIX ғғ. -Алматы: Мектеп, 1981. -167б.

Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері: Ерте дәуірден XIX ғасырдың аяғына дейін. -Алматы: Қазақстан, 1967. -385 б.

Үмбетаев М. Ақындық пайым парызы //Ақиқат. -2002. - N3. -Б. 77-81

Шәкерұлы Ғ. Дулат Бабатайұлы //Дидар. -2002. -15 маусым. -Б. 2

Дулат Бабатайұлы (1802-1871)

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Семей облысының Аягөз ауданында туады. Мұсылманша сауат ашып, оқу оқыған, өз уақытының аса білімді адамының бірі. Жалпақ қазақ жұртының жыр өлкесінде дара шапқан тұлпардың бірі - Дулат ақын 1871 жылы қайтыс болады.

Дулат казақ поэзиясының атты шулы үздігі. Өз уақытының жан ауыртқан жайларын өлеңге түсіруші жыршы ғана емес, сол жайлардан үлкен әлеуметтік ойлар түйген ойшыл.

Дулаттың жыр кестесі қазақ поэзиясының жаңа мүмкіндік көкжиектерін көтеріп кеткен ғажайып көркемдік әлем болды.

Күні бүгінге шейінгі қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеу-зерделеулерде Дулат акынның аты қағаберіс қалып көрген жері жоқ. Дулат Абайдың алдындағы жаңа сапаға ойысқан қазақ өлеңінің зергері. XIX ғасырда жасаған, орыс отаршылдығы бар ойранын салып жатқан уақытты көзбен көрген Дулат - сол дәуір туғызған зар заман әдебиетінің аса көрнекті өкілі.

Қазақ әдебиетіндегі белгілі бір дәуірде жасаған үлкен әдеби мектептің басы. Дулат өз заманындағы сауатты, білімді аса мәлім мәшһүр ақынның бірі.

Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы шамамен 1500 жолдай делінеді. 1839-1919 жылдар арасында ғұмыр кешкен Байділдә деген Дулаттың көз көрген, замандас адамы Дулат өлеңдерін жазып алып, қолжазба күйде сақтап ұстап, кейінгіге табыстайды. Оны беріге жеткізген Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлы.

Дулат Бабатайұлының өлеңдері Қазан төңкерісіне шейін "Өсиетнама" деген атпен Қазанда (1880) басылып шыққан. Баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлаған. Бұл жинаққа өсиет, ғибарат өлең, толғаулар енді. Жалпы көлемі 800 жолдай.

Дулат ақыннын өмірбаян деректері, өлеңдері кейіннен жиналды. Әдебиет тарихына қатысты еңбектерде алғаш көрінуі С. Мұқанов пен Қ. Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясында. Мұнда ақын өмірбаяны мазмұндалады.

Қ. Жұмалиев 1940-1941 жылғы шыққан мектеп оқулығында өмірі мен шығармаларын талдап жазды. "Қазақ әдебиеті тарихында" қысқаша мәлімет бар. "ХVШ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары" (1962) "Үш ғасыр жырлайды" (1965), "Дастандар"(1960), "Бес ғасыр жырлайды" (1989), т. б. жинақтарда Дулат шығармалары басылды. Дулаттың әдеби мұрасына қатысты толымды, жүйелі зерттеу жүргізген, ақын мұрасының ақиқатын қорғау жолында жақсыны да жаманды да көрген ғалым - Ханғали Сүйіншәлиев. Дулаттың әдеби мұрасын мазмұндық, өркемдік жақтан жүйелеп, бағалады, шығармаларын насихаттап, баспа бетіне жариялады. Алғашкы ауыз толтырып айтарлық зерттеудің бірі - "Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері" "атты монографиясында. 1959 жылғы конференцияда ақын мұрасын бірден-бір арашалап сөйлеген -Х. Сүйіншәлиев.

Қажым Жмалиев Дулат акынның шығармашылық мұрасын теориялық, әлеуметтік-саяси, тарихи жақтарын қарастырды.

Дулат поэзиясының көркемдік өлшемі, қисапсыз құндылығы жайлы жерін жеткізе Р. Сыздықов, Қ. Өмірәлиевтер сөйледі.

М. Мағауин Дулатты өз заманының аса сауатты адамдарының бірі деп, ақын бағасын береді. "Дулат қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байыта түсті, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді".

Біздіңше Дулат шығармашылығының ең басты өзгешелік сипаты: ақын өлеңі - бірнеше ғасыр ішіндегі қазақ поэзиясының тоқайласқан тұсы. Дулатта ескінің түсі де жаңаның түрі де - бәрі де бар.

Х. Сүйіншәлиевтің мына бір тұжырымы әбден рас. "Дулат өлендерінің мазмұны, тілі халық ауыз әдебиетімен ғана үндесіп жатпайды. Соған қоса Абай, Ыбырай, Махамбет, Шортанбай сияқты кейінгі ақындармен үндесіп, пікірлері астасып жатады". Дулат шығармалырының сарыны - замана күйі. Өз уақыты туғызып отырған құбылыстар. Дулат шығармаларының шеберлік сырлары шексіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зар – заман ақындары Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы М.Мөңкеұлы
ХV111 –Х1Х ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы
Тәуелсіздік жолында күрескен батырларлардың ерлігі
Оқушыларды сыныптан тыс үйірме жұмыстарында майлы бояумен жұмыс жазудың қыр-сырына үйрету
Ақтөбе облысының өзендерінің суының жылдық нормасын табу
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Қазақ психологиясының даму кезендері және бала тәрбиесіндегі алатын орны
Этнопсихология жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz