Мiржақып Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Оян қазақ!

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, халһарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты.

Мiржақып Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында

ХХ ғасырдың басында халық ағарту саласына қомақты үлес қосқандардың
бiрi - Мiржақып Дулатов. Белгiлi ғалым Р.Нұрғалиев "Әдебиеттiң барлық
жанрында бiрдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-әлеуметтiк iске жанын
салып араласқан қайраткер Мiржақып Дулатовтың өмiрлiк мақсатының биiк
нысанасы, тапжылмас темiрқазығы – бiр күндiк даңқ, өтпелi дәулет, баянсыз
шен емес, туған халқының бостандығы, өзiн-өзi билеуi, отарлық езгiден
құтылуы болған. Ол қуғын-сүргiн көрiп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты
күндердiң өзiнде де ақтық демi бiткенше бұл жолдан тайған жоқ. Қазақ
жұртының бүгiнгi, болашақ буындарын АЛАШ деп ұран салып, келешек үшiн
арыстанша алысқан Мiржақып Дулатовпен бауырындай етiп табыстыратын, айналып
келгенде, оның мәңгiлiк жасайтын осы асыл қасиеттерi"1 - деп жазғанындай,
ғұламаның өмiр жолының бүгiнгi жас ұрпақ тәрбиесiне берерi мол екенiн оның
еңбектерiн зерделеген кезде айқын аңғарамыз.
М.Дулатов 1885 жылы 25-қарашада Торғай үйезi Сарықопа болысының үшiншi
ауылында Дулат есiмдi атақты шебер әулетiнде дүниеге келедi. Екi жасында
Мiржақып анасынан айрылады. Сегiз жасында оны әкесi ауыл молдасына, екi
жылдан соң ауылдағы орыс мектебiне бередi.
Қызы Гүлнар "Ардақтап өтем әкемдi" деген естелiк мақаласында әкесiнiң
бойындағы рухани-адамгершiлiк қасиеттердiң қалыптасуына әулеттегi игi
дәстүрлердiң ықпалы ерекше болғанына айырықша тоқталады (оқиға Мiржақыптың
туған ағасы Асқардың қызы Ботакөздiң аузымен баяндалады). "Дулат атамыз
ескiше оқыған, көзi ашық, көңiлi ояу, ел iшiндегi дау-жанжалдан аулақ
жүретiн қарапайым кiсi болыпты. Өзiне байлық-дәулет бiтпеген, орта шаруалы,
әр кәсiпке икемi бар, етiк тiгiп, ер-тұрман шабатын өнерiмен аты шыққан,
жұрт сыйлайтын ұста екен. Жұмыс үстiнде атамыздың қолына бiз кiрiп кетiп,
оған мән бермегендiктен, жарақаты ушығып, ақыры қағынды (сепсис) ауруынан
қырық тоғыз жасында қайтыс болған. Дулаттың зайыбы Дәмеш – Қараман елiндегi
атақты байдың қызы. Ол ақылына көркi сай, ажарлы адам едi. Жиын-тойларда
домбыра тартып, ән салатын, айтыстарға да қатысып жүретiн. Әңгiменi
қиыстырып, мәнерлеп сөйлейтiн. Қолынан iс келетiн шебер, үй шаруасына
ұқыпты, берекелi, қонақжайлы, ел-жұртқа жағымды, абысын-ажындармен тату,
мейiрiмдi ана едi. Өз әкем Асқар Дулатов ел iшiнде беделi зор жұрт
сыйлайтын, оқыған кiсi, ел басшысы, атқамiнерi болған. Бiздiң үйдi "Үлкен
үй" дейтiн. Әкемiз Торғай дуанының судьясы, яғни биi болып жұмыс iстедi.
Дуанға жүрерде арнайы тiгiлген киiмiн киетiн, қос шынжырлы медалiн (оны
знак дейтiнбiз) мойнына салатын, ұмытпай қызыл масаты қалташаға салынған
мөрiн алатын. Ауылдағы келiндерi ол кiсiнi "Би-аға" деп атайтын"2.
"Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пiшер" деген аталы сөздiң жас
Мiржақыптың бойына дарып, ұлт қамын ойлайтын жеке тұлға Мiржақыптың бойына
дарып, ұлт қамын ойлайтын жеке тұлға болып қалыптасуына отбасы әсерiнiң мол
екенiн естелiк мақаладан айқын аңғарамыз. "Мiржақып сегiз жасқа келгенде,
әкемiз Торғайға барып бiр татар молданы жалдап әкеп, оған ағайындардың
балаларын қосып оқытыпты. Бұл молданың өзi сауатсыз екен, құранның
әптиегiнен бөтен "бiлiм" бермей, оқытуынан мән шықпағанын көрген әкемiз
Мiржақыпты жаңадан ашылған ауыл мектебiне түсiрдi. Оның алғаш сауатын
ашқан, қазақша-орысша бiрдей оқытқан кiсi - Мұқан Тоқтабаев. Осы мұғалiмдi
Мiржақып кейiн ылғи мақтап отыратын" 3.
Мiржақыптың бала кезiндегi мiнез-құлқын Ботакөз апасы былай еске
алады: "Мiнезiнен бiрбеткей қайсарлық, өжеттiк сезiлетiн, не бүлдiрсе де,
жасырмай турасын айтатын. Кемтар кiсiлердi, жарымжан мүгедектердi,
жетiмдердi аяйтын көңiлшектiгi, жұмсақтығы да бала шағынан байқалатын.
Сөзiнде тұратын, өтiрiк пен жағымпаздықты бiлмейтiн. Ауызекi жұрттан
естiген ертегiлердi, қисса-дастандарды тез жаттап алып, айтып жүретiн" 4.
12 жасында әкесiнен айрылған Мiржақып ағасы Асқардың қолында қалады.
Ол iнiсiнiң бiлiм алуына зор көңiл бөледi.
"1897 жылы, - деп жазады М.Дулатұлы өз өмiрбаянында, - мен 2 кластық
орыс-қазақ училищесiне түстiм (Торғайдағы). Оны бiтiргеннен кейiн
оқытушылар курсында оқып, "ауыл мұғалiмi" деген мамандық алдым. Осымен
менiң оқу орындарынан бiлiм алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда
мұғалiмдiк қызметiмдi атқара жүрiп, бос уақытымды бiлiмiмдi жетiлдiруге
жұмсадым" 5.
Мiржақып бала кезiнен өз бiлiмiн толықтыру үшiн көп iзденген. Газет-
журнал арқылы сол кездегi алдыңғы қатарлы зиялы қауымның еңбектерiнен мол
мағлұмат алған. Әсiресе, А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановты өз өмiрiне үлгi
етедi, олармен кездесудi армандайды, ал кездесудiң сәтi Омбы қаласында 1904
жылы түседi. Бұл оқиға iзденiмпаз жастың саяси көзқарасының қалыптасуына
зор ықпал етедi.
Оның алғашқы мақаласы 1907 жылы "Серке" газетiнде жарияланады. Онда
М.Дулатұлының саяси көзқарасы айқын байқалады. Мақалада жазылған негiзгi
мазмұн кейiн 1909 жылы "Оян, қазақ!" кiтабында толық берiледi. "Оян,
қазақтың" алғы сөзi:
Мiржақып, неге отырсың қалам тартпай,
Бәйге алмас болғанменен жүйрiк шаппай,
Шамаңды хал-қадары көрсетсеңшi,
Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.
Не пайда, бiр орыннан қозғалмайтын
Тазармас қара су да жатқан ақпай.
Артықтан тағылым алып, кемге үйрет,
Жүруiң лайық па ақыл таппай?
Сен неге бой көрсетпей жасқанасың?
Тастаса, көзiң көрсiн, халық ұнатпай.
Бұл шақта сөз базары көтерiңкi-
Сынашы бақытыңды сен де баптай!
– деген шумақтардан басталады.
Осы жылдардан бастап М.Дулатовтың саяси көзқарастарының қалыптасып, өз
халқы үшiн жан аямай күрес жолына түскенiн аңғарамыз. Оның қоғамдық, тарихи-
әлеуметтiк көзқарасының ұштала түсуiне "Алаш" партиясы аса зор ықпал еткен.
. 1917 жылы Орынбор қаласында өткен жалпы қазақтың екiншi сиезiнде:
"Ұлттық, жерлi автономия болсын... қазақ автономиясы Алаш деп аталсын...
Алаш автономиясының жер үстiндегi түгi-суы, астындағы кенi халық мүлкi
болсын... Алаш облыстарын қазiргi бүлiншiлiктен қорғау үшiн Уақытша ұлттық
кеңес құрылсын. Мұның аты Алашорда болсын" деген қаулы алынып, "Алаш"
партиясы бағдарламасының жобасы ұсынылады. Жобаны жасауға Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндiбаев,
Ғ.Бiрiмжанов қатысады. Бағдарламада қарастырылған 10 бағытта ұлттық
мәселелер жан-жақты қамтылады. Олар мыналар:
I. Мемлекет қалпы,
II. Жергiлiктi бостандық,
III. Негiзгi хұқық,
IV. Дiн iсi,
V. Билiк һәм сот,
VI. Ел қорғау,
VII. Салық,
VIII. Жұмысшылар,
IX. Ғылым-бiлiм үйрету,
X. Жер мәселесi.
М.Дулатов 1905-1920 жылдар аралығында ұлттық мәселелерге, әсiресе,
Алашорда қозғалысына бiлек сыбана кiрiседi. "Жасасын Алаш автономиясы!
Көркейсiн Алаш!" деген ұран тастап қазақтың елдiгi мен бiрлiгiн күшейтуге
бар күш-жiгерiн салады.
"Дүние жаралғаны болмаған уақиғаларды төрт жылдан берi көзiмiз көрiп
отыр. Төрт жылдан берi жердiң жүзi қанға боялды. Көздiң жасы сел боп ақты.
Дүние ойран болды...
Жұрттық жолында бiз қанша бейнет шектiк? Жанымызға батарлық қанша
құрбан шығардық? Өзгелерге қарағанда бiз еңбек те сiңiргенiмiз жоқ, бейнет
те тартқанымыз жоқ, құрбан да шалғанымыз жоқ. "Құдай өзi сақтар" деп құрғақ
тiлекпен отыра бердiк. екенбiз, құдайдан тiлейдi екенбiз, дұрыс-ақ! Бiрақ
бiзден басқа мұсылмандар құр тiлекпен отыра ма? Жер жүзiнде 300 миллионнан
артық мұсылман бар. Солардың iшiндегi зор мемлекет Түркия. Осы Түрiктi аң
терiсiн бөлiп алатындай, тұс-тұстан мемлекеттер аңдыған жоқ па едi? Солар
Түрiктi торығанына неше жүз жыл болды. Осы соғыстың тұсында Стамбулды алмақ
болып, Аясофияның басына кресiн де даярлап қойды. Сонда Түрiк мұсылманның
бiр күштi мемлекетi емес пе едi, мұсылмандығы бiзден кем бе едi, "құдай
сақта" деп қарап отырды ма? Жұрттығын сақтау үшiн неше ғасырдан берi қан
төгiп арпалысып келе жатыр емес пе, төрт жылдан берi қызыл қанға белшесiнен
батып, миллиондаған ер-азаматын құрбан қылып, дүниесiн ойран қылып отыр
емес пе? Жалғыз түрiк емес, жер жүзiндегi жұрттардың бәрi не үшiн қанға
боялып жатыр?
Соның бәрi жұрттығын сақтау үшiн қырғын көрiп, бейнет шегiп жатыр. Бiз
не қылып отырмыз? Бiз "жат жақтық жасағанға күзеттiрiп отырмыз".
Қазiр дегенiне жеткен кiм? Кiмнiң мерейi үстем болады? Кiм бiреудiң
қанжығасында кетпейдi?
- Кiмнiң бiлегi жуан болса, сол жұрт болады. Кiм күштi болса, сол
дегенiне жетедi.
- Күш не?
- Күш- әскер" 6.
М. Дулатұлы автономиялық мемлекет болу үшiн алдымен әскер жасақтау
керектiгiн айтады. Айбынды әскердiң болуы басқа мемлекеттердi санасуға
мәжбүр ететiнiн атап көрсетедi.
"Бұл заманда әскер жоқ жұрт-жұрт емес, құл. Бiз қазiр екi жолдың
тарауында тұрмыз. Қайсысына түсетiн болсақ та, ерiк өзiмiзде. Бiр жол -
құлдық жолы. Әскер деген сөзден бұрынғыдай ат-тонымызды ала қашатын болсақ,
осындай жiгiмiздi ашып, жер-суымызды қорғап, билiгiмiздi өзiмiз алып
қалмасақ, күнi ертең бiздi алдына салып айдап жүруге ие табылады. Сонда
бiреуге әскер бермей кете аламыз ба, шығын төлеуден құтыламыз ба? Ошақтың
үш бұтынан тiлеп отырған күнiмiз де болған, сонда бiздi алдына салып айдап
кетпеп пе едi. Сонда қолымыздан еш нәрсе келмей, құлдық ұрғанымыз болған.
Құлдық жолы дегенiмiз осы. Екiншi жол - жұрттық жолы. Осы бастан автономия
алудың қамына кiрiссек, милициямызды жасап алып, қарамызды көрсетсек, Алаш
Орданы үкiметiмiз деп тiресiп қорғасақ, бiздi ешкiм басынбайды. Үкiметi
бар, әскерi бар жұрт деп бiзбен әркiм есептеседi.
Алашқа жаны ашымайтын қара жүректер, жұрт болғанымызды көре алмайтын
қаскүнемдер, ертең не болатынға көзi жетпейтiн надандар iзгi ниет, iлгерi
тiлегiмiзге қарсы болып, жұрттың көңiлiне қорқыныш салатын да шығар.
Автономия болуымызға, милиция құруымызға, қазына жинауымызға халықты қарсы
құтыртушылар да табылатын шығар. Бiрақ халық ойлану керек. Бүгiнгiсiн емес,
келер күнiн ойлану керек. Бiздiң арамызда Алаш тiлегiне қарсы болатын
кiмдер екенi белгiлi. Бұлар екi түрлi. Бiрi - қаны қарайған, ұлт намысы
дегеннен бейхабар, жамандықты кәсiп қылып қалған ант ұрғандар. Бұлар аузы
қисық болғанын айнадан көрiп, жамандығымызды неге қостамайды, терiстi неге
дұрыстамайды деп жұрттың бәрiмен қас. Бұларға елдiң тыныштығынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Дулатұлының алаш партиясы мен кеңес өкіметі кезеңдеріндегі көзқарастары
Мiржақып Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында. Дулатовтың өмірбаяны
Зерттеудің жетекші идеясы
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
М.Дулатовтың ағартушылық мұрасына теориялық және әдіснамалық тұрғыда сипаттау
Қазақтың шығу тегі
Міржақып Дулатұлының "Қазақ қоғамындағы рөлі"
М.Дулатов поэзиясындағы фольклорлық дәстүр
Пәндер